Саба?ты? ма?саты: Ма?саты: О?ушылар?а Интернет желілермен ж?мыс жасау технологияларыны? ерекшеліктері мен м?мкіндіктерін игеруде к?мек к?рсету ж?не на?ты ж?мыс жасауды ?йрету
А) Интернет желілерді? ??рылу ж?не ж?мыс істеу жолдары ж?нінде о?ушылар?а ма?л?мат беру
?) А?паратты?-коммуникациялы? технологияны? м?мкіндіктерін ?йрету ар?ылы о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттыру
Б) Интернет желілерін ?йрету ар?ылы о?ушыларды? а?паратты? м?дениетін ?алыптастыру
Просмотр содержимого документа
«Интернет-а?паратты? магистраль»
Пән аты: Информатика
Сынып: 6
Сабақ тақырыбы: Интернет-ақпараттық магистраль.
Сабақтың мақсаты: Мақсаты: Оқушыларға Интернет желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс жасауды үйрету
А) Интернет желілердің құрылу және жұмыс істеу жолдары жөнінде оқушыларға мағлұмат беру Ә) Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру Б) Интернет желілерін үйрету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Көрнекілік: компьютер, кітап-журналдар, тапсырмалар слайд арқылы көрсетіледі
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі а) Оқушыларды түгелдеу ә) сынып тазалығын тексеру
б) Тренинг II. Үйге берілген тапсырманы тексеру: Үй тапсырмасын қайталау ретінде, «Х және О» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беріледі. Берілген жауаптары дұрыс болса фигура салады.
Модем дегеніміз не? (Модем дегеніміз – бұл компьютерге телефон желісі және сымдары арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.)
Провойдер дегеніміз не? (Провайдер деп – бұл ұйым мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания)
Веб Браузердің қызметі не? (Веб-браузер – бұл веб-бетінің мәліметтерін сіздің компьютеріңіздің бейне бетіне шығаруды қамтамасыз ететін, интернет қор көздерін қарауға арналған бағдарлама.)
Интернетке қосылу үшін не қажет? (Дербес компьютер, Модем, Телефон жүйесінің желісі кодтық байланыс, Интернет жүйесінің номерін білу қажет.)
Компьютерлік желі дегеніміз не? (барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы)
Браузер түрлерін ата? (Internet Explorer , опера, мазила, хром, )
Web тораптар дегеніміз не? (Тақырып бойынша топтастырылған Web – беттерді Web тораптар деп атайды)
WWW дегеніміз не? (World Wide Web-Интернеттің қарқынды дамып келе жатқан технологияларының бірі. Интернет сервисінің ресурстарын қарауды ұйымдастырады. WWW мәні ол ақпаратты түрлі компьютерлерде орналасқан жекелеген мәтіндік, графикалық және т.б. файлдар түрінде ұсынудан тұрады. Бұл файлдар бір – бірімен гипербайланыстар арқылы біріктірілген. Файлдардың (немесе объектілердің) мұндай жиынтығы Web – құжат (Web –сайт. Web-site ) ретінде түсінеміз. Web – құжат бөлшек Web – құжат бөлшек Web – тұрады.)
Сайттардың түрлерін ата?
III. Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі.
Жаңа түсініктер мен іс — әрекеттер тәсілін қалыптастыру
Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Интернет — миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі. Интернет желісініндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды. Әлемдік желідегі, ақпараттарды тез тауып алуда іздеу серверлерінің көмегі зор. Олар мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайттардың адрестары сақталады. Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары (directories) мен машиналары (search) бар.
http:\\www.google.com — GOOGL, ақпараттық іздестіру жүйесі 1999 жылы қыркүйек айында ашылған. Бүгінгі күндері Searchenginewatch.com эксперттерінің айтуына қарағанда базаның көлемін 560 млн құжаттар құрайды. Жүйе қолданушыларға қарапайым және кеңейтілген іздестіру интерфейсін ұсынады. Көптеген тілдерде сонымен қатар орыс тілінде, ақпарат іздеу мүмкіндігі бар. http:\\www.yahoo.com — Yahoo — тез іздестіретін анықтамалықтардың бірі. Ақпараттарды жеке сөздер бойынша немесе классификатор бойынша іздеу мүмкіндігін береді. http:\\www.aport.ru — Апорт — ақпараттық іздестіру жүйесі алдыңғы қатардағы іздестіру жүйесіне кіреді. Бүгінгі күндері мәліметтер көлемін 20 млн индекстелінген құжаттар құрайды. Жүйеде іздестірудің кең спектрлі мүмкіндіктері бар. Онда қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндіктері ұсынылады. Ақпараттарды, ағылшын және орыс тілінде іздеуге болады. http:\\www.yandex.ru — Яндекс — ақпараттық іздестіру жүйесі 1997 жылы ашылған. Бүгінгі күндері базадағы индекстелінген құжаттар көлемі 33 милионға жуық. Ақпараттық іздестіру жүйесі логикалық операторлармен белгіленген өзінің меншікті жүйесін қолданады, сонымен қатар көптеген түрлі іздестіру функцияларын ұсынады. http:\\www.rambler.ru — Rambler — іздестіру жүйесінде Россияның және ТМД елдеріндегі серверлерде орналасқан 12 миллионға жуық мәліметтер индекстелінген. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.
Қазақстан Республикасының анықтамалық іздестіру жүйелері
http:\\www.site.kz — «Весь WWW-Казахстан» — Қазақстандық іздестіру порталы, ол Интернет әлеміндегі жүздеген мың серверлер мен сайттарды табуда көмек береді. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған. http://tabu.nursat.kz — TABU іздестіру жүйесі KZ доменіндегі ресурстар мен қатар Қазақстаннан тысқары жерлердегі еліміз туалы веб-парақтарды іздестіруге арналған. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған. http://akolya.hypermart.net — қазақ тіліндегі, ақпараттарды, веб-парақтарды іздестіруге болады. Өзекті сөз арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.
ІV. Компьютермен тәжірибелік жұмыс
«Іздеген жетер мұратқа» әдісі
ТАПСЫРМА №1
www.google.kz cайтынан Интернет туралы реферат іздеу
В.Васнецовтың «Богатыри» деген картинасын тауып беріңіз
«джабог» сөзінің түсіндірмесін тауып беpіңіз
ТАПСЫРМА №2
Республикалық «Жас алаш» газeтінің серверін тауып көрсетіңіз
Қазақстан Республикасының «Құрмeт» орденінің суретін тауып көрсетіңіз.
«кабошoн» сөзінің түсіндірмеcін тауып беріңіз
ТАПСЫРМА №3
Электронды пошта ашу
Internet Explorerбағдарламасын ашамыз.
Бағдарламаның іздеу адресіне mail.ru адресін теріп жазамыз.
mail.ru пошта серверінің адресі ашылады.
Ашылған терезеде «зарегистрироваться в mail.ru»батырмасын шертеміз.
Пайдаланушыға арналған анкета терезесін толтырамыз «зарегистрироваться» батырмасын шертеміз.
Барлығы дұрыс болса электронды поштаны пайдаланушының жеке парағына кіреміз.
Поштаның логині мен порольді мұқият сақтап қою керек.
Енді электронды поштаны пайдаланып хат, хабар жібере берулеріңізге болады.
Сергіту сәтіБұл кімнің сөзі?…
Рефлекция
«Ішіне-сыртына» стратегиясы
VҮйге тапсырма
§32 мазмұндау, Теориялық: Үй тапсырмасына өз бетімен жұмыс. Электронды үкімет және интернет қызметтері туралы түсінік беру; Шығармашылық:www.rambler.ru іздеу порталына қосылып, «Ақтөбе облысының тарихы» туралы реферат іздеп келу.
VІОқушыларды бағалау
«Полиглот» топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 15 ұпай, екі тілде 10 ұпай, бір тілде 5 ұпай беріледі.
3. Файлдарды ашқан кезде, не шығады ? (терезе, окно, window)
4. Монитордың неше түрі бар? (үш, три, фри)
5. Адам көмегімен басқарылатын құрылғы (тышқан, мышка, маус)
6. Файлдардың жиналған жері (қапшық, папка, ...........................)
7. Ақпаратты компьютерге енгізетін құрылғы (пернетақта, клавиатура, ............)
8. WORD бағдарламасында кестені не арқылы жасаймыз? (қарындаш, карандаш, pensl)
9. Word қандай бағдарлама? (мәтіндік, текстовый, ..................)
10. Мәтіндік бағдарламаға не қоюға болады? (сурет, картинки, ..................)
«Өлеңім-өнерім» бұл бөлімде әр топ берілген сөзден бір шумақ өлең құрастырады. Өлеңнің әр жолы ұйқас болып, дұрыс құралған болса, сол топқа 5 ұпай беріледі.
(Word мәтіндік бағдарламасы туралы)
(Ехсеl кестелік бағдарламасы туралы)
(Paint графикалык бағдарламасы туралы)
«Жеті жұмбақ»
Экранда «АҚПАРАТ» сөзіне сөзжұмбақ жасырылған, қай оқушы шешсе сол
10 ұпайға ие болады.
Бұтақ орнында мың бір инесі
Компьютер жаны мекені (кактус)
Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші (тышқан)
Ақпарларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)
Егер білсеңайта ғойшы,
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы,
Компьютерге енгізеді? (сканер)
«Тіл-өнер»
Ақпараттың қайнар көзі (табиғат, природа, nature)
Фонограф бағдарламасы қандай мәліметтерді өңдейді? (дыбыс,
звук,sound)
«Ас-адамның арқауы», ал компьютердің асы...(ток, ток, currend)
Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік (қате, ошибка,
error/mistare)
Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер
(ақпарат, информация, information)
Жіпке ілдім мен өзін, Кіп-кішкентай күн көзін. (шам, лампочка, lamp)
Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы
(тышқан, мышка, mouse)
Логикалық көбейтудің атауы (және, и, and)
Сәлем ненің патшасы? (сөз, слово, word)
Кітап ненің бұлағы?(білім, знание, knowledge)
«Бәйге»
Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)
Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру
керек? (60-70см)
Арифметикалық амалдарды есептейтін 1694 жылы Лейбинц ойлап
тапқан машина (арифмометр)
Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы (сканер)
Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор)
Принтердің неше түрі бар? (3)
1012 екілік саны ондық жүйеде қандай сан? (5)
Логикалық көбейту амалы қалай аталады? (коньюнкция)
Компакт-диск оқу құрылғысы (CD-ROM)
Дүниежүзілік компьютерлік желі (интернет)
Компьютер ауруы (вирус)
Windows деген не? (терезе,ОЖ)
Alt+F4 пернелер комбинациясының қызметі (терезені жабу)
Компьютердің атасы (Ч.Бэббидж)
2кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? (тең) 2. Марат кешкі сағат 10 - да жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 - ға қойды. Ол неше сағат ұйықтайды? (11 сағат) 3. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? (8 - ші) 4. 1000 оған 40 - ты қосыңыз. Тағы бір мың қосыңыз. Оған 30 - ды қосу керек. Тағы 1000. қосу 20. қосу 1000 және тағы 10 - ды қосыңыз. Неше шығады? (4100) 5. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр? алмұрт па, әлде шабдалы ма? (Алмұрт) 6. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек? (4 рет)