Пайыздық көрсеткішпен, ұпайлар арқылы және жауап беру арқылы.
Кері байланыс
Бүгінгі сайыстан алған әсерлеріміз (ұнады, ұнамады.)
Информатика пән мұғалімі: Д.Т. Мукышев
Информатика және біз...!
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, 6-сыныптар аралығында «Информатика және біз...!» атты сайысымызды өткізгелі отырмыз. Ендеше сайысымызды бастайық!
1-жүргізуші:
Құтқарып ауыр бейнеттен,
Техниканы үйреткен.
Роботтай – адамды,
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене?
Білмегенді білдірген,
Өлшеп киім кигізген.
Барлық істі атқарып,
Пайдасын елге тигізген.
2-жүргізуші:
Оқушы, Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Ақпарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің...
1-жүргізуші:
Бүгінгі сайысқа қатысушы топтармен таныс болыңыздар.
6 «а» сыныбынан - «Алмас» тобы (Нұртай Айзат)
6 «ә» сыныбынан - «Тұлпар» тобы (Әлібеков Әділет)
6 «б» сыныбынан - «Сұңқар» тобы (Бақытбек Арыс)
2 – жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары әділ шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей отырып әділқазылар алқасымен таныс болайық.
1. Мектеп директорының әдістемелік ісі-жөніндегі орынбасары - Курмамбаева Раушан Мекибайқызы 2. Мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары - Сарыбаева Айкерим Нургалиқызы
Сынның да сыны бар ғой сыналатын, Әр түрлі білім сырын ұға алатын. Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік, Сыналып әр секундпен жүре алатын, - деп 3-кезеңімізге кезек берейік.
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігін атаңыз (10-ұпай) 2. Компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысын атаңыз (10-ұпай) 3. 1 Килобайт ... тең (20-ұпай) 4. Компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы (40-ұпай) 5. Көзден экранға дейінгі арақашықтық (30-ұпай)
6. Байттардың әлдебір атауы бар тізбегі қалай аталады? (40-ұпай)
7. Бұтақ орнында мың бір инесі бар,
Компьютер жанын мекендейді (10-ұпай)
8. Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді.
Егер білсең айта ғойшы,
Бұл қандай құрылғы (30-ұпай)
9. Ұзынтұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды (40-ұпай)
2-жүргізуші:
Қандай сынақ болсадағы беріспе, Әрқашан да үміткерміз жеңіске, - дей отырып ақтық кезең - «Көшбасшылар сайысына» кезек берейік.
Топ басшылары таңдаған тақырыптарын қорғайды. Топ мүшелерімен бірге дайындалуға мүмкіндік бар.
Ұсынылатын тақырыптар:
Ақпарат
Ғаламтор
Тұсаукесер
1-жүргізуші:
Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне келіп жетті.
Әділқазылар алқасы бүгінгі сайыстың қорытындысын есептегенше әсем әуен тыңдайық.
2-жүргізуші:
Өрбітіп ойлар ойда қала берер,
Білім сана толастап жана берер.
Әділқазыларды ортаға шақырайық,
Сайыста әділ ғып баға берер, - деп әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.
(Әділқазылар бағалау парақшалары арқылы бағалап, жеңімпаз топты анықтайды.)
Марапаттау.
1-жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім , жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс , болсаң егер ұғатын.
Келешекте әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар,
Өнерлілер көбейсін күннен –күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстырар, - дей келе сайысымызды аяқтаймыз.