kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Информатика п?нінен 5-сынып?а арнал?ан "М?тінді пішімдеу. Абзац" та?ырыбында?ы саба?ты? ?ыс?а мерзімді жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

5-сыныпта ?ткізілетін «М?тінді пішімдеу. Абзац» та?ырыбында?ы саба?ты жоспарла?анда о?ушыларды? жас ерекшеліктері мен компьютерге деген ?ызы?ушылы?тарын ескеруге, о?ушыларды сыни т?р?ыдан ойланту?а  тырыстым.

О?ушылармен ж?мыс жасау барысында оларды? пайымдаулары, к?з?арастары мен білім де?гейлерін аны?тап алуды ма?сат ете отырып, о?ушыларды? нені игере, нені игере алмайтынды?ын ба?ылау ар?ылы, сыни т?р?ыдан ойлау?а ?йретуді?  бірнеше стратегияларын ?олдандым. 

Жа?а та?ырыпты игерту барысында ?ткенмен байланыстырып, о?ушыларды? та?ырыпты игеруіне жол ашу ма?сатында сыни т?р?ыдан ойлау стратегияларыны? бірі инсерт кестесін толтыруды тапсырдым. О?ушылар кестені толтыру барысында бір-біріне кедергі келтіріп, сен не жазды?, мен былай жаздым деумен болды.

О?ушылар?а инсерт кестесін толтырып бол?аннан со?, м?тінді пішімдеу ??ымына аны?тама бере отырып, абзац орнату т?сілдерімен таныстырдым. О?ушылар?а интербелсенді та?тадан м?тіндік редакторда ж?мыс істеу ережелерін, м?тінді пішімдеу жолдарын к?рсетіп, т?сініктеме бердім. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Информатика п?нінен 5-сынып?а арнал?ан "М?тінді пішімдеу. Абзац" та?ырыбында?ы саба?ты? ?ыс?а мерзімді жоспары»

Күні: 5.03.2015

№24 сабақ

Сыныбы: 5

Пәні: информатика

Сабақтың тақырыбы:

Мәтінді пішімдеу. Абзац.

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, информатика оқулығы Е.Вьюшкова, әдістемелік құрал, нұсқаулық

Жалпы мақсаты:

Оқушылардың мәтінді теру және түзету ережелері жайлы түсініктерін кеңейту, берілген өлшемдер бойынша мәтінді пішімдеуді үйрету. Мәтін енгізу алдында, ерекшеленген бөлігі үшін, бүкіл мәтін үшін әріпті, өлшемін таңдауды, абзац, бірінші жолдың шегерімін түзетуді орнатуды, сызғышты, табуляцияны қолдануды, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді үйрету.

Түйінді идея:

Мәтінді пішімдеу жолдары жайлы түсінік қалыптастыру, абзацты орнатуды үйрету.

Оқыту нәтижесі:

  • Мәтінді теруді, мәтін бөліктерін көшіруді, ауыстыруды, мәтінді пішімдеуді үйренеді;

  • Редакциялаудағы пернелер мен командалардың қолданылуын, мәтінді ретімен теруді, пернетақта мен тышқанды пайдаланып мәтінді жылжытуды, әрекетті кері қайтару командаларын меңгереді;

  • Мәтін енгізу алдында, ерекшеленген бөлігі үшін, бүкіл мәтін үшін әріпті, өлшемін таңдауды, абзац, бірінші жолдың шегерімін түзетуді орнатуды, сызғышты, табуляцияны қолдануды, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді үйренеді.

Ақпарат көздері:

Оқулықтар, электронды оқулық, АКТ, үлестірме қағаздар

Іс-әрекет түрлері:

1. «Дыбыстық жаттығу» тренингі.

2. «Ыстық орындық» стратегиясы.

3. «Инсерт кестесі».

4. Жаңа сабақ таныстырылымы.

5.Практикалық жұмыс

6. Кластер құрастыру.

7. Рефлексия: «Бағдаршам»

  • Өзін-өзі бағалау;

  • Топтық бағалау.

Мұғалімнің сабақ туралы жазбалары

тапсырма 45 минутқа арналған

Сабақ кезеңдері

Оқытуда қолданылатын модульдер

Мұғалім іс-әрекеті

Уақыт

Оқушы іс-әрекеті

1. Білу










Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;



Жас ерекшеліктеріне сай оқыту;

































Жас ерекшеліктеріне сай оқыту;





Сыни тұрғыдан ойлау;

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


«Дыбыстық жаттығу» тренингі.

Мұғалім оқушыларды дыбыстық гимнастикамен таныстырады, рух пен дененің тынығуы үшін жасалатындығын ескертеді.

Мұғалім: Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрын, өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты, әрі қуатты етіп шығарамыз.

Келесі дыбыстарды «әндетіп» айтамыз:

«А» – барлық ағзаға жайлы әсер береді;

«Е» – қалқанша безге әсер етеді;

«И» – миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді;

«О» – жүрекке өкпеге әсер етеді;

«У» – асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;

«Я» – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;

«М» – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;

«Х» – көңіл-күйді көтеруге әсер етеді.

Оқушыларды тренингтің мақсатымен таныстырады да тренингті жүргізіп, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.


Топқа бөлу

Шеңбер бойымен тұрған оқушыларға таратпаларды таратып шығады да, топқа бөлініңдер деп оқушыларға жарлық береді. Шағын топтарға оқушылардың қалай топтасатынын бақылайды, көмек керек болған жағдайда бағыт-бағдар береді.


«Ыстық орындық» стратегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрау. Мұғалім ортаға кезекпен әр топтан бір-бір оқушыдан шақырады. «Ыстық орындыққа» отырған оқушыға басқа оқушылар сұрақтар қояды.




3


























2






6





Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Дыбыстарды әндете айта отырып, дыбыстық жаттығуларды жасайды, сергіту жасап, сабаққа деген жақсы көңіл-күйлері қалыптасады.

























Оқушылар мәтінді пішімдеу түрлеріне қарай топтасады:

1-топ – әріптер;

2-топ – абзац;

3-топ – табуляция.


«Ыстық орындыққа» отырған оқушыға оқушылар сұрақтарын алдын-ала әзірлеп кезекпен қойып отырады. «Ыстық орындық» иесі сұраққа дұрыс жауап бермеген жағдайда сұрақ қоюшыға дұрыс жауабын өзі айтуға тура келеді.

2.Түсіну


Сыни тұрғыдан ойлау;



АКТ;

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог)

Инсерт кестесін толтыру. Оқушыларға инсерт кестесін бір-бірден таратып береді де «Мәтінді пішімдеу. Абзац» тақырыбы бойынша не біледі, не білгілері келетіндіктерін кестеге жазуды тапсырады.


Жаңа сабақты түсіндіру. Жаңа сабақты таныстырылымның көмегімен түсіндіріп, интерактивті тақтада бірнеше мысалдарды талдайды.

3






5


Оқушылар жекелеме тапсырма алғандықтан, жекелей отырып, инсерт кестесін толтырады. Абзац жайлы не біледі және не білгісі келеді соны жазып шығады.


Оқушылар жаңа сабақ бойынша жаңа терминдер мен анықтамаларды дәптерлеріне жазады.

3.Қолдану


Сыни тұрғыдан ойлау;

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог)

Практикалық жұмыс.

Топтарға оқулық бойынша тапсырма береді. 177-178 беттердегі практикалық жұмыстарды жұпта талқылауды, жұптаса отырып, орындауды ұсынады.

Жұптар орындаған практикалық жұмыстардың дұрыс бұрыстығын тексеріп, саралайды, бағыт береді.


9

Тақырып бойынша оқулықтан топтық тапсырма алады. Алдымен жұпта талқылайды да бірлесе отырып, тапсырмаларды орындайды.


4.Талдау




Сыни тұрғыдан ойлау;

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог)

Кластер құрастыру

Тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау үшін топта «Мәтінді пішімдеу» тақырыбында кластер құрастыруды тапсырады.

Оқушылар құрастырған кластерлерді тыңдайды, кемшіліктері болса түзету жолдарын көрсетеді, бағалайды.


12


Оқушылар топтаса отырып, кластер құрастырады. Өзара бір-бірінің кластерлерін тыңдайды, саралайды.

Топтар кластерлерін қорғап болғаннан кейін бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы көмегімен бағалайды.

5.Жинақтау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Инсерт кестесін толықтыру. Оқушыларға кестені толықтыруды тапсырады.

2

Оқушылар «Мәтінді пішімдеу. Абзац» тақырыбы бойынша не білді соны толықтырып, кестеге қайта жазады.

6.Бағалау



Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Рефлексия: «Бағдаршам» тәсілі.

Оқушыларға 3 түсті стикерлерді таратып береді де жаңа сабақты қандай деңгейде меңгергендіктерін білгісі келетіндігін айтады. Оқушыларға бағалау тәсілі жайлы қысқаша мағлұмат береді.


Топтық бағалау

Топ төрағаларына сөз береді. Топ төрағаларының бағаларын тыңдайды, саралайды, соған сүйене отырып, оқушылардың сабақтағы қызметін бағалайды.

  • Өз-өзін бағалау;

  • Жұпты бағалау;




1






2

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін бағалау үшін 3 түстің бірін ғана жоғары көтеріп, бағалау жүргізеді.

Қызыл – түсінбедім

Сары – орташа деңгейде түсіндім

Жасыл – жақсы түсіндім


Топ төрағалары бағалау парақшасы бойынша топ мүшелерін критериалды бағалайды.


Оқушылар өз-өздерін бағалайды.

Бағалау парақшасының көмегімен жұптарын бағалайды.

Пайдаланылған құралдар:

Тапсырма жазатын қағаздар,түрлі-түсті қарындаш, маркерлер, бағалау парақшалары, стикерлер

Нақты үйге тапсырма:

§23 оқу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Автор: Куандыкова Айжамал Барлыбаевна

Дата: 13.01.2016

Номер свидетельства: 276115


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства