"Информатиканы? теориялы? негіздері ж?не о?ыту ?дістемесі" п?ні бойынша тренинг саба?
"Информатиканы? теориялы? негіздері ж?не о?ыту ?дістемесі" п?ні бойынша тренинг саба?
ма?сатында пайдалану?а болатын тесті? бірнеше т?рлері бар.
Тесті? т?рлері:
Толы?тыру тесті;
Та?далмалы тесті;
Еске т?сіру тесті;
С?йкестендіру (?йлестірушілік) тесті;
Реттік, бірізділікке берілген тесті;
Аралас (??рама) тесті;
К?сіптік ба?дар тесті;
Баламалы тесті;
Ашы? тесті;
Жабы? тесті.
Толы?тыру тесті. О?ушылар?а тапсырма с?йлем т?рінде беріледі де с?йлемдегі кей с?з орнына ?ш н?кте беріледі. М?ндай тапсырмада?ы жауап ?ыс?а, т?жырымды, бір м?нді болуы керек.
Та?дамалы тесті. О?ушы?а берілетін тапсырмамен ?оса оны? д?рыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка ар?ылы беріліп, оны? жауабыны? саны 4-тен кем болма?аны д?рыс. О?ушы жауабы ба?дарламалан?ан ??рылым ар?ылы немесе перфокарточкамен тексеріледі. М??алімде алдын-ала дайындал?ан перфокарта болады.
Еске т?сіру тесті. С?ра? на?ты беріледі де, жауабы бір м?нді болуы шарт. Еске т?сіруші тестіні? с?ра?тарын т?зегенде с?ра? на?ты, аны? ?ойылады, ал жауабы с?з, сан, формула, ?ріп, т.б. т?рде берілуі м?мкін.
С?йкестендіру тесті. Ма?ынасы бір - бірімен байланысты тапсырамаларды? екі ба?ан?а ?р т?рлі ретпен орналасуы, я?ни с?ра?тар ?згеріссіз ?алады, жауаптарды? орындары ауысады. О?ушылар с?ра?тар мен д?рыс жауаптарды стрелка ар?ылы с?йкестендірулері керек
Аралас (??рама) тесті. О?ушылар?а берілетін тапсырма ?р т?рлі тест т?рінде беріледі. ??рылымы бойынша онда тестіні? ?р т?ріндегі с?ра?тар болуы м?мкін. Б?л тестті? тапсырмалары м?тін немесе кесте формула, график, сызбалар жиыны т?рінде берілуі м?мкін.
Реттік, бірізділікке берілген тесті. К?лем, атау, ??былыс, шама т.б. к?рсеткіштік сипатта?ы м?ліметтерді тек ?ана бір ?ріппен орналастыру керек. Тапсырма саны 10 ша?ты бол?аны ж?н.
К?сіптік ба?дар тесті. Мазм?ны ?андай да бір к?сіптік п?нді о?ыту кезінде ай?ындалуына немесе одан бір ма?л?мат алатынына негізделеді.
Баламалы (альтернативный) тесті. Тесті? б?л т?рін жасауда жауабын білуге ы?пал ететін с?зден аула? бол?ан ж?н. С?йлем ?ыс?а т?жырымды, мазм?нды, бір м?нді бол?аны д?рыс. Тесті? м?ндай т?ріні? жауабы с?збен (д?рыс, д?рыс емес) ия немесе жо? немесе белгілер ар?ылы +, - т.б. беріледі. М?ндай типтегі тестік тапсырманы графикалы? диктант ?лгісінде пайдалану?а болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Информатиканы? теориялы? негіздері ж?не о?ыту ?дістемесі" п?ні бойынша тренинг саба?»
Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу – әдістемелік кабинеті
«Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК
«Келісілді»
МО ТжКББ ОӘК директоры
____________ К.К.Аманова
«_____»________2016 ж.
«Бекітемін»
Колледж директоры
____________ М.Н.Утебаев
«____»________2016 ж.
Облыстық семинар - практикум
Тақырыбы: Тест тапсырмаларын жасақтау
(ашық сабақ)
Дайындаған:Калиева С.А.,
информатика пәнінің оқытушысы
Ақтау қаласы
Пәні: Информатиканың теориялық негіздері және оқыту әдістемесі
Мамандығы: 0105000 - «Бастауыш білім беру»
Курс, тобы: 1, ИБ-11
Оқытушы: Калиева С.А.
Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмаларын жасақтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге тесттің түрлері туралы түсінік беру және бағдарламалардың
көмегімен тесттің түрлеріне тапсырмалар құрастыру әдістерін үйрету;
Дамытушылық: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін және
танымдық белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін арттыру, тәжірибе
кезінде тест тапсырмасын әртүрлі әдіспен тексеруге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Студенттерді компьютерлік сауаттылыққа, жауапкершілікке, бір – бірін тыңдауға,
топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Тренинг
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру
Сабақтың технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы,ақпараттық оқыту технологиясы
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Жұптық және топтық жұмыс, диалог арқылы оқыту, «Жигсо» әдісі, зерттеушілік әңгіме, көршіңе әңгімелеп бер, интербелсенді әдіс, кубизм әдісі, өзін – өзі бағалау
бағалау парақшасы,жетон (теңге арқылы), флипчарт, маркер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру (3 мин)
Көңіл-күй симфониясы
Студенттер шаттық шеңберін жасап, бір – бірінің қолдарынан ұстап атының бас әрпіне сын есіммен тіркестіріп өзінің атын айтады. Мысалы: көрікті Кәмшат, ақылды Айгерім т.с.
«Шашу» әдісі бойынша топқа бөлу
Студенттер шаттық шеңберін құрып, қобдишадағы түрлі тәттілерді (конфет) таңдайды. Таңдап алған конфет бойынша бірдей фантиктермен бірігіп, 3 топқа бөлінеді.
Әр топтан топ басшы топ мүшелерінің келісімімен тағайындалады. Топ басшы қарсы топтың мүшелерін (I топ II топ, II топ III топ, III топ I топ ) жетон (теңге арқылы бағалау) арқылы бағалап, бағалау қағазын толтырып отырады.
Бағалау критерийлері:
«3» - 200 теңге
«4» - 500 теңге
«5» - 1000 теңге
(500 – 800 теңге жинағандар «3», 1000-1200 теңге жинағандар – «4», 1400-2000 теңге жинағандар –«5» бағаларымен бағаланады)
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:
Қызығушылықты ояту
Шығармашылық жұмыс
«Кубизм» әдісі
Мағынаны ажырату
- «Жигсо» әдісі
Ой толғаныс
Біліміңді шыңда (постер жасау және қорғау)
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі (бағдарламалардың көмегімен тесттің түрлеріне тапсырмалар құрастыру әдістерін қолдану)
«SWOT талдау» әдісі (оқу сапасын диагностикалауда тест тапсырмасын қолданудың тиімді және тиімсіз жақтары)
Мұндағы
1 - бөлім бойынша студенттердің өткен тақырып бойынша білім деңгейін анықтау;
2 - бөлім бойынша жаңа ақпаратпен танысу;
3 - бөлім бойынша жаңа өтілген тақырып бойынша студенттердің жаңа үйренген білімді меңгергенін анықтау.
II. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)
Шығармашылық жұмыс
Әр топтың мүшесі үйден дайындап келген жеке жұмысын қорғайды (Оқушылардың білім деңгейін диагностикалаудың әдіс - тәсілдері).
«Кубизм» әдісі
Интербелсенді тақтаның құралы көмегімен кубтың алты қырына сәйкес әр топ екі сұрақтан жауап береді (Дұрыс жауап – 200 теңгемен бағаланады).
Сұрақтар:
Педагогикалық тәжірибеде қадағалаудың қандай түрлері бар?
Алдын – ала, ағымдық, мерзімдік, тақырыптық, қорытынды және өтілген материал ізімен
Тақырыптық қадағалау қай уақытта қолданылады?
Тақырып, бөлім материалдары өтіліп болған соң қолданылады.
Қадағалау қандай формаларда жүргізіледі?
Жеке – дара, топтық және жұптық
Қадағалау әдістері дегеніміз не?
Оқушылардың оқу танымдық іс – әрекеттері мен мұғалімдер жұмыстарының нәтижелігін айқындауға көмекші жол, тәсілдер
Аралас қадағалау дегеніміз не?
Әртүрлі қадағалау әдістерінің бірге қолданылуы
Мерзімді қадағалау қай уақытта қолданылады?
(Белгілі уақыт аралығындағы жұмыстардың қорытындысын алуда қолданамыз. Ол не тоқсан не жыл жартысы аяғында жүргізіледі)
Өтілген сабаққа қорытынды: Әр түрлі қадағалау әдістерін қарастырдық. Соңғы кездері тестік қадағалау көптеп қолданылуда. Мұндай тексерудің негізгі құралы – тест тапсырмалары.
III. Жаңа сабақ (15 мин)
«Жигсо» әдісі («Үйрете отырып, үйренемін» қағидасымен өзі оқи отырып, өзгені оқытады)
Тест (ағылшынша test - сынау, тексеру, талдау деген ұғымды білдіреді) – оқушылардың білімін бақылаудың кең тараған формасы.
1864 жылы ағылшын педагогы Дж.Фишер ең алғаш рет оқушылардың білімін тексеру үшін тестіні қолданған.Тест әдісінің кеңінен таралуына үлес қосқан американдықтар Д.Кэттелл, Дж.Салли, француздар А.Бике, Т.Симон, ресейлік А.Шуберт. Қазақстанда тест әдісі 1920 жылдары кеңінен тарала бастады.
«Педагогикалық тест» деп белгілі мазмұны бар, ерекше формадағы тапсырмалардың жүйесін атайды. Тест сынаққа түскендердің бір пән бойынша білімінің құрамы мен құрылымын анықтайды. Басқа сынақ жұмыстарымен салыстырғанда, тесттің артықшылығы — оның объективті, сенімді, көп варианттылығы болып табылады. Тесттің міндетті түрде бірнеше нұсқасы болуы керек. Бұл тексеру кезіндегі тиімділікті арттырады, өйткені мұнша тапсырманың барлығын жаттап алу, есте ұстау немесе көшіріп алу мүмкін емес. Тест тапсырмалары тек бақылау ретінде емес, оқушыларды үйрету, машықтандыру үшін де тиімді. Педагогикалық тест арқылы әрбір оқушының білім деңгейін нақты және тез анықтауға болады. Педагогикалық тест нәтижелі болу үшін оның қорытындысын міндетті түрде статистикалық өңдеуден өткізу керек. Жалпы педагогикада тестік бақылау бір - бірімен тығыз байланысты 3 қызметті орындайды: диагностикалық, оқыту және тәрбиелік.
Диагностикалық қызмет бұл тестілеудің ең негізгі және ең айқын атқаратын қызметі, оқушының білім деңгейін, пән бойынша тақырыпты қалай меңгергенін анықтайды. Оқушының білім, білік дағдыларының деңгейін анықтау болып табылады. Диагностиканың объективтілігі, ауқымы және жылдамдығы бойынша, тестілеу педагогикалық бақылаудың барлық қалған үлгілерінен асып түседі. Объективтілігі жағынан тест педагогикада үлкен орын алады.
Оқыту қызметі оқушылардың оқу материалдарын меңгеруге деген белсенділігін арттыру. Оқыту функциясының ролін арттыру үшін қосымша сұрақтар қайталауға арналған, өз бетімен оқуға арналған тақырыптарды, ұқсас тесттердің, орындалған тесттің қорытындысын талдау болып табылады.
Тәрбиелеу қызметі оқушылардың есте сақтау, қайталау, белгілі уақытта тапсырманы орындап үлгеру қасиеттерін тәрбиелейді. Тестті талдау кезінде оқушы өз біліміне сын көзбен қарауға үйренеді, білімдерінде кемшіліктерді анықтап, жоюға көмектеседі, өз қабілеттерін дамытуға тырысуды қалыптастырады.
Тест оқушылардың оқу жетістіктерін, олардың білімі, біліктері мен дағдыларының жиынтығын обьективті түрде (мұғалімнің қатысуынсыз) өлшеу мүмкіншілігін береді. Мұнымен қатар тестілеудің артықшылығы оның технологиялық мүмкіншіліктерімен байланысты: тест қысқа уақыт ішінде компьютерді қолдану арқылы үйренушілердің көп мөлшерінің білім деңгейін өлшенбелі әрі дәл тапсырмалар арқылы анықтайды. Барлық үйренушілерге ортақ және біркелкі тапсырмалар тест нәтижелерін оқу процесін өзгерту мақсатында қолдануға тиімді етіп, оқушыларды өзін – өзі бақылау және өз білімін жетілдіру ісіне ынталандырады.
Тест түрлері
1. Бақылау деңгейі бойынша:
Кіріспе тест – оқу жылы басында немесе пәнді зерттеу (оқу) жұмысы басталғанда оқушының білімін анықтау мақсатында жүргізіледі;
Ағымдағы тест – пән бойынша тоқсан барысында жүргізіледі;
Межелік бақылау тесті – тоқсанда екі рет өткізіледі;
Аралық бақылау тесті – курс немесе пән аяғында қабылданатын емтиханның нысаны (формасы);
Қорытынды бақылау тесті – оқу мерзімі аяқталғаннан кейін қабылданатын мемлекеттік емтиханның нысаны (формасы).
Ұсыну немесе жауап беру нысаны бойынша:
Қағазға басылып берілетін тест;
Компьютер арқылы ұсынылған тест.
Мазмұн тұрғысынан:
Бір пән мазмұны бойынша (бір тест ішінде бірнеше пән бойынша тапсырмалар біріктіріледі, мәселен Аралық мемлекеттік бақылау немесе Ұлттық біріңғай тестерде бес пән бойынша);
Пәнаралық тест (тест тапсырмалары бірнеше пәннің мазмұны бойынша құрылады, оларға жауапты да пәндердің тоғысуы мен байланысы тұрғысынан беру керек).
Нәтижелерді қолдану бойынша
Салыстыруға негізделген тест – стандарттармен немесе басқа оқушылардың жетістіктерімен салыстыруға бағытталады
Жетістіктерін айқындау үшін өткізілетін тест – әр оқушының жеке пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейін анықтауға бағытталады.
Оқушы білімін бекіту, қайталау, алған білімді жүйелеу, бақылау және бағалау мақсатында пайдалануға болатын тестің бірнеше түрлері бар.
Тестің түрлері:
Толықтыру тесті;
Таңдалмалы тесті;
Еске түсіру тесті;
Сәйкестендіру (үйлестірушілік) тесті;
Реттік, бірізділікке берілген тесті;
Аралас (құрама) тесті;
Кәсіптік бағдар тесті;
Баламалы тесті;
Ашық тесті;
Жабық тесті.
Толықтыру тесті. Оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орнына үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа, тұжырымды, бір мәнді болуы керек.
Таңдамалы тесті. Оқушыға берілетін тапсырмамен қоса оның дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка арқылы беріліп, оның жауабының саны 4-тен кем болмағаны дұрыс. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарточкамен тексеріледі. Мұғалімде алдын-ала дайындалған перфокарта болады.
Еске түсіру тесті. Сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Еске түсіруші тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабы сөз, сан, формула, әріп, т.б. түрде берілуі мүмкін.
Сәйкестендіру тесті. Мағынасы бір - бірімен байланысты тапсырамалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналасуы, яғни сұрақтар өзгеріссіз қалады, жауаптардың орындары ауысады. Оқушылар сұрақтар мен дұрыс жауаптарды стрелка арқылы сәйкестендірулері керек
Аралас (құрама) тесті. Оқушыларға берілетін тапсырма әр түрлі тест түрінде беріледі. Құрылымы бойынша онда тестінің әр түріндегі сұрақтар болуы мүмкін. Бұл тесттің тапсырмалары мәтін немесе кесте формула, график, сызбалар жиыны түрінде берілуі мұмкін.
Реттік, бірізділікке берілген тесті. Көлем, атау, құбылыс, шама т.б. көрсеткіштік сипаттағы мәліметтерді тек қана бір әріппен орналастыру керек. Тапсырма саны 10 шақты болғаны жөн.
Кәсіптік бағдар тесті. Мазмұны қандай да бір кәсіптік пәнді оқыту кезінде айқындалуына немесе одан бір мағлұмат алатынына негізделеді.
Баламалы (альтернативный) тесті. Тестің бұл түрін жасауда жауабын білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа тұжырымды, мазмұнды, бір мәнді болғаны дұрыс. Тестің мұндай түрінің жауабы сөзбен (дұрыс, дұрыс емес) ия немесе жоқ немесе белгілер арқылы +, - т.б. беріледі. Мұндай типтегі тестік тапсырманы графикалық диктант үлгісінде пайдалануға болады.
Ашық тесті. Тесттің бұл түрінде сұрақпен қатар дұрыс жауап ашық түрде беріледі. Бұл сұрақтың оқушылар жадында дұрыс түрде сақталуына септігін тигізеді.
Жабық тесті. Тесттің бұл түрінде тек сұрақ қана қойылады. Сол сұраққа оқушы өзі дұрыс жауап беру керек.
Тесттің формасы
1. Бір дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар
2. Бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар
3. Сәйкестікті құру бойынша тапсырмалар
4. Жауапты тіркеуді талап ететін тапсырмалар (жауапты толықтырып жазу)
5. Логикалық және алгоритмдік реттілікті құру бойынша тапсырмалар
Қазіргі оқыту үрдісінде өте жиі кездесетін тест түрлері «оқыту тесті» және «бақылау тесті». Оқыту тестінің мақсаты белгілі тақырыпты меңгертуге арналады, мұғалім негізгі рөлді атқарады. Тапсырмалар сұрақ қою, жауап беру, есте сақтау, жазып алу, үйден ауызша қайталау, қайтадан жалпы сұрақ - жауап түрінде тексеру. «Бақылау тесті» осыдан кейін жүргізіледі, яғни оқушылардың тарау бойынша немесе белгілі бір тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін. Бұл тестердің тиімділігі, егер әр тараудың соңында қолданса, оқушылардың сабаққа дайындалуын тәртіпке келтіреді. Әр тестен кейін түзету жұмысын жүргізу міндетті түрде қажет. Арнайы дәптерге оқушы қате сұрақты белгілейді, ол сұрақтың дұрыс жауабын өзара талдап, әрі мұғалім толықтырады да дұрыс жауап жазылады.
Мұғалім тест тапсырмаларды тек оқушылардың білімін бақылауда ғана тест тапсырмалардың көмегімен оқу үрдісінде оқушылардың өз - өзін бақылауын ұйымдастыруға болады. Осындай тапсырмалар оқушылардың дайындық деңгейін анықтап, тақырып бойынша білімдерін өздігінен тексеруге және өз - өзін бақылауды жүзеге асыру әдістерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Әрбір тест жүргізгеннен кейін оқытудың нәтижесінің статистикасын алу қажет. Берілген кесте бойынша жауап нәтижелерін өңдеуден өткіздіру өте ыңғайлы. Кестенің төменгі жолында әрбір сұрақ бойынша қателердің жалпы саны саналады да формула бойынша осы берілген сұрақты меңгерудің пайыз көрсеткішін анықтауға болады:
К = N/n х 100%,
К – меңгеру пайызы,
N – дұрыс жауаптар саны,
n – берілген тест бойынша жұмыс істеген оқушылар саны.
Тест тапсырмасына қойылатын негізгі талаптар мыналар:
Тест жұмысын өткізуде белгілі бір уақыттың болуы;
Тапсырмаларды орындау үшін берілген нұсқаулардың түсінікті, айқын болуы.
Білімді бағалаудың басқа түрлеріндей тестік бақылаудың артықшылығы да, кемшілігі де болады.
Тест тапсырмасының артықшылықтары:
Тест сапалы және объективті бағалау әдісі болып табылады, өткізілуі стандартты түрде,
жалпы білім тексеріледі;
Тест - барынша әділ әдіс болып табылады, себебі тестілеу кезінде, әсіресе бақылау және
бағалау үрдісінде барлық оқушылардың жағдайы бірдей болады да, мұғалімнің субъективтілігіне жол берілмейді;
Тест тапсырмалары арқылы оқушының жалпы пәнді немесе тақырыптарды қалай
меңгергенін анықтауға болады;
Тест уақытты тиімді қолдануға, үлкен көлемді мазмұнды қамтуға, оқушылармен тез
екіжақты байланыс орнатуға, материалды игеру нәтижесін анықтауға, жіберілген қателерді түзетуде назар бөлуге және қажетті түзетулер енгізуге көмектеседі.
Тест түрінде бақылау топтың оқушыларын бір уақытта тексеруге мүмкіндік береді және
тәртіпке келтіреді.
Тест тапсырмасының кемшіліктері:
Тестік сұрақтарды құрастыру, топтастыру ұзақ үрдіс;
Тест білімнің жоғары, продуктивті, шығармашылық, әдістемелік деңгейін тексеруге,
бағалауға мүмкіндік бермейді;
Тестте көп сұрақтардың қамтылуы уақыттың жетпеуіне, асығуына байланысты кемшілік
туғызады.
Тест алу арқылы күтілетін нәтижелер:
1. Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.
2. Білімді өз бетімен алу жолдарын үйренеді.
3. Танымдық іс−әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, тез шешім жасау әрекеті дамиды.
IV Жаңа сабақты бекіту (13 мин)
Жаңа сабақты пысықтау мақсатында студенттер келесі тапсырмаларды орындайды:
Біліміңді шыңда (постермен жұмыс және қорғау)
Әр топ мүшелері постер жасап қорғайды.
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
Тәжірибелік жұмысты жасау үшін топ мүшелері жұптасады. Ол үшін топ басшысы мақал – мәтелді бастайды, жалғасын тапқан тобындағы мүшемен жұптасады.
Жұптық жұмыс. Студенттер тақтада нөмерленген фигураның бірін таңдайды, таңдаған нөмердегі тапсырманы ДК – де (Бағдарламалардың (August, AdSoft Tester, Power Point бағдарламалары) көмегімен тесттің түрлеріне тапсырмалар құрастыру әдістерін қолдану) орындайды және қорғайды. Студенттер ДК – де MS Word бағдарламасына енгізілген тест сұрақтарын және бағдарлама көмегімен тесттің жасалу әдісі бірізділікпен көрсетілген үлестірме қағаздарды қолданады.
Тапсырмалар:
Сәйкестендіру тесті (Power Point бағдарламасы)
Еске түсіру тесті (August бағдарламасы)
Толықтыру тесті (Power Point бағдарламасы)
Таңдамалы тесті (Power Point бағдарламасы)
Ашық тесті (AdSoft Tester бағдарламасы)
Жабық тесті (Power Point бағдарламасы)
«SWOT - талдау» әдісі
«Оқу сапасын диагностикалауда тест тапсырмасын қолданудың тиімді және тиімсіз жақтары» топтармен бірге талқыланады. 1 – топ күшті жақтарын, 2 – топ әлсіз жақтары мен қауіпін және 3 – топ мүмкіндіктерін айтады.
Рефлексия (Кері байланыс)
«Бес саусақ» әдісі
Студенттер критерийлер арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады:
Бас бармақ - неден қиналдыңыз?
Балан үйрек - кімге көмектестіңіз?
Ортан терек - көңіл күйіңіз?
Шылдыр шүмек - не үйрендіңіз?
Кішкене бөбек - қандай жетістікке жеттіңіз?
V.Бағалау (2 мин)
Топ басшылары бағалау парағы бойынша студенттердің жинаған ұпайларын қосып, бағалау критерийіне сәйкес студенттердің бағасын және қай топтың жеңіске жеткенін анықтайды.
VI.Үй тапсырмасы (2 мин)
Тапсырма студенттердің деңгейіне қарай беріледі:
1 – деңгей. Өтілген тақырыптардан MS Word бағдарламасында тест құрастырып келу.
Оқып келу;
2 - деңгей. Бүгінгі тақырыпқа сәйкес Power Point бағдарламасында дидактикалық материал
(Баламалы (альтернативті) тест құрастыру) дайындау;
3 – деңгей. Сабақ жоспарына бағдарламалардың көмегімен тесттің түрлеріне құрастырылған
тапсырмаларды кірістіру
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Халықова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі: Оқулық. - Алматы, 2000 ж.
Әлімов А. Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану: Оқу құралы, Алматы, 2015 ж.
Аубакирова Р.Ж., Нұрбекова М.А. Педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқу құралы.
- Астана, 2008 ж.
Математика-информатика-физика (МИФ): Республикалық оқу - әдістемелік журнал.
- Алматы, №1, 2016 ж.
Информатика негіздері: Республикалық оқу - әдістемелік журнал. - Алматы, № 2 - 4, 2012 ж.