kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Информатикадан сыныптан тыс ж?мыс"К??ілділер, тап?ырлар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л сыныптан тыс ж?мысты 8-9 сыныптарда  информатикадан пайдалану?а болады. Саба? 8-9 сыныптарды? курсын ?амтиды. ?р т?рлі тапсырмалар о?ушыларды? информатика?а деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру ма?сатында ??рыл?ан.  мені? ойымша бас?а м??алімдерге б?л іс-шара ?те ?лкен к?мек к?рсетеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«информатикадан сыныптан тыс ж?мыс"К??ілділер, тап?ырлар" »

Ақсары орта мектебі













Информатика пәнінен сайыс сабақ:

8-9 сынып


















Информатика пәнінің мұғалімі: Нугуманова Д.Т.











2014-2015 оқу жылы


Ақсары орта мектебі













Сайыс сабақ:

5-6 сынып














Информатика пәнінің мұғалімі: Нугуманова Д.Т.











2014-2015 оқу жылы

Мақсаты: Оқушыларды графикалық редактормен жұмыс жасауға үйрету; информатикадан алған білімдерін пысықтау; оқушылардың білім деңгейін анықтау, танымдық, ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру

Міндеті: оқушылардың инттеллектуалды қабілеттерін дамыту; презентация жасауды практикада қолдана білуді үйрету; алған білімдерін пысықтайды.\

Күтілетін нәтиже:   презентация жасай алады, алған білімдерін практикада қолдана алады; информатика пәніне деген қызығушылықтары артады.

Түрі: интеллектуалды сайыс.

Жабдығы: интерактивті тақта, «Білім кілті»

Барысы: 

Информатика болашаққа бастайды, 

Келешекке білім қуған жастарды. 

Қадам басып 21-ші ғасырға, 

Барлық әлем жаңалығын тастайды. 

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! 

«Таланттылар терін төгіп, толғансын, 

Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», деп бүгінгі  «Көңілді тапқырлар» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер. 

Көңілді тапқыштар, білгіштер 

Бар өнерін салады, 

Кім білімді, көп оқыған болса егер, 

Бүгінгі күн жеңімпазы болады,-  деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер. 

Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады: 

1-    бөлім «Таныстыру» (Презентация дайындау: топтың аты, девизі, құрамын таныстыру).

2-    бөлім «Құпия алаң». 

3-    бөлім  «Үй тапсырмасы» (әзіл дайындау). 

4-    бөлім  «Бәйге». 

5-    бөлім « Мақал –сөз мәйегі». 

6-    бөлім «Жақсы сөз- көңіл құлпын ашатын кілт». 

Әр бөлімнен кейін әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының  қорытындысын айтып отырады. 

Асып әсте саспайық, 

Сайыс қызығын ей достар. 

Осылайша шабытпен, 

Қане енді бастайық 

Жиналған ылғи дарындар, 

Жүрегі от боп жалындар. 

Топтардың бәрін халайық, 

Қол соғып қарсы алайық. 

1- бөлім. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады. 

Мінекей 2 топтың таныстыруын тыңдадық бұл бөлімге ұпай берілмейді. 

( әділ-қазылар алқасы топтардың атауларын жазып алады) 

Көрермен жиналған бұл тамашаға, 

Құр қарап, жым отыру жараса ма? 

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес, 

 

Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп 

2- бөлімді бастайық  «Құпия алаң» бұл бөлімде  топтар берілген түсті конверттерді таңдап, ішіндегі берілген сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың  дұрыс  жауабына 10 ұпай беріледі. 

Сары конверт сұрақтары: 

1.     Баспа құрылғысы (принтер) 

2.     Компьютер теледидары (монитор) 

3.     Үлкен темір қорап (жүйелік блок) 

4.      Функционалдық пернелер (F1- ден F12-дейін) 

5.     Зиянкес бағдарлама (вирус) 

6.     Файлдар жиыны (бума) 

7.     Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат) 

8.     Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика) 

9.     Информатика өлшем бірлігі (бит, байт) 

10. Сурет салуға арналған бағдарлама (Paint) 

Қызыл  конверт сұрақтары: 

1.     Адам мен компьютер арасындағы байланыс (опер  жүйе немесе интерфейс) 

2.     Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок) 

3.     Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия) 

4.     Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан) 

5.     Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word) 

6.     Дыбыс естілетін қорап (колонка) 

7.     Мәлімент енгізу құрылғысы (пернетақта) 

8.     Компьютердің маманы (программист) 

9.     Бүкіләлемдік желі (интернет) 

10. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус) 

Осымен 2- бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз. 

Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа, 

Табылғандай таным да, жат дауыс та. 

Біреу озып келеді қатарынан, 

Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп 

3 бөлімді бастайық «Үй тапсырмасы» (әзіл дайындау)  топтарға жұмбақ жасырылады, қай топ бірінші және  дұрыс шешетін болса, сол топқа  10 ұпай беріледі. 

Білімнің ұшқырлығын танып сен, 

Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен! 

Уақыт деген зымыран, зулап жатыр, 

Шапшантық бұл сайыста қажет екен.-деп 

4 – бөлімді бастайық  «Бәйге» Тақтада 1-ден 20-ға дейін сандар берілген, әр топ бірінен соң-бірі сандарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. 

Бірінші болып шыққан «_________» тобына кезек береміз. 

1.     Компьютер миі? (жүйелік блок) 

2.     Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем) 

3.     Мәлімет енгізу құрылғысы? (пернетақта) 

4.     Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер) 

5.     Графикалық редактор? (Paint) 

6.     Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор) 

7.     Дауыс жазуға арналған құрылғы? (микрофон) 

8.     Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина) 

9.     Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер) 

10. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word) 

11.  Пернетақта қандай құрылғы? (мәліметтерді енгізу құрылғысы) 

12. Компьютер деген не? (ақпаратты өңдеу құралы) 

13. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын) 

14. Компьютердің негізгі құралдары (монитор, жүйелік блок, пернетақта) 

15.  Келесі жүріс. (жүріс келесі топқа беріледі) 

16. Қатқыл диск қайда орналасқан? (жүйелік блоктың ішінде) 

17. Банкрот (топтан 2 ұпай алынады) 

18.  Графикалық бағдарлама бұл құрылғысыз жұмыс істемейді (тышқан) 

19. « Microsoft»  фирмасының президенті (Билл Гейтс) 

20.  Информатикадағы өлшем бірліктері (бит, байт) 

 

 Осымен 4-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын есептеп отыруды. 

Мәңгі бақи есте қалар, 

Ғажайып бір кеш болсын. 

Білімдірек шәкірт озар, 

Қиынырақ тапсырма болса-деп 

5-бөлімді бастайық  « Мақал –сөз мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 1 ұпай беріледі. 

1.     Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала) 

2.     Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады) 

3.     Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес) 

4.     Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім) 

5.     Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса) 

6.     Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра) 

7.     Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық) 

8.     Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды) 

9.     Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл) 

10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады) 

 

Ғылымның сырын ұғына, 

Шығыңдар білім шыңына. 

Ұқыптылық пен зеректік, 

Жеткізер сіздердей өренді 

Жеңістің мынау шыңына.-деп 

6-бөлімді бастайық  «Жақсы сөз- көңіл құлпын ашатын кілт»  бұл бөлімге топ басшылар ғана қатысады. Тақтаға бір сөз ілінеді (Ақпараттандыру), сол сөзден 5 минут ішінде мағынасы бар қазақша-орысша сөздер құру керек, топ басшылар қанша сөз жазады, сонша ұпай алады. 

Осымен бұл қызықты тамамдасақ, 

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ? 

Үйрендік білмегенді осы жолы, 

Тағы да үйренеміз аман болсақ! 

---------------------------------------- 

Жетпесіңе жеткізген, 

Қызықты уақыт өткізген. 

Бар ғылымды сыйдырып, 

Білетіні көп бізден. 

Жаңалықтың жаршысы, 

Жұртты елең еткізген 

Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз. 

( топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі). 

 

Келесі сайыстарда кездескенше сау саламатта болыңыздар

Сабақтың тақырыбы: «Тапқыр достар»
Сыныбы: 5-6 сыныптары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: сыныптан тыс
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:
- Интерактивті тақта (ойын презентациясын көрсетуге арналады).
Cабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде топтар өз орындарына отырғызылады. Әр топта 4 оқушыдан болады және оның ішінде бірі топ басшысы ретінде сайланады.
Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Тақыр достар» сайыс сабағын тамашалауға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.
Сайысымызға 5-6 сыныптарынан құралған екі топ «Информатика пәнінің тапқырлары» сайысуға келіп отыр. Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған сайыс сабағымыз 5-6 - сынып оқушыларының жыл басынан өткен білімдерімен байланысты. Себебі, оқушының жыл бойы алған білімін ойын элементтері арқылы тексереміз. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.
Бүгін сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
Әділ қазылар алқасының төрайымы:
Мүшелері:
1. Омирзакова Г.З.
2. Раисова М.А.
Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,- деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады:
1 - бөлім «Таныстыру»
2 - бөлім «Құпия алаң»
3 - бөлім «Шешімін тап»
4 - бөлім «Бәйге»
5 - бөлім «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
6 - бөлім «Кім епті, еркін ойлы?»
7 - бөлім « Мақал – сөз мәйегі»
8 - бөлім «Полиглот»
9 - бөлім «Байқағыштығыңды байқат»
10 - бөлім «Логикалық тапсырмалар»
Әр бөлімнен кейін әділ - қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының қорытындысын айтып отырады.
Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын ей достар.
Осылайша шабытпен,
Қане енді бастайық
1 - бөлім - «Таныстыру». Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.
1 - топ «Компьютер»
Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Девизі: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»
2 - топ «Интернет»
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.
Девизі: «Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді»
Мінекей 2 топтың таныстыруын тыңдадық бұл бөлімге ұпай берілмейді.
( әділ - қазылар алқасы топтардың атауларын жазып алады).
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп
2 - бөлімді бастайық «Құпия алаң» Тақтада 1 - ден 15 - ке дейін сандар берілген, әр топ бірінен соң - бірі сандарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Бірінші болып шыққан «Компьютер» тобына кезек береміз.
1. Компьютер миі? (жүйелік блок)
2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)
3. Мәлімет енгізу құрылғысы? (пернетақта)
4. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
5. Графикалық редактор? (Paint)
6. Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор)
7. Дауыс жазуға арналған құрылғы? (микрофон)
8. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы(сканер)
9. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word)
10. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын)
11. Қатқыл диск қайда орналасқан? (жүйелік блоктың ішінде)
12. Жыпылықтап тұратын тік сызықша? (меңзер)
13. Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас тәсілі (интерфеис)
14. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)
15. Ақпараттық процестер? (өңдеу, сақтау, түрлендіру)
Осымен 2 - бөлім аяқталды әділ - қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп
3 - бөлімді «Шешімін тап!!!» бастайық. Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, сол топтың капитаны ойынды бастайды. Топ капитандары ортаға шығып, жасырылған жұмбақ пен жұмбақ есептің жауабын шешеді және жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтуы тиіс. Бағалануы әр жұмбаққа – 10 ұпай.
1 - топтың жұмбағы:
1) Батырманы басасың,
Қажетіңді ашасың.
(«Еnter» батырмасы)
2) Самолет А қаласынан Б қаласына дейінгі қашықтықты 1 сағат 20 минут ұшып өтті, ал қайтар жолда 80 - ақ минут ұшты. Бұл қалай?
2 - топтың жұмбағы:
1) Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
(Принтер)
2) Дәрігер ауру адамға 4 дәрі беріп: «әрқайсысынан әрбір жарты сағатта ішіп отырыңыз», - деді. Дәрілерді ішіп бітіруге ауру адамның қанша сағат уақыты кетеді?
Осымен 3 - бөлім аяқталды. Әділ - қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып - тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,
Шапшандық бұл сайыста қажет екен, - деп
4 – бөлімді бастайық «Бәйге» бұл бөлімде топтар берілген түсті конверттерді таңдап, ішіндегі берілген сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі.
Сары конверт сұрақтары:
1. Баспа құрылғысы (принтер)
2. Компьютер теледидары (монитор)
3. Үлкен темір қорап (жүйелік блок)
4. Функционалдық пернелер (F1 - ден F12 - дейін)
5. Зиянкес бағдарлама (вирус)
6. Файлдар жиыны (бума)
7. Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат)
8. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика)
9. Меңзердің оң жағында тұрған символдарды өшіретін перне (Delete)
10. Сурет салуға арналған бағдарлама (Paint)
Қызыл конверт сұрақтары:
1. Адам мен компьютер арасындағы байланыс (опер жүйе немесе интерфейс)
2. Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок)
3. Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия)
4. Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан)
5. Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word)
6. Дыбыс естілетін қорап (колонка)
7. Мәлімент енгізу құрылғысы (пернетақта)
8. Компьютердің маманы (программист)
9. Бүкіләлемдік желі (интернет)
10. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус)
Осымен 4 - бөлім аяқталды. Әділ - қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ тапсырма болса - деп
5 - бөлімді бастайық «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Бұл сайыста әр топ өз топтарының бас әріпіне байланысты сөздер жазып шығады. 2 минутта 5 сөзден артық болу керек.
6 - бөлім. «Кім епті, еркін ойлы?». Шарты: Берілген сөздерді жұмбақтап, ыммен түсіндіру. Әр дұрыс табылған сөзге – 1 ұпайдан.
І топқа: модем, веб - камера, тышқан, процессор, Enter
ІІ топқа: себет, пуск, MS Word, колонка, Paint
Осымен 6 - бөлім аяқталды. Әділ - қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Айналайын алға ұмтылған Дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар!
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.- деп
7 - бөлімді бастайық « Мақал – сөз мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Веб - дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
6. Білмесең, «анықтама»- дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
8. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
9. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
Осымен 7 - бөлім аяқталды әділ - қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.- деп
8 - бөлімді бастайық «Полиглот» топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 15 ұпай, екі тілде 10 ұпай, бір тілде 5 ұпай беріледі.
1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз?
/ ақпарат, информация, information/
2. Сақталған құжатты ашу командасы?
/Файл – ашу, файл - открыть, file - open/
3. Windows – дегеніміз не?
/ОЖ, операционная система, Operation system/
4. Қажет емес символды алып тастау пернесі -
(өшіру, удалить, delete)
5. Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған.
(себет - корзина - basket)
6. Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не?
(терезе - окно - windows)
7. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор.
(кітапша - блокнот - notebook)
8. Биологияда паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпаратты өлшер.
(бит - бит - bit)
9. Бір байтта қанша бит бар? (сегіз, восемь, эйт)
10. ЭЕМ - нің дамуы неше буыннан тұрады? Бес, пять, фаив
Осымен 8 - бөлім аяқталды. Әділ - қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына,- деп
9 - бөлімді бастайық «Байқағыштығыңды байқат!!!» Бұл кезеңде берілген суреттерден 10 айырмашылықты 3 минут ішінде табу қажет. Әр топтың айырмашылықтарды табуына байланысты қазылар алқасы баға береді. Ең жоғарғы баға – 10 ұпай.
10 - бөлімді бастайық «Логикалық тапсырмалар»
1. 1 жұмыртқа 3 минут қайнайды, ал 4 жұмыртқа неше минут қайнайды? (3 мин)
2. Үш страус ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып өлтірді.
Олардың қаншасы қалды? (страустар ұшпайды)
3. Астанадан Алматыға қарай бет алған ұшақ екі қаланың арасын 1, 5 сағатта ұшып өтті. Ал дәл осы бағытта небары 90 минут қажет етті. Неге? (90мин=1, 5сағат)
4. Үстел үстінде 3 стакан шие тұр. Марат 1 стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? (3 стакан)
5. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық)
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ! – деп әділқазылар алқасы ұпай сандарды есептеп қорытынды шығарғанша біз жанкүерлермен ойын өткізейік.
Көрермендермен ойын:
1. С әрпінен келетін информатикалық сөздер айту
2. «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
Шарты: Сұраққа тек қана берілген әріптермен басталатын сөздермен жауап беру.
1. Сенің атың кім?
2. Жасың нешеде?
3. Ең жақсы көретін тамағың?
4. Сенің мектебің қалай аталады?
5. Таңертең не жедің?
6. Сенің фамилияң қалай?
7. Нешінші сыныпта оқисың?
8. Мектепке немен келесің?
9. Түнде аспанда не болады?
10. Қандай пәнді ұнатасың?
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.
(топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі).



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
информатикадан сыныптан тыс ж?мыс"К??ілділер, тап?ырлар"

Автор: Нугуманова Дилара Тулеубаевна

Дата: 12.03.2015

Номер свидетельства: 185533


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства