kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Инфорамтика әлемінде"

Нажмите, чтобы узнать подробности

    Мақсаты: Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау, мұғалім қаумын құрметтеуге тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: сыныптан тыс

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Инфорамтика әлемінде"»

Қаратөбе мектеп-гимназиясы













Физика, математика, информатика бірлестігінің

“Ғасырдың ғажайып үш тірегі” атты апталығы аясында ұйымдастырылған информатика пәнінен

5-6 сыныптар арасындағы интеллектуалдық сайыс

«Информатика әлемінде»









Информатика пәнінің мұғалімі: Бексегуров Атапкел Жанболатулы















2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: «Информатика әлемінде» сайысы

Мақсаты: Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау, мұғалім қаумын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс

Информатика болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып 21-ші ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын тастайды.


Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

«Информатика әлемінде» кеп тұрған

Сайыскерлерді шақырайық ортағa.


Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!

Мектепішілік «Информатика әлемінде» білімділік сайысына қош келдіңіздер!

Олай болса бүгінгі «Информатика әлемінде» білімділік сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа төрелік етуші әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:


«Информатика әлемінде» білімділік сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі:

  1. Таныстыру

  2. Кім жүйрік?

  3. Жұмбақтарды тап

  4. Мақал – сөз мәйегі

  5. Адасқан әріптер

  6. Кім тапқыр ?

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды, білімді жас талантқа, – дей отырып, ойынымыздың «Таныстыру» бөлімін бастаймыз.

1-бөлім Таныстыру

Әр топ өз тобын таныстырады. Ұпайды әділқазылар алқасы қояды.

*****************************************************************************

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер, – дей отырып, Кім жүйрік? деп аталатын бөлімін бастаймыз. 10 ұпайдан есептеледі.

2-бөлім Кім жүйрік?

1-топ

  1. Әріптер мен сандарды енгізу құрылғысы?

  2. Өшірілген құжаттар қайда сақталады?

  3. Бас әріпті жазу үшін қаңдай пернені басу керек?

  4. Компьютер алдына қаңдай өсімдік қою қажет?

2-топ

  1. Тінтуірдің (тышқан) неше батырмасы болады?

  2. Интернетке қосылуға арналған құрылғы?

  3. WordPad бағдарламасында келесі жолға өту үшін қаңдай пернені басу керек?

  4. Дыбыс шығару құрылғысы қалай аталады?

3-бөлім Жұмбақтарды тап

1. Төрт бұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек.

2. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені

3. Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды

4. Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың. 

5. Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қалам, қағазсыз

6. Жақтаулар арқылы шектеледі

Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді.

Ойын толқын жатқанда асып -тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, – дей отырып, ойынымыздың «Мақал – сөз мәйегі» бөлімін бастаймыз.

4-бөлім «Мақал – сөз мәйегі»

Топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. 10 ұпайдан есептеледі.


  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

(Жігітті досына қарап, бағала)

  1. Байт биттен құралады.

(Теңге тиыннан құралады)

  1. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.

(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  1. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.

(Аттың сыры, иесіне мәлім)

  1. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса.

(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

  1. Білмесең, «анықтама»-дан сұра.

(Білмесең білгеннен сұра)

  1. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.

(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

  1. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды.

(Досы күштіні-жау алмайды)

  1. Күлсең ескірген компьютерлерге күл.

(Күлсең кәріге күл)

  1. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)


*****************************************************************************Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Адасқан әріптер» бөліміне де келіп жеттік . Оқылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек. 10 ұпайдан есептеледі.

5-бөлім «Адасқан әріптер»

1-топ

Нимотор ---------

Пьюромтек ------

Енрепатқат ------

Лайф --------------

2-топ

Рльоукятакл ----

Атқсуа ------------

Аэкторикелн ----

Дңеөу -------------- *****************************************************************************

«Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың Кім тапқыр ?бөлімін-де әрбір әрбір топ монитордағы ұяшықтарды таңдап, жауап беруі қажет. Жауап дұрыс болса, сол ұпай топ есебіне жазылады, ал қате болса шегеріледі.

6-бөлім Кім тапқыр ?

М

К

А

К

О

М

П

О

Н

К

С

Т

Н

Ь

В

И

Т

У

Ы

А

Ю

И

Т

О

Р

Ш

Қ

Т

Р

П

С

К

А

Р

Е

У

Е

Е

Т

Н

Е

Р

С

Р

Н

А

Қ

Т

А

*****************************************************************************

Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген

Бар ғылымды сыйдырып

Білетіні көп бізден

Жаңалықтың жаршысы

Жұртты елең еткізген

Информатикаға мың алғыс! – деп, әділқазылар алқасына сөз береміз.

7-бөлім. Қорытынды

Жарыс соңында әділқазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытындылайды.

Жарысқа қатысушыларды марапаттау.

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты ұстаздарға шын көңілден

Жолдаймыз біз алғыс бүгін.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін?- деп алғыс білдіреміз. Қош, сау болыңыздар!




Бағалау парағы



Сайыс кезеңдері

Паскаль тобы

Ғалымдар тобы

1

Таныстыру

4 балл

5 балл

2

Кім жүйрік?

3 балл

4 балл

3

Жұмбақтарды тап

4 балл

6 балл

4

Мақал-сөз мәйегі

2 балл

2 балл

5

Адасқан әріптер

8 балл

8 балл

6

Кім тапқыр?

8 балл

8 балл

7

Қорытынды

21 балл

25 балл





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Инфорамтика әлемінде"

Автор: Бексегуров Атапкел Жанболатулы

Дата: 11.03.2017

Номер свидетельства: 399157


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства