Просмотр содержимого документа
«Ембі ?алалы? жанында?ы интернатпен №7 орта мектебі»
Ембі №7
Математика, физика және информатика пәндері апталығы
Информатика пәнінен ашық сабақ
5 «ә» сынып
Өткізген: информатика пәнінің
мұғалімі Сарсембаева А.Ж.
2015-2016 оқу жылы
Тақырыбы: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту Мақсаты:«Файлдар», «қапшықтар», «таңбашалар», «корзина» ұғымдарымен, қапшықтың құрылымы және объектілер жасау ережелерімен таныстыру. Білімділік: Оқушыларға файл, бума, белгіше нысаналарымен таныстыру, оларды құру, атын өзгеру әрекеттерін орындауға үйрету Дамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан - жақты тәрбиелеу. Сабақ түрі: Практикалық Сабақ типі: Жаңа сабақ. Әдіс - тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, сұрақ - жауап, жеке жұмыс. Құрал - жабдықтар: компьютер, жеке тапсырмалар Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй жұмысы.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Практикалық жұмыс.
V. Бекіту.
VІ. Бағалау.
I. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру; ә) оқушыларды түгендеу. II. Үй жұмысы. Сұрақ-жауап. карточкалар. docx ІІІ. Жаңа сабақ.
Презентация Файлдар, бумалар, жарлықтар. pptx Файл дегеніміз не? Файл - аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін. Windows - та бағдарламалардың басқа атауы – қолданба да қолданылады. Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1 - 255 символға дейін болады. Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген: *. bmp Paint *. doc Word WordPad *. txt Блокнот қолданбасының құжаты *. wav Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы. *. avi Бейне — клип *. xls Excel кестелік процессорының құжаты *. ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесері Бума — бұл аты аталған файлдар тобы. Windows 98 - дің бумалары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде буманы кәдімгі ішіне қағаз беттерін — файлдарды салатын бумалармен салыстыруға болады. Windows 98 - дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар бумаларда сақталады. Бумалардың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады. Буманың пиктограммасы болуы мүмкін. Бумаларда таңбашалар, файлдар және басқа бумалар да болуы мүмкін. Бума бос болуы да мүмкін. Бумада аты бірдей объектілер болмауы керек. Буманың ішіндегісін қарап шығу үшін, тінтуірдің батырмасын онда екі рет басу жеткілікті. Бумалар екі түрлі болады: - жүйелік бума - каталогтар; - жұмыс бумалар (Менің компьютерім, принтерлер және т. б.) Бумаларды құру оның құрылымы: Бума элементтері: тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал саймандар тақтасы, қалып күй жолы. Терезеде жаңа бума құру: Буманы Файл - Создать - Папка командасын құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің бумалары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа бума белгішесі болады. Буманың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі. Жұмыс үстелінде жаңа бума құру: Жұмыс үстелінің жаңа буманы орналастырмақшы болған жерінде тінтуірдің оң жақ батырмасын басу - контексті меню пайда болады. Создать - Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде бума белгішесі пайда болады. Буманың атын енгізіп, енгізу пернесін басамыз. Таңбаша - нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер. Олардың бума белгішесінен айырмашылығы – оның сол жақ төменгі бұрышында кішкене иілген бағдаршасы бар. Таңбашаны жойғанда, оның көрсетіп тұрған файлы жойылмайды. Таңбашалардың негізгі міндетті – объектіге әр түрлі орыннан оның көшірмесін жасамай - ақ қатынауды қамтамасыз ету. Таңбашаны қалай жасайды. Алып бару әдісі. Бірінші жолы: • Таңбашаны орындайтын объектісі бар қапшықты ашыңдар. • Тінтуірдің нұсқағышын керек объектіге апарып, онда тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту. • Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау. Екінші жолы: • Таңдаған белгішеде тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту. • Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау. Windows таңбашаны объектінің өзі орналасқан қапшықта жасайды. • Жаңа ғана жасалған таңбашаны қажетті орынға жылжыту
ІV. Практикалық жұмыс.
1-тапсырма.
Жұмыс үстелінен бума ашамыз, ішіне файлды енгіземіз
2-тапсырма.
Басқару панелін пайдаланып жұмыс үстелінің фонын баптау.
V. Бекіту. 5) Сабақты бекіту. Тест тапсырмасымен. Файлдар, бумалар, жарлықтар. pptx 6) Бағалау 7) Үйге тапсырма: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту