kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Графиктiк редактор және оның қосымша мүмкiндiктерi.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Графиктiк редактор және оның қосымша мүмкiндiктерi.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Графиктiк редактор және оның қосымша мүмкiндiктерi.»

Пәні: Информатика сынып: 7

Күні: ____________


Тақырыбы: Графиктiк редактор және оның қосымша мүмкiндiктерi.

Мақсат: Оқушылардың графиктік редактор және оның қосымша мүмкіндіктері туралы білімдерін қалыптастыру. Графиктік редакторда жұмыс істеуді үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды графиктік редактормен және оның қосымша мүмкіндіктерімен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.


Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

3)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Компьютерде кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар – графикалық редакторлар пайдаланылады. Қазіргі кезде компьютерлік графикамен жұмыс жаауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторларды да екі категорияға бөлуге болады: растрлық және векторлық.

Графикалық редактор – бұл графикалық кескіндерді құруға, редакциялажәне қарап шығуға арналған программа.

Түсірілген суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге көбінесес растрлық графикалық редакторлар қолайлы, себебі растрлық кескіндер түстер градациясын және көмескі бояуларды жоғары дәрежеде беруді қамтамасыз етеді.

Қарапайым растрлық кескіндерді тікелей салуға мүмкіндік беретін қарапайым растрлық редакторлардың қатарына Paint, PainBrush, Painter жатады.

Растрлық графикалық редакторлардың негізгі класы олардың сапасын арттыру және даяр растрлық кескіндерді өңдеуге арналған. Мұндай редакторларға Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint және басқа осы сияқты программалар жатады.

Кәсіби растрлық редакторлар, негізінде сурет салу үшін емес, фотобейнелерді өңдеу, яғни йақындық және қанықтылықты арттыру, ескі фотобейнелердегі кірді және сызаттарды жою үшін пайдаланылады.

Растрлық графика жағдайындағыдай векторлық графикамен де жұмыс істейтін программалық құралдардың өте көп түрі бар, оларды меңгеру растрлықпен салыстырғанда күрделілеу. Векторлық графикалық редакторларға Word мәтіндік редакторына құрамдас графикалық редакторды, ал кәсіби графикалық редакторларға CorelDraw, Adobe Illustrator және басқаларын жатқызуға болады.


Сергіту жаттығулары (2 мин)


4) Жаңа тақырыпты бекіту (20-25 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Растрлық графикалық редакторларды атаңыз?

Векторлық графикалық редакторларды атаңыз?

Растрлық және векторлық графикалық кескіндердің айырмашылығы неде?

Paint құрал-саймандарын атап шығыңыз?

Тапсырма.

Растрлық кескіндерді редакциялау.

1. ОЖ –нің алмасу буферіне Жұмыс үстелі жүктелген сәтте экран көшірмесін орналастырыңдар, ол үшін Print Screen батырмасын басыңыздар.

2. Paint редакторына жіберіңіз. Түзету – Қою (Правка - Вставить) командаларын орындаңыз. (редактор терезесінде белгілер мен таңбашалардан тұратын Жұмыс үстелінің кескіні пайда болады).

3. Меню пунктіндегі Ерекшелеуді пайдаланып, Қоржын белгісін ерекшелеңіз. Ерекшеленген төртбұрышты фрагментті кескіннің жоғары бөлігіне тасымалдаңдар.

4. Тасымалданған фрагменттің орнанда қалған ақ төртбұрышты фон түсімен бояңыз. Ол үшін Түстерді таңдау құралын таңдап, оны фонның кез келген нүктесіне қойып, тышқанды шертіңдер.

5. Құю құралын таңдап, ақ төртбұрыш өрісіне шертіңіз.

Менің құжаттарым белгісін қызыл фонды ақ эллиппен жабыңыз.


5)Сабақты қорытындылау және бағалау

Оқушыларға графиктік редактор және оның қосымша мүмкіндіктері туралы жалпы мағлұмат беру.

6) Үйге тапсырма § 6.1, 6.2, бет. 56-62

Графикалық ақпараттарды өңдеу технологиясы.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Графиктiк редактор және оның қосымша мүмкiндiктерi.

Автор: Елеусізұлы Досжан

Дата: 01.11.2016

Номер свидетельства: 354058


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства