Оқушылармен амандасу. Сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Ыстық алақан» атты психологиялық тренинг өткізу. (Оқушылар алақандарын бір-біріне жақын ұстап, ыстық лебізін білдіреді. Мысалы, әдемісің, ақылдысың, т.б.) Топқа бөлу. Қиылған суреттер арқылы оқушылар топтастырылады. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы сұрақтар беріледі /топтық жұмыс/. Графика және графикалық бейнелер дегеніміз не? Графикалық редактор дегеніміз не? Paint редакторын қалай іске қосамыз? Топтар бірін-бірі өзара бағалайды. Екі топқа «Кластер құастыру» /топтық жұмыс/ І топ. Paint неліктен графикалық редактор болып есептеледі? ІІ топ. Не үшін Paint-те сурет салу үшін терезенің ортасында тұрған ақ түсті төртбұрышты алаңды пайдаланамыз? Топтар бірін-бірі «Бас бармақ» арқылы бағалайды. Оқушылар дискідегі тапсырмаларды орындайды /жеке жұмыс/. Оқушылар интерактивті тақтадағы бейнероликтен көз жаттығуларын қайталайды. Суреттерді салыстыр. Айырмашылығы мен ұқсастығын дәптеріңе жаз/жұптық жұмыс/ Оқушылар бір – бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланыс жасайды. |