(негізгі және қажетті әдістемелік түсіндірмелер мен ұсыныстар)
Қосымша және берілген уақыт (мин)
І. Ұйымдастыру кезеңі
3 мин
Сабақты өткізуге оқытушының психологиялық даярлығы
Сәлемдесу
Түгендеу
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау (топтағы әр студентпен қарым-қатынасқа түсе алу деңгейі)
15 мин
Сырғымалы жолдарды ұйымдастыру
Тегтерді пайдаланып веб парақшалар әзірлеу жолдары
ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау (түсіндірудің жүйелілігі, түсініктілігі, пәнаралық байланысы, оқытушының өзіне – өзі сенімділігі)
60 мин
Жоспары:
Гиперсілтеме (сілтеме) жасау
Салыстырмалы сілтемелер
Ішкі сілтемелер
Суреттерді қолданатын сілтемелер
Электронды адреске сілтемелер
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту (қорытындылау, бағалау). (Қорытындылау, бекіту сұрақтарының мақсаттылығы, сөйлеу мәнері, мәдениеті, қимыл – қозғалысы)
10 мин
Бақылау сұрақтары:
Web-парақта гиперсілтемелер қандай мақсатпен орнатылады?
Гиперсілтемені анықтайтын тег атауын айтыңдар және оның атрибуттарыныц мүмкін мәндерін атап өтіңдер.
Суретті қалай гиперсілтеме етуге болады?
Неліктен сайттың ішінде абсолютті сілтемелерді қолдануға болмайды?
Гиперсілтеменің зәкірі ретінде қандай қызмет бола алады?
Гиперсілтеменің түсін қандай мақсатпен өзгертеді?
тегіндегі target және title атрибуттарының тағайындалуын анықтаңдар.
Кесте гиперсілтеме бола ала ма?
V.Үй тапсырмасы (тапсырма түрі, көлемі, психологиялық кері байланыстың болуы)
2 мин
Хакимова Т. Графикалық компьютерлік модельдеу, «Нұр-Пресс» Алматы 2008, 57– 64 бб Гиперсілтемелер
Жоспары
Гиперсілтеме (сілтеме) жасау
Салыстырмалы сілтемелер
Ішкі сілтемелер
Суреттерді қолданатын сілтемелер
Электронды адреске сілтемелер
Гиперсілтеме (сілтеме) жасау
Web-парақтардың басқа Web-парақтарға қатысты сілтеменің болуы World Wide Web жүйелерінің ең тартымды ерекшеліктерінің бірі. HTML құжатында гипермәтіндік сілтемелерді құру өте жеңіл. Ол үшін атрибуты яғни параметрі бар ашылатын және қарапайым жазылатын тегтері пайдаланылады. Жалпы сілтемелер жасаған кезде мынадай ережелерді есте сақтаған жөн.
1) Гиперсілтемелерді құрған кезде атрибуты HREF міндетті түрде қажет. Оның мәні сол сілтеме көрсетіп тұрған файл атына немесе оның URL адресінен табылады. Сілтеме мәтін … тегінің арасында орналасады . Сілтеме сөз броузерде бейнеленген кезде көбінесе оның асты сызылып, көк түспен белгіленеді. Сол сілтеме сөзінің үстіне курсорды қойып тышқанмен шерту көрсетілген файлға немесе бойындағы URL адреске көшуге қамтамасыз етеді . Гипермәтіндік сілтілемелер адрестің өзге кез-келген файлды немесе адреске сәйкес Web-парақты көрсетуі мүмкін.
Мысалы:
экранға көк түспен боялған файл сөзін бейнелейді. Сол сөзді тышқанмен шерту “Менің құжаттарымның ” ішіндегі Серік . HTM файлына көшу әрекетін орындайды. Одан қайтіп оралу үшін браузер аспаптар панелінің кері қарай батырмасын басу керек.
Төмендегі жол иттер туралы мәлімет Экранға итттер туралы мәлімет деген сөз шығады . Сөзге курсорды бағыттап оны шерту бумадағы сурет салынған dog. jpg файлына көшу ісін атайды. Егер сілтеме көрсетіп тұрған Web парақ басқа бір Web сайтқа орналасқан болса онда HREF атрибуты мәні ретінде сол құжаттың URL адресі толық пайдаланылады. Оның ішіне хаттаманың атауының Web сайтының адресіне кіреді . Осындай сілтемелер сыртқы сілтеме деп аталады Microsoft Экранға Microsoft сөзін шығарып оны шерту арқылы интернет желісіндегі желісіндегі Microsoft компаниясының Web-парағының алғашқы бетіне көшуді қамтамасыз етеді . Егер сілтеме сол Web-сайтының басқа парағын көрсетін болса онда құжаттың тек салыстырмалы жолын беруге болады . Мұндайда ішкі сілтеме құрылады. Ішкі сілтемелерді қолданған қолайлырақ. Себебі Web-сайтты басқа серверге ауыстырған кезде жеке құжаттар адресіне өзгеріс енгізу талап етілмейді.
2) Гиперсілтеме ретінде сөз тіркесін ғана емес суреттерді пайдалануға болады . Суреттер мәтін сияқты сілтеме бола алады. Oл үшін тегі сілтемелерді анықтайтын тегінің арасында орналастырылады. Осындай суретке курсорды алып барсақ, ол курсорды сілтеме мәтінге бағытталған кездегідей түрге келеді. Осы тәсіл арқылы Web- парақтарда олардың бірінің-біріне ауысуының графикалық батырмалары жасалады,
Мысалы: Жолында тіркесі гиперсілтеме ретінде кішкене ит суретін береді, оны шерту арқылы иттер туралы мәлімет беретін файлына dog.htm ауыстырады.
3) Егер файлдардың басы емес, оның мәтінінің ішіндегі басқа бір қажетті орынға көшу керек болса, онда сол орынға анкер орнатамыз. Сонда гипермәтіндік сілтемелер сол парақ ішіндегі анкері бар белгі бір орынды көрсетуі мүмкін. Анкер құруда тегтері қолданылады.Бірақ мүндайда HREF=”…” атрибутына қосымша NAME=”…” атрибутын пайдалану керек. Ол тек латын әрпінің санынан тұрады. Олардың ішінде бос орын таңбасы болмауы керек. Бірақ соңғы броузерлер орыс-қазақ әріптерін ала береді.
Мысалы:
AAA анкеріне көшу.
көшу орындалады.
Бұл программа фрагменті 2.htm файлындағы AAA сөзіне көшіреді.
Ал егер көріп отырған мәтін ішіндегі басқа бір 1.1 тіркесіне көшу үшін
1.1 анкеріне көшу
.
Ескерту: Орнатылған анкерге сілтеме орналастыру үшін URL адресінен кейін # (диез ) таңбасымен бөлінген анкер атауы көрсетілуі керек. 1құжат ішіндегі анкер алдына адрес жазылмайды.
Мысалы:
Тақырып
3,1-ге көшу
1.1 бірінші абзац
Егер файл басы емес оның мәтінің ішіндегі басқа бір қажетті орынға көшу керек болса, онда сол орынға алдын-ала анкер орнатамыз
1.2 екінші абзац
Егер сілтеме сол Web парақтың басқа парағын көрсететін болса, онда құжаттың тек салыстырмалы жол беруге болады.
3.1 Үшінші абзац
Мұндайда HREF=”#…” атрибутына қосымша NAME=”…” атрибутын пайдалану керек. Ол тек латын әріптерінен, сандарынан тұрады да, олардың ішінде бос орын таңбасы болмауы керек, бірақ соңғы броузерлер орыс-қазақ әріптерін ала береді.
Салыстырмалы сілтемелер
Сайтты құрастыру мен оның жұмыс жасауын тексеру үшін желіге қосылмаған компьютерді қолдана аласыңдар. Сайтты құрайтын барлық web-парақтар бір бумада орналасуы керек. Сол кезде парақтарды байланыстыратын гиперсілтемелерде файлдың атауын көрсету жеткілікті болады. Сайтты жергілікті немесе ғаламдық желіде жариялаудан кейін (іс жүзінде сайтпен бірге буманың тасымалдануы болады) гиперсілтемелердің жұмыс жасау қабілеті сақталып қалады.
Ішкі ресурстар үшін құжатты анықтайтын жолдың сендердің қазіргі орналасқан орындарыңа қатысты көрсетілуі бар салыстырмалы сілтемелер пайдаланылады.
Бұны site бумасында орналасқан біздің сайт мысалында қарастырайық, суреттер images салынған бумасында орналасқан (172-сурет ):
172-сурет. Сайт құрамының үлгісі
Қолданушы осы сәтте l.html парағында болсын деп болжайық. Бұл жерден 2.html парағына өту үшін HTML- кодта келесі жолды жазуларың қажет:
href="2.html" сілтеме .
Браузер 2.html құжатын қазір жүктелген l.html парағы орналасқан бумадан іздейді.
1 .html парағынан index.html парағына өту үшін ондағы сілтеме мына түрде жазылуы мүмкін:
href="../index.html" басы ,
Браузер index.html құжатын осы сәтте жүктелген l.html парағының орналасуынан бір бумаға жоғары іздейді.
Site бумасын ңай жерге орналастырсаңдар да мұндай сілтемелер жұмысқа қабілетті болып қалады.
Ішкі сілтемелер
Ішкі сілтемелер (173-сурет) ұзын web-парақтарда қолданылады. Мысалы, құжаттың басындағы мазмұннан сілтемелер ондағы көрсетілген құжаттың бөлімдеріне алып келеді. Ішкі сілтемелер екі кезеңмен жасалады. Ең алдымен өту нүктелері анықталады, оларда «атау берілген зәкір» (агылш. named anchor) дайындалады. Бұдан кейін парақтың таңдалған орнында зәкірге сілтемелер жасалады.
173-сурет. Ішкі сілтемелер сұлбасы
Зәкірлер тегімен жасалады, NAME атрибутының мәні ретінде зәкірдің аталуы көрсетіледі.
Мысалы,a name="l".
Кодтың фрагментін өтудің таңдалған нүктесіне, сілтемені ұйымдастыру қажет болатын парақ бөлігінің алдына орналастырады.
Зәкірдің аты ретінде кез келген таңбалар (арнайы таңбалардан басқа) топтамасы қолданылады. Негізгі талап - ол осы парақта қайталанбауы қажет. Әзірлеушіге ыңғайлы болу үшін зәкірдің атауы, көрсететін парақтың бөлігінің мазмұнына сәйкес мағыналы болу керек.
Зәкірге сілтеме жасау үшін HREF атрибутының мәні ретінде алдына тор белгісі # қойылған зәкірдің аталуын көрсетеді.
Мысалы, href="#l"сілтеме.
Электронды адреске сілтемелер
Web-парақтардағы электронды адреске сілтемелер байланыстарда (контакт) жиі көрсетіледі. Мұндай сілтемелерді ұйымдастыру үшін тегінің HREF атрибутының мәні ретінде mailto: міндетті параметрін, адресінің e-mail-i, қажетті жағдайда хаттың тақырыбын көрсетеді.
Қолданушы мұндай сілтемені басқан кезде оның компьютерінде орнатылған пошта программасы жүктеледі.
Суреттерді қолданатын сілтемелер
Гиперсілтеме мәтін де, сурет те болуы мүмкін.
Гиперсілтеме болып келетін суретке қолданушының көңілін аударту үшін қосымша тінтуір көрсеткішінің өзгеруіне (автоматты түрде жасалады) суретті көк жиектемемен белгілеуді қосуға болады. Бұл үшін BORDER атрибутының мәнін пиксельмен көрсетеді.
Гиперсілтемелердің түстерін бастапқы күйінен өзгертуге болады. тегіндегі LINK атрибутының мәні гиперсілтеменің түсін орнатады. VLINK атрибутының мәні өтулер жасалған гиперсілтемелердің түсін орнатады.
Мысалы, тегі гиперсілтемелер үшін қызыл түс орнатады, ал қаралған гиперсілтемелер үшін сары түсті орнатады.
Гиперсілтеме құжаттың орналасуын көрсететін HREF атрибуттары бар ...тегін қолданумен әзірленеді.
Мәтін, сурет, мәтіні бар сурет гиперсілтеме бола алады.
Гиперсілтеменің түсін өзгерту үшін тегінің linkжәне vlink атрибуттары қолданылады.
Сілтемені басқа параққа, электрондық пошта адресіне, ағымдағы парақтың фрагментіне, сыртқы файлға ұйымдастыруға болады.
Ұзын парақтың бөліктері араларына өту үшін зәкір қолданылады: өтуді ұйымдастыратын абзацтың алдына (атаулар бірегей болу керек) қосамыз, парақтың кез келген бөлігінен зәкірге өту үшін сілтеме қосамыз.