Просмотр содержимого документа
«город Актобе, №51 гимназия»
Тақырыбы
Электрондық кестелер, кестелік процессордың терезе интерфейсі,
электрондық кестелердің негізгі ұғымдары
Мақсаты
Электрондық кестелер, кестелік процессордың терезе интерфейсі, электрондық кестелердің негізгі ұғымдарын үйрену
Күтілетін нәтиже
А) Электрондық кестелер, кестелік процессордың терезе интерфейсі, электрондық кестелердің негізгі ұғымдарын біледі
В) Электрондық кестелер, кестелік процессордың терезе интерфейсі, электрондық кестелердің негізгі ұғымдарын біледі, практикада еркін қолдана алады.
С) Электрондық кестелер, кестелік процессордың терезе интерфейсі, электрондық кестелердің негізгі ұғымдарын біледі, практикада еркін қолдана алады және басқа оқушыға түсіндіре алады.
Дереккөздер, құрал-жабдықтар
Интернет Google.kz,Электронды оқулық,Оқулық(Информатика 8-сынып. Оқулық. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова., Мектеп 2013)
Сабақтың барысы
Уақыты
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
10
1.Оқушылармен амандасу.
2. Класта жоқ оқушыларды белгілеу
3.Сергіту сәті, топқа бөлу:
Күлім қағып қолымды,
Бір, екі, үш деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Маңдайынан сипайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бір қысайын.
Амандасып өзіңменен,
Құшақтап бір алайын.
Бірі – біріне сыйлаған жүректердің артында жазылған программалардың атаулары бойынша үш топқа бөліп отырғызамын. (Sketchup Pascal Excel)
4. Барлық оқушылармен сабақ соңында бағалау үшін бағалау критерилерін талдаймыз.
5.Үй тапсырмасын тексеру
Ispring бағдарламасында дайындалған тест орындатамын.
3.Сергіту сәті,топқа бөлу
Барлығы ортаға шығып мұғалімнің айтқаны бойынша сергіту сәтін ойнайды. Бөлінген топ бойынша оқушылар орындарына отырады;
Бағалау критерилерін талдайды.
1.Үй тапсырмасын айту.
Ispring бағдарламасында дайындалған тест тапсырмаларына жауап берді
Тұсаукесер
3
Ой қозғау, проблема қою
Осы көрсетілген 3 программаның ішінде бізге таныс емес қайсысы?
Ой қозғау, проблема қою
Негізгі бөлім
12
Жаңа тақырыпта меңгерту
Әр топ өздеріне түскен амалдарға байланысты постер жасайды. Постер:
1. Электрондық кестелердің тарихы
2. Кестелік процессордың терезе интерфейсі
3.Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары
Түрінде беріледі әр топ өз тақырыптарын барынша ашып, жұмыстарын қорғайды.
Топтар бірін – бірі бағалау және кері байланыс үшін
«Басбармақ » әдісі қолданамын.
Осы сұрақтарға топпен жауап береді.
Сабақ соңында бағалау критерилері бойынша бағалаймын.
Үйге тапсырма: 8-тарау §26
Өзара бақылайды, өз пікірлерін айтып өтеді.
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
Осы сұрақтарға топпен жауап береді.
Күнделікке жазады
Электрондық кестелердің тарихы
MS Excel - сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office – тің құрамына кіретін программа. MS Excel - дегі ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400 - ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.
Microsoft Еxcel -1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. Сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты. IBM және Macintosh компьютерлерінде жұмыс істейтін, ең озық үлгілерді ала отырып, бүгінгі заман талабына сай жасалған, электрондық кесте құрастыратын қолданбалы программа. Excel-дің соңғы нұсқаларында график тұрғызу, күрделі функциялар арқылы есеп-қисап жүргізу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер кеңінен қолданылады. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген.

Кестелік процессордың терезе интерфейсі
ЕXCEL бағдарламасын іске қосу үшін: Пуск = программа = Microsoft Office= Microsoft Excel командасын орындаймыз.
Excel бағдарламасының терезесі
Excel бағдарламасы іске қосылғаннан кейін экранның көрінісі 1- суреттегідей болады:
Күй жолағы
Уяшық атауы
Парақтар
Айналдыру сызығы
Жолдар тақырыбы
Ұяшықтар
Бағандар тақырыбы
Формула жолы
Мәзір жолағы
Тақырып жолы
1-сурет. Excel бағдарламасының терезесі

Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары
Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан ZZ әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді. Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтар деп аталады. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16. Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тышқанның немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқада іс-әрекеттер осы ағымдағы осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7: E25. Мұндағы А7 – тік төртбұрыштың сол жақ жоғарағы, ал Е25 – оң жақ төменгі бұрыштары. Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:
Сан
Формула
Мәтін