БҚ 1. Ақпараттарды жинақтауда, қайта өңдеуде және кәсіптік қызметтің басқа салаларында компьютерлік техниканы тиімді пайдалану;
БҚ 2. Қазіргі электрондық-есептеу машиналарын және электрондық есептеу машиналарына техникалық қызмет көрсету бағдарламалық құралдарын меңгеру;
БҚ 5. Электронды-есептеуіш техникасын, сыртқы құрылымдарын және бағдарламалау құралдарын пайдалануда қауіпсіздік техникасын және еңбекті қорғаудың негізгі ережелерін сақтау.
Кәсіптік құзыреттілік
КҚ 2. Инженерлік-техникалық, ұйымдастырулық-басқарулық және білімді қызметтерін атқару;
КҚ 3. Бастапқы ақпараттар бағдарламасын компьютерде дайындау және құрастыру.
Дербес компьютерде ақпаратты сақтаудың негізгі түрлері қатты дисктер, компакт дисктер (CD) және ескірген түрі – дискеттер. Осы түрдегі ақпаратты тасушылар, оларға жазу және олардан ақпаратты оқу тәсілдері әр түрлі, сондықтан, олардағы ақпараттың сақталу түрлері әр түрлі болады. Файлдардың осы тасушыларда қалай сақталатынын білу үшін файлдық жүйелердің негіздеріне тоқталып өтсек. Ең алдымен, терминологиямен танысайық.
Файлдық жүйе – тасушылардағы ақпараттың орналасуының ортақ, алдын-ала анықталған ережелер жинағы.
Файл – ортақ логикалық мәні мен атауы бар қатты дискідегі аймақ.
Файл аты – файл қасиеттерінің біреуі, файлға тура сілтеп тұрады.
Кластер – ақпаратты сақтауда қолданылатын дискреттік дискілік аймақтардың жиыны.
Сектор – дискілік аймақтың негізгі логикалық бірлігі.
Байт – дискілік аймақтың негізгі физикалық бірлігі.
Енді ақпаратты тасушылардың құрылысын қарастырайық. Дискета. Ол – магниттік қасиеттері бар жолақ, уақыт өте өзінің магниттік қасиеттерін сақтап, осы қасиеті үшін ақпарат сақтауда қолданылады. Магниттік қасиеттерін жеңіл өзгертетін соң, дискета өте сенімсіз тасушы, және қазіргі кезде қолданудан шыққан.
Компакт–дискі. Ол – оптикалық қасиеттеріне негізделіп ақпаратты сақтайды. Оқу кезінде құрамындағы мөлдір заттың шағылуы әр түрлі аймақтарды орналастыруға негізделген. Ақпарат сәулелерді шағылыстыратын және жұтатын аймақтардың жиынымен кодталады.
Қатты диск. Алдыңғы екі қарастырылған құрылғы ақпаратты оқу не жазу үшін қосымша құрылғыларды талап етсе, қатты диск үшін ондай құрылғылар оның ішінде орналасады. Магниттік әсерге негізделген, осында металдан жасалған пластиналар ақпаратты сақтаушы ролін атқарады.
Ақпаратты тасушылардың құрылыстары әр түрлі болған соң, оларға жазу мен оқу да әр түрлі ережелермен басқарылады, яғни, әр түрлі файлдық жүйелер қолданылады. Осы ретте Windows үшін осындай екі файлдық жүйеге тоқталамыз.
FAT (File Allocation Table) – 9х–ұқсас Windows және DOS-жүйелерінде қолданылған ФС. Тарихи жағынан ең ерте пайда болған біреуі. Артықшылығы – аппараттық талаптары аз, сол үшін қазіргі кезде тұрмыстық техникада қолданылады. Файлдық жүйенің құрылысы жай болып келеді. Диск басында файлдардың орналасу кестесі бар, ол – арнайы аймақ, дискідегі қай файлдың физикалық жағынан қайда орналасқанын көрсетеді. Егер файл ұзындығы бірнеше сектор болса, онда әр сектордың соңында келесі секторға сілтеме орналасады. Ақпарат блоктары дискіде кез–келген тәртіппен орналасуы мүмкін.
NTFS (NT File System) – файлдарды сақтаудың мүлдем басқаша жүйесі. NTFS құрылысы жағынан дерекқорға ұқсас болып келеді. Файлдың қасиеттерінің саны шексіз болуы мүмкін. Осы қасиеттерді басқаша ағымдар (streams) деп атайды. Ағымдар өзара байланыспаған да болады. Файлда пайдаланушы үшін көрінетін ақпарат жоқ болса да, ағымдарда ақпарат сақталады, сол үшін файл кез–келген өлшемге ие болуы мүмкін. Сонымен қатар, NTFS жүйесінде дисктің аймақтары емес, метафайл деген ұғым бар.
Осы екі файлдық жүйені салыстыру үшін кестеге назар аударыңыз:
Қасиеті
FAT32
NTFS
Максималды диск өлшемі
8 Тб
Теорияда шексіз
Максималды файл өлшемі
4 Гб
Шектелмеген
Журналирование
Жоқ
Бар
Шифрлеу
Жоқ
Бар
Тұрақтылығы
Төмен
Жоғары
Файл рұқсаттары
Жоқ
Бар
Осы екі файлдық жүйе Microsoft корпорациясының иелігі болып табылады.
Файл – белгiлi бiр атпен магниттiк дискiде жазылған бiртектес ақпараттар жиыны. ОЖ жұмысы үшiн керектi мәлiметтер рөлiн әртүрлi типтегi файлдар атқарады. Файл бағдарламадан, не оларға қажеттi берiлген сандар тобынан, мәтiннен тұруы мүмкiн. Әрбiр файлдың файлдар каталогында тiркелген өзiндiк аты болуы керек. Дискiде аттары әртүрлi көптеген файлдар болады.
Файлдың толық атауы екi бөлiктен құралады: аты және заты (түрi не типi). Файлдың аты – 8 таңбаға дейiнгi әрiптен басталатын сандар мен әрiптер жиыны, ал оның 3 таңбадан аспайтын екiншi бөлiгi оның заты, типi не атының кеңейтiлуi деп те атайды. Файлдың аты мен заты нүктемен бөлiнедi.
Файлдың толық аты латынның бас не кiшi әрiптерiмен белгiленедi. Мыс: red.bas, tot.txt, COMMAND.COM, BASIC.EXE.
Файлды дискiге жазғанда не өзгерткенде, оның көлемi, жазылған уақыты, мерзiмi де тiркеледi. Файлдың аты, типi, символмен берiлген көлемi, операциялық жүйенiң календары мен сағатынан жазылған күнi, айы, сағаты файлдыңатрибуттары деп аталады.
Кейбiр үш әрiп тiркестерiнен тұратын аттар стандартты құрылғылардың аттары болып келедi. Олардың файлдың аттары немесе заттары ретiнде пайдалануға болмайды. Мыс:
PRN- негiзгi баспақа беру қүрылғысы, 1-шi принтер;
NUL – бағдарламаны қалыптастыру, жетiлдiру және орындау мақсатында қолданылатын жалған құрылғы.
Файл атына тiркелiп тұратын оның заты немесе типi онда сақталатын информацияның тегiне, мазмұнына, тұрiне қарап берiледi. Стандартты типтер:
.BAS – BASIC тiлiнде жазылған бағдарлама түрiндегi файл;
.COM – тәуелсiз орындалатын командалық файл;
.EXE – ОЖ жұмыс басқаруымен жұмыс iстейтiн, бiрден орындалатын файл;
.PAS – Паскаль тiлiнде жазылған бағдарламалық файл;
.TXT – текстiк файл.
Файлдық жүйе — файлдарды қатқыл дисктің қай жерінде және қалай сақталу керектігін анықтайды. Операциялық жүйеге сол сақталған файлдарды пайдалануға рұқсат береді.
ОЖ көз қарасымен, қатқыл диск — бұл кластерлердің жинағы.
Кластер — құжатты белгілі бір жерде сақтауға арналған белгілі мөлшердегі аумақ. Кластердің ең аз аумағы — 512 байт.
Қатқыл дискте көп танымал файлдық жүйенің екі түрі бар: FAT және NTFS. Бірінші FAT (FAT16), содан кейін FAT32, ал содан кейін NTFS шыққан.
FAT (FAT16) — бұл File Allocation Table аббревиатурасы (аударғанда файлдардың орналастыру кестесі). FAT-ты Биллом Гейтс пен Марком МакДональд 1977 жылы жасап шығарған. FAT — файлдық жүйе болып DOS пен Microsoft Windows- та (Windows ME версиясына дейін) қолданылған.
FAT-тың төрт версиясы бар — FAT12, FAT16, FAT32 және exFAT. Олардың бір бірінен айырмашылығы — кластерді сақтауға арналған биттің көлемінде. NTFS — (New Technology File System аббревиатурасы — жаңа технологиялық файлдық жүйе) — Microsoft Windows NT операциялық жүйелерге арналған стандартты файлдық жүйе. Windows NT 3.1 мен бірге 27 шілде 1993 жылы шыққан. NTFS файлдық жүйесі, HPFS (High Performance File System аббревиатурасы — жоғары өнімді файлдық жүйе) файлдық жүйесі негізінде құрылған.
NTFS-тың негізгі ерекшеліктері:
Әртүрлі қолданушыларға және топтардағы қолданушыларға шектеу қою және дисктегі аумақты қолдануға да шектеу қою мүмкіндігі. Файлдық жүйенің сенімділігін көтеретін Жүйелік жүрнал бар.
FAT32 мен NTFS айырмашылығы:
Мысалға: 120Гб-тық қатқыл диск бар делік. Ал файлдың аумағы 10кб болсын. FAT32 үшін кластердің аумағы 32кб болады. Ал NTFS үшін 4кб болады. FAT32-де 10кб файл 1 кластердің орнын алады. 30кб — 10кб = 22Кб бос орын қалады. NTFS-те 10кб файл 3 кластердің орнын алады. 12кб — 10кб = 2кб бос орын калады. Қолданушы көз алдына қатқыл дискті торлы дәптер деп елестетсе. Торлар — Кластерлер. Бір тор — бір кластер. Ал файлдық жүйе — дәптер ішіндегі ақпараттар. Файл -сөздер. Мысалға: бір кластер — бір тор. Торға нүкте қойсаң оған басқа ештеңе жаза алмайсың. Сондай сияқты FAT32 30кб-тық кластерге 10кб-тық файлды сақтаймыз, сонда 22кб бос қалады. Ал бос қалған 22кб-қа басқа ештеңе жаза алмайсың. NTFS-те 10 кб сақталу үшін 4кб-тық 3 кластер керек. Сонда 2кб бос қалады. 2кб-қада ештеңе сақтай алмайсыз.
Көріп тұрғаныңыздай FAT32-ге қарағанда NTFS-те қалданыла алмайтын бос орын аз қалды. Соған сәйкес NTFS FAT32-ге қарағанда үнемділеу.
Қатқыл дискіңіз қандай файлдық жүйеде екенін білу үшін: Локальный диск(?:)-ке тышқанның оң жағын басып «Свойства»-ға кіреміз. Содан кейін «Общие» таңдаймыз. Сол терезеден қандай файлдық жүйе қолданылып тұрғанын көреміз.