kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Файлдармен ж?мыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? жоспары

К?ні: 3 – 9/12/2014                                                                                   

П?ні: Информатика                                                                

Сыныбы: 9 сынып

Саба?ты? та?ырыбы: Файлдармен ж?мыс

Саба?ты? ма?саты: а) білімділік: о?ушылар?а Турбо Паскаль тіліні? файлдары туралы т?сінік ?алыптастыру.

                                      ?) дамытушылы?: о?ушыларды? Паскаль тілін еркін ?рі жылдам ж?мыс жасау ?абілеттерін одан ?рі дамыту.

                                      б) т?рбиелік: о?ушыларды жылдамды??а, шапша?ды??а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: аралас саба?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Файлдармен ж?мыс »

Сабақ жоспары

Күні: 3 – 9/12/2014

Пәні: Информатика

Сыныбы: 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Файлдармен жұмыс

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларға Турбо Паскаль тілінің файлдары туралы түсінік қалыптастыру.

ә) дамытушылық: оқушылардың Паскаль тілін еркін әрі жылдам жұмыс жасау қабілеттерін одан әрі дамыту.

б) тәрбиелік: оқушыларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесіп, сыныптың тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейіпі мен заттарының орнында болуын қадағалау;

  2. Оқушыларды түгендеп, журналға белгі қою;

  3. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  2. Тізбектелген алгоритм мен сызықтық алгоритмнің айырмашылығы неде?

  3. Енгізу және шығару операторының жазылуы қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ

Файл  дегеніміз – сыртқы сақтау құрылымында белгілі бір атпен аталып, жазылатын мәліметтер жиыны.Файл компоненттерін қарастырудың үш жолы бар: компоненттерін  біртіндеп қарастыру, белгілі бір компоненттеріне тікелей шығу, компоненттерге реті арқылы өту. Әрбір уақытта файлдың бір компоненті ғана іске қосылады. Кез келген типтегі деректер тобын файл деп атауға болады. Программаға қажетті деректер немесе программада есептелетін нәтижелер және программаның өзі де файл болып табылады. Практикалық есептерді шығарғанда бкрілгендерді және өңделетін мәліметтерді компьютердің сыртқы құрылысына жазып қоюға тура келеді. Бұл жағжайда деректер сыртқы файл түрінде көрсетіледі. Сыртқы құрылғылар ретінде магниттік дискілерді, дискеттерді т.с.с. қарастыруға болады. Турбо Паскаль тілінде бір типтегі тізбектерді файл деп атайтын болғандықтан файл массивке ұқсас болады.Файлдың массивтен айырмашылығы:Файлда жазылатын ақпараттың саны көрсетілмейді.Әр элементтің өзінің индексі бойынша анықталмайды. Сондықтан қажетті элемент оның алдындағы элементтерді қарастырғаннан кейін ғана алынады.

Паскаль тілінде жазылған әр файлдың аты жазылады.

Файлдарды баяндау.Программаның type бөлімінде файлдың баяндалуы:

Type           N Type=File of TC;

Мұнда N Type файлдың идентификаторы, ТС – базалық тип. Кез — келген қарапайым немесе күрделі тип, файл тілінен  басқа барлық типтер.Файлдық типін немесе файлдық типтегі айнымалыны келесі үш әдістің біреуі арқылы анықтауға болады.

N Type= file of TC;

N Type=TEXT

N Type=File

Мұнда текст (TEXT) текстік файлдардың стандартты аты. Баяндау әдісіне байланысты Турбо паскаль тілінде файлдардың үш түрі бар:

  1. типтелген файлдар;

  2. текстік файлдар;

  3. типтелмеген файлдар;

Файлдармен жұмыс жасау.Паскаль тілінде мәліметтер тілінің бірі болып сыртқы жады құрылғысында орналасқан бірдей типті компонентер тізбегін құрайтын файлдық айнымалылар ақпараты енгізу – шығару үшін қолданылады. Енгізу- шығару  іс — әрекетін орындамас бұрын фалдық айнымалыны Assign стандартты процедурасы  көмегімен нақты қандай да бір сыртқы файлмен байланысу қажет. Мұндай файл ретінде магниттік дискідегі файл сондай – ақ есептеу кешеніндегі құрылғы (клавиатура, десплей экранан принтер және т.с.с.) сосын ол файл оқуға немесе жазуға ашық болуы керек. Осыдан кейін енгізу шығаруды ұйымдастыруға болады. Файлмен жұмыс жасап біткенен кейін соң  оны close стандартты процедура арқылы жабу керек.Файлдармен жұмыс жасау үшін келесі жалпы стандартты процедуралар  мен функцияларды қолдану кажет.Assign (f, name) – f файлдың айнымалыны name сыртқы файлмен байланыстыру қолданады. Мұнда name файлдың атын немесе логикалық құрылғыны анықтайтын текстік өрнек. Егер текстік өрнек бос болса, онда енгізу немесе шығарудың стандартты файлмен байланысты орнатылады.Reset (f) – файлдан ақпараттан оқу үшін бос файлды ашу. Мұнда f файлдық айнымалысы бұрын assign процедурасы арқылы бар сақтаулы  файлмен байланысқан.Rewrite (f) – файлға ақпаратты жазу үшін жаңа бос файлды ашу. Мұнда f файл айнымалысы бұрын assign программасының көлемімен жаңа файлмен байланысқан. Егер бұрыннан бар файлдың аты көрсетілген болса, онда ол жабылады.Append (f) – текстік файлды соңына ақпарат қосу үшін ашу. Мұнда f файлдың айнымалысы. Assign процедурасы арқылы бір текстік файлмен байланысқан.Eof (f) – файлдың соңын анықтайды. Файл соңы кездессе Eof ақиқатты қайтарады. Қарсы жағдайда Felse.Close (f) – ашылған файлды жабу үшін қолданады.

Интегралдық ортаға кіру. DOS-тың командалық қатарында C:\TP\TURBO EXAMPLE1.PAS (ТР-әдеттегі Турбо Паскаль директориясының атауы), деп теріп, Enter пернесін басу керек. Бір сәттен кейін экранның жоғарғы бөлігінде Example1.pas жазуы бар Текстік Редактор терезесі пайда болады. Егер программа аты көрсетілмесе бос терезе жиегінде Noname00.pas- стандартты атауы тұрады.

Редактордың терезеде терілетін программа мәтінін қабылдауға немесе бұрынғы бар программаны редакциялауға дайындығын жанып-өшіп тұратын курсор арқылы білуге болады. Редактордың шықпай-ақ, программаны компиляциялау немесе орындау командасын бере аламыз.

Белсенді терезе. ТР интегралдық ортасы бірнеше тереземен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Егер ортада бірнеше терезе ашылған болса, онда біреуі ғана, яғни қос жиекті терезе белсенді деп есептелінеді. Жоғарғыдағы әрекеттердің барлығы белсенді тереземен орындалады. F6 пернесін басып, кез-келген терезені белсенді етуге болады.

Белсенді терезеде программа мәтінін көру. Егер терезеге программа мәтіні симаса, онда оны PgDn («алға»), PgUp («кейін қарай»)пернелерін басу арқылы парақтап көруге болады.

Программаны сақтау. Терілген (редакцияланған) программа белсенді терезеден F2 пернесін басу арқылы файлға сақталады. Егер файлға атау берілмеген болса, онда ТР файл атауын енгізуді сұрайды. F2пернесін әрдайым басып отырған жөн.

Программаны компиляциялау. F9 не ALT+F9 пернесін басылғанда компилятор программаны тексереді. Егер қате табылса, әдетте терезе шекарасында, хабарлама шығады. Ал қате жоқ болса “Compile successful. Press any key” хабарламасы шығады.

Программаны орындау. Программаны орындау командасы Ctrl+F9 пернелер комбинациясымен іске асады. Нәтиже ALT+F5 пернелері арқылы көрінеді (редактор терезесі «ашылады»). Редакторға қайта өту үшін кез-келген литерлік перне шертілуі керек.

Көшірме алу. Жұмыс соңында дискіде файл көшірмесін алған дұрыс. ALT+ F пернелерін шертіп, пайда болған “File” мәзірінен “save as …” қатары таңдалынып, Enter шертілген соң, файлдың толық атауын теру керек. Мысалы a:\Example1.pas деп, теріп Enter пернесі басылса, белсенді терезе мазмұны көшірмесі дискетке жазылады.

Файлды ашу. ТР-да дискіде сақталған программа мәтінін редактор терезесіне шығару (файлды ашу) F3 пернесін шерту арқылы орындалады. Алдымен енгізу өрісі бар сұхбат терезесі пайда болады. Мысалы, сақталған Example1.pas файлын ашу үшін a:\Example1.pas теріп, Enter пернесін басу керек.

Жаңа экранды ашу. ALT+F пернелерін басып, File мәзірінен New қатарын таңдалынған жағдайда жаңа экранда бос файл Nonamexx атымен пайда болады. Мұндағы «хх»-цифрлар.

Тексті баспаға шығару. Принтерді іске қосып, “File” мәзіріндегі “Print” қатары таңдалса, белсенді терезе мазмұны қағаз бетіне басылып шығады.

Турбо Паскальдан шығу. ALT+Х пернелерін басу арқылы орындалады. Егер ашылған терезе мазмұндарын сақтау ұмытылса, оны сақтау туралы хабарлама шығады.

IV. Сабақты бекіту

  1. Программаны қалай сақтаймыз?

  2. Файлдың қандай түрлерімен таныстыңдар

  3. Файл мәзірінің құрамын атаңыз

V. Қорытынды

Үйге тапсырма. Файлдармен жұмыс.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Файлдармен ж?мыс

Автор: Рысалды А?білек Са?адилла?ызы

Дата: 23.05.2015

Номер свидетельства: 214566


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства