kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Excel электронды? кестесіндегі диаграммалар. Графикалы? объектілерді біріктіру.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:         

1. Білімділік:                       Excel-ді? графикалы? м?мкіндіктері, диаграммамен ж?мыс

 істеу, графикалы? объектілерді біріктіру туралы білімдерін   ?алыптастыру;

2. Т?рбиелік:                        Жан-жа?ты болу?а, ?з бетімен ж?мыс істеуге т?рбиелеу;

3.  Дамытушылы?:            О?ушыларды? есте са?тау ж?не зейіндік ?абілеттерін

дамыту, п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Excel электронды? кестесіндегі диаграммалар. Графикалы? объектілерді біріктіру.»



Сыныбы: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы: Excel электрондық кестесіндегі диаграммалар.

Графикалық объектілерді біріктіру.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Excel-дің графикалық мүмкіндіктері, диаграммамен жұмыс

істеу, графикалық объектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;

2. Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

3. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін

дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ, жаңа білімді меңгеру сабағы, оқу материалын бекіту сабағы, қайталау сабағы, материалды қорытындылау және жүйелеу сабағы.

Сабақтың түрлері: Сайыс сабақ, жарыс сабақ, семинар, ойын сабақ, саяхат сабақ, әңгімелесу, сырттай саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі:

1. Иллюстрациялық түсіндіру. Оқушыларға ақпаратты әңгімелеу,

лекция, семинар, коллоквиум, демонстрациялық жеткізу.

2. Репродуктивті әдіс-білім-білік дағдыларын қайта жаңғырту

арқылы білімді белсенді игерту.

3. Зерттеу әдісі- мұғалімнің оқушыға шығармашылық тапсырма беруі, оқушылардың өз беттерімен шешіп, мәтінмен, есептер шығарту, үлестірмелі материалдар мен жұмыс

4 Эвристикалық әдіс- ішінара ізденгіштік әдіс, оқушылар мақсатты немесе міндетті мұғалімнің көмегі арқылы шешу

5. Мақсатты әдіс- мұғалім белгілі мақсат қойып, оған жету жолын көрсетеді, оқушылар одан әрі әрекетке көшеді.

.

Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы: компьютер, оқулық, практикум, тақта

Пән аралық байланыс: Математика, физика, бухгалтерлік есеп

І. Ұйымдастыру кезеңі;

ІІ. Үй тапсырмаларын тексеру кезеңі; (ребус)

ІІІ. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру кезеңі; (кроссворд, слайд)

ІV. Сабаққа мақсат қою; (сөзтізбек)

V. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі; (Слайд)

VІ.Жаңа сабақты қорытып, бекіту кезеңі; (Практикалық тапсырмалар, ТЕСТ) VІІ.Оқушылардың білімін бағалау;

VIII. Үй тапсырмасын хабарлау және орындалуы бойынша нұсқау беру кезеңі.


Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқу құралдарын дайындау және информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздігі ережесінің сақталуын қадағалау.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.




Үйге берілген тапсырманы тексеру үшін төмендегі ребусты шешіп, тапсырманы анықтап аламыз. Кеме, диск, таразы, көбелек, і, күн, роза, жер, доп, трактор.Сонда «кестелік редактор» сөзі шығады.






ІІІ. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру кезеңі

Оқушылармен өткен тақырыпты пысықтау мақсатында кроссворд түрінде және слайд презентациямен сұрақтар қойылып, оларға жүйелі жауап алу көзделді.


ІV. Сабаққа мақсат қою




Жаңа сабақтың тақырыбын ашып алу және жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқушыларға «Басқы әріптер тізбегі» атты ойын ұсынамын.





V. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі (Слайд презентация көмегімен)

Диаграмма деп кестедегі мәліметтерді графиктік түрде ұсынуды айтамыз.

Диаграмма құру үшін кестедегі мәліметті белгілегеннен кейін аспаптар панелінен немесе Вставка-Мастер Диаграмм командасын таңдаймыз. Содан кейін мынандай терезе шығады.

1. Диаграмма тұрғызудың бірінші қадамы: Диаграмма типін таңдау. Диаграмманың 14 типі бар.

2. Қадамда диаграммадағы мәліметтер аралығын енгізу.

3-қадам диаграмманың тақырыбын, мәнін енгізу.

4-қадамда диаграмманы қайда орналастыру.




Дөңгелек диаграммалардан басқа диаграммалардың барлығының екі осі:

  • Горизонталь немесе категориялар осі

  • Вертикаль немесе мәндер осі қосылады.


Графикалық объектілерді біріктіру. Кестеге графикалық объектілерді енгізу үшін мына әрекеттер орындалады:

  1. Меңзерді А1 ұяшығына орналастырыңыз, өйткені суретті А бағанасына кірістіреміз.

  2. Ол үшін Вставка-Столбцы командасын орындап, бүкіл кестені бір бағанаға оңға жылжытамыз.

  3. Вставка-Рисунок- Картинки командасын орындаңыз.

  4. Microsoft Clip Gallery диалог терезесінде Картинки қосымшасын және суретті тадаңыз.

  5. Вставить батырмасын шертіңіз, сурет кестеге қойылады.

  6. Сонымен бірге суреттің өлшемін өзгертуге, жанама менюден Формат рисунка командасын таңдап, Формат рисунка терезесінде Цвета и линии өрісінде қажетті түсті көрстеіп, Ok батырмасын шертіңіз.


Жаңа сабаққа практикалық жұмыстар.

1-деңгей. Төмендегі у=х2 функцияға бірнеше диаграмма тұрғыз.


x

y

2

4

4

16

6

36

8

64

10

100

12

144

14

196



2-деңгей.

1. Төмендегі кестені пайдаланып бірнеше қолайлы типтегі диаграмма тұрғыз.

2. Әр диаграммаға аңыз, тор, кесте және тақырыбын қосып орналастыр.


Қазақстан халқының ұлттық ұрамы (%)


192

193

195

197

197

198

199


6

9

9

0

9

9

7

Қазақтар

57,1

38

30

32,6

36

39,4

50,7

Орыстар, украиндар, белорустар

33,1

51,5

52,1

51,1

48,1

44,3

37,7

Басқа ұлттар

9,9

10,5

17,9

16,3

15,9

16,3

11,6



3-деңгей. Мына кестені пайдаланып, сәйкесінше диаграмманың бірнеше түрін тұрғыз


    1. Формула шеберін пайдаланып, Е, Ғ және G бағандарын есепте.

    2. В және Е бағандарындағы берілгендерді пайдаланып, дөңгелек түріндегі диаграмма тұрғыз;

    3. В, F және G бағандары бойынша гисограмма түріндегі диаграмма тұрғыз;

    4. Осы кестені пайдаланып, бірнеше түрдегі диаграммалар тұрғыз, оны жеке бетке және кесте орналасқан бетке қой.


ҮІ. Сабақты бекіту. Мұнда оқушыларға компьютерде орындалатын электронды тест беріледі. Тест қорытындысы автоматты түрде компьютерде көрсетіледі.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Диаграмма деген не?

  2. Диаграмманың қандай түрлері бар?

  3. Горизонталь және вертикаль осьтер не үшін берілген?

  4. Диаграмма қандай элементтерден тұрады?

  5. Аңыз деген не?

  6. Диаграмма тұрғызу қандай жолдармен жүзеге асырылады?

ҮІІ. Оқушыларды бағалау. Әр деңгейдегі тапсырманы орындауларына орай, ребус, кроссворд және электронды тесттің қорытындысы бойынша, сондай- ақ белсенділігі сарапталып, студенттің білімі бағаланады.


ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. Биылғы жылғы үкімет тарапынан қосылған мемлекеттік қызметтегі жұмыскерлердің жалақысының өсу пайызы бойынша кесте құрып, диаграмма тұрғыз. Тақырыпты оқып, мазмұндау






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Excel электронды? кестесіндегі диаграммалар. Графикалы? объектілерді біріктіру.

Автор: Дауитова Асель Бекалиевна

Дата: 01.03.2016

Номер свидетельства: 301174


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства