Просмотр содержимого документа
«Электронды? желілерде тасу барысында а?паратты са?тау т?сілдері мен ?а?идалар. »
Күні:23.01.2014
Класы: 11 «А»
Начало формы
Конец формы
Сабақтың тақырыбы: Электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалар.
Мақсаты: 1. Электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары. 2. жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа тәрбиелеу. 3. Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Әдістері: Практикум, баяндау арқылы түсіндіру. Көрнекіліктер: ақпараттық диктант,бақылау сұрақтары, слайд
Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Ақпараттық диктант. Көптеген іздеу серверлері: http:\\www. google. com — GOOGL, ақпараттық іздестіру жүйесі ........................ жылы қыркүйек айында ашылған. Бүгінгі күндері Searchenginewatch. com эксперттерінің айтуына қарағанда базаның көлемін ............. млн құжаттар құрайды. Жүйе қолданушыларға қарапайым және кеңейтілген іздестіру интерфейсін ұсынады. Көптеген тілдерде сонымен қатар .........................тілінде, ақпарат іздеу мүмкіндігі бар. http:\\www. yahoo. com — Yahoo — тез іздестіретін анықтамалықтардың бірі. Ақпараттарды жеке сөздер бойынша немесе классификатор бойынша іздеу мүмкіндігін береді. http:\\www. aport. ru — Апорт — ақпараттық іздестіру жүйесі алдыңғы қатардағы іздестіру жүйесіне кіреді. Бүгінгі күндері мәліметтер көлемін ............... млн индекстелінген құжаттар құрайды. Жүйеде іздестірудің кең спектрлі мүмкіндіктері бар. Онда қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндіктері ұсынылады. Ақпараттарды, .......................және ..............................тілінде іздеуге болады. http:\\www. yandex. ru — Яндекс — ақпараттық іздестіру жүйесі ................... жылы ашылған. Бүгінгі күндері базадағы индекстелінген құжаттар көлемі ........... милионға жуық. Ақпараттық іздестіру жүйесі логикалық операторлармен белгіленген өзінің меншікті жүйесін қолданады, сонымен қатар көптеген түрлі іздестіру функцияларын ұсынады. http:\\www. rambler. ru — Rambler — іздестіру жүйесінде Россияның және ТМД елдеріндегі серверлерде орналасқан 12 миллионға жуық мәліметтер индекстелінген. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған. Жауабы: 1999, 560, орыс, 20, ағылшын ,орыс , 1997, 33
ІІІ. Жаңа сабақ Web – бет үшін бастапқы HTML – кодты текстік редактордың көмегімен көруге және редакциялауға болады. бұл үшін ІЕ терезесіндегі бетті қараңыз және Түр менюінен HTML Түрінде командасын таңдаңыз. Нәтижесінде текстік редактордың терезесі ашылады. Онда бастапқы HTML – коды бейнеленеді. Текстік редактордың түрі пайдаланылатын жүйемен анықталады. Wіndows – пен жұмыс істеместен бұрын, бұл блакнот қосымшасы болады. URL – интернеттегі қорлардың ақпараттық тікелей көрсеткіші. Біз жоғарыда интернетке қосылған әрбір компьютерде белгілі бір символдарға сай келетін (домендік есім) немесе ұсынылған немесе цифр комбинациясы (ІР - адресі), сияқты өзінің бірден - бір адресі бар. Бірақ та бұл ақпарат жеткіліксіз, компьютерде нақты құжат табу үшін, белгілі каталогта файл күйінде сақталған болатын. Бізде белгілі, керекті файлға кіру үшін оған қарай сілтеу керек Web – бетті толтырған соң оның көшірмесін сіздің компьютеріңізде сақтауға болады. Шынында, Web – серверде орналастырылған, толтырылған беттің көшірмесін редакциялаудан бұрын өзгертулер беттің өзіне енгізілмейді. Іnternet Explorer амалымен редакциялауды толтыруға немесе документ құруға болмайды. Егер ІЕ мен жұиыс істеу алдында Wіndows үшін файл менюінен Басқару командасын таңдап алу керек. Сонда берілген редактордың жасырған HTML - кодының терезесі ашылады (мысалы, Frontpage Express). Күнделікті бет жаңа терезеде бейнеленеді. Осы терезеде редакциялай аласыз. Егер сіз документте Web – беттің бөлігін ғана пайдаланғыңыз келсе, Іnternet Explorer терезесінде оны тышқанның көмегімен шығарыңыз. Сосын Басқару менюінен Көшіру командасын таңдаңыз. Осыдан кейін документті ашу керек. Бұған міндетті түрде Web – беттен берілгендерді қосу керек және оған көшірілген ақпаратты қою керек. Кез келген сөзді, сөйлемді немесе сөйлемшені сіздің алдыңызда ашылған Web – беттен табу үшін Басқару менюінен осы беттен іздеу командасын таңдап алыңыз немесе CTRL + F клавишасын басыңыз. Нәтижесінде іздеу диалогтік терезесі пайда болады. осы терезенің Табу алаңына керекті ақпаратты енгізіңіз. Және сәйкес келетін опцияларды қойыңыз. Егер сіз Тұтас сөз опциясын қойсаңыз, онда ІЕ іздеу критериясы ретінде тапсырылған сөздің бөлігін бейнелемейді. Мысалы, егер іздеу критериясы ретінде кітап сөзін көрсетпек, ІЕ кітаптың немесе кітап сүйгіш сөзін шығармайды. Егер Регистрдің есепке алуымен опциясын қойсаңыз, онда ІЕ тек қана жолдарды таппайды, бас және кіші символдарды да табады. Бас және кіші символдар Табу алаңында шығады. Мысалы, егер интернет шығарса, ІЕ интернет немесе интернет сөзін шығармайды. Іздеу бағытының тапсырмасы үшін Жоғары немесе Төмен опцияларын қойыңыз. Іздеуді бастау мен сәйкес келуді тапқаннан кейін жалғастыру үшін Тағы басқаларын Табу кнопкасын басыңыз.
ІҮ. Сабақты бекіту:
Web – бет үшін бастапқы HTML – кодын қалай көруге және редакциялауға болады.
HTML командасын қалай таңдаймыз.
URL дегеніміз не?
Web – бетті толтырған соң оның көшірмесін компьютірге сақтауға болама.
CTRL + F қандай команданы орындайды.
ҮІ. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау Ү. Үйге тапсырма: Web - беттер және сайттар.