ЭЕМ кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері
ЭЕМ кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері
Компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істегенде адамның басы ауырады,көздері шаршайды,бұлшық еттері тала бастайды,жалпы қажиды.Денсаулықтың бұзылуына әкеп соқтыратын факторлар бар.Бірінші және ең алғашқы фактор – бұл көзге көп салмақ түсуі.Екінші фактор –компьютер алдындадұрыс отырмау. Үшінші фактор-бұл жүйкеге көп салмақ түсуі.Төртінші фактор-компьютер мониторынан тарайтын радиация.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Білімділігі: Студенттерге техника қауіпсіздігін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру туралы жалпы түсінікбере отырып, алдын алу және сақтану мүмкіндіктерімен таныстыру. Оларды білімділікке, сауаттылыққа, логикалық ойлау қабілетінің ұшқыр болуына баулу.
Дамытушылық: Білім алушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, компьютер кабинетінде техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тыйым салынатын ережелерді біліп жүруге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Білім алушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденіске, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кіріспе сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, тест жұмысы
Сабаққа қажетті:
Оқулықтар/әдебиеттер: Информатика элементтері, информатика, интернет желісі
Бұл сөзсызбадан бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын тауып оқимыз
3
Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру
Жаңа сабақ тақырыбы: ЭЕМ кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережелері Жоспары:
Кіріспе
Қауіпсіздік ережелері
Компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істегенде адамның басы ауырады,көздері шаршайды,бұлшық еттері тала бастайды,жалпы қажиды.Денсаулықтың бұзылуына әкеп соқтыратын факторлар бар.Бірінші және ең алғашқы фактор – бұл көзге көп салмақ түсуі.Екінші фактор –компьютер алдындадұрыс отырмау. Үшінші фактор-бұл жүйкеге көп салмақ түсуі.Төртінші фактор-компьютер мониторынан тарайтын радиация.
1. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:
1) жалпы;
2) ДК-де жұмысты бастау алдында;
3) жұмыс істеу кезінде
4) авариялық жағдайларда
5) жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды
Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.
Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды
Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады
Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс
Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары
ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар сальбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары
ЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық -50см.
Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек.
Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек.
Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек. Мұнда құмды немеса көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары
Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек
4
Өтілген сабақты
(материалды) бекіту
ТАПСЫРМАНЫ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІНДЕ ОРЫНДАУ
Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояңдар да, сөйлемдердің мағынасына қарай «болады» немесе «болмайды» сөздерін қосып жазыңдар.