Саба?ты? ма?саты:
Білімділік: Бала бойына б?гінгі та?ырыпты ?ту барысында білімдерін арттыру.
Т?рбиелік:О?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру,??рал-саймандарды пайдалана
отырып,?р –т?рлі суреттер мен бейнелерді салу?а ынтасын арттырып,да?дысын ?алыптастыру.
Дамытушылы?ы:Дамыта о?ыту?а негізделген шы?армашылы? ?иялын,ж?йелі ойлау ?абілетін
дамытып,графикалы? редакторда барлы? сурет салу элементтерін пайдаланып,?з бетімен сурет
салуда?ы ?абілетін дамыту.
Саба? т?рі: Аралас саба?
Саба?ты? типі:Д?ст?рлі саба?
Саба?ты? к?рнекілі:информатика журналдар,плакаттар,суреттер беру
Техникалы? ??ралдар:Дербес компьютер
Пайдаланылатын ?дебиеттер:Е.А.Вьюшкова,Н.В.Параскун,Б.?.?бенов-Астана:"Арман
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Дыбысты? а?паратты ??деу. »
Сабақ жоспары
Күні:29.04.2014
Сыныбы::5 «А»
Сабақтың тақырыбы: §29.Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу
Пәні:Информатика
Пән мұғалімі:Дүйсенова Ж
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелік:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,құрал-саймандарды пайдалана
отырып,әр –түрлі суреттер мен бейнелерді салуға ынтасын арттырып,дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылығы:Дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялын,жүйелі ойлау қабілетін
дамытып,графикалық редакторда барлық сурет салу элементтерін пайдаланып,өз бетімен сурет
салудағы қабілетін дамыту.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі:Дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілі:информатика журналдар,плакаттар,суреттер беру
Техникалық құралдар:Дербес компьютер
Пайдаланылатын әдебиеттер:Е.А.Вьюшкова,Н.В.Параскун,Б.Қ.Әбенов-Астана:"Арман
ПВ"баспасы 2013
Пән аралық байланыс:қазақ тілі,орыс тілі
I.Ұйымдастыру
Сыныптағы оқушыларды тексеру.
сыныптың тазалығын тексеру.
техника қауіпсіздік ережесін еске түсіріп,қайталау.
Аққалаттың болуын қадағалау.
II.Үй тапсырмасын тексеру:
Калькулятордың жады (реферат)
III.Үй тапсырмасын бекіту:
1.Калькулятор қалай іске қосамы?
2. Калькулятор қызметі қандай?
3. Калькулятор (лат.қандай қандай?
IY.Жаңа сабақ
§29.Дыбыстық ақпаратты өңдеу.
Дыбыс жазу
Қазіргі кезде компьютерді музыка тыңдау немесе фильм қарау,дыбыстық хабарламаны жазу мүмкіндігінсіз елестетуге болмайды.Ал 1977 жылға дейін компьютердің дыбыстық карталары болған да емес.Техника сияқты,уақыт өткен сайын программалық жабдықтама да дамыды.Дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеуге арналған программалар-ол ойнатқыштар,секвенсерлер (дыбысты,мысалы,пернені синтезатордан жаза алатын)редакторлар.
Windows операциялық жүйеде дыбыстық файлдың тыңдау үшін Windows Media ойнатқышы немесе Windows Media Senter қолданылады.Одан басқа да көптеген ойнатқыштар бар.Ең көп тарағандардың бірі WINAMR
Егер сендерге тек кейде ғана дыбыс жазу керек болған күннің өзінде,онда ең алдымен,алынған жазбаларды түзетіп,әрлеу қажеттілігі туындайды.Мысалы керек емес фрагменттерді кесіп тастау немесе дыбыс шығаруды дыбыс қаттылығын жайлап азайтып аяқтау.Дыбысты түзету үшін қажетті көптеген программалар бар: сатып алынатын немесе тегін (мысалы,AudaCity)қарапайым функцияларды бар кішкене немесе аса қуатты кәсіби Sound Forge сияқты)
Дыбыс жазу программасымен жұмыс істеу
Түзетіп әрлеуден басқа кезде Стандарттық.Дыбыс жазу (Звукозапись)программасын қолданса да жеткілікті
Әріне жазуды бастамас бұрын,ең алдымен,компьютерде дыбыстық карта орнатылғанына және дыбысты жазуға қайтадан оқып,тыңдауға арналған құрылғылардың қосылғанына көз жеткізу керек.
Сендерге дыбыстық картадан басқа микрофон мен динамиктер қажет.Көбіне оларды жалғайтын алып-қосқыштар жүйелік блоктың артында да,алдында да орналасады.Алып-қосқыштардың боялуы да,асты жазылып көрсетілуі де,белгіленуі де мүмкін
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
1.Дыбыс жазу программасын іске қосыңдар.Дыбыс қаттылығы индикаторында микрофонның дыбыс каттылығының деңгейі (жасыл жолақ)көрінуі керек
2.Жазуды бастау батырмасының басыңдар.Мен дыбыспен жұмыс істеуді үйренудемін»деген сөздерді жазыңдар.
3.Жазуды тоқтату батырмасын шертіңдер.Сақтау терезесіндегі файлдың тұрпатына назар аударыңдар
4.Файлды сақтаудан бас тартыңдар.Программаның терезесінде жазуды жаңарту батырмасы пайда болады
5. «Микрофон үздік жұмыс істеп түр»деген сөздерді қосып жазыңдар.
6.Программаны жабыңдар.Файлды сақтағыларың келе ме деген сұрақ пайда болады.Дыбыс өз бумаларыңда Сынау деген атаумен сақтаңдар
Сабақты бекіту,қорытындылау:
1.Дыбыспен жұмыс істеу үшін қандай программалар қолданылды?
2. Windows оқиғаларын дыбыстық сүйемелдеуді баптау үшін орындалатын әрекеттердің дұрыс тізбегін сипаттаңдар
3.Дыбысты файлдан құжатқа кірістіру үшін қандай бұйрықты орындау керек?
4.Құжатқа енгізілген дыбысты қалай тыңдауға болады?
5.Дыбыс жазу қандай пішімді сақталады?
6.Жазбаның ең үлкен ұзақтығы қанша?
7.Дыбысты құжатқа кірістірудің қанша тәсілі бар?
YII.Үй тапсырма: Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу
Бағалау: Бүгінгі сабақта үй тапсырмасы бойынша және жаңа сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды бағалаймын.