kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«ДК сырт?ы ??рыл?ылары. Т?рлері белгіленуі ж?не сипаттамасы: монитор, пернета?та, принтер, модем ж?не т.б.»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты ?ткізу шарты
- Саба?ты ?ткізу ?шін о?ушыларды 2 топ?а б?леміз;
- топ о?ушыларынан 2 есепші, бір к?мекші сайлаймыз.
- ?рбір топты? бірінші болып жауап беруге ?ызыл жалаушаны к?теру керек.
- м??алімде алдын - ала дайындал?ан бекіту с?ра?тары болады.
- ?р с?ра?ты? д?рыс жауабына 1 ?пай беріледі ж?не та?та?а жазылып ?згертіліп отырады;
- Екі топтан ал?аш?ы боп 6 ?пай жина?ан топ же?іске жетеді.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««ДК сырт?ы ??рыл?ылары. Т?рлері белгіленуі ж?не сипаттамасы: монитор, пернета?та, принтер, модем ж?не т.б.»»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы- экономикалық колледжі» РМҚК










ОЙЫН САБАҚ




Пән: «Операциялық жүйелер және жүйелік қамтамасыздандыру»

Тақырыбы: «ДК сыртқы құрылғылары. Түрлері белгіленуі және сипаттамасы: монитор, пернетақта, принтер, модем және т.б.»













Дайындаған оқытушы: Дүйсембекова А.Н.













2014- 2015 оқу жылы



Ойын сабақ

Пән: Операциялық жүйелер және жүйелік қамтамасыздандыру

1 бөлім. ЕК БҚ-ң қызметтілігі мен ұйымдастырылудың жалпы принциптері

Курс тақырыбы: №1.1 Компьютерлер үлгісінің классификациясы. ДК-ң негізгі құрылғыларымен олардың белгіленуі. ДК сыртқы құрылғылары және олармен жұмыс.

Сабақтың тақырыбы: №4 ДК сыртқы құрылғылары. Түрлері белгіленуі және сипаттамасы: монитор, пернетақта, принтер, модем және т.б.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: Дәріс, ойын сабақ

Ойын бөлімдері:
• Сұрақ - жауап
• Құпия жәшік
• “Бұл кім, бұл не?”
• Сөзжұмбақ


Сабақты өткізу шарты
- Сабақты өткізу үшін оқушыларды 2 топқа бөлеміз;
- топ оқушыларынан 2 есепші, бір көмекші сайлаймыз.
- әрбір топтың бірінші болып жауап беруге қызыл жалаушаны көтеру керек.
- мұғалімде алдын - ала дайындалған бекіту сұрақтары болады.
- әр сұрақтың дұрыс жауабына 1 ұпай беріледі және тақтаға жазылып өзгертіліп отырады;
- Екі топтан алғашқы боп 6 ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

«ӘР СҰРАҚҚА - БІР ЖАУАП»
Бұрын өтілген оқу материалын еске алу. Сұраққа ойлануға тек қана 1 минут.
Әр оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын, өз бетінше дамуын, ойын тез арада тұжырымдап айтуын да шыңдай түседі.
1. ЭЕМ - нiң даму тарихы неше буынға бөлiнедi, оларды ата қандай жылдар аралығы?
I буын - 1940 - 1955жж/электронды шамдар қолданылды/
II буын - 1955 жылдан бастап /жартылай өткiзгiштер - транзисторлар қолданылды/
III буын - 1960 - 1970жж дейiн /интегралдық схемалар қолданылды/
IV буын - 1970 жылдан бастап /дербес компьютерлер жасалды/
V буын -/кәдiмгi адам тiлiнде сөйлейтiн «жасанды интеллект» ЭЕМ - дерi болуы керек/
«1. Сұрақ - жауап»

1. 1846 ж Бэббидж машинасына программа жазған кім?

2. ЭЕМ даму тарихы неше буыннан тұрады?

3. 1 - буын қай жылы шықты, элементтік базасы не?

4. 2 - буын қай жылы шықты, элементтік базасы не?

5. 3 - буын қай жылы шықты, элементтік базасы не?

6. 4 - буын қай жылы шықты, элементтік базасы не?

7. Ақпараттың түрлері?

8. Енгізу құрылғыларына не жатады?

9. Шығару құрылғыларына не жатады?

10. Есте сақтау құрылғыларына не жатады?

11. Ақпаратты өңдеу құрылғыларына не жатады?

12. ЭЕМ - нің жалпы жады қанша түрге бөлінеді?

13. Сыртқы жадына не жатады?

14. Ішкі жадына не жатады?

15. Файл дегеніміз не?

16. Принтерлердің түрлері

17. ЕТ кабинетінде өз бетінше жұмыс жасайтын оқушы қандай ережені толығымен меңгеруі тиіс?

18. Көзбен монитордың ара қашықтығы неше см болуы қажет?


«Құпия жәшік»

Бұл құралдың жасы 2000 - 5000 жылдар шамасы. Бұл құралды гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак», қытайлықтар «суанпан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Жәшіктің ішінде қандай құрал бар? /Есепшот/

«Бұл кім, бұл не?»

1. 1642 жылы дүние жүзiнде бiрiншi рет қосу машинасын құрастырған қай елдiң ғалымы, ол кiм, сол кезде неше жаста болды? (Француз матиматигi Блез Паскаль он тоғыз жасында)

2. Информатика деген не?(Ақпараттық процестерді зерттейтiн ғылым информатика деп аталады.)

3. Ақпараттық процесс дегенiмiз не?(Ақпаратты сақтау, өңдеу, жеткiзу ақпараттық процесс деп аталады)

4. Бағдарлама арқылы басқарылатын қазiргi компьютерлерге өте ұқсас құралдары бар есептеуiш машина қалай аталды, жобасы қай жылы жасалды?(Аналитикалық машина, 1833 жылы)

5. Қазiргi компьютердің атасы кім?(Чарлз Бэббидж)

6. Қазiргi кезде әр оқушының қолындағы калькулятордың негiзiн салғандар кiм, қай елдiң өнертапқыштары?(Орыс өнертапқыштары П. Л. Чебышев пен В. Т. Однер)

7. 1694 жылы атақты немiс математигi Лейбництiң құрастырған механикалық есептеу машинасы қалай аталды?(Арифмометр)

8. Бұрынғы Кеңестер Одағындағы 1947 - 48 жылдары бiрiншi ЭЕМ - дi жасауға басшылық еткен кiм, толық аталуы қалай?(Сергей Алексеевич Лебедев, МЭСМ /малая электронная счетная машина/)

9. Ең бiрiншi электоронды есептеуiш машина қайда қашан жасалып, қалай аталды, салмағы қанша боды?(1946 жылы Ақыш - та Пенсильван университетiнде, ENIAC, салмағы 30 тонна)

10. 1944 жылы американ математигi Говард Айкен құрастырған автоматты бағдарламамен басқарылатын есептеуiш машина қалай аталды, қайда жасалды?(МАРК - 1, Гарвард университетiнде)

11. Ең алғашқы бағдарламалаушы кiм?(Ада Лавлейс)

12. Байт, бит деген не, олардың өзара қандай байланысы бар?(Ақпараттың өлшем бiрлiктерi, 8 бит= 1 байт)

13. Компьютер құрамына кiретiн негiзгi құрылғылар? (Жүйелi блок, монитор, принтер, маус, сканер, модем, пернелiк тақта, мультимедиа колонкасы)

14. Қазiргi дербес компьютерлер қай буынға жатады? (IV буынға жатады)

15. Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлігін ата: (- басу пернетақтасы (алфавитті-цифрлық және таңбалық пернелер); - функционалды пернелер: Ғ1 -Ғ12; - арнайы операциялар пернелері: Епtег, Еsс, Таb6, Сtгl, Аlt, ВаскSрасе; - меңзерді басқару және редакциялау ернетақтасы; - сандық пернетақта).


СӨЗЖҰМБАҚ

Сөзжұмбақ шешу


САБАҚТЫ БЕКІТУ

Сыртқы құрылғылары, түрлері?

Енгізу құрылғылар, түрлері ?

Шығару құрылғылар, түрлері?

Модем дегеніміз?

Принтер дегеніміз?

Скайнер дегеніміз?

Пернетақта дегеніміз?

Тышқан дегеніміз?

Олар не үшін қажет?

Қызметі қандай?


ҚОРЫТЫНДЫ:

Жеңіске жеткен топты марапаттау, бағалау


Оқытушы Дүйсембеова А.Н.

Дәріс №4

Курс тақырыбы: №1.1 Компьютерлер үлгісінің классификациясы. ДК-ң негізгі құрылғыларымен олардың белгіленуі. ДК сыртқы құрылғылары және олармен жұмыс.

Сабақтың тақырыбы: №4 ДК сыртқы құрылғылары. Түрлері белгіленуі және сипаттамасы: монитор, пернетақта, принтер, модем және т.б.

-Сыртқы құрылғылары, түрлері

-Енгізу құрылғылар, түрлері

-Шығару құрылғылар, түрлері

-Басқару құрылғылары



Ақпаратты енгізу құрылғылары.

Клавиатура ақпаратты енгізуге арналған негізгі құрылғы. Ең көп тараған клавиатуралар 101 және 102 пернелерден тұрады.

Клавиатурадағы пернелерді төмендегідей блоктарға бөлуге болады: алфавитті-цифрлық пернелер, олар перне тақтаның сол жағына орналасқан. Ол клавиатураның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл бөлікте латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілер және басқа да символдар орналасқан.

• функционалдық пернелер, бұл символдық пернелердің үстіндегі жолға орналасқан. Олар латынның F (F1, F2, …, F12) әріптерімен белгіленген. Функционалдық пернелер компьютерде күрделі амалдарды тез орындауға арналған.

• Цифрлық пернелер немесе калькулятор блогы, олар символдық пернелердің оң жағына орналасқан.

• Курсорды экран бетінде басқару пернелері. Олар арқылы экранда символ орналасқан орынды анықтайды.

Бұлардан басқа бірнеше арнайы пернелер орналасқан.

1. Entеr немесе енгізу пернесі.

2. Бос орын пернесі. Бұл пернелердің ішінде ең ұзын перне, ол символдардың бір-бірінен ажыратып жазуға пайдаланылады.

3. Backspase пернесі. Бұл перне курсордың алдындағы символды өшіруге пайдаланады.

4. Shift пернесі. Бұл жазба әріптерді баспа әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады.

5. Caps Look пернесі. Егер оны бір рет басып қойса, баспа (үлкен) әріптер теріледі, ал оны екінші рет басса, кіші әріптер теріледі.

6. Delete пернесі. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді.

Жарық (световое) қалам – ұшында жарық сезгіш детектор бар, кәдімгі қаламға ұқсас құрылғы. Егер осындай қаламды диплей экранына жақындатып тигізсе, онда жанасқан жерде координат бас нүктесі орналасқан тік бұрышты координат жүйесі пайда болады. Қаламды экран бетімен орын ауыстырса сурет пайда болады.

Графикалық планшет қағаз бетінде сурет салғандай дисплей экранында сурет салуға мүмкіншілік береді.

Сканер - қағаздағы көріністі дисплей экранына түсіруге арналған құрылғы, ол арқылы сурет, график, текстерді сканерлеуге (енгізуге) болады. Сканер көрністі машина кодына ауыстырып, компьютер жадына жазады.

Басқару құрылғылары.

Мышь (тышқан). Қазіргі кездегі компьютерлерге ақпараттарды енгізуге арналған маникулятор Мышь құрылғысымен жабдықталған. Тышқанның екі түрі болады: үш батырмалы және екі батырмалы. Екі батырмалы тышқан жиі пайдаланылады, себебі, ортаңғы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды.

Джойстик. Бұл компьютерлік ойындар экранда жылжитын объектіні басқаруға арналған рычагты манипулятор. Джойстик қораптан және қолға ұстағыштан тұрады. Қолға ұстағышты немесе қорапта бір немесе бірнеше батырмалар болады. Ұстағышты айналдыру және батырмаларды басу арқылы компьютерге басқару әрекетін береді.

Ақпаратты шығару құрылғылары.

Мониторлар тексті және графикалық ақпаратты экранға шығаруға арналған. Олар түрлі түсті, монохромды болып келеді және екі режимнің біреуінде жұмыс жасайды: текстік және графикалық.

Текстік режимде монитордың экраны шартты түрде бөлек бөліктерге бөлінеді, таңба орындарына көбіне әрбіреуінде 80 символдан (таңба орны) болатын 25 жолдан тұрады. Әрбір таңба орнына кодтау кестесінің алдын-ала берілген 256 символының біреуі шығарылуы мүмкін, сонымен қатар кестені, диаграмманы және рамкіні салу үшін қолданылатын псевдографикалық символдар да қолданылуы мүмкін.

Графикалық режим экранға графиктерді, суреттерді және т.б. шығаруға арналған. Бұл режимде әр түрлі шрифтермен текстік ақпаратты да шығаруға болады. Бұл режимде монитор экраны монохромдық монитор үшін жарық немесе күңгірт болатын нүктелерден, ал түрлі түсті монитор үшін бірнеше түстің біреуін қабылдайтын нүктелерден тұрады. Горизонталь және вертикаль бағыттағы нүктелер саны рұқсат ету мүмкіндігі деп аталады. Монитордың рұқсат ету мүмкіндігі экранның өлшеміне тәуелді емес.

Мониторда рұқсат ету мүмкіндігі үлкен болатын графиктік режим жасау үшін монитор жұмысын басқарып отыратын адаптер немесе видеоплата керек. Адаптерді таңдарда рұқсат ету мүмкіндігіне қатысты өз сұранысыңызды, дербес компьютерге жалғау тәсілін (жүйелік және локальдік шина арқылы) ескеру керек.

Кескінді экран бетін шығару үшін процессор алдымен суретті адаптердің жадысына немесе видеожадыға жазады.

Принтерлер – ақпартты қағаз бетіне шығаратын құрылғылар. Олар монохромды және түрлі-түсті болып бөлінеді. Ақпартты қағазға түсіру тәсілдеріне байланысты олар ромашкалық немесе литерлік, матрицалық, сия бүріккіштер, термографиктік және лазерлік принтерлер болып бөлінеді.

Литерлік принтерлердің жұмыс жасау принципі механикалық баспа машинкасындай. Олардағы символдар тізбегі шектелген, және олар графиктік ақпаратты шығара алмайды. Басу жылдамдығы онша үлкен емес – бір бетке 5 минуттан 80 секундке дейін, бірақ шуыл деңгейі біршама жоғары.

Матрицалық принтерлердің жұқа металл инелерінен тұратын баспа ұштары болады. Ұштары басылатын қағаздың бойымен қозғалады, ал стерженьдер қажет уақытта боялған лента (бір тондық немесе түрлі-түсті) арқылы қағазды соғып тұрады. Бұл принтерлер текстілік ақпаратты да, графиктік ақпаратты басады, ал бір бетті 50 секундтен 60 секундқа дейінгі жылдамдықпен басады.

Ең кең тараған 9 және 24 баспа инесі бар принтерлер, бірақ 48 инесі бар принтерлерде бар.

Сия бүріккіш принтерлер кескінді арнайы тамшылар арқылы қағазға бүркіп істелінетін арнайы сиялардың ұсақ тамшылары арқылы қалыптастырады.

Термографиктік принтерлер кескінді қағазға түсіру үшін қыздыруды пайдаланады. Термографиктік принтерлерді тура қыздыру және жылу тасымалдау принтерлері деп бөледі.

Тура қыздыру принтерлері үшін арнайы химиялық қабаты бар қағаздар қолданылады. Қыздырылған нүкте мен қағаздың байланысқан жерінде химиялық реакция болады және нүктенің түсі өзгереді.

Түрлі-түсті баспалар жасайтын бұл принтерлерді тіптен дыбыссыз деуге болады, бірақ арнайы қағаз бен бояйтын лента жұмыс құнын жоғарылатып жібереді.

Лазерлік принтерлер жұмыс барысында ксерография принципін қолданады: кескін қағазға арнайы барабан арқылы түседі, яғни бояу бөлшектері электрленіп тартылады. Басушы барабан компьютердің командалары бойынша лазер көмегімен электрленеді.

Бұл принтердің басу сапасы өте жоғары. Рұқсат ету мүмкіндігі 1 дюймға 300-600 нүкте. Басу жылдамдығы 1 бетіне 15-тен 5 секундке дейін.

Плоттер (графиктұрғызғыш) – сызбаларды қағазға шығаратын құрылғы. Плоттерлер қағаздар рулонымен жұмыс істейтін барабандық типке және планшеттік типке (қағаз парағы жазық столда жатады) бөлінеді.

Аудиоплата (sound blaster) – дыбысты шығаратын құрылғы. Оның әуенді және дыбысты мәліметті жазуға, жасауға және редакциялауға мүмкіндіктері бар. Дыбысты шығару және жазу үшін аудиоплатадан басқа дыбыстық колонкалар мен микрофондар қажет.

Басқа есептеу жүйелерімен байланыс жасау құрылғылары

Сенсорлық экран – жарық қаламұшының әр түрлі мүмкіндіктерін қамтитын құрылғы. Экранға жақындатып кескінді қозғауға болады, сондай-ақ компьютерге кейбір орындауға арналған командаларды беруге болады.

Модем – телефондық канал бойынша бір компьютерді екіншісімен қосуды қамтамасыз ететін құрылғы. Компьютерге қосу тәсілдері бойынша модемдер жүйелік блокқа қойылатын және сыртқы коммуникациялық портқа арқылы жалғанатын болып бөлінеді.

Модемдер бір-бірінен мәліметтерді тасымалдаудың максимал жылдамдығы арқылы өлшенеді. Ол Бодпен (1 бод=1 бит/сек) өлшенеді.

Факс-модем – модемнің мүмкіндіктерін қамтитын және басқа факс-модемдер мен факстік кескіндерді алмастыратын және қарапайым телефакстық аппараттар арасында да мәлімет тасымалдайтын құрылғы.

Желі-адаптері – компьютерді жергілікті желіге қосатын құрылғы.



Оқытушы Дүйсембеова А.Н.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Д?йсембекова Арайлым Н?ргелді?ызы

Дата: 13.01.2016

Номер свидетельства: 276363


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства