Уақыты | Сабақтың кезеңдері | Ресур-сы | Сабақтың мазмұны |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс - әрекеті |
4 мин | Ұйымдастыру кезеңі | Суреттер | Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу . Ынтымақтастық атмосферасын құрамын Оқушыларды «Шаттық шеңбер» бойымен тұрғызып өзара жақсы тілек айтқызамын. Компьютердің негізгі екі құрылғысының суреттерін оқушыларға тарқатамын сол суреттерді бір-біріне құрау арқылы оқушылар екі топқа бөлінеді. Суреттерде қосымша құрылғылар бейнеленген үлестірмелерді таңдай отырып, біркелкі суреттер топтасып, топ құрылады. 3. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру. | Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі. Топ басшысы оқушыларды түгендеп жоқ оқушыларды мұғалімге хабарлайды. «Шаттық шенбер » құрады бір –біріне жақсы тілектер айтады. Берілген суреттер арқылы үш топқа бөлінеді. 1-топ –« Жүйелік блок» 2-топ –«Монитор »   |
4 мин | Миға шабул | | Миға шабуыл. Әр топ өздеріңіздің үлестірмедегі бейнеге сипаттама беріңіздер. | Үлестірмеде берілген компьютердің негізгі екі құрылғысының шығу тарихы мен қызметтерін атап өтеді. . |
6 мин | Сұрақ –жауап | | Үй тапсырмасын қорытындылау Әр топқа өздері оқыған тақырыпшалардан 4 сұрақтан дайындауын тапсырамын, ол сұрақтарды басқа топтарға 2 сұрақтан берілетінін түсіндіремін. | Оқушыларға өз топтарымен бірлесе отырып ІІ –ші топқа арнап, 4 сұрақтан дайындайды , өзге топтардан сұрақ –жауап алмасу барысында әр топтан келген 4 сұраққа жауап беру арқылы, әр топ 4 сұраққа жауап береді. |
8 мин | Жаңа сабақ | Электронды оқулық . Оқулық. Суреттер | Оқушыларға сабақты электронды оқулық арқылы түсіндіремін.  | Оқушылар керекті мәліметтерді дәптерлеріне жазып отырады. |
10 мин | Ойлан, бірік, бөліс | | 1. Excel-де жұмыс кітабын құру үшін қандай іс-әрекет жасайтынын көрсету. 2. Excel-дің атқаратын қызметі, шығу тарихы | Топта бірлесе отырып, жаңа тақырыпты талқылайды және постер дайындайды. Түсінбегендерін өздері іздену арқылы толықтырады. |
2 мин | Сергіту сәті | | « Қызыл өрік » бейне ролик | Оқушылар жаппай ортаға шығып бейне роликте көрсетіліп жатқан биді өз іс –қимылдары арқылы қайталайды. |
5 мин | Жеке жұмыс | Оқулық | Жеке жұмыс: Компьютердегі тәжірибелік жұмыс. 1 –тапсырма. Excel-мен танысу Берілгенді енгізу, редакциялау және рәсімдеу. | Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша практикалық жұмыстарды комьютерде орындайды. |
2 мин | Сұрақ –жауап | Өзіңді тексер | Excel-дің қызметі қандай? Ұяшықтардың абсолют және салыстырмалы сілтемелері не үшін қолданылады? Ұяшықтағы мәліметтерді қалай көшіруге болады? 4.Ұяшықтарды форматтау қалай орындалады? | Оқушылар БББ кестесін толтырады. Сұрақтарға жауап береді. |
2 мин | Рефлек-сия | «Басбармақ» әдісі | «Басбармақ » әдісі бойынша жаңа тақырыпты түсінгендеріңізді көрсетіңіздер.  | Өз пікірлерін айтып өтеді. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім. |
2 мин | Үйге тапсырма | | Excel бағдарламасы туралы мәліметті оқып, іздену. | Оқушылар үй жұмысын күнделікке жазып алады |