kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дербес компьютерді жинақтау және бағдарламалық жасақтамаларды орнату

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка открытого урока по предмету информатика. Специальсность учитель информатики

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дербес компьютерді жинақтау және бағдарламалық жасақтамаларды орнату»

«Бекітемін»

Директордың

оқу ісі жөніндегі

орынбасары

_________Суамбекова Г.Ә



Мамандығы:


Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыздандыру


Біліктілігі:


Электронды есептеуіш машина операторы


Пән:


Есептеуіш жүйені аппараттық қамтамасыз ету


Топ:


31


Өту мерзімі:


16.04.13ж.


Тарау:


Жүйелік қораптың ішкі құрылғылары


Тақырыбы:


Дербес компьютерді жинақтау және бағдарламалық жасақтамаларды орнату




Құзыреттілікке жеткізетін мақсат, міндеттері:


Мақсаты:

Дербес компьютерді жинақтау және бағдарламалық жасақтамаларды орнату ретін меңгерту.


Проблеманы шешу

Дербес компьютердің ішкі құрылғыларының техникалық сипаттамаларын жүйелік қорапты құрастыру барысында тиімді қолдана білуге және бағдарламалық жасақтамаларды компьютердің техникалық сипаттамаларына қарай таңдап, орната білуге үйрету.


Ақпараттық

Дербес компьютердің ішкі құрылғыларының түрлері мен техникалық сипаттамаларын және дербес компьютерді жинақтаудағы ақпараттарға талдау жасау, жүйелеу қажетті ақпараттарды жинақтау дағдыларын қалыптастыру.

Коммуникативтік


Топта жұмыс жасау, ұжым алдында өзінің ой пікірін жазбаша және ауызша түрде еркін жеткізу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдері, технология:

Іскерлік ойындар, иллюстративті түсіндіру,сұрақ-жауап, өзіндік, топтық жұмыс,оқушылардың танымдық қызметі бойынша репродуктивті, жартылай ізденіс, проблемалық



Пәнаралық байланыс:

Есептеуіш жүйені бағдарламалық қамтамасыз ету пәнінен

1-тақырып: Операциялық жүйе түрлері

2-тақырып: Вирусқа қарсы бағдарламалардың түрлері

Өндірістік оқыту сабақтан: Microsoft Office бағдарламасы

Этнопедагогика











Оқыту құралдары:


Бағдарламалық


Microsoft Windows операциялық жүйесі, Microsoft Office дестелік пакеті, вирусқа қарсы бағдарламалар



Техникалық


Жүйелік қорап, қоректену блогы, жүйелік тақша, процессор, баусымдар, дыбыстық тақша, желілік тақша, жедел есте сақтау жадысы, қатты диск, DVD дискіжетек, мультимедиялық проектор, интерактивті тақта



Әдістемелік


Дербес компьютерді жинақтау, Windows, MS Office, вирусқа қарсы бағдарламаларды орнату ретінің технологиялық картасы



Көрнекілік құралдар


Тапсырма карточкалар, А3 форматты қатты қағаз, логотиптер, асықтар, киіз үй макеті, түрлі-түсті маркерлер, слайдтар, бағалау кестесі, бағалауға арналған көңіл-күй нышанын білдіретін суреттер



Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

I.Ұйымдастыру бөлімі



3 мин.







  • Сәлемдесу

  • Оқушылардың сабаққа

қатысын және дайындығын

тексеру

  • Техника қауіпсіздігін еске

түсіру

Көмекші тағайындау



Амандасу. Оқу құралдарын дайындау

Көмекші оқытушыға көмектесіп отырады.









Оқушылар сабаққа дайын, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыра алады, техника қауіпсіздігін біледі.

Көмекші өз міндетін біледі.



II. Өтілген тақырыптарды қайталау арқылы жаңа тақырыпқа дайындық


15 мин.

















Өтілген тақырыптар «Құрылғылар сыры» атты іскерлік ойынымен қайталанады.

Ойынға қатысушылар: оқушылар-сауда орталығының қызметкерлері, оқытушы-тұтынушы.


Ойын шарты:

Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

Әр топ ақылдаса келіп сауда орталығының директорын тағайындайды.

Бағалау әдісін түсіндіру.


Директор киіз үйден атауы жазылған асықты алу арқылы өз сауда орталықтарының атын анықтайды.


Әр сауда орталығының қызметкерлері өз тауарларына кәсіби деңгейде кеңес бере отырып ұсынады.

Әр топ оқушылар ақылдасып, сауда орталығының директорын тағайындайды.

Сауда орталығының қызметкерлері кәсіби деңгейде тұтынушыға кеңес береді.

Қызметкердің жауабына қарай, тұтынушы өз бағасын береді. Сауда орталығының директорлары қызметкерлердің жинаған смайликтерін бағалау парағына орналастырады.






Әр сауда орталығының қызметкерлері өзінің нарықтық экономика жағдайында бәсекеге қабілетті кәсіби маман ретінде білім, білік дағдыларының дайындығын көрсете алады.











Оқушылар топта жұмыс жасай алады. Ұжым алдында өзінің ой пікірін жазбаша және ауызша түрде еркін жеткізе алады.





Оқытушы-тұтынушы

сауда орталығының кеңесін тыңдай отырып өзіне қажетті құрылғыларды сатып алады.





Дербес компьютердің ішкі құрылғыларының түрлері мен техникалық сипаттамаларын және дербес компьютерді жинақтаудағы ақпараттарға талдау жасап, жүйелей алады.





Ақпаратты енгізу және басқару құрылғыларына дұрыс таңдау жасай алады.











Жаңа үлгідегі мониторлардың түрлерін, тиімділігін жақсы біледі.







Сапалы бағдарламалық жасақтамалардың түрлерін біледі.





ІІІ. Жаңа түсініктер мен әрекеттерді қалыптастыру кезеңі

2 мин.


Жаңа сабақтың тақырыбын анықтауға байланысты проблемалық жағдай тудыру.


Сабақтың тақырыбын, мақсатын өту барысын түсіндіру.


Жаңа сабақты түсіндіру барысына қажетті бейнекөріністі түсіруді ұйымдастыру.


Жаңа тақырыпты меңгерту.


Іскерлік ойынының нәтижесіне қарай оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.



Жаңа сабақтың тақырыбы: «Дербес компьютерді жинақтау және бағдарламалық жасақтамаларды орнату». Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазып алады.

Жаңа сабақты меңгерту

23 мин.

Дербес компьютерді жинақтауға дайындық.


1-қадам. Жүйелік қорапқа қоректену блогын орнатамыз.

2-қадам. DVD дискіжетегін орнатамыз.

3-қадам. Қатты дискіні орнатамыз.

4-қадам. Жүйелік тақшаға орталық процессорды орнатамыз.

5-қадам. Орталық процессордың үстіңгі бөлігіне радиатор және желдеткіш орнатамыз.

6-қадам. Жедел есте сақтау жадысын орнатамыз.

7-қадам. Жүйелік тақшаны жүйелік қорапқа орнатамыз.

8-қадам. Дискіжетектің қоректену блогының баусымдарын қосамыз.

9-қадам. Алдыңғы панельдің ажыратып-қосқыш батырмаларынан келіп түскен баусымдарды қосамыз.

10-қадам. Қораптың екі жағындағы қорғаныс қабатын жабамыз.

11-қадам. Пернетақтаны және тінтуірді

12-қадам. Мониторды қосамыз. қосамыз.

Оқытушы оқушыларға дербес компьютердің ішкі, сыртқы және қосымша құрылғылары туралы сұрақтар қоя отырып, жаңа сабаққа тартады.




Оқушылар дербес компьютерді жинақтау ретін дәптерлеріне жазып отырады.


Оқытушының сұрақтарына жауап беріп отырады.



Дербес компьютердің ішкі құрылғыларын орнату ретін;

Құрылғыларды орнату барысында техника қауіпсіздігін;

Дербес компьютердің ішкі құрылғыларын жинақтауды;

Сыртқы құрылғыларының қосылу порттарының айырмашылығын;

Бағдарламалық жасақтамаларды орнату ретін меңгереді.




Операциялық жүйе орнатылады Уақыт: 10-15 минут.

Орнатудың алғашқы қадамдарынан кейін жүктелу барысында MS Office және вирусқа қарсы бағдарлама орнатылу реті көрсетіледі.






MS Office және вирусқа қарсы бағдарламаларды орнатуды игереді.




IV. Жаңа сабақты бекіту кезеңі

«Үздік оператор» ойыны

10 мин.



Ойын шарты:

Тапсырма салынған конвертті сауда орталықтарының директорлары таңдайды.

Тапсырмалар мынадай бағдарламаларда берілген.

MS Word

MS Excel



Карточка бойынша тапсырмаларды орындайды.

Әр топ көрсетілген бағдарламада тапсырмаларын орындайды.





Берілген бағдарламалар бойынша тапсырмалар орындалады.



Windows операциялық жүйесін орнатудың соңғы қадамдарын түсіндіру.


Орнатылу реті бойынша қадағалайды, зейін қойып тыңдайды.


Windows операциялық жүйесі орнатылады.

«Кім жылдам?» ойыны

Берілетін уақыт: 20 мин.

Ойын шарты:

  1. Дербес компьютерді жинаудың тірек сызбасын құру.

  2. Дербес компьютерді тірек сызба негізінде жинау.

Дербес компьютерді жинау тірек сызбасын дайындайды.


Дербес компьютерді тірек сызба бойынша жинайды.


Дербес компьютерді жинақтау ретін меңгереді.





Рефлексия. Зияткерлік картасын толтыру

3-5 мин.






Жаңа тақырып бойынша оқушылар жадысын тексеру

Зияткерлік картаны толтырады.





Жаңа сабақты меңгеру дәрежелері анықталады.



VI. Бағалау

5 мин.


Бағалау парағына оқушылардың қорытынды бағасын қою.

Автоматты түрде қорытынды бағаны экранға шығару.

Журналға, күнделікке бағаларын қою.




Топ басшылары бағалау парағындағы бағаларды кестеге енгізеді.

Экрандағы бағалау парағы бойынша бағаларын күнделіктеріне қояды.




Білім сапасының мониторингі дайындалады.



VII. Үйге тапсырма

3 мин.

Интернет желісінен өзіңіздің талабыңызға сай компьютерді виртуальды түрде жинақтап алып келу.

Технологиялық картаны дәптерлеріне көшіріп жазып келу.



Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.



Үй тапсырмасын орындау.

VIII. Қорытындылау.

2 мин.

Оқытушының қорытынды сөзі.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дербес компьютерді жинақтау және бағдарламалық жасақтамаларды орнату

Автор: Мергенбаева Айслу Халыковна

Дата: 18.02.2017

Номер свидетельства: 393141


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства