kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Corel Draw - да м?тінмен ж?мыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

М?тінмен ж?мыс

Сorel Draw-та сіз ??ратын ??жаттар суреттен ?ана т?рмай м?тіндерден де т?рады. Ба?дарлама м?тінді к?ркем ??деу ?шін ке? м?мкіндіктерді ?сынады. Сіз е? белгісіз ?аріппен терілген с?зді тартымды логотип немесе та?ырып?а айналдыра аласыз. Егер сізді? жобаныз м?нді к?лемді м?тіннен т?рса, онда Сorel Draw ж?мысты? осындай т?рі ?шін дамы?ан функциялардан т?рады. Сонды?тан м?тінді  ?арапайым ж?не фигуралы? деп б?лу келісілген. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Corel Draw - да м?тінмен ж?мыс»

Сабақтың тақырыбы: Мәтін, мәтіндік блоктар құру, мәтінмен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтінмен жұмыс жасауды үйрету. Жаңа тақырыпты ұғындыру негізінде теориялық білімін практикада қолдана білуге, есте сақтай білуге, тапсырманы дер кезінде сапалы орындауға үйрету. Оқушыны ұқыптылық пен жүйелілікке баулу.

Сабақтың әдісі: Аралас.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың құрал-жабдықтары: Компьютерлер, таратпа қағаздар(тапсырмалар), интерактивті тақта.


Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

І) оқушыларды сабаққа дайындау, қалам, дәптер алғызу;

ІІ) оқушылардың өткен тақырыптарын қайталап, пысықтау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Растрлық графиканы өңдейтін редактор

  2. Векторлық графиканы өңдейтін редактор

  3. Векторлық графиканы өңдеу программасының интерфейсі

  4. Қисықтарды редакциялау жолдары


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру


Мәтінмен жұмыс

Сorel Draw-та сіз құратын құжаттар суреттен ғана тұрмай мәтіндерден де тұрады. Бағдарлама мәтінді көркем өңдеу үшін кең мүмкіндіктерді ұсынады. Сіз ең белгісіз қаріппен терілген сөзді тартымды логотип немесе тақырыпқа айналдыра аласыз. Егер сіздің жобаныз мәнді көлемді мәтіннен тұрса, онда Сorel Draw жұмыстың осындай түрі үшін дамыған функциялардан тұрады. Сондықтан мәтінді қарапайым және фигуралық деп бөлу келісілген.

Қарапайым және блоктік мәтін

Қарапайым мәтін мәтіндердің мәнді көлемін беттеу үшін қолданылады. Ондай мәтін ақпаратты беру үшін арналған және алдымен оның оқылу жеңілдігі және жеткізілуі маңызды.

Сorel Draw-та қарапайым мәтін енгізбес бұрын, ол бетте орналасатын орынды сызып қою керек. Ол үшін мынаны орындау қажет:

  • Текст (мәтін) құралын таңдаңыз.

  • Тышқанның көрсеткішін бетке орналастырыңыз, батырманы басып және оны оңға, төмен жылжытыңыз. Көрсеткіштен кейін мәтін орналасатын пунктирленген тіктөртбұрыш, мәтін орналастын орынды сызып қояды. Осы әрекеттің нәтижесінде мәтінді құруға арналған ернеу пайда болады. Жиек құрылып болғаннан кейін сол жақ жоғарғы бұрышта мәтінді енгізуге арналған меңзер көрінеді.

Қарапайым мәтіннің ернеуін орналастыруға және масштабтауға болады. Сонда ернеудің ішіндегілер өзгермейді, яғни мәтін пішімдеуді - өлшемін, туралауды және т.б атрибуттарды өзгертпейді.

Мәтіндік жұмысқа арналған құрал (Мәтін) пішімдеуге, параметрлерін өзгертуге, жеке үзінділерді түзетуге және т.б арналған. Shape (Пішін) құралы арқылы интервал, әріпаралық және сөзаралық интервалдарды өзгертуге, жеке символдарға еркін параметрлерді меншіктеуге болады.

Фигуралық мәтін

Фигуралық мәтін арнайы әсерлердің қолданылуымен: сығу, бұрмалау, көлеңке құру, графикалық объектілер бойында орналастыру және т.б көп емес мәтіндік үзінділерді (тақырыптарды, биәріп (буквица) және т.б) құруда қолданылады. Берілген жағдайда мәтін безендіру элементі болып табылады.

Фигуралық мәтінді енгізу өте қарапайым. Құрал –саймандар тақтасынан Текст (Мәтін) құралын таңдаңыз және беттің кез-келген жерінде тышқанды шертіңіз. Шерту орнында мәтін енгізуге болатын мәтіндік меңзер пайда болады.

Мәтінді пішімдеудің ортақ командалары кәдімгі мәтіндік процессордікі сияқты.

Мәтіндік процессорларда мүмкін емес, пішімдеудің айырықша функцияларын қарастырамыз. Форма (Пішін) құралының көмегімен жеке символдарды пішімдеуге болады. Егер фигуралық мәтінді осы құралдың көмегімен ерекшелесек, онда оның базалық сызығының деңгейінде әр символдың сол жағында қисықтың түйінін еске түсіретін кішкентай ақ шаршылар пайда болады. Егер сәйкес символдағы түйінге тышқанмен шертсек, онда қасиеттер тақтасында тек қана осы әріптің қасиетін өзгертетін командалар батырмалары пайда болады.

Жалпы жағдайда фигуралық мәтін көп деңгейлі біріктірілген объектіні көрсетеді. Фигуралық мәтіннің блогы бірінші айырудан кейін әр қайсысы жолға сәйкес келетін фигуралық мәтіндердің жиынтығына айналады. Жолдарды айыру сөздердің жиынтығын, сөздерді айыру-символдардың жиынтығын береді (Arrange/Break Apart (Монтаж/Айыру)).

Фигуралық мәтіннің жиекке түрленуі. Сorel Draw қаріптің символдарын, пішінін еркін өзгертуге болатын жиекке айналдыру мүмкіндігін ұсынады. Түрлендіру нәтижесі - кез-келген жиек сияқты, Форма (Пішін) құралының көмегімен түзетуге болатын, бірнеше жиектерден тұратын күрделі объект. Ол үшін:

  • Сілтегіш (Указатель) құралымен мәтіндік объектіні ерекшелеу;

  • Упорядочить (Реттеу) менюінен Преобразовать в кривые (Қисыққа түрлендіру) таңдау. Мәтін осыдан кейін қисыққа аударылады, және кәдімгі жиек сияқты онымен жұмыс істеуге болады.

  • Форма (Пішін) құралын таңдап және оның көмегімен нақты әріптердің түйіндерін ерекшелеп, оның пішінін өзгерту қажет.

Еркін пішіндегі объектіде мәтінді орналастыру. Графикалық объектіде мәтінді орналастыру үшін, Мәтін құралын қосып, меңзерді объектінің жиегіне апарып және тышқанды шертеміз. Штрихталған жиек және мәтіндік меңзер пайда болғаннан кейін мәтінді енгізуге болады.

Мәтінді жиектің бойында орналастыру. Жиектің бойында орналасқан мәтін – безендірудің кең таралған элементі. Ол логотиптерде, баспада, жарнамалық материалдарда кездеседі. Сorel Draw-та мәтінді кез-келген жиектің бойында орналастыруға болады және оның жағдайын бақылауды (1-сурет).











Тақырыптық мәтіндерді еркін қисыққа «байлау» үшін мәтіндік немесе графикалық объектіні ерекшелеу керек , содан кейін Text (Мәтін) менюінен Fil Text to Path... (Жол бойындағы мәтін, Текст вдоль пути) командасын орындаймыз.

Мәтінді тікелей жиектің траекториясына енгізу үшін Text (Мәтін) құралын қосып, жиекке меңзерді апарып, және тышқанның батырмасын басу керек. Мәтіндік меңзер пайда болғаннан кейін мәтінді енгізуді бастауға болады.

Динамикалық байланысқан объектілерді басқару (мәтінмен және қисық) экранға Window/Dockers бір атаулы командалық меню арқылы шақырылатын Fil Text to Path тақтасының көмегімен іске асады. Place on other side (Басқа жағында орналастыру, Поместить на другой стороне) батырмасы мәтінді жиектің басқа жақ бойында орналастыруға арналған.

Символдар. Символдарды Webdings қарібін таңдап, Symbols and Special Characters/Символдар және арнайы белгілер докерін пайдаланып, суреттеме ретінде де, фон ретінде де, символ ретінде де қолдануға болады (ол Windows’98 құрамына кіреді).

Символ ретінде- Мәтін құралын, қою нүктесін орнатып, символға екі рет шерту қажет.

Сурет ретінде- оны докер терезесінен құжат терезесіне жылжыту керек.

Символдардан құралған өрнектерді – Докер менюінен Символдардан құралған өрнек немесе Символдар/ арнайы символдар мозакамен қосқышын орнату, өрнек элементтерінің арасындағы ара қашықтықты беру, символды блоктың сол жақ жоғарғы бұрышына немесе бетке жылжыту қажет:

  • Одан тышқанның оң жақ батырмасын басып, клондарды таңдау.

  • Одан кейін құюды, құрсауды, масштабтауды, орналасу тәртібін және т.б орындау.


Жаңа сабақты бекіту. Компьютерде жаңа тақырып бойынша тапсырма орындау

Бақылау сұрақтары

  1. CorelDraw-та мәтіндерді қандай түрлерге бөлу қабылданған?

  2. Фигуралық мәтін қалай құрылады?

  3. Қарапайым мәтін қалай құрылады?

  4. Қарапайым мәтіннің атрибуттары

  5. Фигуралық мәтіннің атрибуттары


Үйге тапсырма. Мәтін, мәтіндік блоктар құру



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Corel Draw - да м?тінмен ж?мыс

Автор: Калыкова Газиза Амаловна

Дата: 29.01.2016

Номер свидетельства: 284831


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства