Ма?саты: Inkscapeба?дарламасында ??рал-саймандар та?тасынан тікт?ртб?рыш ж?не форма ??ралдарын ?рт?рлі салада салып ?йрену.
Теориядан ?ыс?аша т?сініктеме.
Жо?арыда айт?андай Inkscape кескіндермен ж?мыс негізінен обьектілер болып табылады. Барлы? обектілерді ?ш категория?а болуге болады:?арапайымдылы?, сызы?ты? ж?не м?тіндік. Б?л – т?ртб?рыштар, эллипстер, к?пб?рыштар ж?не стандартты фигуралар.
Тікт?ртб?рыштар категориясына тек стандартты фигураларды ?ана ?з ?алауымызша ??растыру?а болады. 1 – суретте тікт?ртб?рыш класына жататын бірнеше кескін келтірілген.
1 – суретте тікб?рыштар тобына бірнеше кескіндерді? ?лгісі.
Тікб?рышты? сырт?ы т?ріне ?арап к?п жа?дайларда бас?а обьектілерден о?ай ажырату ?иыныра?. Егер сол обьектіге тыш?анны? батырмасымен басса? ?алып к?й ?атарында Rectangle on Layer 1 с?з шы?ады – б?дан сіз оны? тікб?рыш екендігіне сенімді болы?ыз.
Inkscape программасында барлы? ?арапайымдылы? с?йкес саймандарды? к?мегімен ??ралады. Тікб?рыштар Rectangle сайманны? к?мегімен т?р?ызылады. Rectangle батырмасын бас?ан кезде тыш?ан к?рсеткіші ай?ас сызы??а айналады. ?алып-к?й ?атарында?ы тыш?ан к?рсеткішін Rectangle ??ралына апарып диоганаль бойынша созу керек.Тыш?анмен жылжытып бол?аннан кейін оны? батырмасын жібергенде, экранда тікб?рышты? жан-жа?тарына жиектерін белгілеу ж?не орталы? маркері шы?ады. Ал ?алып-к?й ?атарына тікб?рыш тобына жататын обьекті белгіленеді деген хабарлама шы?ады.
Б?ліп алу жа?тауы дегеніміз экранда б?лініп алын?ан габариттер немесе бірнеше обьектілерді белгілейтін 8 маркерден (?ара ??йылмалы кішкене шаршы) ??рал?ан топ. Б?ліп алу жа?тауы ?исы? крестик т?рінде маркер ортасында орналасады.
Inkscape-да кез келген графикттік обьектіні ??ра?аннан кейін ол б?лініп алын?ан болып табылады ж?не оны? айналасында б?ліп алу жа?тауы пайда болады.
1. 30х35 ?лшемді тікб?рыш ??ры?ыз да, о?ан х0=25мм, у0=25 мм координаталарын салы?ыз.
2. Оны? 3 к?шірмесін алы?ыз да, келесі ?лгіде орналастыры?ыз: х1=25 мм, у1=55 мм, х2=55 мм, у2 =25 мм, х3=55 мм, у3 =25 мм;
3. ??ралын та?да?ыз. Сонда тікб?рышы?ыз жа?дайда болуы тиіс.
3. Тыш?анны? курсорын объектіні? бір б?рышына апарса?ыз к?йге келеді. Оны? ?стінен ?стап т?рып, т?мен ?арай тікб?рышты? ішкі жа?ына ?арай тартса?ыз к?йінен жа?дайына келеді.
4. Д?л осы т?ртіппен ?р тікб?рышты? б?рыштарыны? айналуын келтірі?із немесе та?ы бір жолы тікб?рыштарды жеке жеке ерекшелеп алып, мына суретте к?рсетіліп т?р?ан б?рыштарын 100 айналымдарын бері?із, сонда 11-суреттегідей бейне шы?ары?ыз. Егерде сіз объекті барлы? б?рышыны? айналу санын бірден 100 деп бергі?із келсе, ?р ?айсысына жеке жеке 100 санын бермей-а?, мына батырманы басса?ыз бол?аны, тек бір ?ана б?рыш?а 100 санын енгіссе?із бол?аны, барлы?ы да ?згереді.
4. ?рт?рлі тікб?рыштарды? та?дау б?рыштарыны? 0 немесе 100 айналуларын келтіріп, н?тижесінде келесі 12-суреттердегідей бейнелерді шы?ары?ыз.
Мақсаты: Inkscapeбағдарламасында құрал-саймандар тақтасынан тіктөртбұрыш және форма құралдарын әртүрлі салада салып үйрену.
Теориядан қысқаша түсініктеме.
Жоғарыда айтқандай Inkscape кескіндермен жұмыс негізінен обьектілер болып табылады. Барлық обектілерді үш категорияға болуге болады:қарапайымдылық, сызықтық және мәтіндік. Бұл – төртбұрыштар, эллипстер, көпбұрыштар және стандартты фигуралар.
Тіктөртбұрыштар категориясына тек стандартты фигураларды ғана өз қалауымызша құрастыруға болады. 1 – суретте тіктөртбұрыш класына жататын бірнеше кескін келтірілген.
1 – суретте тікбұрыштар тобына бірнеше кескіндердің үлгісі.
Тікбұрыштың сыртқы түріне қарап көп жағдайларда басқа обьектілерден оңай ажырату қиынырақ. Егер сол обьектіге тышқанның батырмасымен бассақ қалып күй қатарында Rectangle on Layer 1 сөз шығады – бұдан сіз оның тікбұрыш екендігіне сенімді болыңыз.
Inkscape программасында барлық қарапайымдылық сәйкес саймандардың көмегімен құралады. Тікбұрыштар Rectangle сайманның көмегімен тұрғызылады. Rectangle батырмасын басқан кезде тышқан көрсеткіші айқас сызыққа айналады. Қалып-күй қатарындағы тышқан көрсеткішін Rectangle құралына апарып диоганаль бойынша созу керек.Тышқанмен жылжытып болғаннан кейін оның батырмасын жібергенде, экранда тікбұрыштың жан-жақтарына жиектерін белгілеу және орталық маркері шығады. Ал қалып-күй қатарына тікбұрыш тобына жататын обьекті белгіленеді деген хабарлама шығады.
Бөліп алу жақтауы дегеніміз экранда бөлініп алынған габариттер немесе бірнеше обьектілерді белгілейтін 8 маркерден (қара құйылмалы кішкене шаршы) құралған топ. Бөліп алу жақтауы қисық крестик түрінде маркер ортасында орналасады.
Inkscape-да кез келген графикттік обьектіні құрағаннан кейін ол бөлініп алынған болып табылады және оның айналасында бөліп алу жақтауы пайда болады.
2-сурет Тіктөртбұрыштармен жұмыс жасаудағы атрибуттар құралы
Тіктөртбұрыштардың атрибуттар құралы (2-сурет) мына қасиеттерден тұрады: төртбұрыштың өлшемін, төртбұрыштың орналасуын, масштаб коэффиценттерін және т.б..бұл қасиеттер батырмаларды өзгертуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге онда обьектілермен жұмыс жасау батырмалары орналасқан (бұрау,айналық бейнелеу,бұрыштарды дөңгелектеу және т.б)
Объектінің еркін қозғалыспен орталықтан айналдыру жағдайын өзгертуден басқа, тышқанның көмегімен орталықтан айналдыру жағдайының нақты және дәл берілген мүмкіндері бар. Ол үшін 3-суретте көрсетілгендей «Өзгерту» (Преобразование) атрибуттар тақтасын көрсетіп қою қажет. 2-суретте және 3-суретте көрсетіліп тұрған атрибуттар тақталарының алып бара жатқан өзгешеліктері жоқ. Екеуіде сол тікбұрыш құралына тиісті. Бірақ «Өзгерту» тақтасы бізге сол тікбұрышты бейнені формасын өзгерту үшін қолданылады.
3-сурет. Өзгерту атрибуттар тақтасы
Бұл атрибуттар тақтасын іске қосу үшін Терезе (Окна) - Тақталар (Панели) - Өзгерту (Преобразование) бұйрықтарын орындап, қосамыз.
Бейнелерді құрып болғаннан кейін әрбір бөлек енгізілген бейнені топтастырып бір бейнеге келтіруге болады. Ол үшін әуелі батырмасы арқылы барлық құрастырылған бейнелерді ерекшелеп аласыз да, атрибуттар тақтасында орналасқан «Топтау» (Сгруппировать)батырмасын басасыз. Ал егерде тағы да өзгерістер енгізгіңіз келсе топтаудан алып тастай аласыз. Ол үшін батырмаларын қолданасыз:
1. Rectangle (тікбұрыш) құралын алыңыз да, тиісті формада тікбұрышты құрыңыз.
2. Квадратты құрыңыз
3. Тікбұрышты ортадан құру мүмкіндігін қолданып, төмендегідей (4-сурет) бейнені келтіріңіз.
4. Бейнені топтаңыз
2-жаттығу: «Такси» белгісі.
1. Белгілі бір өлшемде квадратты құрыңыз
2. Zoom(масштаб) құралын таңдаңыз да, салынған квадраттың үстінен басыңыз.
3. Pick(Таңдау) құралын таңдаңыз.
4. Салынған квадратты ерекшелеңіз.
5. Квадраттың көшірмесін алыңыз да, 4 рет көшірмені орналастырыңыз.
6. Қойылған 4 квадратты жеке жеке «таңдау» құралының көмегімен ұстап тұрыңыз да төмендегі 5-суреттегідей бейнені келтіріңіз
7. Бейнені топтаңыз
3-жаттығу: Өнеркәсіпті гүл.
1. 10х15 мм өлшемімен тікбұрышты құрыңыз
2. Объектінің үстінен 2 рет басып, айналу режиміне өтіңіз. Сол жағдайда күйге түседі.
3. Соның ортасында орналасқан орталықты ұстап алып, тікбұрыштың шамамен 7 мм жоғарғы жағына орналастырыңыз.(6-суретке қараңыз)
4. Соның 4 көшірмесін алып, 6.1 суреттегідей 4 объектіні айналу жағдайына апарып, орналастырыңыз да, келесі 7-суреттегі бейнені келтіріңіз.
4-жаттығу:Mitsubishi көлігінің маркасы
1. 12х10 мм өлшемді тікбұрышты құрыңыз.
2. Оны батырмасына ұстап тұрасыз да, 300 оң жаққа қарай еңкейтіңіз
3. Айналу орталығын объектінің жоғарғы оң жақ бұрышына орналастырыңыз (8-сурет)
4. Шыққан ромбының 2 көшірмесін алып, оларды 1200 және 2400 айналдырыңыз (9-сурет)
5. Шыққан марка бейнесін терезенің оң жағында орналасқан түстер палитрасынан қара
түсті таңдап бояңыз. Нәтижесінде 10-сурет шығарыңыз.
5-жаттығу:Өрнектер
1. 30х35 өлшемді тікбұрыш құрыңыз да, оған х0=25мм, у0=25 мм координаталарын салыңыз.
2. Оның 3 көшірмесін алыңыз да, келесі үлгіде орналастырыңыз: х1=25 мм,у1=55 мм,х2=55 мм,у2 =25 мм,х3=55 мм,у3 =25 мм;
3. құралын таңдаңыз. Сонда тікбұрышыңыз жағдайда болуы тиіс.
3. Тышқанның курсорын объектінің бір бұрышына апарсаңыз күйге келеді. Оның үстінен ұстап тұрып, төмен қарай тікбұрыштың ішкі жағына қарай тартсаңыз күйінен жағдайына келеді.
4. Дәл осы тәртіппен әр тікбұрыштың бұрыштарының айналуын келтіріңіз немесе тағы бір жолы тікбұрыштарды жеке жеке ерекшелеп алып, мына суретте көрсетіліп тұрған бұрыштарын 100 айналымдарын беріңіз, сонда 11-суреттегідей бейне шығарыңыз. Егерде сіз объекті барлық бұрышының айналу санын бірден 100 деп бергіңіз келсе, әр қайсысына жеке жеке 100 санын бермей-ақ, мына батырманы бассаңыз болғаны, тек бір ғана бұрышқа 100 санын енгіссеңіз болғаны, барлығы да өзгереді.
4. Әртүрлі тікбұрыштардың таңдау бұрыштарының 0 немесе 100 айналуларын келтіріп, нәтижесінде келесі 12-суреттердегідей бейнелерді шығарыңыз.