kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Безендіру. Баптау және көрсету. Презентацияға гиперсілтеме қою.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ MS Power Point бағдарламасында гиперсілтеме қоюға арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Безендіру. Баптау және көрсету. Презентацияға гиперсілтеме қою.»

Мектеп: Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Қарағанды «Жас ұлан» мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Советов Елдос Садетович




Сабақтың тақырыбы

Безендіру. Баптау және көрсету. Презентацияға гиперсілтеме қою.


Күні


Қатысушының саны

Қатыспағаны

Пән: информатика

Оқытудың мақсаты

Power Point бағдарламасында слайдты безендіруге, баптауға және көрсетуге дағдыланады. Практикалық жұмыс барысында гиперсілтеме қоюға қалыптасады.

Оқыту мақсаты/ күтілетін нәтижелер

Барлығы:

Көпшілігі:

Кейбіреулері:

Тілдік мақсат:

Айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым

Алдыңғы оқыту



Жоспар

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім мен оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру (2 минут)

1. 10 сынып оқушыларымен амандасып, түгендеу.

1. 2 топқа бөлу (сынып оқушыларын сапта тұрғанда әскери әдіс бойынша 1, 2-ге бөлеміз, сандары сәйкестер топқа бірігеді).

II. «Домино» әдісі (10 минут). Топтағы оқушылардың алдына карточкалар таратылады. Карточкалардың бір бөлігінде сұрақ, екіншісінде басқа сұрақтың жауабы болады. Ең алғашқысы х белгісімен басталады. Ондағы сұрақтың жауабын басқа карточкадан іздеп, дұрысын қасына қоямыз. Ары қарай екінші бөлігіндегі сұраққа жауап іздейміз. Осылайша сұрақтар мен жауаптар жалғаса отырып соңында қайтадан х шығады.

1 топқа таратылатын карточкадағы сұрақтар мен оның жауаптары:

  1. Презентация ұғымы қандай мағына береді?

  • Латынша praesento тапсырамын немесе ағыл.present – ұсыну

  1. Слайдтарда орналастыратын объектілерге нелер жатады?

  • Тақырып, мәтін, кесте, графикалық бейнеклиптер, дыбыс үзінділері, сызбалар жатады.

  1. Power Point менюінің құрамын ата.

  • Тақырып жолы, Стандарттық тақта, құрылым, форматтау тақтасы, тапсырмалар аймағы, қалып-күй жолы, сурет салу тақтасы

  1. Power Point бағдарламасын қалай іске қосамыз?

Пуск – Бағдарламалар – MS PP

  1. Power Point бағдарламасының кеңейтілімі қандай?

  • .ppt

  1. PowerPoint программасында безендірудің неше әдісі бар?

  • PowerPoint программасында 17 түрлі безендіру әдісі бар.

  1. Слайды толық экранда көрсету үшін қандай әрекеттер орындаймыз?

  • Показ слайда-с начало слайда немесе F5 батырмасын шертеміз.

  1. Слайдқа фонды қалай орнатамыз?

  • Дизайн - Фон - Заливка - Рисунок немесе текстура Файлдан жүктеу (файлды компьютердан жүктейміз.

  1. топқа қойылатын сұрақтар мен олардың жауаптары:

  1. Презентация дегеніміз не?

  • Өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну

  1. Слайд деп нені айтады?

  • Көзге көрінетін күрделі көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін кесте, графикалық бейнеклиптер дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады.

  1. Презентацияны өңдеу барысында қандай ұсыныстарды сақтау қажет?

  • Презентацияның мақсаты мен жалпы мазмұнын жан-жақты жоспарлау;

  • Әрбір слайд мазмұнды және есте қалатындай болып құрылуы қажет;

  • Слайдтағы ақпараттар қарапайым және мазмұнды болуы керек;

  • Слайдтарды безендіруде түстерді таңдау қажет;

  • Тыңдаушылардың назарын аударатындай анимациялық өтеулер, видеодыбыстар қолданылу ұсынылады.

  1. Power Point негізгі мүмкүндіктерін ата.

  • Microsoft PowerPoint – Microsoft Office-тiң құрамындағы презен­тация материалдарын дайындауға арналған программа

  1. Презентация құрудың тізібегін ата:

  • Слайдтың белгіленуін таңдау; Безендіру шаблонды таңдау; Анимациялық эффектілерді таңдау; Жаңа слайдты құру

  1. Слайдқа дыбысты қалай енгіземіз?

  • Вставка-Звук из файла-ашылған диалог терезесінен керекті әуенді таңдаймыз.

  1. Слайдқа анимацияны қалай енгіземіз?

  • Анимация мәзірін ашып, өзімзге керекті анимация түрін таңдаймыз.

  1. Презентацияны қалай сақтаймыз?

  • Файл - Сохранить как - Ашылған диалог терезесіне файлдың атауын береміз немесе Файл - Сохранить батырмасын шертеміз.

III. Жаңа сабақты түсіндіру: (10 минут) Microsoft Power Point бағдарламасында гиперсілтеме құру.
Интернет беттерінде керекті материал жазылған тізімнен сол жолды бассақ, ол туралы кеңінен ашыла қалады. Сол сияқты ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалды ойынды байқап жүрсеңдер, ұяшық таңдау туралы 1 кезеңі бар. Сол кезеңде таңдаған ұяшықты ашқан кезде автоматты түрде сұрақ, сәйкесінше дұрыс жауабы шыға қалады. Міне, бұның барлығы гиперсілтемелер арқылы жүзеге асады.

Гиперсілтемелер – Интернеттегі WEB-беттердегі сияқты презентацияда да қолданылады. Гиперсілтемеде шерту басқа слайдқа, басқа презентацияға немесе Интернеттегі WEB-бетке көшуді жүзеге асырады. Гиперсілтеме – парақ элементтерінің ортасында гиперсілтеме көрсетілген мәтінмен немесе суретпен, кейбір объектілермен немесе адрестермен байланыс жасайды.
Microsoft Power Point бағдарламасында гиперсілтеме жасаудың 2 тәсілі бар:
1. Вставка мәзірінен – Гиперссылка батырмасын басамыз.

2. Тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, контекстілік мәзірді шақырып, Гиперссылка ішкі менюін таңдаймыз немесе ашылған диалог терезесінен Местом в документе деп, кезекті өту слайдын таңдаймыз.Гиперсілтеме жасалды. 

Гиперсілтемені жасауда суреттер мен мәтін қолданылады. Гиперсілтеме мәтінінің кәдімгі мәтіннен айырмашылығы гипермәтіннің асты сызылып, басқа түске енеді және сол мәтін үстіне тышқан курсорын апарғанда курсор сұқ саусаққа айналады.


IV. Жеке жұмыс «Компьютерде практика» (20 минут).

3 практикалық жұмыс.

Гиперсілтемемен жұмыс.

  1. Microsoft Power Point бағдарламасын іске қос.

  2. «Бос презентация» командасын таңдаңыз.

  3. «Создать слайд» менюінен «Пустой слайд» слайдын таңдаңыз.

  4. Слайдтың «Надпись» сайманын пайдаланып «10» деген мәтін енгізіңіз, қатарына «20», астына «40», «60» сандарын енгізіңіз.

  5. Бұл сандарға «Times New Roman» шрифтін, 150 шрифт өлшемін, түсі «көк», «орта бойынша туралау» көркемдеуін пайдаланыңыз.

  6. Ары қарай слайдтарда «Times New Roman» шрифтін, 54 шрифт өлшемін пайдаланамыз. Екінші слайдқа «Power Point бағдарламасын қалай іске қосамыз?» мәтінін енгізіңіз.

  7. Үшінші слайдқа «Пуск – Бағдарламалар – MS PP» деп жауабын енгізіңіз және төменгі бөлігіне Вставка командасының Фигуры бөлігінен қойыңыз.

  8. Төртінші слайдқа «Power Point бағдарламасының кеңейтілімі қандай?» мәтінін енгізіңіз.

  9. Бесінші слайдқа «.ppt» деп жауабын енгізіңіз және төменгі бөлігіне Вставка командасының Фигуры бөлігінен қойыңыз.

  10. Алтыншы слайдқа «Презентация ұғымы қандай мағына береді?» мәтінін енгізіңіз.

  11. Жетінші слайдқа «ұсыну» деп жазыңыз және төменгі бөлігіне Вставка командасының Фигуры бөлігінен қойыңыз.

  12. Сегізінші слайдқа «PowerPoint программасында безендірудің неше әдісі бар?»

  13. Тоғызыншы слайдта «17» деп жазыңыз жазыңыз және төменгі бөлігіне Вставка командасының Фигуры бөлігінен қойыңыз.

  14. Слайдқа Дизайн қолданыңыз.

  15. Енді «10» санын басқанда сұрақ шығатындай, ал сұрақты басқанда жауабы шығатындай етіп гиперсілтеме қоямыз. Артқа қайту үшін таңбасын пайдаланамыз.

  16. Жұмыс үстеліне «Гиперсілтеме» деп сақтаймыз.

Жұмыс орындалған соң қатарындағы оқушы олардың жұмысын бағалайды.

Бағалау (2 минут).

Бағалау дискрепторы:

1. Сақталуы:

1 «Гиперсілтеме»деген атпен сақталған- 2

2 басқаша сақталған -1

3 Мүлде сақтамаған - 0

2. Безендірілудің сәйкестігі (шрифт, шрифт өлшемдері сақталған, дизайн дұрыс таңдалған, сұрақтар мен жауаптардың реттілігі дұрыс):

безендіру дұрыс -2

безендіру толық емес -1

безендіру мүлдем дұрыс емес - 0

3. Презентация құру тізбегінің дұрыстығы

Дұрыс сақталған – 2

Жартылай сақталған – 1

Мүлдем сақталмаған – 0

4. Презентация жасау ережелері сақталған:

Дұрыс сақталған – 2

Жартылай сақталған – 1

Мүлдем сақталмаған – 0

5. Гиперсілтеме дұрыс жұмыс жасайды:

Толық сипаттаған – 2

Жартылай сипаттаған – 1

Мүлдем сипаттамаған – 0

Бағалауы:

8-10 бал (жасыл)

5-7 бал (сары)

5-тен төмен (қызыл)

(Тапсырма бағдаршам арқылы бағаланады)

VI. Үйге тапсырма (1 мин) Жеке презентациялар құру бойынша шығармашылық жұмыстар жасауға ізденіп келу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Безендіру. Баптау және көрсету. Презентацияға гиперсілтеме қою.

Автор: Советов Елдос Садетович

Дата: 11.02.2017

Номер свидетельства: 390449


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства