Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, компьютерде практикалық жұмыс
Пәнаралық байланыс: Алгебра, геометрия, ағылшын.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырманы сұрау, қайталау сұрақтары
Жаңа сабақ
MS WORD – мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.
Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.
Жаңа құжат ашу
Жаңа құжат құрайтын мәтін жазу терезесін ашу үшін:
Файл менюінің Құру командасын таңдау қажет. Оның Жалпы (Общие) ішкі бетін таңдап алып, Жаңа құжат (Новый документ) белгісінде тышқанды екі рет шерту керек.
Жаңа нұсқа (шаблон) немесе шебер көмегімен құжат ашу үшін сол құжат типіне сәйкес ішкі парақты таңдап, қолданылатын нұсқа не шебер белгісіне курсорды алып барып тышқанды екі рет шерту керек. Келісім бойынша қабылданған нұсқа бойынша жаңа құжат ашу Жасау(Создать) батырмасын басу арқылы орындалады.
Басқа шаблонды құжаттар құру үшін, Файл –Құру командасын орындағанда ашылған терезеде қажетті құжаттың түрін, одан кейін үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап алып, тышқанды екі рет шертеміз.
Құжатты сақтау
Құжатты автоматты түрде сақтайтын уақыт аралығын өзгерту
Сервис менюінің Параметрлер командасын таңдап, оның Сақтау(Сохранение) атты ішкі бетін ашу керек.
Әрбір … минут сайын автоматты сақтау жалаушасын көтеріп (белгілеп) қою қажет
Минуттер жазылатынөріске есте сақтау жиілігіне тиіс сан енгізіледі, ол сан аз болған сайын кездейсоқ жағдайларда жоғалатын мәлімет көлемі азаяды.
Жұмыс соңында Файл – Сақтау командасын орындау немесе Сақтау батырмасын басу керек
Терезеде Windows жүйесінде кездесуге тиіс стандартты көптеген элементтер бар:
Қалып-күй немесе қалып жолы негізгі терезенің төменгі жағында орналасқан, оның сол жақ бөлігінде теріліп жатқан құжат жөнінде информация бейнеленеді.
ЗАП-микрокомандаларды жазу режимі іске қосылған екпінді күйде екенін көрсетеді;
ИСПР-түзетулерді белгілеу режимі екпінді күйде,олар құжаттың соңғы нұсқасына қандай өзгерістер енгізілетінін білдіреді;
ВДЛ-бұл режим ерекшелеу мөлшерін F8 арқылы кеңейтуге болатынын көрсетіп тұрады;
ЗАМ-символдарды ауыстыру режимі.
Көлденең орналасқан сызғыш арқылы тышқанмен абзац алдындағы жол басын,беттің сол жақ және оң жақ шеттерінде қалдырылуға тиіс бос орындар аумағын,мәтін аралықтарындағы кесте бағаналарының енін,көлденең табуляция позицияларын өзгертуге,олардың жаңа мәнін бекітуге болады.
Тік орналасқан сызғыш көмегімен беттің жоғарғы және төменгі жақтарында қалдырылатын бос орындар аумағын және де кестелер жолдары биіктігін өзгертуге болады.
Аспаптар тақтасы командалар мен іс-әрекеттерді жылдам орындау үшін ең ыңғайлы жағдай жасайды.
Стандартты және Форматтау әрекеттерін орындауға арналған аспаптар тақтасы.
Жұмыс аумағы бірнеше мәтіндік құжаттар қатар орналаса алатын терезелерден тұратын,ашық түске боялған терезенің негізгі элементі болып саналады.
Мәтіннің беттерін және абзацтарын рәсімдеу кезінде өрнектеу, түсін өзгерту т.б. түрлі әдістер қолданылады. Бұл жағдайда абзацты белгілеп, Разметка страницы – Границы страниц командасын таңдау керек. Экранда Границы и заливка (Шекаралар және құю) сұхбат терезесі ашылады.
Қарап шығу режимдерінің батырмалары:
-кәдімгі режим
-беттерді белгілеу режимі
-Құрылым режимі
Қатараралық интервалды қою үшін ФорматÞ Абзац командасы орындалып, ашылған терезеніңмеждустрочный өрісінде параметрлерді өзгертеміз.Қатараралық интервалдың бірлік, бір жарым, екілік, минимум немесе дәл деген түрлерінің бірі таңдалады.
Құжатты баспаға жіберу үшін:
1.ФАЙЛ ПРЕДВАРИТЕЛЬНЫЙ ПРОСМОТР
ФАЙЛ ПЕЧАТЬ
Мәтінді іздеу үшін:
батырмасына бір рет шертеміз немесе Өңдеу – Іздеу (Правка – Найти).
Практикалық жұмыс.
Компьютерден Word бағдарламасын қосыңдар.
Пернетақта индикаторын ауыстыру үшін қандай пернелерді пайдаланамыз?
Мәтінді Times New Roman шрифтімен, символ өлшемі 14, Абзацтық шегініс 0,7 см, жоларалық интервал – 1,5 алыңыздар. Құжатты «Ирби» атымен сақтаңыздар.
Компьютерден Word бағдарламасын қосыңдар.
Пернетақта индикаторын ауыстыру үшін қандай пернелерді пайдаланамыз?
Мәтінді Times New Roman шрифтімен, символ өлшемі 14, Абзацтық шегініс 0,7 см, жоларалық интервал – 1,5 алыңыздар. Құжатты «Ирби» атымен сақтаңыздар.
Ирби
Қысқы спорттық мереке кезінде Азиаданы қабылдайтын қалалар жалын мен мұз секілді сайыстың шынайы рухын білдіретін қызыл-көк түсті қарша түріндегі оның эмблемаларымен безендіріледі. Сонымен қатар қала көшелерінен ойынның бойтұмары болып табылатын Ирби есімді барысты көп кездестіруге болады. Барыс – мәнді әрі маңызды символ. Скифтердің мифологиясында барыс әділеттілік қорғаушысы ретінде бейнеленеді. Сондай-ақ, барыс – қазіргі тәуелсіз Қазақстанның символы.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма
Практикалық В деңгейіндегі жұмыстарды орындап келу.