kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бала денсаулы?ына компьютермен?аламторды? пайдасы мен зияны

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларда интернет туралы толы? ой ?алыптастыру?а, интернетті? адам денсаулы?ына тигізетін пайдасы мен зияны туралы о?ушыларды? к?здерін жеткізу. Б?л пікір-сайыс т?рінде ?тті.  пікірсайыс?а 10 сыныпты? о?ушылары ?атысты. Екі жа?ты даттаушы мен жа?таушы пікір таластырды. О?ушыларды? ?ызы?ушылы?ы арттыру?а арнал?ан

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бала денсаулы?ына компьютермен?аламторды? пайдасы мен зияны »

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №6 орта мектебі жанындағы интернат тәрбиешілері: Абдуллаева Салия Турганбаевна

Дәменова Айсұлу Қабылқызы

Сабақтың тақырыбы: Бала денсаулығына компьютерменғаламтордың

пайдасы мен зияны

Мақсаты:
Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық,

ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Сабақтың түрі: Пікір - сайыс
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар,

интерактивті тақта.

Жоспар:

І. Кіріспе сөз.

Компьютермен ғаламтордың пайдасы және бала денсаулығына зияны жайында.

ІІ.Негізгі бөлім

Пікірталас.

Пікірталас шарттары:

1.Компьютер мен ғаламтордың пайда болуы жайлы.(1 - жақтаушы, 2 - даттаушы) 3 - минуттан 6 минут.

Ғаламтор досымыз ба, әлде жауымыз ба? ( 1 - жақтаушы, 2 - даттаушы) 3 - минуттан 6 минут.

3. Спикерлердің қорытынды сөзі. (3 - жақтаушы, 3 - даттаушы) 5 минуттан 10 минут.

ІІІ. Қорытынды.

Медбике сөзі. Марапаттау.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Көптеген тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар екендігіне көздерін жеткізді. Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсаттарында да қолданыла береді. Қажетті құрылғылармен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады. Егер қызықты кино көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады. Оны фильмдер, клиптер, тіпті өзіңіз түсіріп цифрлы күйге түрлендірген бейнежазбаларды да көру мақсатында пайдалана аласыз. Жұмыс істеп тұрған компьютер өз айналасында толқын ұзындығы 1, 5 м болатын электромагниттік өріс құрайды, сол өріс аясына түскен адам зиянды сәуле әсеріне ұшырайды. Осындай сәулелердің тағы да басқа шығар көздері болып ұялы телефондар, микротолқынды пештер, теледидар және радиоқабылдағыштар саналады. Осындай құралдарды компьютер тұрған жұмыс бөлмесіне орналастырып, оларды пайдалану дұрыс емес, өйткені барлығының да адамға тигізетін әсері қосыла отырып, жалпы зияны артады. Ал олардың денсаулыққа тигізетін зиянды әсері радиация тәрізді бірте - бірте қосыла келе көбейіп отырады. Компьютер алдында ұзақ отырғанда, көбінесе оның адамның нерв жүйесіне әсер етуі басым болады. Ауру бірден басталмайды. Бірте - бірте шаршау сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы байқалады, басы айналады, әрі ауыра бастайды. Есте сақтау қабілеті нашарлап, өмірге деген қызығушылығы азаяды, жүрегі сыздап, жиі - жиі салқын тиіп, тәбеті де нашарлайды. Міне, біздің бүгінгі дебат сайысымыз бүгінгі күнде қарқындап дамып келе жатқан компьютердің, оқушылар арасында кеңінен қанат жайып кеткен агент төңірегінде болмақ.
Дебаттағы басты мақсат - бір мәселенің екі жағында қарастырып, бір қорытындыға келу. Ұрыс-керіс, сөз таластыру, қалайда жеңу емес. Әркім фактілермен өз пікірін жеткізсін. Сөз мақсаты жету емес пе еді? Ортақ мақсат осы болсын.Осы мақсатты негізге ала отырып, дебаттың ережесіне байланысты ӨЗ ҰСЫНЫСЫҢЫЗДЫ айта отырыңыздар.

Сөз кезегін бүгінгі сайыскерлерімізге береміз. Ендігі кезекте топ мүшелерімен таныстырып өтелік:
«Жақтаушы» тобының спикерлері:
1 Ақерке 10 «А»
2 Жанна10 «А»
3 Ақмерей10 «А»
«Даттаушы» тобының спикерлері:
1 Света 11 «А»
2 Айсұлу 10 «А»
3 Лиза 10 «А»

ІІ.1 «Жақтаушы» тобының спикері - Ақерке:

Армысыздар құрметті көрермен, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет» Ғаламтордың пайдасы өте зор. Алдымен Ғаламторға анықтама берейік. Ол бүкіл ғаламдық тор, бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір - бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Қазіргі уақытта кез келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі. Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану – алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай - ақ, электрондық почта өте қолайлы және аса қымбат емес.
Кез келген адам күніне 6 - 7 сағат уақытын компьютер алдында өткізеді Қалаңыз, қаламаңыз, бірақ компьютерсіз жұмыс бітіру әсте қиын. Халықтың ақылды машина мен ғаламторды меңгеруі жұмысты да жеңілдетеді. Алысқа бармай үйде отырып - ақ біраз шаруаны тындырасыз. Осыныескерсек, нықсеніммен «компьютер – біздіңайнымасдосымыз» деуімізгеболады.
Ғаламторұғымы ХХ ғасырдыңаяғындапайдаболса да, жүрдекпойыздыңжылдамдығынескесалатындайжеделқарқынменкеңқанатжайыпкеледі. Әйгілі Ер ТөстікертегісіндеТөстікжылсанапемес, ай санап, күнсанапөсіптідейтінжеріболатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуісияқтыдамыпотырғанбір сала болса, ол – бүкілғаламдықжелі – Ғаламтордепсанаредім.
Оныңөзішығутарихы да қызық. «1957 жылыКеңестерОдағыжасандыжерсерігінғарышқаұшырғансоң, АҚШ Қорғанысминистрлігі «егерсоғыс бола қалғанжағдайдаАмерикағасенімдіақпараталмасужүйесікерекболады» депесептеген. Ондайжүйені АҚШ - тыңОрталықбарлаубасқармасыныңқызметкерлеріойлаптапқандеседі. БұлмақсаттаЛос - Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағыуниверситеттергежәне Стэнфорд зерттеуорталығынакомпьютерлердібір - біріменжалғайтынжеліжасаутапсырылады. ARPANET депаталатынжоба 1969 жылы 29 қазандатөртмекеменіңкомпьютерлерін телефон арқылыбайланыстырады.
Содансоң ARPANET дамып - жетіліп, оны түрлі сала ғалымдарыпайдаланабастайды. 1983 жылыбұлатау «Ғаламтор» дегенұғымменалмастырылды». ҚазіргікездеҒаламтормен тек қанакомпьютерлікжелілерарқылыемес, соныменқатар, байланысспутниктері, радиосигналдар, кабельдіктеледидар, телефон, ұялыбайланыс, арнайыоптикалық - талшықтықжелілержәнеэлектржелілеріарқылы да байланысуғаболады.
БұлкүндеҒаламтортұрақтыпайдаланушылар саны бүкіләлембойынша 1, 5 млрд. адамнанасыпты. Бұл – жершарынмекендейтінхалықтыңтөрттенбірбөлігіғаламторигілігінөзкәдесінежаратудадегенсөз.

2-спикер Жанна: Ғаламтордың пайдасы
Шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.
Танымдық іс - әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады.
3-спикер Ақмерей:

Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ,әрине алға баспаймыз.Керісінше біртіндеп құлдырай береміз.Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек.Компьютерде отыру денсаулыққа зиян.Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Алда болатын ҰБТ-ға да интернет арқылы дайындалудамын. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор
Назарларыңызға рахмет.


ІІ.1 «Даттаушы» тобының спикері -Света:

Сәлем бердік қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет. Ғаламтордың пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда Ғаламтор әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық - коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.
Жаңа сен бір сөзіңде «компьютер – біздің айнымас досымыз» деуімізге болады деп айтып кеттің. Мүмкін дұрыс та шығар. Алайда, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, «ақылды машинаның алдында көп отыратын ересек адамдардың 92 пайызы жұмыс соңында өзін нашар сезініп, шаршап - шалдығады екен. Дәрігер мамандардың айтуынша, олардың денсаулығына зор нұқсан келеді. Дәрігерлер «адамзаттың басына түскен дерт пен қауіп - қатердің түп - төркіні компьютерде жатыр» деген тоқтамға келген. Рас, бүгінде жас та, кәрі де монитордан көз алмайды.
Біріншіден, компьютерден зардап шегетін адам ағзасының бір мүшесі – көз. Себебі, әрқилы түске еніп, жалт - жұлт жанатын монитор көзге үлкен күш салады. Екіншіден бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің ауыруы.
Бұрындары көбінесе монитор өте зиянды дейтін. Мамандар клавиатураның одан да қауіптірек екенін айтады. Себебі, клавиатурадағы төмен диапазоннан тарайтын электромагниттік сәулелер саусақ арқылы ағзаға әсер ететін көрінеді. Нәтижесінде, компьютермен көп жұмыс істеген адам жүйке ауруына ұшырайды. Және де компьютердің алдында көп отырғандар саусақ ауруларына да шалдығады.

Біздің қарсыластарымыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр.Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.


2-спикер Айсұлу:

Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі.Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына,адам психологиясына да әсер етеді.Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.
Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп, түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы.
Тыңдағандарыңызға рахмет.


3-спикер Лиза:

Сәлем бердік көрерменге! Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интенрнеттегі ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Онлайн ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар.Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.

Көрермендер пікірі:

  1. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;

  2. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;

  3. Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
    Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
    Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
    Қаржылық операциялар жасауға;
    «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype» т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады.

  4. Интернет – тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері.Толғандырған сауалдарыңның жауабын табасың.

  5. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.

(Көрермендерден дауыс жинау).

Жүргізуші:

  1. Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
    Табылғандай танымда,жат дауыста.
    Біреу озып келеді қатарынан,
    Біреу қалып жатады асығыста.
    Ойын толқын жатқанда асып,тасып,
    Біреу ығым,біреулер шалыс басып.
    Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
    Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып.
    Көрермен жиналған бұл тамашаға,
    Құр қарап жай отыру жараса ма?
    Туыс, досқа,сыныптас, танысқа емес
    Соқ қолыңды білімді таланттар.
    Ең алдымен сіздерге осы пікірсайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік.

Марапаттау.

І-орын. «Жақтаушы» -тобы

ІІ- орын. «Даттаушы»- тобыҚорытынды:«…Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында»” – деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтып өтті. Асыл тастан, өнер жастан-демекші, осылай жас-ұрпаққа интернетпен жұмыс жасауға, қажет мәселерін алуға жағдай жасалып отыр. Сондықтан қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді, интернеттен керек мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де болсын өте қажет, оның пайдасы өте зор, тек оны өз орнымен керек жағдайларда пайдалану керек дей отырып, бүгінгі пікір- сайысымызды жабық деп жариялаймыз.
Назар салып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!






















































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бала денсаулы?ына компьютермен?аламторды? пайдасы мен зияны

Автор: Абдуллаева Салия Турганбаевна, Д?менова Айс?лу ?абыл?ызы

Дата: 05.01.2015

Номер свидетельства: 150467


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства