Семинар-саба? б?л танымдылы?ты? белсенді бір т?рі болып табылады. Б?л саба?та о?ытушыны? жетекшілігімен о?ушылар ?рт?рлі білім ?айнар к?здері бойынша материалдарды о?ып, есептерді ?жымдасып талдап, шы?арып ж?не ?здік ж?мыстарын ба?алайды. Осындай белсенді саба?тарда о?ушыларда ?дебиеттермен ж?мыс жасау, шы?армашылы? ой ?абілеттері дамиды.
Семинарды? саба?тардын міндетті элементтеріні? бірі ?здігімен о?у н?тижесін ?жымдасып талдау болып табылады. Семинар консультация сия?ты о?у формасымен ты?ыз байланысты болып табылады.
Семинарды? негізгі функциялары:
О?ытушылы? – о?ылатын материалды ?здігімен талдау да?дыларын, теориялы? ж?не т?жірибелік с?ра?тарды белсенді талдауын ?алыптастырды, о?ушыларды? білімдерін ке?ейтіп, бекітеді.
Т?рбиелік – о?ушыларды? тал?ылау кезінде принципшілдігін ?алыптастырады, жеке ?асиеттерін ?алыптастыру?а ?рекет етеді.
Ба?ылаушы – о?ушыларды? саба??а ж?йелі т?рде дайындалу де?гейін, болаша? маманды?ына т?жірибелік дайынды?ын ж?не ?здігімен дайындалу сапасын ба?алау?а м?мкіндік береді.
Пән:Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құру технологиясы
2 бөлім. Сапалы бағдарламалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен технологиялық әдісі және өңдеу құралдары
Курс тақырыбы2.1 тақырып. Бағдарламаның циклінің құрылымы
Сабақтың тақырыбы: №5 Бағдарламалық қамтамасыздандырудың кіші және үлкен циклдері, бағдарламалық қамтамсыздандырудың бағалануы, бағдарламалық қамтамасыздандырудың базар ының өңдеу проблемалары және болжау тәсілдері.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру
Сабақтың түрі: Дәріс,семинар сабақ
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Базалық құзыреттілік
Пәннің жалпы сипаттамасы: техник-бағдарламашыны дайындау кезіндегі пәннің мақсаты, міндеті және қызметі мен орны. Басқа пәндермен байланысы. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың осы замандағы жағдайы.
Бағдарламалық қамтамасыздандыруды ұйымдастыру.
Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құру технологиясына қазіргі талаптар. Бағдарламалық қамамасыздандыруды құру талаптары мен бағдарламашының мүмкіндіктері. Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құру принциптері.
Кәсіптік құзыреттілік
Бағдарламалық қамтамасыздандыруды ұйымдастыра білу
Сабақ мақсаттары
оқытушылық
Бағдарламалық қамтамасыздандыруды ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру
тәрбиелік
Оқушыларды бір-біріне көмек көрсете білуге, компьютерлік мәдениеттілікке тәрбиелеу
дамытушылық
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білу қасиеттерін дамыту
Пәнаралық байланыс
Қамтамасыз ететін
Автоматтандрылған ақпараттық жүйелер
Курс тақырыбы: №1.2. ААЖ өмірлік циклі
Қамтамасыз етілетін
Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құру технологиясы
Курс тақырыбы 2.1 тақырып. Бағдарламаның циклінің құрылымы
Сабақтың жабдықталуы
Көрнекілік құралдар
Таратпа материалдар
Оқытудың техникалық құралдары
ДК
Әдебиет: негізгі
Яворский В.В., Томилова Н.И. Технология раработки программного обеспечения. Астана, «Фолиант», 2007 г.
Боровиков В.В. MS Access 2002. программирование и разработка баз данных и приложений. Москва, СОЛОН-Р. 2002 г.
Вендров А.М. Проектирование программного обеспечения экономических информационных систем: Учебник. М: Финансы и статистика, 2000 г.
Орлов С.А. Технологии разработки программного обеспечения. Питер, 2002 г.
Қосымша
Харитонова А. Самоучитель Office Access. Питер, 2004
Майк Гандерлой, Сьюзан Сейлз Харкинз. Автоматизация MS Access с помощью VBA. Издательский дом «Вильямс». Москва 2006
Сабақ мазмұны
Эле-мент №
Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар,
оқытудың әдістері мен тәсілдері
Қосымшалар, өзгерістер
1.
Ұйымдастыру (2 мин)
Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру
Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгендеу
Сабақтың мақсатымен таныстыру
2.
Үй тапсырмасын сұрау (20 мин)
Баяндама «Өмірлік цикл ұғымы»
Баяндама «Бағдарламалық өнімнің өмірлік циклы»
3.
Жаңа сабақ (40 мин)
Курс тақырыбы 2.1 тақырып. Бағдарламаның циклінің құрылымы
Сабақтың тақырыбы: №7 Бағдарламалық қамтамасыздандырудың кіші және үлкен циклдері, бағдарламалық қамтамсыздандырудың бағалануы, бағдарламалық қамтамасыздандырудың базар ының өңдеу проблемалары және болжау тәсілдері.
4.
Жаңа сабақты бекіту (10 мин)
бағдарламалық құралдар нарығының маркетингі, бағдарламалық өнімге қойылатын талаптардың спецификациясы қандай?
бағдарламалық өнімнің құрылымын жобалау кезеңінде не орындалады?
бағдарламалау (бағдарламалық кодты құру), тестілеу, қатесін түзеу (отладка) кезеңінің қызметі қандай?
бағдарламалық өнімнің құжатын жасау, эксплуатациялық және технологиялық құжаттарын дайындауды кім жүзеге асырады?
бағдарламалық құралды нарыққа шығару, бағдарламалық өнімнің кең таралуын жүзеге асыру қалай іске асады?
қолданушылардың бағдарламалық өнімді пайдалануы кезеңі дегеніміз не?
бағдарламалық өнімнің сүйемелдеулері (сопровождение) қалай пайда болады?
бағдарламалық өнімді сатылудан алып тастау, оның сүйемелдеуінен бас тарту не себепті болады?
5
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (6 мин)
6
Үйге тапсырма беру (2 мин)
Е.Ф Назаренко «Информационные технологии» 173 бет
Оқытушы __________А.Е.Амренова
Пән: Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құру технологиясы
Курс тақырыбы 2.1 тақырып. Бағдарламаның циклінің құрылымы
Сабақтың тақырыбы: №7 Бағдарламалық қамтамасыздандырудың кіші және үлкен циклдері, бағдарламалық қамтамсыздандырудың бағалануы, бағдарламалық қамтамасыздандырудың базар ының өңдеу проблемалары және болжау тәсілдері.
Өмірлік цикл ұғымы
Бағдарламалық өнімнің өмірлік циклы
Бағдарламалық өнімнің өмірлік циклы
Кез келген түрлі бағдарламалар өмірлік циклымен сипатталады. Өмірлік цикл келесі кезеңдерден тұрады:
бағдарламалық құралдар нарығының маркетингі, бағдарламалық өнімге қойылатын талаптардың спецификациясы
бағдарламалық өнімнің құжатын жасау, эксплуатациялық және технологиялық құжттарын дайындау
бағдарламалық құралды нарыққа шығару, бағдарламалық өнімнің кең таралуын жүзеге асыру
қолданушылардың бағдарламалық өнімді пайдалануы
бағдарламалық өнімнің сүйемелдеулері (сопровождение)
бағдарламалық өнімді сатылудан алып тастау, оның сүйемелдеуінен бас тарту
Бағдарламалық өнімнің өмірлік циклының кезеңдері
Бағдарламалық өнімнің маркетингі және спецификациясы - құрылатын бағдарламалық өнімге қойылатын талаптармен танысып, білуге арналған:
Бағдарламалық өнімдегі берілгенді өңдеу функцияларының қызметі мен құрамын анықтау;
Қолданушының бағдарламалық өніммен әрекеттесу сипатын, интерфейсінің (меню жүйесі, тышқан манипуляторын пайдалану, көрсетілетін көмек түрлерін (подсказки), экрандық құжат түрлері және т.б.) қандай болатынын қарастыру
Бағдарламалық өнімді жасауға қажетті техникалық және бағдарламалық құралдарды анықтау
Егер бағдарламалық өнім тапсырыс бойынша жасалмай, бағдарламық құралдар нарығына шығу үшін арналса, онда маркетинг толық көлемде жүргізіледі: бәсекелес бағдарламалық өнімдер мен аналогтар зерттеледі, бағдарламалық өнімге деген қолданушыларды сұраныстары жалпыландырылады, бағдарламалық өнім бағасы мен сатылу көлемі болжанады. Сондай-ақ, бағдарламалық өнімді жасауға қажетті материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды бағалау өте маңызды.
Егер бағдарламалық өнім белгілі бір тапсырыс берушіге арналып жасалатын болса, сол тапсырыс берушінің талаптарына мұқият қарап, танысу керек. Егер талаптарды қате түсінсе, бағдарламалық өнімді қолданған кезде дұрыс емес нәтижелер шығуы мүмкін.
Бағдарламалық өнімнің құрылымын жобалауда берілгендерді өңдеу процесінің алгоритмі, бағдарламалық өнімнің құрылымы (бағдарламалық модульдердің архитектурасы), берілгендер қорының құрылымы, бағдарламаны құру әдістері мен құралдары - бағдарламалау технологиясы жасалады.
Бағдарламалау, тестілеу және қатесін түзеу кезінде жобаланғанның барлығы таңдалған құрладардың көмегімен жүзеге асырылады.
Бағдарламалық өнімнің құжатын жасау, эксплуатациялық және технологиялық құжттарын дайындау этапы - міндетті түрде орындалуы қажет жұмыс болып табылады. Мұны көбінесе бағдарламалық өнімді жасаушының өзі емес, бағдарламалық өнімді кең таратумен және енгізумен байланысты жұмыс істейтін тұлға орындайды. Құжатта бағдарламалық өнімді орнату және оның сенімді жұмыс ісетуін қамтамасыз ету үшін қажетті мағлұматтар болуы тиіс. Бағдарламалық өнімнің кең таралуы үшін оның құжатының маңызы зор.
Бағдарламалық құралды нарыққа шығару, бағдарламалық өнімнің кең таралуын жүзеге асыру неғұрлым көп пайдаланушыларға сатуға негізделеді. Бұл кезең мүмкіндігінше қысқа болуы керек. Бағдарламалық өнімнің жылдам сатылуы үшін маркетингтің стандартты әдістері қолданылады: жарнама, дилерлік және дистрибьютерлік желілер, баға саясаты - иөмендетілген бағамен сату, сервистік қызмет көрсету және т.б.
Әдетте,бағдарламалық өнімді сатудың қиысығы төмендегідей болады:
Қолданушылардың бағдарламалық өнімді пайдалануы бағдарламалық өнімнің сүйемелдеулерімен (сопровождение) параллель жүреді. Бағдарламалық өнімді пайдалану кезінде пайда болған қателіктер жойылады.
Бағдарламалық өнімді сатылудан алып тастау, оның сүйемелдеуінен бас тарту, әдетте, келесі жағдайларда болады: өндіруші фирманың техникалық саясаты өзгерген кезде, бағдарламалық өнім жұмысының тиімсіздігі кезінде, онда түзелмейтін қателіктер табылса, оған деген сұраныс болмаса.
Әр түрлі бағдарламалық өнімдердің өмірлік циклы әр түрлі болады. Қазіргі кездегі бағдарламалық өнімдердің өмірлік циклы жылдармен (2-3 жыл) есептеледі.
Оқытушы: А.Е.Амренова
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК
СЕМИНАР-САБАҚ
Пән: «Бағдарламалау тілдері»пәнінен
: «Table, Query,DecisionQuery, StoredProc, DataSourse басқару элементтері.» тақырыбы
Дайындаған оқытушы: А.Е.Амренова
.
2015-2016 оқу жылы
Кіріспе
Семинар-сабақ бұл танымдылықтың белсенді бір түрі болып табылады. Бұл сабақта оқытушының жетекшілігімен оқушылар әртүрлі білім қайнар көздері бойынша материалдарды оқып, есептерді ұжымдасып талдап, шығарып және өздік жұмыстарын бағалайды. Осындай белсенді сабақтарда оқушыларда әдебиеттермен жұмыс жасау, шығармашылық ой қабілеттері дамиды.
Семинардың сабақтардын міндетті элементтерінің бірі өздігімен оқу нәтижесін ұжымдасып талдау болып табылады. Семинар консультация сияқты оқу формасымен тығыз байланысты болып табылады.
Семинардың негізгі функциялары:
Оқытушылық – оқылатын материалды өздігімен талдау дағдыларын, теориялық және тәжірибелік сұрақтарды белсенді талдауын қалыптастырды, оқушылардың білімдерін кеңейтіп, бекітеді.
Тәрбиелік – оқушылардың талқылау кезінде принципшілдігін қалыптастырады, жеке қасиеттерін қалыптастыруға әрекет етеді.
Бақылаушы – оқушылардың сабаққа жүйелі түрде дайындалу деңгейін, болашақ мамандығына тәжірибелік дайындығын және өздігімен дайындалу сапасын бағалауға мүмкіндік береді.
Оқушыларды тапсырмалармен таныстырып, талдау, түзетулер енгізу
Тапсырмаларды оқушыларға бекіту: жалпы, топтасып, жеке
Оқушылардың материалдарды дайындау, жинақтау
Оқушыларға консультация беру
Сабақты өткізу
Әдістемелік әзірленім
Семинар негізгі 3 кезеңге бөлінеді: оқытушының сөзі, жоспардың пунктерін талдау, жасаған жұмыстарына қорытынды жасау.
Сабақтың басында оқытушы тақырыпты айтып, оны оқу мақсатымен, оның курс тақырыбындағы маңыздылығымен таныстырады. Бұл бөлімге 4-5 минут уақыт беріледі.
Оқытушының сөзінен кейін басндама дайындаған оқушыларға сөз беріледі. Оқушылар баяндамашыға ескерту жасауға болмайды, себебі баяндама жасаған оқушы тақырып бойынша ақпараты мол.
Оқушылардың дайындығына байланысты келесі варианттарды қолдануға болады:
- сөзді нақты бір оқушыға беру
- қосымша тақырып бойынша өз еркімен сөз сөйлейтін оқушыларға сөз беру
- сабаққа белсенділік танытпаған оқушыларды әңгімеге тарту
Семинар оқытушының сөзімен аяқталады, онда оқытушы талдау нәтижесін, тақырыптың маңыздылығын, басқа тақырыптармен байланысы туралы айтып өтеді. Мұнда оқушыларды бағалауда ерекше назар аударылуы тиіс. Баяндама жасаған оқушылар олардың опоненттеріне, талдауда белсенділік танытқан оқушылар аталып өтеді.
Қорытынды
Берілген семинар-сабақ оқушыларды белсенділіктерін арттыруға, оқушылардың білімдерін объектілі бағалауға, оқушыларға ұжымдасып жұмыс жасауға, өз ойын жеткізе білуге тиімді.