ІІ. Мағынаны тану 23 мин 11 мин. 4 мин. 4 мин. Қорытынды 4 мин | 1-тапсырма. «А, Б, С» әдісі. Мәтіннен орфографиялық, пунктуациялық қателерді анықтап, түзетеді. Маңызды 2 ақпаратты анықтайды. Топтық жұмыс. Целиноград-Ақмола-Астана 1-топ: 1979 жыл. Ерлік осылай жасалды Мәскеу улан байтақ қазақ даласына көз алартуын еліміз тәуелсідік алғанша әр кез қойған емес. 1956 жылы КСРО ішкі істер министрі Казақстанда Шешен-ингуш автономиялық республикасын құру қажет деген ұсұныс жасапты. 1979 жылы КОКП комитетінің саяси бюросы Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Көкшетау облыстарынан жер алып, орталығы Ерейментау болатын Неміс автономиясын құру жөнінде құпия шешім қабылдады. 1979 жылғы 16 және 19 маусым күндері Целиноград қаласының Ленин атындағы орталық алаңына мыңдаған адам жиналып, қазақ жерінің бөлінбейтінін, ешқандай автономияға жол жоқ екенін батыл мәлімдеді. Компартия басшылығы шешімдерін өзгертуге мажбүр болды. Бұл Кеңес одағы дәурен сүрген ұзақ жылдарда коммунистік партия көсемдерінің алған бетінен алғаш рет қайтуы еді. Осындай ұлы ерлікті тың игеруге сырттан ағылғандар салдарынан үлесі 17 пайыздан аспайтын жағдайға жеткен целиноград қаласының қазақ жастары жасады. Киелі Ақмола - Қараөткел топырағында Алаш рухы тұңғыш рет жеңіске жетті. 2-топ: Халықтың ұлттық намысы оянды, ел тарихи қаһармандығын қайта тапты. Жер де жұрт та бәрі менікі деп келгендер сол жердің тарихи иесі кім екені туралы ойлануға мажбүр болды. Қазақ халқынын тарихи орны жайлы сөз қозғала бастады. КСРО секілді коммунистік қатал тәртіпке құрылған қаһарлы империяның шешіміне ашық қарсы шыққан қахармандық асып тасып болғандардың мысын басып, Одақ тарихында алғаш рет ұлттық намыс дегеннің не екенін паш етті. Бұл қазақ жастарының Ақмола топырағында жасалған Ұлы ерлігі еді!Ел тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы Целиноград қаласы мен облысы қайтадан байырғы атауымен Ақмола атанды. Жаңа астана 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің астананы алматыдан Ақмолаға көшіру туралы тарихи қаулысы қабалданды. Мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы жерді анықтау мақсатымен республиканың өңіріндегі қалалар егжей-тегжейлі зерттелді. 32 тұрғыдан жүргізілген талдау барлық нұсқаның ішінен ең дұрұсы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. 3-топ: Ол қаланың ел ортасында тиімді геосаяси орналасуымен, үрі көлік жолдарының қилысында тұруымен, қажеті көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылымдардың болуымен, келешекте астананы дамыту үшін бос жерлердің жеткілікті екендігімен негізделді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1997 жылғы 20 қазанда «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлық шығарды. Осы құжатқа сай Ақмола Қазақстанның астанасы құқығына 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ие болды. 1998 жылдың 6 мамырында Презедент Н.Ә. Назарбаев «ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы болып өзгертілгені туралы» жарлыққа қол қойды. Жаңа астананы әлемге таныстыру – ресми тұсаукесер той 1998 жылғы 10 маусымға тағайындалды. 2008 жылы 24 маусымдағы Заңмен 6- шілде – Астана күні, мемлекеттік мереке болып белгіленді. Дескриптор -Мәтіннен орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзетеді. -Мәтіннен маңызды 2 ақпаратты анықтайды. Қ/Б. «Тәтті таяқшалар» 2-тапсырма. «Жұмыс үстелі» әдісі. Мәтіннен термин, неологизмдерді табыңыздар. Жұптық жұмыс. Термин сөздер | | Неологизмдер | | Қ/Б. «Тәтті таяқшалар» 3-тапсырма. Оқулықтағы 10-тапсырма. Тілдік бағдарға сәйкес кестені толтыр. Жеке жұмыс. Қазақ тіліндегі термин сөздер: Халықаралық термин сөздер: 4-тапсырма. «С» кестесі. «Астана – тарихи мекен» дәлел келтіру. 3 сөйлем. Топтық жұмыс. Қ/Б. «Тәтті таяқшалар» | 1-тапсырма. Мәтінді түзету: 1-топ Целиноград-Ақмола-Астана 1979 жыл. Ерлік осылай жасалды. Мәскеу ұлан байтақ қазақ даласына көз алартуын еліміз тәуелсідік алғанша әр кез қойған емес. 1956 жылы КСРО ішкі істер министрі Қазақстанда Шешен-ингуш автономиялық республикасын құру қажет деген ұсыныс жасапты. 1979 жылы КОКП комитетінің саяси бюросы Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Көкшетау облыстарынан жер алып, орталығы Ерейментау болатын Неміс автономиясын құру жөнінде құпия шешім қабылдады. 1979 жылғы 16 және 19 маусым күндері Целиноград қаласының Ленин атындағы орталық алаңына мыңдаған адам жиналып, қазақ жерінің бөлінбейтінін, ешқандай автономияға жол жоқ екенін батыл мәлімдеді. Компартия басшылығы шешімдерін өзгертуге мәжбүр болды. Бұл Кеңес одағы дәурен сүрген ұзақ жылдарда коммунистік партия көсемдерінің алған бетінен алғаш рет қайтуы еді. Осындай ұлы ерлікті тың игеруге сырттан ағылғандар салдарынан үлесі 17 пайыздан аспайтын жағдайға жеткен Целиноград қаласының қазақ жастары жасады. Киелі Ақмола – Қараөткел топырағында Алаш рухы тұңғыш рет жеңіске жетті. 2-топ Халықтың ұлттық намысы оянды, ел тарихи қаһармандығын қайта тапты. Жер де, жұрт та, бәрі менікі деп келгендер сол жердің тарихи иесі кім екені туралы ойлануға мәжбүр болды. Қазақ халқының тарихи орны жайлы сөз қозғала бастады. КСРО секілді коммунистік қатал тәртіпке құрылған қаһарлы империяның шешіміне ашық қарсы шыққан қаһармандық асып-тасып болғандардың мысын басып, Одақ тарихында алғаш рет ұлттық намыс дегеннің не екенін паш етті. Бұл қазақ жастарының Ақмола топырағында жасалған Ұлы ерлігі еді! Ел тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы Целиноград қаласы мен облысы қайтадан байырғы атауымен Ақмола атанды. Жаңа астана 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы тарихи қаулысы қабалданды. Мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы жерді анықтау мақсатымен республиканың өңіріндегі қалалар егжей-тегжейлі зерттелді. 32 тұрғыдан жүргізілген талдау барлық нұсқаның ішінен ең дұрысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. 3-топ Ол қаланың ел ортасында тиімді геосаяси орналасуымен, ірі көлік жолдарының қиылысында тұруымен, қажетті көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылымдардың болуымен, келешекте астананы дамыту үшін бос жерлердің жеткілікті екендігімен негізделді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1997 жылғы 20 қазанда «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлық шығарды. Осы құжатқа сай Ақмола Қазақстанның астанасы құқығына 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ие болды. 1998 жылдың 6 мамырында Президент Н.Ә. Назарбаев «ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы болып өзгертілгені туралы» жарлыққа қол қойды. Жаңа астананы әлемге таныстыру – ресми тұсаукесер той 1998 жылғы 10 маусымға тағайындалды. 2008 жылы 24 маусымдағы Заңмен 6 шілде – Астана күні, мемлекеттік мереке болып белгіленді. Маңызды ақпарат: 1-топ: 1956 жылы КСРО ішкі істер министрі Қазақстанда Шешен-ингуш автономиялық республикасын құру қажет деген ұсыныс жасапты. 1979 жылы КОКП комитетінің саяси бюросы Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Көкшетау облыстарынан жер алып, орталығы Ерейментау болатын Неміс автономиясын құру жөнінде құпия шешім қабылдады. 1979 жылғы 16 және 19 маусым күндері Целиноград қаласының Ленин атындағы орталық алаңына мыңдаған адам жиналып, қазақ жерінің бөлінбейтінін, ешқандай автономияға жол жоқ екенін батыл мәлімдеді. 2-топ: Ел тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы Целиноград қаласы мен облысы қайтадан байырғы атауымен Ақмола атанды. Жаңа астана 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы тарихи қаулысы қабалданды. Мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы жерді анықтау мақсатымен республиканың өңіріндегі қалалар егжей-тегжейлі зерттелді. 32 тұрғыдан жүргізілген талдау барлық нұсқаның ішінен ең дұрысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. 3-топ: Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1997 жылғы 20 қазанда «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлық шығарды. Осы құжатқа сай Ақмола Қазақстанның астанасы құқығына 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ие болды. 1998 жылдың 6 мамырында Президент Н.Ә. Назарбаев «ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы болып өзгертілгені туралы» жарлыққа қол қойды. Жаңа астананы әлемге таныстыру – ресми тұсаукесер той 1998 жылғы 10 маусымға тағайындалды. 2-тапсырма. «Жұмыс үстелі» әдісі. Мәтіннен термин, неологизмдерді табыңыздар. Термин сөздер | КСРО, автономия, компартия, телекоммуникация, инфрақұрылым | Неологизмдер | телекоммуникация, инфрақұрылым | 3-тапсырма. Оқулықтағы 10-тапсырма. Тілдік бағдарға сәйкес кестені толтыр. Қазақ тіліндегі термин сөздер:баламалы Халықаралық термин сөздер:сюжет, глобус, логика, философия, экономика. 4-тапсырма. «С» кестесі. Астананың тарихи мекен екенін мен оның өткен ордалары арқылы және де осы кезге дейінгі даму сатысы нәтижесінде дәлелдеймін |