kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ. Тақырыбы: Excel-де диаграмма құру

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Excel электронды кестесінде диаграмма құру" тақырыбында ашық сабақ дайындамасы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ. Тақырыбы: Excel-де диаграмма құру»

Сабақтың тақырыбы: Excel электронды кестесінде диаграммаларды құру,

редакциялау және баспаға беру

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Excel электрондық кестесінде графикалық

объектілермен жұмыс жасауға, диаграмма

құра білу деңгейлерін тексеру. Диаграммада берілген

мәліметтерді салыстырып, талдау жасай білуге машықтандыру.

Дамытушылық:

Оқушының шығармашылық ойлауын дамытуға қолайлы жағдай

туғыза отырып, өзінің қызметіне талдау жасай білуге үйрету.

Ақпараттық технологиялармен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Тәрбиелілік:

Оқушыларды еңбекке, үнемділікке, ұқыптылыққа, өзін-өзі

бағалай білуге тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі:

Жабдықтар: Компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық проектор, сұрақтарға жауап, үлестірмелі қағаздар, диаграммалар.

Бағдарламалар: Microsoft Excel, Microsoft Power Point


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды сабаққа даярлау.

2. Зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1 Сұрақтарға жауап.


















2. Информатикалық диктант

Тақырыбы: «Ұяшық»

Ұяшық кестенің негізгі ұғымы, ұяшықта _________,__________, _________, жазылады. Ұяшықтар__________ мен ___________ қиылысында орналасады. Әр ұяшықтың өз адресі болады, адрес ___________ мен ________ тұрады. Мысалы:

В10 адресі____ бағанасы мен _____ жол қиылысында дегенді білдіреді.


3. Диаграмма дегеніміз не?

Диаграмма – кесте ішінде орналасқан сандық мәліметтерді көрнекі түрде бейнелеудің бір тәсілі. Кітап беттеріндегі кестелерге мәліметтерді енгізу және есептеу жұмыстары өте жеңіл іске асқанмен, оларды салыстыру, талдау қиынға түседі. Міне сондықтан диаграмма құрылады.

Диаграммалар мынадай элементтерден тұрады:

    1. тор

    2. тақырып- диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.

    3. аңыз- диаграммада берілген деректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі.

Excel бағдарламасында диаграмма құру өте жеңіл жүзеге асады. Ол үшін оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып, диаграммалар шеберін іске қосу жеткілікті. Бұл диаграммалар шебері біраз дайындық жұмыстарын жасайды

4. Диаграмманың түрлерін ата:

Диаграмманың түрлеріне:

Гистограммалар – мәліметтер жинағын салыстырмалы түрде көрсетуде ыңғайлы. Оларды жылдық көрсеткіштерді, өнімнің бірнеше жылдар бойына өндірілу деңгейімен салыстырмалы түрде сипаттауға пайдаланады.

Сызықты диаграмма – бұлда гистограмма сияқты, бірақ діңгек бағыты басқаша орналасқан. Гистограммадан айырмашылығы сызықты сатылық көрсеткіш (х-діңгегі) тігінен, ал мәндік көрсеткіш (У-діңгегі) көлденең орналасқан діңгектік сызық әсіресе салымтырмалы көрсеткіші үшін өте қолайлы.

Арада уақыт өткен сайын бет алыс бағытын анықтау үшін, мысалы ақша айналымындағы курстық ауытқуын бақылау үшін, салыстыру үшін, сызба диаграммалар қолайлы.

Айналма диаграммалар- тұтастық бөліктерді көрсететін сызбалар. Оларды пайдалану арқылы бүтіннің құрамдас бөліктері қандай үлес алатынын көруге болады. (мыс: барлық бюджет және оның баптары-бөлек, бөлек. Барлық инвестициялық портфель және оған енетін инвестициялар көлемі) айналма диаграмма тек бір ғана атаулы мәліметтер жинағын көрсетеді.

Нүктелік диаграммалар – статистикада кеңінен пайдаланады. Олар арқылы шашыраңқы мәліметтерді көрсетуге болады.

Мыс: белгілі бір тауардың күнделікті сатылуын талдау қажет болады, ал кей уақытта ол тіпті сатылмай қалады. Сондай кезде нүктелік диаграмма жасалады.

Салалы диаграмма – сызба түрі сияқты салалы диаграмма мәліметтердің кейбір уақыт ішіндегі өзгерісін білдіреді.Бұл диаграмма айналма диаграмма сияқты бүтіннің бөлшекке қатынасын көрсетеді.

Жапырақты диаграммалар – көбіне зат туралы түсінік алу қиын болған жағдайда қолданылады. Олар мәліметтердің нәтижелері әртүрлі болғандағы сәйкестікті көрсетуге арналады. Жүйеліліктің барлық тарауы бойынша берілетін мәліметтердің қатынасын, ара салмағын көрсетуге пайдаланылады.

Үстіңгі қабат диаграмма – бұл мәліметтер көлемі көп болғанда, әртүрлі ауыспалы өзара байланысты мәліметтерді көрсетуге пайдаланылады. Үстіңгі қабат диаграммалары жергілікті жердің бедерін көрсететін карта сияқты көлемді мәлімет жиынтығы үшін «биіктікті» немесе «ылдиды» көрсетеді.


ІІІ. Практикалық сабақ



№1. «Жаз салаты» тақырыбында, кестені толтырып, диаграмма тұрғызу.


Шикізат атауы

жалпы

таза

қалдық

1кг бағасы

Картоп

250

150

40

70

Сәбіз

143

100

30

80

Қызылша

285

180

37

60

Пияз

155

130

16

50

Өсімдік майы

100

100

-

300

Шығымы

933

 

 

 


№2. «Көкөніс салаты» тақырыбында кестені толтырып, диаграмма құрып, диаграмманы редакциялау.


Шикізат атауы

Өлшем бірлігі

Бір үлеске

40 үлеске

жалпы

таза

жалпы

таза

жалпы

таза

Картоп

266

200

38

28

1520

1120

Жас қияр

263

210

38

30

1520

1200

Жас қызанақ

235

200

34

28

1360

1120

Көк пияз

125

100

18

14

720

560

рмебұршақ

108

65

16

9

640

360

Жұмыртқа

3дана

120

1

17

40

680

Қаймақ

200

200

28

28

1120

1120

Шығымы

 

1000

 

154

 

 





Диаграмманы баспаға беру үшін.

Диаграмманы белгілеп. Файл – баспаға беру немесе батырмасын басамыз. Немесе Ctrl+P батырмаларын басу арқылы да баспаға беруге болады. Шыққан жанама терезеден ерекшеленген диапазон, беттің номері, неше дана екенін белгілеу. Содан кейін ок батырмасын басамыз.


















№3 тапсырма.

ІV. Бекіту

Семантикалық карта


Жолдар

Бағандар

Ұяшық

Диаграмма

Формула ұяшыққа қалай енгізіледі

=





+

Латын әріптерімен

+





Араб цифрларымен


+




Гистограмма.

Сызықтық.

Графиктік.

Жапырақтық.

Шөпіршікті.

Нүктелік




+


Жол мен бағанның қиылысуы



+









V. Сабақты қорытындылау және бағалау

Бүгінгі өткен сабағымызды қорытынды жасап, оқушыларды бағалау.

VI. Үйге тапсырма:

Ет тағамдарын пайдаланып жасалатын салаттың кестесін құру.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ. Тақырыбы: Excel-де диаграмма құру

Автор: Бапенова Жанила Оразбаевна

Дата: 06.06.2017

Номер свидетельства: 420662


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства