Білімділік: О?ушылар?а MS Word м?тіндік редакторымен ж?мыс жасау?а машы?тандыру.
Дамытушылы?: О?ушылар?а MS Word м?тіндік редакторы та?ырыбын т?сіндіре отырып, оларды? Word-ты іске ?осып, онда?ы элементтермен д?рыс ж?мыс істей алу да?дыларын дамыту.
Т?рбиелік: О?ушылар компьютермен ж?мыс істеу кезінде техникалы? ?ауіпсіздік ережесін са?тау?а, сыныпта тыныш отыру?а т?рбиелеу.
балалар ?йге ?андай тапсырма берілді? Сіздер ?ткен саба?тарда “М?тіндік а?паратты ??деу” тарауы бойынша “М?тіндік а?паратты компьютерде ??деу технодогиясы” деген та?ырыпты ?тті?іздер. Енді осы ?ткен та?ырыптары?ызды д?птерді ашып ?айталап алы?ыздар. ?азір осы та?ырып бойынша мен сіздерден тест ж?мысын аламын. (1-2 мин)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? та?ырыбы: "MS Word м?тіндік редакторы" »
Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы, Асықата кенті
«Жеңіс» мектеп – гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
информатика пәні мұғалімі
Қарсыбаева Ғалия Усербайқызы
Сабақтың тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға MS Word мәтіндік редакторымен жұмыс жасауға машықтандыру.
Дамытушылық: Оқушыларға MS Word мәтіндік редакторы тақырыбын түсіндіре отырып, олардың Word-ты іске қосып, ондағы элементтермен дұрыс жұмыс істей алу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылар компьютермен жүмыс істеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға, сыныпта тыныш отыруға тәрбиелеу.
Сабаққа дайындық. Сауалнама жүргізу. Тақырыбы: «Сен не үшін білім аласың?»
Оқушылар өзін – өзі бағалау парағы арқылы өздерін бағалайды.
Үй тапсырмасын тексеру
балалар үйге қандай тапсырма берілді? Сіздер өткен сабақтарда “Мәтіндік ақпаратты өңдеу” тарауы бойынша “Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технодогиясы” деген тақырыпты өттіңіздер. Енді осы өткен тақырыптарыңызды дәптерді ашып қайталап алыңыздар. Қазір осы тақырып бойынша мен сіздерден тест жұмысын аламын. (1-2 мин)
Тест тапсырмасы:
Компьютерлік алфавит симвлодарының қандай да болсын тізбегі не деп аталады?
Мәтін
Жазу
Жол
Мәтіндік редактор пайдаланылып жасалған, ішінде алфавиттік, сандық, симвлодардан басқа, графиктік объектілермен мәтінді пішімдеу туралы басқарушы ақпараты бар файлды не деп атаймыз?
Мәтін
Мәтіндік процессор
Мәтіндік құжат
Магниттік дискіде мәтіндік құжат құруға, оны өңдеуге, құжат пішімін өзгертуге, басып шығаруға және т.б. қолдданылатынқолданбалы программа.
Мәтіндік редактор
Мәтіндік құжат
Мәтіндік процессор
Мәтіндік құжаттардың қандай түрлерін білесің?
Кәдімгі
Кестелік
Программалық
Барлығы
Басқа мәтіндермен графикалық, бейнелік, дыбыстық ақпаратпен мағыналық байланысын қамтитын мәтінді не деп атайды?
Кәдімгі мәтін
Кестелік мәтін
Гипермәтін
симвлодардан не құралады?
Сөз
Сөйлем
Жазу
Қандай перненні басу арқылы абзацқа түсе аламыз?
Shift
Ctrl
Жол мен бағанның қиылысуы нәтижесінде пайда болған объект не деп аталады?
Баған
кесте
Ұяшық
Кәдімгі мәтін қандай объектілерден тұрады?
Символ
Сөз
Жол, абзац, бет
Аталғандардың барлығы
Мәтіннің түрлерін ата?
Символ
Қарапайым, кестелік, бағдарламалық
Жол, абзац, бет
Жауабы: А, С, А, D, C, A, B, C, D, В
ІІІ. Ассоциация. Бейнежазба арқылы
IV. Мағынаны танукезеңі. «Джигсо» әдісі бойынша жаңа сабақты меңгерту
Балалар бүгін біз сабағымызды «джигсо» әдісі бойынша меңгереміз. Бұл әдістің жаңашылдығы сол, әр топқа бүгінгі өтілетін жаңа материалдың үш бөлімі үлестіріледі. Әр топ белгілі бір уақытта өзара пікірлесіп берілген тапсырмаға қызу дайындалады. Дайындық уақыты тәмәмдалған соң, таратылған үш түсті стикер арқылы бөлініп жаңадан құралған үш топ айқындалады. Әр топ оқушылары өз орындарына жайғасып бүкіл тақырыпты қамтып талқылайды.
Үлестірілетін тапсырмалар:
1 – тапсырма
WORD— Windows үшін кең тараған мәтіндік процессор.
WORDпішімдеуді орыyдауды едәуір жеңілдететін, көптеген құралдардың көмегімен мәтінді өңдейтін бұрын көрмеген мүмкіндіктерді ұсынады.
MICROSOFT WORD ІСКЕ ҚОСУ
MICROSOFT WORD -ты іске қосу үшін келесі амалдардың тізбегін орындайды ПускПрограммы MICROSOFT WORD
MICROSOFT WORDіске қосылған кейін экранға құжаттың мәтінін бірден теруге болатын бос терезе ашылады.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ
Қүжаттың мәтінін терместен бұрын, WORDPAD-тағы сияқты каріпті, қаріп өлшемін, есептер панелінде пернетақта индекаторын бекіту қажет.
Мәтінді енгізген уақытта қатардың соңында пернесін басу қажет емес. пернесін абзац соңында көрінбейтін символ — абзац соңында маркерқою ұшін басу кажет.
7-сыныпта WORDPAD мәтіндік редактормен жұмыс аткарғанда, мәтінді сақтау және алдын ала құрылған мәтінді ашу операцияларын меңгердіңіз.
Өз мәтініңізді сақтау үшін мына тапсырмаларды орындаңыз:
1. Личная ФИО, (мұндағы ФИО сіздің аты-жөніңіз) атты өз қапшығыңызды құрыңыз.
2. Файл = Сохранить как (алғашқырет сақтау командасы) командасын орындап, осы қапшықта өзіңіздің мәтініңізді РОЗЫ-текст деген атпен сақтаңыз.
3. Сохранения документа диалог терезесінде Папка өрісінде айналдыру батырмасы бойынша шертіп, өз қапшығыңыздың атын таңдаңыз, Тип файла өрісінде Документ WORD бекітіңіз, Имя файла өрісіңде файлдың аты РОЗЫ-текст теріңіз.
4. Сохранить батырмасы бойынша шертіңіз.
Кейін біз барлық мысалдарды сіздің мәтініңіздің жеке үзінділерінде көрсететін боламыз және негізгі мәтінді бүлдіріп алмас үшін, жаттықтыру тапсырмаларын сақтамауға болады, оны сіз соңғы вариантта жеке бетте алуыңыз қажет болады.
2 – тапсырма
МӘТІНДІК ҚҰЖАТ БОЙЫНША ЖЫЛЖУ
Мәтіндік редакторда кұжат бойынша жылжу үшін WORDPAD сияқты меңзерді басқару пернелері және арнайы пернелер комбинациясы қолданылады.
Бұдан басқа, құжат бойынша жылжу үшін көлденең және тік айналдыру жолағын да қолдануға болады.
Айналдыру жолағында сырғытпа деп аталатын кішкене квадраттар болады.
Маус батырмасын сырғытпада шертіп, оны босатпастан, қажетті бағытта жылжу үшін сырғытпаны жоғары не төмен (оңға не солға) жылжытыңыз.
Егер сырғытпада маусты шертіп, оның батырмасын басып ұстап тұрса, онда экранда сіздің ауысатын беттің нөмірі көрсетілген кішкене терезеде пайда болады. Үлкен құжатпен жұмыс істеген кезде бұл әдіс құжаттың қажетті жерін жылдам тауып алуға мүмкіндік береді. Егер сізге құжаттың нақты бір бетіне ауысу қажет болса, онда пернесін басыңыз және пайда болған диалог терезесінде беттің нөмірін енгізіңіз.
Мәтінді енгізу кезінде сіз 7 сыныптан білетін WORDPAD мәтіндік редакторының әдістері қолданылады.
Егер сізге мәтінді өшіру не дұрыс терілмеген символды өшіру қажет болса, онда меңзердің сол жағында орналасқан мәтінді немесе символды өшіруге пернесі немесе меңзердің оң жағында орналасқан мәтінді немесе символды өшіруге пернелері қолданылады.
Мәтіндік редакторда мәтіннін үлкен блогын да өшіруге болады. Ол үшін өшірілуге тиіс блокты ерекшелейді. Мәтінді ерекшелегеннен кейін, пернесін басады (мәтіннің блогын ерекшелеу үшін, блоктың басында маустың батырмасын шертіп, оны босатпастан, блоктың соңына нұсқағышты жылжытады немесе пернесін
басып тұрып, меңзерді басқару пернелерін шертеді).
3 – тапсырма
МӘТІНДІ ЕРЕКШЕЛЕУ
Сіз 7-сыныптан білесіз: мәтінде кез келген операцияны орындау үшін оны ерекшелеп алу қажет. Мәтінді ерекшелеудің мынадай әдістері бар:
- Бір ғана сөзді белгідеу үшін, сол сөз бойынша маусты екі рет шертеміз.
- Бүкіл жолды белгіле үшін, бағыттаушы сызықты жолдың басына жылжытамыз да, маусты бір рет шертеміз.
- Сөйлемді белгілеу үшін, Ctrl пернесін басып тұрып, сөйлемнің кез келген жерінде маусты бір рет шертеміз.
- Абзацты белгілеу үшін, абзац бойынша маусты үш рет шертеміз.
- Бүкіл құжатты белгілеу үшін, Ctrl +А пернелерін басамыз немесе Правка = Выделить все командасын орындаймыз.
Құжаттың үлкен бір бөлігін белгілеу үшін, белгіленетін бөліктің басында маусты бір рет шертіп, Shift пернесін басьш тұрып, белгіленетін бөліктің соңында ауысамыз да маусты бір рет шертеміз. Shift пернесін босатамыз.
V. сергіту сәті
VI. Ой толғаныс
Не білдім?
Не білгім келеді?
Бағалау
Оқушылардың тапсырманы орындауы бойынша, сабаққа белсене қатысқаны бойынша және тесттен алған бағаларымен тиісті бағаларын қою арқылы өзара алған білімдеріне топ басшысы баға береді .
5 - 4 - 3 -
Қорытынды Осымен балалар біз бүгін MS Word мәтіндік редакторы тақырыбын өттік. Енді бүгінгі сабақ бойынша түсінбеген жерлеріңіз болса менен сұрап алуларыңызға болады. Жалпы бүгінгі сабақтан алған әсерін оқушылар рефлексия парағын толтыру арқылы береді
Үйге тапсырма:
Балалар үйге бүгінгі өткен тақырып 9.1 тақырыбы, 113 бет оқулықтан оқып келу Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!