kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба?: Та?ырыбы: Компьютерлік графика т?рлері. Векторлы? ж?не растрлы? графиктерді ??ру ж?не ??деу бойынша программмалары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Информатик   мен математика п?ндері бойынша кіріктірілген саба?.

Саба? та?ырыбы:  Компьютерлік графика т?рлері. Векторлы? ж?не растрлы? графиктерді ??ру ж?не ??деу бойынша программмалары. Графикалы? файлдарды? пішімі. Векторлы? графика. Векторлы? графиканы ??деу боййынша программасыны? интерфейсі.

Саба? ма?саты: Графикалы? а?параттар туралы ма?л?маттар бере отырып, ?р т?рлі сызбаларды  компьютер ар?ылы есептер шы?ара білуге т?селдіру.

Міндеттері:

  1. О?ушыларды компьютерлік  графика  ??ымымен таныстыра отырып, графиканы? т?рлері, редакторлары туралы білімдерін ?алыптастыру;
  2. О?ушыларды? компьютерлік графикамен ж?мыс істеу ?йрету ар?ылы теориялы? білімін, ой-?рісін, шапша? ойлау ?абілетін дамыту;
  3. О?ушыларды жан-жа?ты болу?а, техникалы? ??рыл?ыларды  пайдалану барысында ж?йелілікке  т?рбиелеу;

           Саба? т?рі: Кіріктірілген

К?рнекіліктер: интерактивті та?та, компьютер, тест ?аптамасы, к?рмелер, тапсырмалар, ба?алау пара?тары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?: Та?ырыбы: Компьютерлік графика т?рлері. Векторлы? ж?не растрлы? графиктерді ??ру ж?не ??деу бойынша программмалары»



58 жалпы білім беретін мектеп





Сабақтың тақырыбы:

Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программмалары. Графикалық файлдардың пішімі. Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі.



Пән иесі : Кадирова Ж.Б









Алматы 2014ж



7 б сыныбы 15.03.2014

Информатик мен математика пәндері бойынша кіріктірілген сабақ.

Сабақ тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программмалары. Графикалық файлдардың пішімі. Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу боййынша программасының интерфейсі.

Сабақ мақсаты: Графикалық ақпараттар туралы мағлұматтар бере отырып, әр түрлі сызбаларды компьютер арқылы есептер шығара білуге төселдіру.

Міндеттері:

  1. Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;

  2. Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

  3. Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;

Сабақ түрі: Кіріктірілген

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютер, тест қаптамасы, көрмелер, тапсырмалар, бағалау парақтары.

Жоспар:

1.Ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасына шолу

3.Жаңа сабақ

4.Есептер шығару

5.Тест тапсырмалары

6.Қорытынды,бағалау,үйге тапсырма беру

І. -Сәлеметсіздер ме ,балалар!Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйлеріңіз қалай?

Үй тапсырмасына(слайд №1)

  1. Кесте құру үшін қандай команданы орындаймыз?

  2. Баған дегеніміз не?

  3. Жол дегеніміз не ? Ол қалай бағытталған?

  4. Ұяшық дегеніміз не? Ұяшықтарды біріктіру үшін ....?

  5. Жаңа жол қосу үшін қолданылатын перне......?

  6. Кесте құру батырмасы қай қатарда орналасқан?

-Ендеше бір-бірімізге жақсы тілек тілеп, жақсы көңіл-күй сыйлайық! Бүгін біз математика және информатика пәндері бойынша алған білімдерімізді бір арнаға тоғыстырамыз.

Жаңа сабақ (слайд№2)

Компьютерлік графика әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:

Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы графиктерді символдық  режимде басып шығаратын. Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар – графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды.

Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі   түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т.б.  объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.

Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын  қарапайым программалық жабдықтарды  графикалық редакторлар деп атайды.

Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады.

Компьютерлік графиканың түрлері (слайд№3)



Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.

Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.



Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.

Математика пәнінің мұғалімі сөйлейді

ІҮ. Сабақты бекіту Есептер шығару





Ені 10 см болатын ұзындығы 24с м-ге тең тіктөртбұрыш берілген . Тіктөртбұрыштың ауданын ,периметрін табыңдар?

Ү. Қорытындылау.Тест тапсырмалары. (слайд №20-28) .

ҮІ. Оқушыларды бағалау.

ҮІІ.Үйге тапсырма беру.( слайд №5)

Тексерген _____________







Бағалау парағы



Аты-жөні

Үй тапсыр

масы

Шығарма

шылық саты

Есептер шығару


Тест

1






2






3






4






5






6






7






8






9






10






11






12






















7




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Автор: Кадирова Жанар Болатовна

Дата: 13.02.2016

Номер свидетельства: 292736


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства