Жаңа сабақ ХХІ ғасыр жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры. Қазіргі кезде компьютер адам өмірінің барлық саласында толық енгізілді. Сондықтан да келешек ұрпақтың, оқушылардың алдында тұрған ең негізгі міндеті — өмірге икемделгіш, заман ағымына сай ілесе алатын азамат болу. Соның бір жолы компьютер тілін үйрену болып табылады. Компьютерді білу –екінші сауаттылық. Мәтін теріліп және өңделіп болғаннан кейін пішімдеу, яғни рәсімдеуді өзгерту жүргізіледі. Пішімдеу – деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтады. Құжатқа пішімдеуді құжат құрғанға дейін де, сол сияқты одан кейін де жүргізуге болады. Пішімдеу әрекеттерін орындай отырып: әр түрлі қаріптерді пайдалануға; жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрістерін айқындауға; беттегі мәтінді туралауға болады. Пішімдеу панелі: — стиль — шрифт — шрифтің размері — жартылай қарайтылған — курсив — асты сызылған — ортасы бойынша туралау — оң жақ шеті бойынша туралау — оңжәне сол жақ шеті бойынша туралау — жолдарды нөмірлеу — маркер қою — солға шегініс жасау — оңға шегініс жасау —қаріп түсін таңдау Деңгейліктапсырмалар. Практикалық бөлім. Әр оқушыға тапсырмалар таратылады. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыға «Алтын барыс» суреті беріліп отырады. Компьютерге отырмастан бұрын электронды есептеуіш машиналарымен жұмыс кезіндегі ережелерге тоқталып, еске түсіреміз. А-деңгей: Берілген мәтінді тер және бірінші сөйлемнің бірінші сөзін жартылай қалыңдатып жаз, екінші сөйлемнің екінші сөзін курсивпен жаз және үшінші сөйлемнің үшінші сөзін астын сыз. Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру, жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылтпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде келеді.
В-деңгей: Мына мәтінді теріп жаз, «Пішімдеу» сөзін түрлі түсті етіп ерекшеле және екінші сөйлемнің шрифтінің түсін қызыл етіп өзгерт. Мәтінді оң жақ шеті бойынша турала! Пішімдеу – деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтады. Құжатқа пішімдеуді құжат құрғанға дейін де, сол сияқты одан кейінде жүргізуге болады. С-деңгей Мына мәтінді алдына «маркер» қойып, ортасы бойынша туралап, курсивпен теріп жаз. Алтын емле белбеу – алтын шапқан, әшекейленген белбеу. Берен белбеу – қымбат металдан жасалған белбеу. Гауһар кәмәр – гауһармен сәнденген белбеу Зер белбеу – алтынмен әшекейленген белбеу. Қамар белбеу – зерлі, әшекейлі белбеу. Сергіту сәті (Сөзжұмбақ шеші жіне жаттығу) Беркіту тапсырмасы: sin_kaz электрондық оқулығы №6 модульдің 5 және 6 тапсырмаларды орындау. |