Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?. Ба?андар»
«Бекітемін»
Мектеп директоры: А.Суранчиева
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
№33 Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебі
Тақырыбы:
Өткізген: информатика пәні мұғалімі
Сабирова Құндыз
Сынып: 6
2015-2016 оқу жылы
Сабирова Құндыз Турабековна
Сайрам ауданы
Ақбастау ауылы
№33 Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектеп
Сабақтың тақырыбы : Бағандар
Сабақтың мақсаты :
MS Word әртүрлі әртүрлі құралдарын қолдана отырып, мәтінді бірнеше бағанға рәсімдеуге үйрету;
оқушылардың шығармашылық қиялдарын дамыту.
Сабақтың типі: практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті
Көрнекілігі : үлесті
Білім мен біліктілік дағдыларына қойылатын талаптар :
оқушы білуі тиіс :
мәтінді баған түрінде орналастыруды,
процессордың баған жасаудағы мүмкіндігін,
дайын мәтінді баған,
баған бойынша орналастыру тәсілі мен мәтінді бағанға теруді
оқушы меңгеруі тиіс :
дайын мәтінді берілген бағандарға орналастыруды,
бағанның еннін өзгертуді,
мәтін пішімдеу өлшемдерін бағанға келтіруді,
баған бойынша жасалған құжат белгісіне мәтін теруді.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсатымен міндеттерін қою
Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақты еске түсіру мақсатында « Ғажайып шеңбер » сұрақ-жауап бөлімі жүргізіледі. Мұнда оқушыларға 8 сұрақ қойылады.
Сұрақтар:
Жанама мәзір деген не?
Қалып күй жолы не үшін керек?.
Мәтінді қалай түрлі түсті етуге болады?
Пішімдеу деген не?
Жолдар арасындағы қашықтықты қалай өзгертеміз?
Тізімнің түрлерін атаңдар.
Маркерленген тізімдегі маркердің түрін қалай өзгертеміз?
Нөмірленген тізімді баптауға бола ма?
Білімді өзектендіру
Мұғалім мысалдары негізінде көпбағанды мәтін жасаудағы процессор мүмкіндігін көрсетеді.Сабақтың тақырыбын, мақсаты жарияланады.
Жаңа тақырыпты оқып-ұйрену
Мұғалім оқушылар ынтасын тақырыптың күрделілігіне аударады. Көпбағанды мәтін жасау 6-сыныпта оқылатын тақырыптардың ішіндегі ең бір күрделісі болып табылады. Бұл тақырыпты өткенде мұғалімнен барлық сұрақтарды асықпай түсіндіру талап етіледі.
Бұл параграфта біз мәтінді бағандарға орналастыруды үйренеміз. Көпбағанды мәтіндерді сирек болса да кітаптар мен баспа құжаттапрывнан кездестіруге болады. Құжаттың абзацтары қысқа жолдардан болған жағдайда көпбағанды қолданған дұрыс. Мысалы, заттардың тізімнен немесе өлең мәтәнінен тұратын жолдарды еске алайық. Мұндай құжаттың оң жағы толтырылмай қалады да артық шығын болады
Мәтінді немесе оның бөліктерін бірнеше бағанға орналастыру үшін Бетті белгілеу(разметка страницы) - Бағандар батырмасын пайдаланады.
Алдын ала теріліп қойған мәтінді де бағандарға бөліп орналастыруға да, алдымен мәтіннің бағандарға бөлінуін тағайындап алып, одан кейін бағандарға мәтін теруге де болады.
Бағандардың мөлшерін бір-бірінен тәуелсіз Бетті белгілеу(разметка страницы)-Бағандар-Басқа бағандар бұйрығымен баптай аласыңдар.
Мәтіннің бағандарға бөлінуінен бас тарту үшін Бетті белгілеу(разметка страницы)-бұйрығында бір бағанды таңдау керек.
Глоссарий
Жаңа сабақты меңгере отырып кездескен жаңа сөздерді жазу.
Баған –
Бетті белгілеу –
Басқа бағандар-
Бекіту. «Жапырақтар сыбдыры»
1.Мыналардың қайсысын бірнеше бағанға орналастыруға болады:
а) әңгіме ә)өлең б)баяндама
2 .Бағандарды құрудың алғашқы кезеңдері:
а) мәтінді теру ә)бағанды құру бұйрығын таңдау
б) алдымен мәтінді теруге де, бағандарға бөлу бұйрығын да беруге болады
3.Бағандарды анықтауға болатын ең үлкен мәні:
а) 10 ә) 12 б)3
4.Мәтінді бағанға бөлу үшін қандай бұйрық орындалады:
а)Бетті белгілеу –Бағандар
ә) Бетті белгілеу – Бас тарту
б) Бетті белгілеу – Тізім
5.Бағандардың мөлшерін қалай баптауға болады:
а) Бетті белгілеу- — Бағандар
ә) Бетті белгілеу-Бағандар-Басқа тізімдер
б) Бетті белгілеу-Бағандар-Басқа бағандар
6.Мәтіннің бағандарға бөлінуінен бас тарту үшін:
а) Бетті белгілеу-Бағандар бұйрығынада бір бағанды таңдау керек
ә) Бетті белгілеу-Бағандар бұйрығынада екі бағанды таңдау керек
б) Бетті белгілеу-Бағандар бұйрығынада үш бағанды таңдау керек
Ал енді балалар, баған орнатып үйренеміз.
Ол үшін әркім өз Жұмыс үстелінен информатика – 6 кл папкасын ашып,
практика – 2 құжатын ашыңдар.
Тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
1.Өлеңді теріңдер.
2.Өлеңді көшіріңдер.
3.Өлеңнің түп нұсқасын екі бағанға орналастырыңдар.
4. Өлеңнің көшірмесін бөлгіңші бар үш бағанға орналастырыңдар.
5. Осы жағдайда көп бағанды мәтін пайдаланудың қажеттілігі жайлы тұжырым жасаңдар.
Қансонарда бүркітші шығады аңға Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға. Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет, Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға. Салаң етіп жолықса қайтқан ізі, Сағадан сымпың қағып із шалғанда. Бүркітші тау басында, қағушы ойда, Іздің бетін түзетіп аңдағанда. Томағасын тартқанда бір қырымнан, Қыран құс көзі көріп самғағанда. Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп, Қандыкөз қайқаң қағып шықса аспанға, Көре тұра қалады қашқан түлкі, Құтылмасын білген соң құр қашқанға. Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап, О да талас қылады шыбын жанға.
Сергіту сәті (1 мин):
1. Қауіпсіздік ережесіне сәйкес сергіту сәтін оқушылар орындарында отырып өткізеді.
2. Оқушыларды сергіту мақсатында көз жаттығулары жасалады. Жаттығуды жасау үшін бейнеролик қосылады.
В деңгейі
Өлеңді теріңдер.
Бұл мәтінді қанша бағанға бөлген тиімді екенін ойланыңдар.
Бағандарды қалыптастырғанда келесі бағанның қай жолдан басталатынын анықтаңдар. Келесі бағанды нақты осы жолдан бастаңдар.
Мәтінді төрт бағандарға бөліңдер.
Өлеңді әрлеңдер
Күз Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін, Салбыраңқы тартыпты жыртық киім. Енесіне иіртіп шуда жібін, Жас қатындар жыртылған жамайды үйін. Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен, Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен. Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы, Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кері байланыс.
Қорытындылау
Үйге тапсырма: Өткен айдың жаңалықтарын қамтыған мектеп газетін құрыңдар. Суреттер мен мәтінді бағандарға орналастыруды пайдаланыңдар.