Просмотр содержимого документа
«Алгортим ж?не оны? ат?арушылары»
Сыныбы: 6
Күні: Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Сапашева Елена Мәлікқызы
Сабақтың тақырыбы:
Ақпарат және оның атқарушылары
Сілтеме
Оқулық Информатика 6-сынып Е.А.Вьюшкова, Н.В.Прараскун, Б.Қ.Әбенов Астана «Арман-ПВ» 2014 жыл
Мақсаты:
Алгоритм және оның атқарушы командалары туралы түсінік беру;
Алгоритмнің жазылу жолдарын үйрету;
Алгоритмде есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Алгоритм туралы мағлұмат алады, мағынасын түсінеді;
Алгоритм командаларын қолдануды үйренеді;
Сөз түрінде сызықтық алгоритм құруды үйренеді;
Алгоритмнің қажеттілігін түсінеді.
Сабақтың түрі:
Аралас сабақ
Негізгі дереккөздер:
Оқулық, компьютер, интерактивті тақта, интернет материалдары, постерлер, слайдтар, стикерлер, таратпа материалдар, топ ережесі, бағалау дискрипторлары мен бағалау парағы
- Жағымды психологиялық ахуал туғызу;Тренинг «Өзімді сүйемін,өзгені сүйемін»
(Оқушылар алма ағашынан өздеріне ұнаған алмалардың суретін үзіп алады. Алған алмалардың түстері бойынша топқа бөлінеді. Алманың суретіне өздеріне деген ізгі-тілектерін жазып «орындалсын» деген ниетпен қоржынға салады. )
- Оқушыларды топқа бөлінеді (Алған алмалардың түстері бойынша топқа бөлінеді), топ мүшелерін сайлау, топ ережесін құру;
ІІ. Ой қозғау. (СТО стратегиясы, АКТ)
1-топ: Семантикалық карта (өткен тарулар бойынша семантикалық картаны толтырады)
2-топ: Тірек-символ әдісі (көрсетілген сөздер, суреттер,сандар бойынша сөйлейді)
, , , , ,
Құндылық , толықтық
Өңдеу
1642 ж.
4000 деталь
,
Электрондық лампалар
Кезеңдер.
Берілетін уақыт (40 мин)
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
ІІІ. Қызығушылықты ояту
Өздерінің күнделікті күн режимін ретімен жазу ұсынылады
Біздер күндегі күн режимімізді ретімен орындаймыз. Осындай реттелген амалдар тізбегін алгоритм дейміз
Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.
Өздерінің күн режимін жазады
Бірін-бірі тыңдайды, бағалайды, толықтырады
Жаңа сабақтың тақырыбын ашады
ІV. Мағынаны тану
Мәтінді оқу ұсынылады. Қосымша материал беріледі
Топтастыру стратегиясы
1-топқа: «Алгоритм туралы»,
2-топқа: «Алогритмнің жазылуы»
Тақырыпты топтасып оқып, талдайды, шешім қабылдайды
Түсінгендері бойынша постер жасап, баяндамашы қорғайды.
Есептер шығару
1-топ: «Ағаш отырғызу» алгоритмі
2-топ: «Сурет салу» алгоритмі
Берілген тапсырмаларды жеке дәптерлеріне орындайды
V. Сергіту сәті
«Портрет» тренинг ойыны. Топтағы оқушылар өздерінің портретін бастап саладыда, қалған топ мүшелері портретті толықтырады.
VІ. Ойтолғаныс
Кубизм стратегиясы
Алгоритм дегеніміз?
Алгоритмді күнделікті іс-әрекеттермен салыстыруға болама?
Алгоритмді өмірмен байланыстыра аламызба?
Алгоритм қалай, қашан шыққан?
Алгоритмге мысал айтыңыз.
Алгоритмге басқа қандай анықтама бере аласың?
Оқушылар қойылған сұрақтар бойынша салыстырады, байланыстырады, дәлелдейді, мысал келтіреді, қорытындылайды.
«Бағалау».
Бағалау парағына сабақ барсында смайликтер жапсырылады. Жинаған смайликтер санына байланысты бағалаймын.
Рефлексия
Рефлексия: «Менің үшбұрышым» ойыны арқылы
Нені түсіндім? -жасыл түс .
Нені түінбедім?-қызыл түс.
Сабақтың қай жері ұнады? Келесі сабақтың қалай өткенін
қалайсың?-сары түске жауап жазып үшбұрышқа іледі
Үйге тапсырма.
Оқушылар өз топтарына түскен ертегілер желісінің кішігірім алгоритмін жазып келеді. 1 – топқа: Толағай. 2 – топқа: Алтын сақа.
Берілген тақырып алгоритм құрып келеді.
Сақтау
Ақпараттың шындық қасиеті
Ада Лавлейс
Болашақ V буын
WinRar
Қауіпсіздік ережесі
Вирус
Дұрыс емес ақпарат
Чарьлз Бэббидж
ЭЕМ-нің ІІ буыны
1833жылы аналитикалық машина жасап шығарды
Өздігінен көбейетін зақымдаушы программа
Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді.
Мұрағатттаушы программа
Жартылай өткізгішті трнзисторлар қолданылды
Ылғал қолмен жұмыс істеуге болмайды
Қазақ хандығының 550 жылдығы кеңінен тойланып жатыр
Ақпараттық үдеріс
1843 жылы Бэббидж машинасына алғаш программа жазды
Жасанды интеллектісі бар компьютерлер
«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
Әл-Хорезмидің ұсынған тәсілін жатқаушыларды алгоритмдіктер деп, ал «алгоритм» ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған. Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын-ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді.
Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет-ретімен орындалуы. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Алгоритм командалары есеп шартына байланысты жай және құрама командалардан тұрады. Алгоритм құрылымы
Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.
1. Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуы – сызықтық алгоритм деп аталады.
Мысалы:
алг үй тапсырмасын орындау
басы
күнделікті алу, тиісті бетін ашу,
үй тапсырмасын анықтау
үй тапсырмасын орындау
күнделікті орнына қою
соңы
Алгоритм жазу жолдары
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын-ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:
1) сөздік формада;
2) алгоритмдік тілде;
3) графикалық;
4) программалау тілдеріндегі жазылуы.
Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі
Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі – кең таралған әдіс. Бұл – жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Онда кез-келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі ретімен орналысады. Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп аталады.Алгоритм блоктарының ішінде орындалатын іс-әрекеттің мазмұны жазылады. Блок схемада пайдаланатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір-бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады.