Негізгі идеялар | Атқарушы орындай алатын командалар жиынтығы алгоритм атқарушысының командалар жүйесі деп аталады. Алгоритмнің қасиеттері: түсініктілік, дискреттілік, анықтылық, нәтижелілік, жан-жақтылық. |
2 мин 5 мин 10 мин 10 мин | 1.Ұйымдастыру Оқушылардың сабаққа дайынды-ғын тексеру,олардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың мақсаты мен барысын түсіндіру. 2.Жаңа сабаққа кіріспе лекция. «Алогритм» ұғымы. Проблемлық ситуация: Мына интегралыдық функцияның х=3 болғандағы мәнін шығара алсыңдар ма ? (жоқ, біз ондайды өткен жоқпыз) Онда былай істеңдер: бұл таңбаны интеграл дейді. Мына нұсқауларды --- орындаңыздар. х-тың дәрежесіне 1 қосыңыз; осыны 3 ке бөліп, бөлшек етіп жазыңыз;х-тың орнына алдымен интеграл белгісінің үстінгі санын қойып 1-бөлшек етіп жазыңыз, х-тың орнына алдымен интеграл белгісінің санын жазып 2-бөлшек өрнек жазыңыз;1-бөлшектен 2-бөлшекті шегеріңіз; шыққан санды нәтиже ретінде жазыңыз; | х3 3 | Нәтиже 3 шықты. Мен айтқан нұсқаулар бойынша сіздер білмесеңіздер де жоғарғы математиканың есебін шығардыңыздар. Мен есептің алгоритмін айтып тұрдым, сіздер орындадыңыздар. «Иә-Жоқ» кестесінің үшінші бағанын толтыру. Алгоритм дегеніміз- берілген есептің шығару жолдарын реттелген амалдар түріне келтіру. Мысалдар келтіру... 2. Алгоритм қасиеттері айықындылық – алгоритмде жазалған әрбір әрекет анық, нақты, орындаушыға түсінікті әрі бірмәнді болуы керек (мыс: «айнымалыға нақты немесе бүтін сан беріңіз» деген жарлық дұрыс емес. Нақты мен бүтіннің бірін ғана көрсету керек); үзіктілік Алгоритмнің әрбір қадамы толық аяқталған әркеттен тұруы тиіс (мыс: «айнымалы мәнін есептеп алып оны жауап ретінде алыңыз» деген жарлықта екі қадам бірігіп кеткендіктен дұрыс емес. Дұрысы: айнымалы мәнін есептеңіз; шыққан нәтижені жауап ретінде алыңыз;) нәтижелік. Алгоритм белгілі бір уақытта есептің шешімін немесе «шешуі жоқ» деген нәтижені беруі тиіс (бұл қасиеті сақталмаса алгоритмді орындаушы «айналып» қалады) жалпылық. Бір алгоритм өзара ұқсас кез-келген есептерді шешуі тиіс. формалдылық. Орындаушы алгоритм мағанасын түсінбесе де әр жарлықты орындай отырып дұрыс нәтиже шығаратындай болу керек Бекіту . Екі топқа алгоритмдерді құрастыруға байланысты есептер беріледі. Топтан бір оқушы шығып қорғайды. /Қосымша -1/ Тапсырма Екі топқа тапсырма беріледі. Бір топ мектептегі еден жуушы апайдың атынан оқушыларға хат жазады. Екінші топ қыздың басындағы бантиктің атынан сол қызға айтқан сөзін монолог түрінде жазады. Тест «Иә-Жоқ» кестесінің төртінші бағанын толтыру. «Табыстылық көрсеткіші» Сабақты қорыту, бағаларды хабарлау | . Оқушылар мұғалім тапсырмасын орындайды х3 Оқушылар өздері мысал келтіреді.оның дұрыс бұрыстығы тексеріледі. Оқушылар кестені толтырады. Оқушылар топпен бірлесе жұмыс жасап,есепті шығарады.топ жетекшісі есептің шешімін қорғайтын оқушыны белгілейді. Оқушылар тест тапсырмаларын орындайды Топ басшылары топтық жұмыстардың «Бағалау парағы» мен «Бағалау кестесіне» сай және сабақ үстіндегі белсенділіктері бойынша табыстылық көрсеткішін хабарлайды. |