kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алгоритм және оның атқарушылары Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алгоритм және оның атқарушылары түсінігімен, түрлерімен, блок-схемасымен таныстыру. Алгоритмді жазу жолдарын үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алгоритм және оның атқарушылары Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар»

Пән: информатика

Сыныбы: 7 «ғ»

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушылары Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар

Сабақтың мақсаты: Алгоритм және оның атқарушылары түсінігімен, түрлерімен, блок-схемасымен таныстыру. Алгоритмді жазу жолдарын үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: алгоритм және оның атқарушылары ұғымымен таныстыру. Алгоритмнің жазу пішімі мен блок-схемалар құруды үйрету;

Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ақыл-ойларын дамыту;

Тәрбиелік: өздігінен тақырыпты меңгеріп, жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы

Оқыту формасы, технологиясы, әдістері: «ИНСЕРТ» әдісі, «Өзім үшін жазу» стратегиясы, жеке жұмыс, топтық жұмыс, Блум таксономиясы, интербелсенді әдіс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ноутбук, электронды оқулық, фломастерлер, смайликтер, бейнеролик


Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

- Психологиялық дайындық

- Топқа бөлу

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру – 10 мин.

ІІІ. Жаңа тақырыпты бекіту:

  • Логикалық тапсырмалар орындау – 7 мин.

  • Постер құру – 7 мин.

  • Компьютермен жұмыс – 10 мин.

  • Ашық тест – 2 мин.

IV. Қорытындылау – 2 мин.

V. Бағалау – 2 мин.

VI. Үйге тапсырма беру – 2 мин.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

  • Амандасу, танысу, түгендеу.

  • Компьютердің суреттерін таңдату арқылы сыныпты топқа бөлу. (Laptop - ноутбук, Desktop – дербес компьютер, Tablet - планшет );

  • сабақты бастауға жағдай жасау.


Сабақты «Бағалау парағы» бойынша топ көшбасшылары 5 балдық шкала бойынша бағалайды.

Критерий бойынша бағалау парағы


Оқушының

аты - жөні

Сабаққа қатысуы

Логикалық тапсырма

Постер құру

Компьютермен жұмыс

Тестпен жұмыс

Баға

3

4

5

3

4

5

3

4

5

3

4

5

3

4

5


1


















2


















3


















4


















5



















«5» - 20-17 балл «4» - 16-13 балл «3» - 12-9 балл

Топтың ережесі

1.Бір-бірімізді тыңдаймыз

2.Уақытты үнемдейміз

3.Топ мүшелерінің пікірімен санасамыз

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

«Іnsert» стратегиясы (тақырыптың мазмұнын ашу үшін қолданылады)

Интерактивті тақтада алгоритм ұғымы, сөзі бойынша түсініктерін жазғызу.

Алгоритм





Топтан бір-бір оқушыдан шығып, өз жауаптарын тақтаға жазады.

Интерактивті тақта, электрондық оқулық арқылы жаңа тақырып түсіндіріледі:

«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан.

Алгоритм – берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің қарапайым етіліп жазылуы. Басқаша айтқанда, алға қойған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды алгоритм дейміз.

Алгоритм кез келген іс-әрекет бұйрық деп аталады.

Алгоритм тек қана адамдарға ғана емес, роботтарға және компьютерлерге де жазылады.

Алгоритмді жүзеге асырушыны орындаушы деп атайды.

Кез келген алгоритм «Соңы» деген бұйрықпен бітеді. Берілген бұйрық алгоритмнің орындалғандығын білдіреді.

Мысалы:

Шайды дәмдеу алгоритмі:

  • Басы

  • Ыстық сумен шәйнекті шаю

  • Шәйнекке шай салу

  • Қайнаған су құю

  • 3-5 минут күту

  • Шайды шыныаяққа құю

  • Соңы

Бұл мысалдан байқағанымыздай кез келген алгоритмнің «Соңы» болады екен.

Алгоритмнің орындалу кестесі.

«Сөз жазу» алгоритмі.

Бұйрық нөмірі

Алгоритмнің бұйрығы

Бұйрықтың орындалу нәтижесі

1

Қаламды ал

Қалам қолда тұр

2

«Ана» сөзін жаз

«Ана» сөзі жазылды

3

Қаламды орнына қой

Қалам үстелге қойылады

4

Соңы

Алгоритм орындалды

 Енді, алгоритмнің жазылу формаларымен танысайық. Алгоритмді әртүрлі формада ұсынуға болады. Алгоритмнің жазылу формалары көбіне орындаушыға тәуелді болады.

Алгоритмнің мынадай формалары ұсынылады:

  • Сөздік формада

  • Графикалық

  • Алгоритмдік тілде

Жаңа біз алгоритмдер қарастырған болатынбыз. Осы қарастырған алгоритмдер қай формаға жатады деп ойлайсындар?

Алгоритмді ыңғайлы түсіну үшін графикалық әдіс қолданылады. Оны блок-сызба деп атайды.

Блок-сызбада әр іс-әрекет фигуралардың көмегімен сипатталады.


Блоктар кескіндемесі

Блоктар қызметі

1



Алгоритм басы

2



Алгоритм соңы

3



Есептеуіш әрекет

4



Мәліметтерді енгізу, мәліметтерді шығару

5





шарт


жоқ жоқ иә


Шартты тексеру

6



Байланыс бағытын көрсету


«Шайды дәмдеу» алгоритмінің блок-сызбасы:






















2-мысал. Екі санды қосу алгоритмі.

Берілген алгоритм кез келген екі сан үшін орындалады. Есептеу барысында алгоритмде берілгендерді және есептеу нәтижесін кез келген әріппен белгілейміз. Оны айнымалы деп атаймыз. Біздің мысалда а және b айнымалылармен белгілеп, ал алгоритм нәтижесін с айнымалысымен белгaілейміз.






Басы





а, b енгіз





С = a+b





С-ның нәтижесін есепте





Соңы





«Өзім үшін жазу» стратегиясы арқылы тақырыпшалар әр топқа бөлініп беріледі оқушылар өздеріне керекті анықтамалар мен формулаларды дәптеріне жазып алады.


Сабақты бекіту.


Топтық жұмыс.


Алгоритм тақырыбына арналған логикалық тапсырмалар орындау:

І топтың тапсырмасы.

Мына есепті шығарыңдар: Өзеннің жағасында қайығы бар шаруа, ал оның жанында қасқыр, ешкі және орамжапырақ тұр. Шаруа екінші жағалауға қасқырды, ешкіні, орамжапырақты алып өтуі қажет. Алайда қайыққа шаруадан басқа, не тек қасқыр, не тек ешкі, не тек орамжапырақ сияды. Барлығы зиян шекпейтіндей етіп, алгоритм құрыңдар.



2-топтың тапсырмасы:

Гарри Поттер ғажайып сусынды 6 литрлік ыдысқа қайнатты. Оны екі ыдысқа тең бөлу қажет болды. Егер қолында 5 литрлік және 2 литрлік бос шыны ыдыс болса, онда оны қалай екіге тең бөле алады?


3-топтың тапсырмасы:

Хвойн сарайы. В дөңгелегін қолдана отырып барлық дөңгелектерді А-дан С-ға орнын ауыстыру керек. Көлемі кішірек дөңгелекті үлкен дөңгелектің үстіне қоюға болады, ал керісінше қоюға болмайды.



Постер құрады, қорғайды. Топтық жұмыс.


Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.

1-тапсырма. Мына жұмыс түрлеріне сәйкес орындаушыларды жазыңдар. Табиғи және графикалық тілде алгоритмін құрыңдар:

1-топ: «Бағдаршамнан өту» алгоритмін сөздік формада және блок-сызба түрінде құру.

2-топ: «Бақшадан алма жинау» алгоритмін сөздік формада және блок-сызба түрінде құру.

3-топ: «Ағаш отырғызу» алгоритмін сөздік формада және блок-сызба түрінде құру.



Компьютермен жұмыс.

CAME LOGO программасында тапсырма орындау.

ЛОГО тілін оқушыларға алгоритмдеу негіздерін оқыту үшін пайдаланады. Бұл тілдің өзіне ғана тән өзгешелігі - «тасбақа» деп аталатын графикті қолданады.

Қолданылатын бұйрықтары:

Жоғары (вперед)

Төмен (назад)

Оңға (направа)

Солға (налево)

Бұйрықтың жанына қадам санын көрсету қажет. Тасбақаның қадамы өте кішкентай болады. Сондықтан 1,2, ... деп алмай, қадамды 10-нан жоғары көрсеткен ыңғайлы.

Мысалы. Тіктөртбұрыш құру алгоритмі:

 вперед 100
   налево 90
   вперед 100
   налево 90
   вперед 100
   налево 90
   вперед 100
   налево 90

Нәтижесінде шығатын сурет:

2-тапсырма:


Алгоритмді орындағанда не болатынын анықта және суретті аяқта:

Налево 90

Вперед 40

направо 90

вперед 50

направо 90

вперед 40

налево 90

вперед 40

направо 90

вперед 30

направо 90

вперед 30


3-тапсырма: Шегірткеге көмектес

Шегіртке орындай алатын командалар:

алдыға 3

артқа 2


Шегіртке 0 нүктесінен 5 нүктесіне баруы керек. Ол қандай алгоритм орындайды?








-5 -4 -3 -2 -1 0 1 2 3 4 5 6 7





Жауабы:

1. Алдыға 3

2. Артқа 2

3. алдыға 3

4. артқа 2

5. алдыға 3


Сабақты қорытындылау. (ашық тест орындау). Қазір тақтада сұрақтар жауаптарымен беріледі. Егер жауабымыз дұрыс болса, жасыл қағазды, қате болса сары қағазды көтеру керек.

  1. Алгоритм дегеніміз — …

мақсатқа жету үшін әрекеттердің тізбектеліп орындалуы.

  1. Алгоритм орындаушысы адам бола алмайды.

  2. Кез келген алгоритмнің соңы болады.

  3. Блок-сызбада мәліметтерді енгізіп, шығару фигурасы: ромб.

  4. Блок-сызбада алгоритмнің басы мен соңы берілетін фигура: эллипс.


Бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейі бағалау парағындағы ұпайлар саны арқылы бағаланады.

Үйге тапсырма беру:


  • «Алгоритм және оның атқарушылары. Блок-сызба» тақырыбын оқу.

  • РОБОТ ПОРТРЕТІ алгоритмінде сурет пайда болатындай бұйрықтарды жаз.


























































































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Алгоритм және оның атқарушылары Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар

Автор: Мавлитаева Гульназ Айткалиевна

Дата: 29.10.2016

Номер свидетельства: 353137


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства