kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алгоритм ??ымы,алгоритмні? график т?рінде жазылуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алгоритм атауы ата?ты араб математигі ?л-Хорезми есіміні?  латынша Algorithmi болып жазылуынан шы??ан. ?л-Хорезми санауды? онды? ж?йесінде к?порынды сандар мен арифметикалы? амалдарды? орындалу ережесін ?сын?ан.Алгоритм – берілген есепті? шы?ару жолын реттелген амалдар (командалар) тізбегі т?ріне келтіру.Алгоритмді компьютерде орындау ?шін оны программа т?рінде жазып шы?у керек.Программа дегеніміз командалар тізбегі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алгоритм ??ымы,алгоритмні? график т?рінде жазылуы»

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ

Тақырыбы: Алгоритм ұғымы.

Күтілетін нәтиже:

Білімдік

Жаңа білім

  • Алгоритм терминін таниды.

  • Алгоритм жазу жолдарын үлкен екі категорияға жатқызады.

Жаңа түсінік

  • Алгоритмді графикалық түрде жазудың кейбір элементтерін айырып таниды.

  • Алгоритмді орындау мысалын келтіреді.

Құзырлылық

Қолданым әрекеті

  • Қатесі бар алгоритмдерді өзгертеді.

  • Алгоритм ұғымына сәйкес келетін жағдайларды көрсетеді.

Талдау әрекеті

  • Логикалық есептерді шешуде алгоритм ұғымының рөлін ерекшелейді.

Шығармашылық әрекет

Ғылымда және тұрмыста маңызы бар мәселелерді шешу арқылы алгоритм ұғымын толығымен түйіндейді.

Құндылық

Бағамдау әрекеті

  • Өмір алгоритмдерден тұратындығының түсіндірмесін береді.

  • Математикадағы есеп шығару ережелері мен алгоритмдер арасындағы байланысты анықтайды.

Сабақ құрылымы:


І. Ақпарат алмасу (15 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (3 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).

Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру

Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті, топтық

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:


  • Жаңа терминологиямен таныстыру

  • Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды көрсету

  • Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру

Негізгі ұғымдар мен терминдер:


• Алгоритм, программа, блок-схема, алгоритмнің сөз түріндежазылуы, алгоритмнің график түрінде жазылуы

Оқушыда дағды қалыптастыру:


  • Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

  • Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

  • Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау

Ақпарат көздері:


1. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.

2. В.Федосеева, Ю.Базанова. Алгоримты в нашей жизни. Ақпарат көзі: http://900igr.net/kartinki/informatika/Algoritmy/048-Algoritmy-v-nashej-zhizni.html

3. Алгоритм и его свойства. Ақпарат көзі: school.baltinform.ru/files/3/documents_28420_file.ppt

4. С. Яковлев. Что такое алгоритм.... Ақпарат көзі: http://school10-rasskazovo.narod.ru/INFO/site-alg/algoritm.htm

Оқушы жетістігін бағалау:


  • Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.

Үй тапсырмасы:


• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы

Анықтамаларды жаттау, өмірде кездесетін 2 алгоритм мысалын және математикада қолданатын 1 алгоритм мысалын келтіру.


• Бонус-балл тапсырмасы

Биология, география пәндеріде кездесетін алгоритм мысалдарын келтіру

САБАҚ БЛОКТАРЫ


і. аҚПАРАТ алмасу


Тақырып жоспары:

  1. “Алгоритм” терминінің анықтамасы, шығу тарихы

  2. Алгоримді күнделікті өмірде қолдану, мысалдар

  3. Алгоритмді жазу жолдарына қысқаша шолу

  4. Алгоритмді информатика, математика және логикалық есептерді шешуде қолдану, мысалдар

Слайдтар:

1-слайд Алгоритм дегеніміз не?

Алгоритм дегеніміз реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі.



2-слайд “Алгоритм” сөзінің пайда болу тарихы

  • Алгоритм атауы атақты араб математигі

Әл-Хорезми есімінің латынша Algorithmi болып жазылуынан шыққан.

  • Әл-Хорезми санаудың ондық жүйесінде көпорынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған.

  • Әл-Хорезми (763-850 жж.)



3-слайд Күнделікті өмірдегі алгоритм мысалдары

  • Техника құралдарын қолдануға арналған инструкциялар

  • Тағам дайындауға арналған рецепттер

  • Ойын ережелері және т. б.

4-слайд “Мектепке жиналу” алгоритмі




5-слайд “Кілемді тазалау” алгоритміне жетпейтін командаларды ретпен қой

Керекті сөздер:

Кілемді тазалау, Шаңсорғышты алу, Шаңсорғышты қосу, Шаңсорғышты орнына қою, Шаңсорғышты өшіру

Керекті сөздер:

Кілемді тазалау, Шаңсорғышты алу, Шаңсорғышты қосу, Шаңсорғышты орнына қою, Шаңсорғышты өшіру



6-слайд Тапсырма жауаптары




7-слайд Алгоритм жазу жолдары

  • Алгоритмнің график түріндегі кескінделуі блок-схема деп аталады.

8-слайд «Мектепке жиналу» алгоритмі

График түрінде кескінделген алгоритм

Сөз түрінде жазылған алгоритм


  1. Басы

  2. Ояну

  3. Төсектен тұру

  4. Жуыну

  5. Киіну

  6. Таңғы ас ішу

  7. Портфельді жинау

  8. Соңы



9-слайд Кейбір блок-схема элементтері

Алгоритмнің басы мен аяғын көрсетеді.


Процесстерді белгілеу үшін қолданылады. Мысалы, математикалық өрнектерді есептеу.


10-слайд Информатика мен математикада алгоритм ұғымының қолданылуы

  • Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар (командалар) тізбегі түріне келтіру

  • Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.

  • Программа дегеніміз командалар тізбегі.


11-слайд Математикадағы алгоритмдер

Квадрат теңдеу шешу алгоритімі

  • Фигуралардың ауданын, көлемін табу алгоритмдері

  • Бөлшек сандарға амалдар қолдану алгоритмдері, т. б.


12-слайд Есеп. Өзеннің арғы жағалауына өту

Екі адам ғана сиятын қайық өзен жағалауында тұр. Осы жағалауға екі саяхатшы мен екі қарақшы келді. Қарақшылар саяхатшыларды шабуылдауға батылдары жетпеді. Алайда, егер жағалауда бір саяхатшы және екі қарақшы қалса, онда олар саяхатшыны шабуылдайды. Саяхатшылар мен қарақшылар өзеннің арғы бетіне аман жетуі үшін не істеулері керек?

Белгілеулер: С1 – бірінші саяхатшы;

С2 – екінші саяхатшы;

Қ1 – бірінші қарақшы;

Қ2 – екінші қарақшы;


13-слайд


14-слайд

  • Алгоритмдер барлық сабақтарда қолданылады.

  • Өмірде де барлық жерде бізді қоршаған – алгоритмдер.

  • Өмірдің өзі – жеке бір алгоритм.

  • Алгоритмдер жайлы түсінігіміздің бар болса да, жоқ болса да, өмір алгоритмге сүйене отырып жалғасады.


іі. алғашқы бекіту


Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

“Алгоритм” терминінің анықтамасы, шығу тарихы

Алгоримді күнделікті өмірде қолдану, мысалдар

Алгоритмді жазу жолдарына қысқаша шолу


Алгоритмді информатика, математика және логикалық есептерді шешуде қолдану, мысалдар

Алгоритм дегеніміз реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі.

Алгоритм атауы атақты араб математигі Әл-Хорезми есімінің латынша Algorithmi болып жазылуынан шыққан.

Өмірде де барлық жерде бізді қоршаған – алгоритмдер.

Алгоритмдер барлық сабақтарда қолданылады.


Алгоритмнің негізгі екі жазылу жолы бар: сөз түрінде және графикалық.

Алгоритмнің график түріндегі кескінделуі блок-схема деп аталады.



Квадрат теңдеу шешу алгоритімі, фигуралардың ауданын, көлемін табу алгоритмдері, бөлшек сандарға амалдар қолдану алгоритмдері және т. б. мысалдар математика есептерін шешуде алгоритмдер қажет екенін көрсетеді.

Информатикадағы алгоритм ұғымы программа ұғымымен тікелей байланысты.

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.


Қорытынды:___________________________________________________________


ііі. құзырлылық қалыптастыру


Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Алгоритм дегеніміз:

  1. орындаушы жүзеге асыратын командалар тізбегі;

  2. орындаушының командалар жүйесі;

  3. математикалық модель;

  4. ақпараттық модель;

  1. Алгоритм жазудың қандай түрлері бар?

  2. Блок-схема алгоритм жазу жолдарының қай түрін көрсетеді?

  3. Процессті белгілейтін блок-схема элементін сыз.

  4. Алгоритмнің басы мен аяғын көрсету үшін қолданылатын блок-схема элементін сыз.

  5. Сызықшалардан тұратын алгоритмді қолданып, суретті сал. Сенде қандай сурет шықты?(1 сызықша 1 тор көздік қадамға сәйкес келеді )



ІІ деңгей тапсырмалары

  1. “Қонаққа бару” алгоритіміндегі қатені тап:

  1. Үйден шығу.

  2. Автобустан шығу.

  3. № 10 автобусқа отыру.

  4. Автобус аялдамасына бару.

  5. Автобуста отырып 4 аялдама жүру.

  6. Досың тұратын үйге дейін бару.

  1. “Түймені қадау” алгоритмінде екі сурет ауысып кеткен. Қай суреттер ауысып кеткенін тап.



a.2 мен 4 b.1 мен 3 c.2 мен 3 d.1 мен 4

  1. Қайсысы алгоритм екенін анықта:

a. сканерды қолдану инструкциясы ; b.сканердың фотосуреті;

c. сканердің электрлік схемасы; d.принтердің блоктық схемасы;

  1. Қайсысы алгоритм екенін анықта:

  1. техникалық қауіпсіздік ережелері;

  2. банкоматтан ақша алу туралы инструкция,

  3. сабақтар кестесі;

  4. сынып оқушыларының тізімі;

ІІi деңгей тапсырмалары

  1. Екі солдат өзеннің қасына келеді. Өзенде қайықпен екі бала жүзіп жүр екен. Өзеннің арғы бетіне өту алгоритімін сөз түрінде жаз. Қайыққа тек бір солдат немесе екі бала сияды, ал бір солдат пен бір бала сыймайды.

Алгоритмді блок-схема түрінде жазып көр. Қандай айырмашылықтар байқадың?


іV. шығармашылық әрекет


Топтық жұмыс.

Сынып оқушылары 3 топқа бөлінуі тиіс.

1-топ: “Бөлшек сандарды қосу” алгоритімін сөз түрінде жазу керек.

2-топ: “Сөздікпен қажетті сөздің аудармасын табу” алгоритімін сөз түрінде жазу

керек.

3-топ: Бір жыл ішінде жыл мезгілдерінің ауысу алгоритімін сөз түрінде жазу керек.


V. бағамдау-бағалау


Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Алгоритм ??ымы,алгоритмні? график т?рінде жазылуы

Автор: Курмангожинова Динара Нурлановна

Дата: 24.11.2015

Номер свидетельства: 257486


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства