kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алгоритм ??ымы, алгоритм ?асиеттері. Алгоритмді ?сыну т?сілдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? алгоритм ??ымын талдау ж?не оны? ?асиеттеріне мысал келтіру,  ?арапайым алгоритмдерді ??ру да?дысын ?алыптастыру.Орындаушы алгоритм командаларын орындай отырып, ?зі ат?арып отыр?ан істі? м?н – жайына к??іл аудармай - а? белгілі бір н?тиже ала алады, я?ни орындаушы формалды ?рекет етеді. Алгоритмні? б?л ма?ызды ерекшелігін оны? формалды орындалуы деп  аталады. Б?л ?асиет алгоритмні? орындалуын компьютерге ж?ктеуге м?мкіндік береді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алгоритм ??ымы, алгоритм ?асиеттері. Алгоритмді ?сыну т?сілдері »

Тақырыбы: Алгоритм ұғымы, алгоритм қасиеттері.

Алгоритмді ұсыну тәсілдері


Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Мақсаты: оқушылардың алгоритм ұғымын талдау және оның қасиеттеріне мысал келтіру, қарапайым алгоритмдерді құру дағдысын қалыптастыру.


1. Білімділік: Оқушылар алгоритмнің анықтамасын айтып, мысал келтіріп ,негізгі қасиеттерін сипаттай алуы керек.

2. Дамытушылық: Қарапайым алгоритм құра білу, оның нәтижесін талдау.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру және еңбекке баулу.

Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:

Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме

Сабақ барысы.

1.Ұйымдастыру

2.Өткен материалды қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4.Сабақты бекіту

5.Үйге тапсырма



Жаңа сабақ

Жоспар:

1. Алгоритм ұғымы.

2. Алгоритмдерге мысал келтіру. .

3. Алгоритмнің қасиеттері.

4. Алгоритмнің қасиеттеріне сипаттама беру

5. Алгоритм құруға есеп шығару

6. Бақылау және тестілеу сұрақтары арқылы оқушылардың игерген білімін тексеру.

7. Жаттығу мен есеп шығару арқылы оқушылардың алгоритм құру дағдысын қалыптастыру.

Алгортим- берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.

Алгоритм құруға мысалдар: Жолдан өту ,қалааралық телефонмен байланысу, қазынаны іздеу, т. б. келтіруді ұсынуға болады. Күн тәртібі, шай қайнату, үй тапсырмасын орындау, компьютерде ойнау, футбол ойнау, шахмат ойнау, т. б. алгоритмдерді талдап мысал келтіруге болады.

Мысал: Студент болу үшін алгоритмнің мынадай қадамдарын орындау керек:

1. Орта мектепті бітіріп ,аттестат алу.

2. Ұлттық бірыңғай тест бойынша сынақ тапсыру.

3. Тест қорытындысы бойынша жиныған балл көрсетілген құжаттардың конкурсқа тапсыру .

4. Конкурстан өту.

Алгоритмнің қасиеттері:

1. Айқын,дәл өрнектелуі.

2. Үзіктілігі.

3. Нәтижелілігі.

4. Жалпыламалығы.

5. Формалды орындалуы.

1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген әрбір іс-әрекет мағынасы айқын, нақты анықталып, орындаушыға түсінікті болуы тиіс. Алгоритмде тек көрсетілген қадамдар ғана орындалады. Есеп шығару жолы бірмәнді анықталғандықтан орындаушы алгоритм командаларын ойланбай орындауына болады.

2. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритм орындау процесі бірнеше қадамнан тұрады. Алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар қадамдарға бөлінеді, әр қадам өз кезегінде жеке әрекеттерге жіктеледі.Бір қадамда бір немесе бірнеше әрекет орындалады. Бұл әрекеттерсаны шектеулі болуы тиіс. Алдыңғы әрекеттің қорытындысы келесі әректтің керекті мәліметі ретінде қолданылады. Орындаушы алғашқы әрекетті аяқтамай, келесіге көше алмайды.

3. Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті. Кез келген алгоритм белгілі бір уақыт ішінде қандай да бір нәтиже беруі тиіс. Алгоритм орындалып болғанда есептің шешуін немесе шешуі жоқ деген нәтиже беруі қажет. Әрбір алгоритмде бастапқы деректер болады, алгоритм орындалып болғанда нәтиже шығады.Мысалы, сандарды қосу алгортмі үшін қосылғыштардың мәні- бастапқы деректер, нәтижесі - қосынды болады. Кейде алгоритмнің бірнеше қадамы қайталана беріп нәтиже бермейді. Ондай алгоритм циклден шықпайтын, нәтижесіз болғандықтан қайта құру қажет .

4.Алгоритмнің жалпыламалық немесе ортақтық қасиеті.

Белгілі бір алгоритм жеке есепті ғана емес, оған ұқсас басқа да есептер ді шешуге мүмкіндік беруі тиіс. Берілген мәліметтерге қатысты нәтиже ғана өзгеше болады. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі кез келген a,b,cмәндері үшін құрылады. Ал берілген бұрыштың синусын анықтау алгоритмі кез келген алғашқы бұрыш аргументі арқылы оның (sin) нақты мәнін есептеуге мүмкіндік береді, т. с. с.

5.Алгоритмнің формалды орындалуы.

Орындаушы алгоритм мағынасын,есептің қойылуын түсінбегенмен, әр команданы (әрекетті) орындай отырып, дұрыс нәтиже алады. Алгоритм қадамдарында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындау үшін, әрбір әрекет орындаушыға түсінікті болуы қажет. Мысалы, х санын квадратта дегенді төменгі сынып оқушылары түсінбейді, ал оны х санын х санына көбейт деп айтса, онда бұл айтылғанды олар орындай алады. Демек, алгоритм белгілі бір орындаушыға (адамға, адамдардың білім деңгейіне, машинаға т. б.) арналып құрылады.

Орындаушы алгоритм командаларын орындай отырып, өзі атқарып отырған істің мән – жайына көңіл аудармай - ақ белгілі бір нәтиже ала алады, яғни орындаушы формалды әрекет етеді. Алгоритмнің бұл маңызды ерекшелігін оның формалды орындалуы деп аталады. Бұл қасиет алгоритмнің орындалуын компьютерге жүктеуге мүмкіндік береді.

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру

Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау

Үй тапсырмасын беру: Алгоритм ұғымы. Алгоритмнің қасиеттері.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Алгоритм ??ымы, алгоритм ?асиеттері. Алгоритмді ?сыну т?сілдері

Автор: Курмангожинова Динара Нурлановна

Дата: 19.12.2014

Номер свидетельства: 145734


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства