белсенділігін арттыру, логикалық ойлауын дамыту, өз бетімен жұмыстануға үйрету.
Түрі: дәстүрлі емес.
Әдісі: сұрақ-жауап, ойын сабақ.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім», - деген екен шығыс ғұламасы Әбу Райхан әл Бируни. Ендеше 10 сынып білімділері арасында өткелі отырған «Ақпараттық калейдоскоп » атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер.
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға
Ешқайсысы онсыз өмір сүре алмас,
Өмірдегі ақпаратты компьютерсіз біле алмас.
«Бекзадасы, әрі қызметшісі» бәрінің
Информатикамен жоқ ешкімде талас.
«Батылдық- балалық шақта шыңдалады» десек, баланы бала ететін тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Ойын шартымен таныстыру.
Информатиканың сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді – дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз. Әділқазылар алқасы:.............................................................................
Енді төрешілер алқасы мен сайысқа қатысушылар сіздерді интеллектуалды ойынымыздың шартымен таныстырамыз.
«Иә» немесе «Жоқ».
Өзге тілдің бәрін біл...
Әріптер сөйлейді.
Сөздік домино.
Ширату.
Қай топтың бастайтынын анықтау компьютердің қосымша құрылғыларын жалғау тапсырмасы арқылы шешілді . І айналым. «Иә» немесе «Жоқ» сайысы. Дұрыс жауап 1 ұпай.
Алдағы біз баратын бағыт анық,
Ұшқыр ойлы екендігінді тағы таныт.
Информатика әлеміне аяқ басып,
Компьютер тілінде біз жарысалық.
1.Никлаус Вирт Паскаль тілінің негізін салушы ма?
2.Винчестер,дискет,компакт диск сыртқы жадылар ма?
3.Ақпараттың ең үлкен өлшем бірлігі бит пе ?
4.Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша процессор деп атала ма?
5.Меңзердің оң жағындағы символды өшіретін перне Delete пернесі ме ?
6.Архиватор вирустың кері әсерін жоятын программа ма?
7.Ақпарат сөзі латын тілінен шыққан ба?
8.Терезе Windows-тың негізгі объектісі ме ?
9.Пернетақтаның екінші аты Дисплей ме?
10.Монитор енгізу құрылғысы ма ?
2-ші топқа:
1.Пернетақта шығару құрылғысы ма?
2.Модем желіге қосылу үшін қажет құрылғы ма?
3.BackSpace меңзердің оң жағындағы символды өшіретін перне ме?
4.Enter пернесі қаріптерді бас әріпке ауыстырады ма?
5.Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер пиксельдер деп атала ма?
6.Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі Терабайт па ?
7.Логикалық қосу конъюнкция ма?
8.Процессор компьютер ақылшысы ма?
9.Калькуляторды жасаған Чебышев пен Однер ме?
10.Дыбыс жазу құрылғысы колонка ма?
Осымен І турымыз аяқталды. Келесі «Өзге тілдің бәрін біл» сайысын бастайық. 30 ұпай
Жас достарым, мұны айтайын несіне
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз
30 ұпай шәкірт саған несібе .
1. Қоршаған ортадан алынатын және оған берілетін мәліметтер тобын не дейміз? Ақпарат, информация, information
2. Терезенің жабу батырмасының аты? Жабу, закрыть close 3. Дүниежүзілік компьютерлік желі қалай аталады? Интернет
4.Экранның төртбұрышты қоршаулы аймағы? Терезе, окно, windows
6. Компьютермен жұмысын басқаруды жеңілдететін құрылғы қалай аталады? Тышқан мышь, mouse
7. Ақпарат өңдеудің негізгі құралы не деп аталады? Компьютер
8. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметтерді өңдейді? дыбыс ,звук,sound
9. Интернетке шығу құрылғысы? Модем 10. Ақпаратты сақтау құрылғысы? Жады,память,memory
Сайысымыз аяқталды, келесі турымызды бастайық.
ІІІ айналым. Әріптер сөйлейді. 1 ұпай.
Келесі кезеңді бастайық,
Ұяшықтарды ашайық.
Асығыстық қылмаймыз,
Ұпайларды жинаймыз.
Тақтада 15 әріп бейнеленген.Әріптерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап бересіздер.Жауабы сол таңдалған әріптен басталуы тиіс.
А- Гректер есептеу құралын қалай атады? - Абак; Ф-Аты бар бірқатар байттар тізбегі-Файл