kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ақпаратты тасымалдау ҚМЖ 6 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қысқа мерзімді жоспар 6 сынып 

Информатика пәні

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ақпаратты тасымалдау ҚМЖ 6 сынып»

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Ақпаратты ұсыну

Мектеп: ЖОББМ

Күні: 21.10.18ж

Мұғалімнің аты-жөні: Тоқсанов Айдын Мейрамұлы

Сынып: 6 сынып

6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ақпаратты тасымалдау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.3 – ақпаратты беруші және қабылдаушы арналарына мысал келтіру.

Сабақтың мақсаты

  • Ақпарат беруші және қабылдаушы арналарын ажырата алады.

  • Ақпарат беруші және қабылдаушы туралы өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді.

  • Ақпаратты беруші және қабылдаушы арналарды практика жүзінде ұйымдастырады.

Бағалау критерийлері

Ақпарат беруші және қабылдаушы арналар туралы біледі.

Ақпарат тасымалдауда кездесетін түрлі жағдайлармен жұмыс жасай біледі.

Практика жүзінде ақпаратты тасымалдау үдерісімен жұмыс жасап, қолдана алады.

Тілдік мақсаттар


Оқытудың тілдік мақсаты:

Ақпарат беруші және қабылдаушы арналары туралы біледі (радио, телефон, телеграф т.с.с)

Пәнге қатысты лексика және терминалогия:

Ақпарат, арналар, ақпарат беруші, қабылдаушы.

Диалог құруға/ жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

1. Ақпарат беруші-.......

2. Ақпарат тасымалдаушыға мысал келтір....

Құндылықтарға баулу


Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік.


Оқушылардың арасында топта ынтымақта жұмыс жасау, бір-бірінің пікірін тыңдай білу, сыйластыққа, жауапкершілікпен жұмыс жасауға баулу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі (Ақпарат – Информация –Information)

Тарих пәнінен адамдардың ерте кездегі ақпаратты қалай тасымалдағаны туралы мәлімет беру.

Алдыңғы білім


Ақпараттың түрлерін, өлшем бірліктерін ажырату.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен ағылшын тілінде амандасу. Үй тапсырмасын, күннің жадын ағылшын тілінде сұрау.

Good morning!

How are you? Not bad.

What is the date today? Today is the 16th of March.

What is the week today? It is the Thursday.

Thank you very much.

Who is on duty today?

Who is absent?All are present.

What is your home task?

Бөлме атмосферасын жақсартуға жағдай жасау.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады.


Топқа бөліп алу. Оқушыларды 3 топқа бөліп алу үшін, ең бірінші осы сыныпта 3 оқу озатын ортаға шақырып, әліпби бойынша тұрғызып оқушыларға сұрақ қойылады:

  • Үшеуің үш белгісіз аралға саяхатқа шығасыз. Сол саяхатқа саған кім көмек көрсетеді сол оқушыны бір - бірлеп таңдаймыз. Соңында 3 оқушы өздерімен бірге топ құрады.



Сабақтың ортасы









Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын тексеру кезінде оқушылар төмендегі сұрақтарға «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы жауап береді.

1. Ақпараттың қандай түрлерін білесің?

2. Ақпараттың қандай қасиеттерін білесің?

3. Ақпараттың өлшем бірліктері ата?

4. Адамдар арасында ақпаратты беру қандай формада жүргізіледі?

5. Ақпарат жеткізушіге қандай мысал келтірер едіңіз?


Жаңа сабақ: «Ақпаратты тасымалдаушы»

Байланыс арнасы – Канал связи – Link

Ақпарат көзі – Источник информаций - The source of information

Ақпаратты қабылдағыш – Приемник информаций - Information receiver.


1-тапсырма. (Жұптық жұмыс) Кестеде берілген суретке сәйкес ақпарат түрін анықтау.

Жағдаят

Ақпарат беруші

Ақпарат қабылдаушы

1



3



3



Дескриптор: ақпарат беруші мен ақпарат қабылдаушыны анықтайды.

Саралау: Тапсырма, яғни оқушылардың қажеттіліктеріне қарай түрлі кесте тапсырмалары берілді. Бұл тапсырмада жұптасып жұмыстануға оңай болу үшін құрылды.

Қ/Б: «Бас бармақ» тәсілі арқылы өз-өзін бағалайды. Берілген тапсырма бойынша бас бармақ арқылы өз түсінікерін көрсетеді. Мысалы,, бас бармақ жоғары көтерсе толық түсіндім, бас бармақ жанына қаратса енді түсініп келемін, ал бас бармақ төмен көрсетсе онда мүлдем түсінбедім дегенді білдіреді.


2-тапсырма. (Топтық жұмыс) «Стоп кадр».

Үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі.

1-топқа интерактивті тақтадан видео көрсетіледі.

2- топқа аудиодыбыс қосылады.

3-топқа Ұялы телефонның шығу тарихын ғаламтордан іздейді.

Дескриптор: Көру, есту, іздеу арқылы ақпарат алушы мен қабылдаушыны ажырата және тұжырымдай алады.

Саралау: Дереккөздер, Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

Қ/Б: «Бағдаршам арқылы» топтар бір-бірлерін бағалайды. Егер қызыл түсті таңдаса ештеңе түсінбеді, егер сары түсті көтерсе енді түсініп келем, ал егер жасыл түсті көтерсе онда толық түсіндім дегенді білдіреді.


3-тапсырма. (Жеке жұмыс) easyQuizzy бағдарламасы арқылы тест тапсырмасы беріледі. Барлығы 5 сұрақ.

Дескриптор: Тақырып бойынша практика жүзінде қолданады.

Саралау: Қарқын, яғни кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді, осы тақырып бойынша оқушының қандай деңгейде екенін бақылау.

Қ/Б: «Бағалау терезесі» оқушылар осы тапсырма бойынша өз-өздерін смайлик (көңіл күйді) көрсету арқылы бағалайды.


Қосымша тапсырма. (Топтық жұмыс)

Телеграф - 1) телеграф байланысының жалпы қабылданған қысқартылған атауы; 2) қабылдау нүктесінде міндетті түрде жазылатын әріпті-цифрлы хабарларды (телеграмманы) тарату, қабылдау және жеткізуді іске асыратын мамандандырылған байланыс кәсіпорны. Қазақстанда телеграф байланысы 20 ғасырдың бас кезінде пайда болып, Морзенің телеграф аппараты қолданылды. Телеграф байланысы сым, оптикалық талшық және эфир (радиоарнасы) сияқты байланыс жолын құрушы орта арқылы іске асырылады.

Радио - Жалпы ең алғашқы радио дат ғалымы  Ганса Христиан Эрстедтің 1820 жылы жүргізген кездейсоқ тәжірибелік жұмысынан кейін дүниеге келді. Ол электр мен магнетизмнің арасындағы байланысты анықтайды. Ал ең алғашқы аппарат 1895 жылы жасалды. Оның авторы – орыс ғалымы Александр Степанович Попов екен. Алайда, Поповтың авторлығына келгенде таластар бар. Оның басты "бәсекелесі" ретінде италияндық радиотехник Гульельмо Маркони аталады. Ол 1896 жылы дәл осыған ұқсас аппаратты ойлап тапқан көрінеді. 1909 жылы (ол кезде Попов қайтыс болып кеткен) Маркони мен неміс инженері Карл Браун сымсыз телеграфты ойлап тапқандары үшін Нобель сыйлығын алған.

Ұялы телефон - Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.


Дескриптор: Ғаламтор көзі арқылы оқушылар телеграф, радио, ұялы телефон шығу тарихы туралы ақпаратқа сипаттама береді.

Саралау: Дереккөздер, дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады.


Қ/Б: Өзін өзі іштей бағалау.




Таратпа қағаздар















Информатика оқулығы, Атамұра баспасы. 32 бет.



Видео, суреттер

Bilimland.kz




Карточка



















Видео, аудио, ғаламтор.












Компьютер

easyQuizzy тест бағдарамасы











https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/alem-alaqanda/16903/











Сабақтың соңы


Рефлексия.

«ББҮ» әдісі

Оқушыларға сабақ басында кері байланыс таратылады. Білемін, білгім келеді, үйрендім кестесіне бүгінгі сабақ бойынша қорытындылау өз ойларын жазады.

Бұл сөздер оқытудың мақсаттарымен сәйкес келуін ескерту және қадағалау керек.

Үйге тапсырма: 8 тақырыпты оқу.

The lesson is over good bye.








Информатика 6 сынып оқулығы, 32 бет.

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Компьютерде отыру ережесін сақтау және монитор мен оқушының арақашықтығын талапқа сай отыру.

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін (Гарднер бойынша көптік зият теориясы).

Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазыңыз.


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


  • Тапсырма

  • Қарқын

  • Қорытынды

  • Диалог және қолдау көрсету.

  • «Бес саусақ» әдісі

  • «Бағдаршам» әдісі

  • «Бағалау терезесі» әдісі.

  • «ББҮ» әдісі.

Компьютерде отыру ережесін сақтау және монитор мен оқушының арақашықтығын талапқа сай сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Ақпаратты тасымалдау ҚМЖ 6 сынып

Автор: Тоқсанов Айдын Мейрамұлы

Дата: 05.02.2019

Номер свидетельства: 498480


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства