Просмотр содержимого документа
«Ақауларды анықтауға арналған BIOS құралдары»
САБАҚ ЖОСПАРЫ №3
Атаулы категориясы
1.1. Мамандығы мен біліктілігінің атауы
1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)
130401 2 Электрондық есептеуші машинасының операторы
1.2. Курсы, тобы
17 VTZ-4, 17 VTZ-5
1.3. Оқу модулінің/пәннің, меңгеретін тараудын атауы
КМ 02. Жұмысқа дайындалу, икемдеу және компьютердің бағдарламалық-аппараттық қамсыздандыруына қызмет көрсету,
сондай-ақ бағдарламалық қамсыздандыруды тестілеу
Компьютерлік техниканы пайдалану және қызмет көрсету
1.4. Сабақтың тақырыбы
Ақауларды анықтауға арналған BIOS құралдары
1.5. Сабақтың ұйымдастырушылық формасы
Топтық
1.6. Білім алушылардың тақырып бойынша қызметті орындау үшін қажетті білімі мен икемділігі
Ақауларды іздеу құралдары. Ақауларды анықтауға арналған BIOS құралдары. Дыбыстық сигналдар, Мәтіндік сигналдар. Ақауларды іздеу және жоюдың негізгі бағыттары. Профилактикалық шаралар бағдарламасы
1.7. Кәсіби және еңбекпен қамтылуы үшін білігін біріктірудегі оқу сабағының мүмкіншілігі
Ақауларды анықтауға арналған BIOS құралдарын меңгеру
2. Сабақтың мақсаты
2.1. Студенттердің дәл осы сабақта үйренетін жұмысқа орналастырудың және жұмысты іздеудің келесі ептіліктерін жетілдіруге мүмкіндік береді
- оқытушыны тыңдай білу;
- басқалардың айтқанын тыңдай білу;
- өз ойын жеткізе білу.
2.2. Студенттерді жаттықпа сабақтар барысында меңгеретін кәсіптік ептілікке үйрету
Компьютер техникасына қызмет көрсету түрлерін меңгереді
3. Сабақ қорытындысын сипаттау
3.1. Сабақтың аяғында білім алушылар білу және істеуі қажет
Компьютерді құрастыру, бөлшектеу, жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету үшін қажетті аспаптар мен құрал-саймандарды анықтау және пайдаланады.
3.2. Сапа критерийлері
Компьютер техникасын қолдану мәні мен қызмет көрсету түрлерін түсінеді
Д.Ғабдуллаев Есептеуіш техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету
31-46 беттер
4.2. Техникалық жабдықтау, материалдар
ДК
4.3. Студенттер іс-әрекетінің ретін сипаттау
Компьютерді құрастыру, бөлшектеу, жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету үшін қажетті аспаптар мен құрал-саймандарды анықтау және пайдаланады.
4.4. Оқытушының рөлі
Студенттерді тыңдай білуге, қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.
5. Жоспарды жүзеге асыру
5.1. Сабақ жоспарының сипаттамасы, оқытушы мен студенттер іс-әрекетінің мазмұны (кесте)
Кесте «Оқытушы мен студенттер өзара әрекетінің мазмұны мен оны ұйымдастыру»
6. Бағалау
6.1. Орындалған тапсырмалардың сапасын бағалау
Жаңа ұғымдар мен терминдерді түсіну дәрежелерін анықтау
Оқытушы ______________ Муратканова А.Т.
қолы аты-жөні
Оқытушы мен студенттер өзара әрекетінің мазмұны мен оны ұйымдастыру
№
Сабақтың негізгі кезеңдері
Әрекеттердін түрі мен реті
Студенттердін қызметі
Оқытушымен студентердін біріккен қызметі
Оқытушынын қызметі
Жекеше
Топтық
Топаралық
Кеңес беру
Нұсқау
Бақылау
1.
Бағдарлау және жоспарлау кезеңі
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты
Х
Х
Х
2.
Жұмысты орындау кезеңі
Жұмыс орынын дайындау
Х
Х
Материалдарды дайындау
Х
Х
Технологиялық үрдіс: конспектілеу,
Конспектімен жұмыс,
ДК-мен жұмыс
Х
Х
Х
Х
Х
Х
Х
Х
Х
3.
Аралық және соңғы нәтижені бағалау және талдау кезеңі
Сапа белгілері бойынша бағалау:
Pascal мәзір пункттерін анықтау
Х
Х
Курс тақырыбы: №1. Компьютер техникасын қолдану мәні мен қызмет көрсету түрлерін түсінеді
Сабақ тақырыбы: №3. Ақауларды анықтауға арналған BIOS құралдары
1. Дыбыстық сигналдар
2. Мәтіндік сигналдар.
Компьютер қаншалықты қиын электронды құрылғы болса, оның құраушыларын соншалықты бақылап отыратын құрал керек. Бұл құралға, BIOS құрамына кіретін POST (Power - On Self Testing) бағдарламасы жатады.
Компьютерді қосқан сайын BIOS бағдарламаларының бірі POST орнатылған құраушыларын тексеруге әкеледі. Ол процессордың жұмысын, жүйелік тақша чипсетін, жедел жады мен басқа да құрылғылардың, яғни дербес компьютердің барлық құраушыларын жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Осы жағдайда тексерудің нәтижелерін бір уақытта орындалатын үш түрлі әдіспен көруге болады.
Монитордағы хабарлама. Бұл қателік туралы шыққан хабарламаны көруге және оқуға мүмкіндік беретін әдіс. Бұған қоса, ол қателікті жүйелік тақшаның құжаттамасынан компьютердің ақауының себебін жылдам байқауға болатын кейбір код оқылуларын табуға болады.
Дыбыстық сигналдар Қателіктің бар екендігі туралы қосымша хабарлама. Тәжірибе жүзінде осы әдіс дыбыстық сигналдың өзіне сай кестенің көмегімен оқылуын іздеуге қолайлы болғандықтан қолданылады.
Арнайы кодтардың берілуі. Енгізу-шығару порт адресіне берілетін 16-лық цифрлі кодын POST картамен көруге болады.
Егер тексеру сәтті аяқталса, BIOS бағыттау бойынша операциялық жүйені жүктеместен бұрын, қысқа дыбыс белгісі естіледі. Егерде POST қателік тауып алса, онда ол барлық қатынау құралдармен белгі береді және мүмкіндік болса, ақаудың алдын алуын күтеді.
Қазіргі кезде, BIOS–тың көптеген түрлері кездеседі. Бірақ, дербес компьютерге арналып көп таралғандары AwardBIOS, AMIBIOS және PhoenixBIOS.
AwardBIOS–2000 жылға дейін үлкен қолданыста болды. Ол көп мөлшердегі функциональды қалыпты қамтиды, яғни компьютермен жұмыс жасау кезінде орнатылуынан жақсы көрінеді. Қазіргі таңда AwardBIOS тек қана ескі компьютерлерде кездеседі, өйткені оның орнын қазір PhoenixBIOS басты.
AMIBIOS–барынша кең таралған BIOS. Қолданушыға компьютер құрылғысының жұмысына қажетті өзгерістер енгізуі үшін, онда көптеген өңдеулер бар.
1-сурет. BIOS жүйесі
Phoenix BIOS өзінің ыңғайлы интерфейсі мен функционалдық қабілеттерінің арқасында көп таралған және танымал.
POST-тақшамен диагностикалау
POST Card – жүйелік тақшаның BIOS-ының өндірілген POST кодын көрсететін құрылғы. Әдетте POST Card PCI (немесе ISA) шинасының ағытпаларына орнатылатындай түрде болып келеді. Кейде LPT ағытпасына қосылатын, бейнешығысы бар, қоректену кернеуінің жағдайын және кейбір электр сигналдарын көрсететін индикаторлары бар арнайы POST Card-тар да кездеседі.
Қателіктің оқылуының бұл әдісін негізінен POST картаның сәйкес түрін иеленуді керек ететіндіктен, сервис орталықтарының мамандары қолданады.
2-сурет. POST-тақшасы
POST Card құрылғысын жүйелік тақшалардың кейбір модельдерінде кездестіруге болады. Компьютер істен шыққан сәтте POST Card құрылғысына берілген коды арқылы жүйелік тақшаға орнатылған BIOS түріне қарай POST-кодының мағынасын ашуға болады.
Дыбыстық сигналдар
1-кесте AwardBIOS дыбыстық сигналдарының комбинациялары
Дыбыстық сигналдар
Ақау
Ұсыныстар
Бір қысқа
POST-тың дұрыс аяқталуы.
Операциялық жүйенің жүктелуін күтіп, жұмысты штаттық режимде жалғастыру керек.
1 сигнал және бос экран
Бейнекарта ақауы.
Бейнекарта мен слот арасындағы байланысты тексеру керек.
1 ұзын + 1 қысқа
Жедел жадының ақауы.
Жедел жадыны орнату кезінде майысқан жерлердің жоқтығына көз жеткізу керек. Жады модулін басқа слотқа орнатып көру керек.
1 ұзын + 2 қысқа
Бейнекарта ақауы немесе монитор қосылған жоқ.
Әдетте, мұндай қателік, монитор кабелінің қосылмай тұрғанын білдіреді. Егер монитор қосылып тұрса, бейнекартадағы слот байланысын тексеру.
1 ұзын + 3 қысқа
Пернетақта ақауы.
Пернетақта ұяшығындағы байланысты тексеру. Егер Num Lock пернесін басқанда индикатор жанбаса, онда оның істен шыққаны.
1 ұзын + көп қысқа
BIOS миркосхемасының ақауы.
Миркосхеманың байланыс алаңындағы байланысты тексеру.
2 қысқа
CMOS параметрлері өзгерген немесе маңызды емес қателік.
Аккумулятор батареясын ауыстыру керек.
3 ұзын
Жүйелік тақшаның ақауы.
Жүйелік тақшадағы ақауларды тексеріп қарау. Нақты қатені анықтау үшін POST картаны қолдану.
Бірқалыпты ұзын
Жадының ақауы.
Жедел жадының ілмегін тексеру. Жүйелік тақша құжаттамасынан жадының типтерін анықтау.
Бірқалыпты қысқа
Қоректену блогының ақауы.
Желдеткіштің істеп тұрғанын тексеру. Кейбір жинақтауыштарды айыру арқылы жүктемені азайту.
2-кесте AMIBIOS дыбыстық сигналдарының комбинациялары
Дыбыстық сигналдар
Ақау
Ұсыныстар
Бір қысқа
POST- тың жақсы аяқталуы.
Операциялық жүйенің жүктелуін күтіп, жұмысты штаттық режимде жалғастыру.
Екі қысқа
Жедел жадының ақауы.
BIOS Setup-тан жұптық тексеруін айыру.
Үш қысқа
Жедел жадының алғашқы 64 кбайт тестілеудің қателігі.
Жедел жадының үдеуі. Жады таймингттардың мағынасын ұлғайту.
Төрт қысқа
Жүйелік таймердің қателігі.
Компьютерді қайта жүктеу.
Бес қысқа
Орталық процессордың ақауы.
Процессорды ұяшығынан алып және оны кері қою. Егер де тестілеудің қатесі қайталанса, процессорды ауыстыру.
Алты қысқа
Пернетақта немесе пернетақта контроллерінің ақауы.
Пернетақта ұяшығындағы байланысты тексеру. Ұяшықтан контроллер чипі шығып кетуі мүмкін. Пернетақтаның қақпағын ашып, чипті суырып алып, қайта қою. Егер Num Lock пернесін басқанда индикатор жанбаса, онда пернетақтаның істен шыққаны.
Жеті қысқа
Жүйелік тақша ақауы (виртуалды режим қатесі).
Жүйелік тақшаны ауыстыру.
Сегіз қысқа
Бейнекарта немесе бейнежады ақауы, ол дұрыс қосылмаған, әлде жүйелік тақшамен сәйкес келмейді.
Бейнекартаның слотындағы байланысты тексеру.
Тоғыз қысқа
BIOS қатесі, әлде BIOS микросхемасының зақымдануы. Бақылау сомасы қате.
Микросхеманың байланыс ұяшығындағы байланысты тексеру. Егер байланыс жақсы болса, BIOS-ты қайта тігуді қарап көруге болады.
Он қысқа
BIOS қатесі, BIOS- тағы мәліметтер жаңармайды.
BIOS-тағы микросхема зақымдалған болуы мүмкін немесе бір бөлігі қондырғыдан шығып кеткен. Бұл қате критикалық емес, компьютерде жұмыс жасауды жалғастыруға болады.
Жедел жады қателігі, жады модулі дұрыс орнатылмаған немесе жүйелік тақша бұл тип жадысын қабылдамайды.
Модульдегі ілмекті тексеру. Жүйелік тақшаға арналған құжатты оқу және қабылдайтын жады типін анықтау.
Бір ұзын + көп қысқа
Бейнекартаны тексеру кезіндегі қателік, дұрыс қосылмаған немесе жүйелік тақшамен сәйкес келмейді.
Бейнекарта слотының байланысын тексеру. Слоттың жұмыс қабілетін тексеру үшін, басқа бейнекарта орнатып көру.
3-кесте Phoenix BIOS дыбыстық сигналдарының комбинациялары
Дыбыстық сигналдар
Ақау
Ұсыныстар
Бір қысқа
POST жұмысының дұрыс аяқталуы
Операциялық жүйенің жүктелуін күту және компьютерде штаттық режимде жұмысты жалғастыру
Екі қысқа
Жедел жады тестісінің қатесі.
Жедел жадының орнатылуы кезінде қиылыс жоқ екенін тексеру. Жады модулін басқа слотқа орнатып көру.
Үш қысқа
Төрт қысқа
Жүйелік тақша ақауы (жүйелік таймердің қателігі).
Компьютерді қайтадан жүктеу. Егер ақаулық жойылмаса, жүйелік тақшаны ауыстыру.
Бес қысқа
Процессордың ақауы болуы мүмкін.
Жүйелік тақшаны ауыстыру.
Алты қысқа
Пернетақта немесе пернетақта контроллерінің ақауы.
Пернетақта ұяшығындағы байланысты тексеру.
Жеті қысқа
Жүйелік тақша ақауы (виртуалды режим қатесі).
Жүйелік тақшаны ауыстыру.
Сегіз қысқа
Бейнекарта немесе картадағы бейнежады ақауы, карта дұрыс қосылмаған немесе жүйелік тақшаға сәйкес келмейді.
Бейнекарта слотындағы байланысты тексеру. Бейнекарта процессорындағы желдеткішті тексеру.
Тоғыз қысқа
BIOS-тағы қате немесе BIOS микросхемасы зақымданған.
Микросхеманың ұяшығындағы байланысты тексеру. Егер ақау реттелмесе, оны ауыстыру.
Он қысқа
BIOS-тағы қате, BIOS-тағы мәліметтер жаңартылмайды.
BIOS микросхемасы зақымдалған немесе ұяшықтан шығып кеткен. Ұяшықтағы байланысты тексеру. Бұл қате критикалық емес, компьютерде жұмысты жалғастыруға болады.
Он бір қысқа
Жүйелік тақша ақауы, кэш- жадының микросхемасы зақымдануы мүмкін.
Жүйелік тақшаны ауыстыру.
1 ұзын + 3 қысқа
Жедел жады қателігі, оның дұрыс орнатылмағанынан немесе жүйелік тақша мұндай жады типін қабылдамауынан болуы мүмкін.
Жедел жадының ілмегін тексеру. Жүйелік тақшаға арналған құжатты оқып, жадының қолданатын түрін білу.
1 ұзын + көп қысқа
Бейнекартаның тексеру кезіндегі қателігі, оның дұрыс қосылмауынан немесе жүйелік тақшамен сәйкес келмеуінен.
Бейнекарта слотындағы байланысты тексеру. Бейнекарта процессорындағы желдеткішті тексеру.
Мәтіндік сигналдар
4-кесте AwardBIOS мәтіндік сигналдардың мағынасын ашу
BIOS тағы мәліметтердің қорытынды қосындысы дұрыс емес. Мәліметтер бұзылған.
Аккумулятор батареясын тексеру. BIOS Setup-тан мәліметтерді қайта сақтау.
Disk boot failure, insert system disk and press enter
Операциялық жүйенің қате жүктелуі. Жүктегіш дискі табылмады.
Қатқыл дискідегі негізгі жүктеме жазбасы бұзылған (МВR). Жүйелік дискетамен немесе жүйелік дискімен жүктелу. Жүйелік файлдарды және МВR-ды қалпына келтіру және орнату.
Diskette driver or types mismatch error-run setup
BIOS мәліметтерімен компьютерге орналастырылған диск-жетектерінің модель арасындағы байланыс сәйкес емес.
BIOS Setup-қа еніп, диск-жетектерге дұрыс параметрлерді енгізу.
Display switch is set incorrectly
Бейне параметрлері мен монитордың арасындағы байланыс сәйкес емес.
BIOS Setup-қа еніп, (EGA\VGA) бейненің дұрыс параметрлерін орнату.
Display type has changed since last boot
Соңғы жүктеу уақытынан бастап монитор типі BIOS-тағы жазбамен сәйкес келмеді.
ELSA configuration checksum error
ELSA бақылау қосындысы қате.
ELSA Сonfiguration Utility –ды қосу.
ELSA configuration is not complete
ELSA туралы ақпарат толық емес.
ELSA Сonfiguration Utility –ды қосу.
Error encountered initializing hard drive
Қатқыл дискідегі инициализациялау қателігі.
Қоректену қосқышының ұяшықтарының байланысы мен интерфейстік баусымын тексеру.
Error encountered initializing hard drive controller