kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«А?паратты сы?у, м?ра?аттау программалары. Практикалы? ж?мыс. А?паратты сы?у, м?ра?аттау программасымен ж?мыс»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«А?паратты сы?у, м?ра?аттау программалары. Практикалы?  ж?мыс. А?паратты сы?у,  м?ра?аттау программасымен ж?мыс» 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««А?паратты сы?у, м?ра?аттау программалары. Практикалы? ж?мыс. А?паратты сы?у, м?ра?аттау программасымен ж?мыс»»

Информатика 6- сынып

Мерзімі: «6-а» _________________, «6-б»


Тақырыбы: «Ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары. Практикалық жұмыс. Ақпаратты сығу, мұрағаттау программасымен жұмыс» §5

Сабақ мақсаты: 
1. Оқушыларға мұрағаттау программаларын қолдануды үйрету.

2. Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек көрсете білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы. 
Білім мен білікке қойылатын талаптар 
Оқушы білуі тиіс:
- өзі шешілетін, мұрағаттау файл туралы түсінікті 
Оқушының үйренуі тиіс:
- мұрағат жасауды. 
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа сабақты түсіндіру

IV. Практикалық бөлім

V. Сабақты бекіту

VI. Үйге тапсырма беру


I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу, журнал толтыру, оқушылардың оқу құралдарын қадағалау.

б) Сынып, кабинет тазалығын қарау, мектеп мүлкін қадағалау.

в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.


II. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге «Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар» §4, Өзіңді тексер!(Тест, 26-бет)

Үй тапсырмасы бойынша бекіту сұрақтары:

  1. Вирус дегеніміз не?

  2. Вирустар қалай тарайды?

  3. Дербес компьютердің вируспен зақымдану белгілерін ата.

  4. Егер компьютерлерің вируспен зақымданса не істеу керек?

  5. Өздеріңе берлгілі вирусқа қарсы программаларды ата.

  6. Зақымданудың алдын алу ережелерін ата.

  7. Компьютерге вирусқа қарсы бірнеше программа орнату керек пе? Неге?


III. Жаңа сабақты түсіндіру

Ақпаратты қорғау тәсілдерінің бірі – деректердің көшірмесін сыртқы тасығыштарда сақтау. Сыртқы тасығыштарда көп ақпарат сақтау үшін оның мазмұнын жоғалтпастан көлемін кішірейту – мұрағаттауды орындау қажет болады.

Мұрағаттауды сонымен қатар ақпараттық желі арқылы жөнелткенде немесе сирек қолданылатын деректерді ұзақ уақытқа сақтағанда жүзеге асырылады.

Мұрағат бір немесе бірнеше файлдан, бумалардын, басқа мұрағаттардан тұруы мүмкін.Мұрағат және мұрағаттан ажыратып алу программа-мұрағаттағыштармен жүзеге асырылады. Олардың ең кең тарағандары WinRar, WinZip, тегіндері - IZArc, 7-Zip. Мұрағаттық файлдардың сәйкесінше кеңейтілуі: rar, zip, 7z және басқалары. Мұрағаттық файлдың белгішесінің түрі мынадай болуы мүмкін:

Қарапайым мұрағаттан басқа өздігінен ажыратылып алынатын SFX-мұрағаттарды да құруға болады. Мұндай мұрағаттық файл ажыратып алуға қажетті программа-мұрағаттағыштардың болуын талап етпейді, оның кеңейтілуі EXE болады.

Тұрғылықты дискіде немесе ауыстырлатын тасымалдаушыда бос орын аз болғанда, немесе файлды электронды поштамен жөнелту кезінде орынды үнемдеу қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда ақпаратты бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады.

Ақпаратты сығу – файлда жадтың сақтау көлемі кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі.

Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді мұрағаттау терминімен аталады.

Мұрағатталған файл – арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл немесе сығылған қапшық болуы мүмкін.

Мұрағаттан алу – бұл файлдарды мұрағатқа орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай түрде қалпына келтіру процесі.

Файлдарды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын программалар мұрағаттаушылар деп аталады.

Көлемі бойынша үлкен мұрағатталған файл бірнеше дискілерде (томдарда) орналасуы мүмкін. Мұндай мұрағаттар көптомды деп аталады. Том- бұл көптомды мұрағаттың құраушы бөлігі. Мұрағатты бірнеше бөліктерден құрастыра отырып, оның бөліктерін бірнеше дискетке жазуға болады.

  

Бұл мұрағаттаушылардың бәрі мұрағаттаудың негізгі функцияларын орындайды:

  1. жаңа мұрағат  жасау;

  2. мұрағаттан файлдарды шығару;

  3. бар мұрағатқа файлдарды қосу;

  4. өзі шешілетін мұрағат жасау;

  5. көптомды мұрағат жасау;

  6. зақымдалған мұрағатты толық немесе жартылай қалпына келтіру;

  7. мұрағатты бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуінен қорғау.

Мұрағатты әзірлеу үшін жетектегішті ашып, мұрағатталуы тиіс файлды табамыз. Оны түнттуірдің он жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірден Мұрағаттқа үстеу әмірін таңдаймыз. Мұрағаттаушы бағдарламаның Мұрағаттың аты және параметрлері деген сұхбат терезесі ашылады, онда Жарайды батырмасын басу керек. Жасалған мұрағаттық файл файлдар тізімінің соңында көрініс табады.

Қажет болса, мұрағаттаушы бағдарлама терезесінде мұрағаттық файлдың қысу параметрлерін, атын және орналасатын жерін өзгертуге болады.

Мұрағатталған файлды қайтып қалпына келтіру үшін жетектегішті ашып, мұрағаттық файлды тауып алып, түнтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, Ағымдағы қалтаға бөліп алу әмірін таңдаймыз. Ағымдағы қалта файлдары тізімінің соңында мұрағаттан бөліп алынған файлдар пайда болады.


IV. Практикалық бөлім.

Оқулықтағы 30-беттегі компьютердегі тәжірибелік жұмысты деңгей бойынша орындау.

V. Сабақты бекіту

Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары мен сұрақтар:

  1. Мұрағаттар қандай мақсатта құрылады?

  2. Мұрағаттық файлға қандай ақпарат кіреді?

  3. Қандай деректерді мұрағаттаған жөн, ал қандай деректерді мұрағаттаған дұрыс емес?

  4. Ақпаратты сығу дегеніміз не?

Тапсырмалар

VI. Үйге тапсырма беру

Үйге «Ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары. Практикалық жұмыс. Ақпаратты сығу, мұрағаттау программасымен жұмыс» §5 Тест Өзіңді тексер! 32-бет



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Автор: Аймурзиева Жанаргуль Кдырбаевна

Дата: 17.05.2016

Номер свидетельства: 327781


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства