Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интерак.тақта, слайдтар т.б.
Сабақтың өту барысы:
1.Оқушыларды ұйымдастыру.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Сабақты бекіту.
5.Үйге тапсырма беру
6. Бағалау
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1. Қауіпсіздік техникасы ережесі туралы не білесіңдер?
2. Қандай алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін білесіңдер?
3.Қандай көзді талдырмау және шаршатпау жаттығуларын білесіңдер?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жаңа түсініктер:
“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio cөзінен шыққан.
Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика, физика, математика, информатика т.б салаларында кеңінен енді. Бірақ әрбір ғылымның ақпарат туралы өз ұғымы мен түсінігі бар.
Математик бұл түсінікке адам баласы толық танып білмеген, өзінің ой-тұжырымдарының көмегімен құрған мәліметтерді де кіргізеді.
Биолог ақпаратқа адам баласының бойында өмірге келгеннен бастап өмірінің соңына дейін сақталатын мәліметтерді (генетикалық код) жатқызады.
Кибернетикада, яғни басқару туралы ғылымда, ақпарат түсінігі күрделі жүйелердегі басқару процестерімен байланысты.
Философиялық мағынада ақпарат – бұл қоршаған орта объектілері мен құбылыстары және олардың сипаты мен қасиеттері туралы білімімізді толықтыратын мәліметтер.
Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.Мысалы: баласы атасына неге ұқсайды? Бұл сұраққа генетика ғылымы жауап береді, ол тұқым қуалаушылық болатынын, әрбір организмнің негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНҚ молекулалары арқылы ақпарат беріледі.
Физиктер мен астрономдар шексіз алыс әлемді, жұлдыздар жүйесін зерттеу барысында олардан Жерге жетіп жатқан электрмагниттік сигналдар арқылы олардың құрылысы, шығу тегі жөнінде көп мағлұматтар алады.
Ақпарат алмасу, яғни оны алу немесе беру тек қарым қатынас нәтижесінде ғана емес, адам миы бұрынғы қабылдаған мәліметтерді, хабарларды, білімін өңдеу процесінде де тууы мүмкін.
Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта болады. Ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алмасудың сан алуан түрлері бар, қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зерттеу нәтижесінде пайда болады.
Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз.
Ақпарат көздері
Ақпарат көздеріне тірі табиғаттың да, өлі табиғаттың да объектілері кіреді. Ақпарат көздеріне мыналар жатады:
1.Механизмдер.
2.Технологиялық процестер.
3.Ғылыми эксперименттер.
4.Табиғат объектілері:
-адамдар;
-жануарлар;
-өсімдіктер;
-планеталар;
-жұлдыздар.
Ақпаратты алушылар қатарына адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді және механизмдерді жатқызуға болады.
Бүгінгі күнде адамзат ақпараттың үлкен көлеміне ие болып отыр.
Адамзат білімінің жалпы мөлшері осы кезге дейін әрбір 50 жылда екі еселеніп отырғандығы туралы мәлімет бар. Ал қазір ақпарат көлемі әр екі жыл сайын екі еселенетіні анықталды.
Адамның қоршаған ортаны тану мүмкіндігі көбіне ақпаратты дұрыс қабылдау және өңдеу біліктіліктеріне тәуелді болып табылады.
Ахметова Ұлболсынға арналған сабақ жоспары:
“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio cөзінен шыққан.
Ақпарат көздері
Ақпарат көздеріне тірі табиғаттың да, өлі табиғаттың да объектілері кіреді. Ақпарат көздеріне мыналар жатады:
1.Механизмдер.
2.Технологиялық процестер.
3.Ғылыми эксперименттер.
4.Табиғат объектілері:
-адамдар;
-жануарлар;
-өсімдіктер;
-планеталар;
-жұлдыздар.
IV. Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
3.Информатикада ақпарат дегеніміз не?
4. Ақпарат көздерін ата?
V.Үйге тапсырма: Ақпарат.Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.