kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Агентомия. Агентті? пайдасы мен зияны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жа?сылы?ова Жанагул Жасановна

Кызылорда облысы, Арал ауданы Каратерен ауылы

?МЖ. Агентомания. (Агентті? пайдасы мен зияны)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Агентомия. Агентті? пайдасы мен зияны»

Күні: 20 .ІV. 2016ж


Сыныбы: 7-8

Пән Мұғалімі:Жақсылықова Ж.Ж.

Сабақтың тақырыбы

Агентомания (агенттің пайдасы мен зияны)



Түрі

Тренинг


Сілтеме

Жоспар.ғаламтор желісі

Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов. информатика оқулықтары


Сабақ негізделген оқу мақсаты

1. Агент ұғымы туралы білу.

2. Агенттің пайдасы мен зиянды жолдарын түсіну.

3. Әлеуметтік желілердің пайдалы және зиянды жақтарын ажырата білуді үйрену.



Оқу нәтижелері

  1. Барлық оқушылар істей алады: Агент ұғымы туралы біледі.

  2. Оқушылардың көпшілігі істей алады: Агенттің пайдасы мен зиянды жолдарын түсінеді.

  3. Кейбір оқушылар істей алады: Әлеуметтік желілердің пайдалы және зиянды жақтарын ажырата білуді үйренеді.




Тілдік мақсат

Оқушылар: Қауіпсіз интернет балаларға ерте жасынан қажет екенін түсіне алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: агент, чат, блок, конференция

Сыныптағы диалог /жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Агент дегенді қалай түсінесіңдер?...

  • Ақпараттық қауіпсіздік деген сөзді мағынасы қандай деп ойлайсыңдар?

Сіз неліктен ...екінін айта аласыз ба?

Агент пен телефонның айырмашылығы мен ерекшелігі неде?


Жетістік критерийлері:

  • Агенттің пайлалы және зиянды жағын біледі;

  • Әлесқой мен пайдаланушы ұғымын ажыраты алады;

  • Ақпараттық сауаттылық пен мәдениеттілік қалыптасады:


Негізгі идеялар

Ынтымақтастық құра отырып, тақырып мазмұны және мақсатымен танысу, топта, жеке жұмыс жүргізуде, құрдастар тілі арқылы ой пікірлерін білдіру мен мадақтаулар айту.


Тапсырмалар

Топтық жұмыс: «өз пікірім»

Жеке жұмыс «Сұрақтар тізгіні»

Жеке жұмыс: «Кезбе тілші»


Жоспарланған уақыт


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)


Кіріспе бөлімі






2 минут




5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

Шеңбер құрып, бір – біріне сәттілік тілейді.


ІІ. Ой қозғау: Мұғалім сөзі

Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» -деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде Интернет пен агенттің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Бүгінгі мектеп алды даярлық тобымен жасөспірім оқушылар және үлкенді кіші адамдар интернет және агент арқылы хат алысып, танысып, тіпті агент арқылы үйленіп, отбасын құрып жатыр. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жақсы- жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой- пікірімізді  таразыға салып көрейік.


Оқушы мына жастардың,
Келешегін ойланам.
Зейінді алғыр жастар аз
Білімге терең бойлаған
Интернет пен агент тұр
Бар әлемді жайлаған
Алыстатып білімнен
Жастардың жолын байлаған
Оқып білім алмаған
Дей ме екен жастар «қой бағам»

Тосқауыл қойып агентке
Ден қою керек білімге
Өмірге керек қорегің
Ойлаңдар жастар білімде
Көп оқыңдар кітапты
Өзіңнің ана тіліңде
Агентке алданып
Тегіс жерде сүрінбе
Кітаптан алсаң білімді
Жарқырап сенің тұрады
Аспандағы күніңде



Негізгі бөлім








15 минут













5 минут


1 минут

ІІІ. Топтық жұмыс «Өз пікірім»


І топ: 7 сыныптар: «Агентомия дегенді қалай түсінесің?»


ІІ топ:8Б сынып: «Агенттің пайдалы жақтары»


III топ: 8А сынып : «Агенттің зиянды жақтары»


  • Оқушылар топта берілген тақырыпта ойласады.

  • Теориялық білімін өмірмен ұштастырады;

  • Құрдастар тілі арқылы бір/біре түсіндіреді.


Топтық бағалау (екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы)


Сергіту сәті (шағын көрністен түйер ой)

Оқушыларға агентте отырған баласы және анасының көзқарасы. Агенттегі қысқартылған сөздерге анасының пікірі туралы шағын жағдаят.



5 минут












2 минут


IV. Жеке жұмыс: «Сұрақтар тізгіні»


Оқушыларға төмендегі деңгейде сұрақтар беріледі:


  1. Өзіңізге М-агент ашар кезде кері жағын, яғни зиянды жағын ойладыңыз ба?

  2. Mail.ru агентте бірінші жазатын сөзіңіз?

  3. Күніне қанша уақытыңды агентте өткізесің?

  4. Қаншалықты сауатты жазасың?




Жеке жұмысты бағалау:(мадақтаулар арқылы)




Қорытынды бөлім





Қорыт.


8 минут




2 минут





























V. Жеке жұмыс: «Кезбе тілші» әдісі

Оқушылар пікірі тыңдалады. Кезбе тілші ретінде мұғалім жеке /жеке оқушылардан бүгінгі тренингтен алған әсерлері мен пікірлерін сұрайды.


Кері байланыс. Оқушылар пікірі жазылады

Агенттің пайдалы жағы

Агенттің зиянды жағы

Интернеттің әр сайты тың жаңалықтарға толы, агент ешқашан құнын жоймайды.
Интернетке кіру мәдениеттіліктің негізі.Сайт беттерін жаңарту керек, агент алыс-жақын адамдардың бір-бірімен танысуын, хат алмасуын, ой бөлісуіне қажет бірден-бір жаңа технология.
Интернетпен байланысын тоқтатқан адам ойлауды да тоқтатады.

Бір мезгілде бірнеше адаммен хаттасуға, хабарласуға.

агент тиімді әрі бағасы да арзан қарым-қатынас жасауға арнайы шығарылған пайдалы дүниелер

агентте достарыңмен қарым-қатынасың үзілмейді,үнемі байланыста боласың.

Жаңа достар табасың.



Уақыттың құр босқа кетуі
Таңды таңға атыру
көздің нашарлауы
компьютерде  көп отырып мойныңа тұз жиналады.
соткамен отыратындарға еденицаның соры
қатып қалғанда кейбіреулер жүйкесін сол үшін жұқартады.
кейбіреулер осы өмірді ұмытып өтірік мир ашып алып виртуалды өмірде өмір сүретіндер де бар.
кейбірулер алданып та қалып жатыр ғой.
бір сөзбен айтқанда денсаулық үшін өте зиян

Агент  адамның миын  жейді.
Агенттегілердің көбі сені алдайды.

Агент сабақ оқуыңа кедергі келтіреді.

Агент – сауатсыз  жазу  ммен  сауатсыз сөйлеудің айқын кепілі


Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?



  • Бүгін оқушылар не білді?



  • Мен берілген уақыт ішінде үлгірдім бе?






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Агентомия. Агентті? пайдасы мен зияны

Автор: Жаксылыкова Жанагул Жасановна

Дата: 12.05.2016

Номер свидетельства: 325859


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства