kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А.Сейдімбек "Әйел-Ана"

Нажмите, чтобы узнать подробности

А.Сейдімбектің "Әйел-Ана"әңгімесінде Әйел-Ананың тапқырлығы айтылады.Күншуақ елі құрып кете жаздаған шақта Әйел-Ананың ақыл-парасатының арқасында аман қалады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А.Сейдімбек "Әйел-Ана"»

Сабақтың тақырыбы: А.Сейдімбек «Әйел-Ана»

Сабақтың мақсаты:
1. Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы туралы түсініктерін кеңейту. «Әйел-Ана» ертегісінің мазмұнын меңгерту,Күншуақ еліндегі ананың тапқырлығы, батырлығы жөнінде мағлұмат беру.
2 Ертегі бойынша алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру. Адам өміріндегі ананың рөлі жайлы ойларын тыңдай отырып, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
3) Оқушыларды адамгершілікке, ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, топтық жұмыс, ізденіс жұмысы
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка
Көрнекілігі: интерактивті тақта, А.Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы бойынша слайд, өлең жолдары, мақал- мәтел, суреттер, мәтін, плакат 
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу.
Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру. Сыныпты топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.  
Әбділда Тәжібаев «Толағай» ертегісін «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын бекіту. 
1.Әдеби ертегілер деген не?
2. Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен қандай айырмашылығы бар? 
3. Толағай ертегісіндегі кейіпкерлер кімдер? 
4.Толағай ертегісінің тақырыбы не жайлы? 
3.Идеясы қандай? 
4.Қазіргі кезде Толағайдай қандай азаматтарымыз бар? 

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.

"Ізденген жетер мұратқа ..." айдары

Оқушыларға слайд арқылы Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы жайлы оқушылардың шығармашылық жұмысын тыңдау.

Ол 1942 жылы 22 желтоқсанда Қарағанды облысы Жаңарқа ауданында дүниеге келген. 1963-1968 жылдары ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінде оқыған. 1968-1975 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, меншікті тілші, 1975-1976 жылдары «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы, 1976-1983 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде Әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1983-1987 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының бас редакторы болып қызмет атқарды.

1987-1997 жылдары ҚР ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы «Әдебиет және өнер» институтында лаборант, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1997 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры, 1998 жылы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясының президенті болып тағайындалды.

1999 жылы ҚР Президенттік Мәдени орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары, 2000 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде еңбек етті.Ақселеу Сейдімбек 8 монографияның, бірнеше ғылыми еңбек пен оқу құралдардың және 400-ден астам мақаланың авторы.

«Ой қозғау "
Адам баласын,яғни бізді,дүниеге әкеліп,мәпелеп,бағып-қағып,қинасақ қолдай-тын,қуансақ мейіріммен қарап,маңдайымыздан сипап демей түсетін,түн ұйқысын төрт бөліп тал бесікті таянатын,аялы алақанымен мәпелейтін кім?

АНА.

Ендеше,оқушылар біздің бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз А.Сейдімбековтің «Әйел-Ана» ертегісі.

«Ана» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?( оқушыларға стикер таратылады, оқушылар ана туралы ойларын жазып, тақтаға іледі) .

ІV. Мәтінмен жұмыс.

V. «Әйел- ана » ертегісі бойынша әр топқа мәтіндер таратылады. Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды. Мазмұнын меңгереді « Әр топтан бір оқушы шығып, ертегінің мазмұнын айтады. 

Сергіту сәті. «Аяулы ана» әні орындалады.


VІ. Шығармашылық тапсырма. 
І топ 
«Әйел-Ана » ертегісіндегі анаға ақ тілек.( Әр оқушы анаға арнап тілек жазады). 
ІІ топ 
«Ана» туралы мақал- мәтелдер таратылады. Оқушылар берілген мақал- мәтелдерді өз орнына қойып, құрастырады. 
1.Анасы бардың панасы бар,

Анасы жоқтың көз жасы бар! 
2.Анаңа ауыр сөз айтпа!

Атыңа ауыр жүк артпа! 
ІІІ- топ 
Өлең құрастыру.Өлең жолдары жазылған қима қағаздар таратылады, оқушылар өлең жолдарын өз орнына қойып, орналастырады. 
Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,

Бар шуағын баласына арнаған.

Бір өзіңнен қуат алып өмірде

Сенің салған сара жолды жалғағам.

Қорытынды.

«Құрақ құрау» ойыны.

Шарты:

-Ұяшықтарды таңдау арқылы сұраққа жауап бере отырып,құрақ құралады.

-Сурет бойынша сабақ қорытындыланады.

1) Күншуақ елін тұтқынға алған жау оларға не істемек болады?

2. Ер-азаматтарды аман алып қалу үшін Әйел-Ана қандай тапқырлық жасады?

3.Ақын ертегі арқылы қандай ақыл, өнеге бермекші болып отыр?р-

4.Ер-азаматтарды қорғаннан алып шығудың тағы қандай жолын ұсынар едің?

Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушылардың білімдерін бағалау. 

Үйге тапсырма беру: «Ана- сарқылмайтын күш» тақырыбында эссе жазып келу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
А.Сейдімбек "Әйел-Ана"

Автор: Касимова Арайлым Кубайдоллина

Дата: 11.05.2017

Номер свидетельства: 414375


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства