Сабақ тақырыбы: Сызықтық алгоритмді программалау | Уақыты |
Пән: информатика | Сынып: 9 |
Оқудың өзара байланыстары: математика, ағылшын тілі, геометрия, логика | Бағалау: формативті бағалау, жиынтық бағалау |
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Сызықтық алгоритмге есеп шығара білуге, блок- схемасын құруға, бағдарлама құруға үйрету; Дамытушылық: Оқушылардың сызықтық алгоритмге бағдарлама құрастыру арқылы ой-өрісін, ақыл - ойын дамыту Тәрбиелілік: Оқушылардың ізденушілігін, қызығушылығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу |
Нәтижесі: Оқушылар сызықтық алгоритмдерге есеп шығарып және программа құрып, тиімді жұмыс істей алады. |
Ресурстар: компьютер, интерактивті тақта, оқулық, таратылатын ресурстар. |
Уақыты | Жұмыстың түрі | Мұғалімнің рөлі | Оқушылардың әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі: 1 мин | Амандасу; Түгендеу; Сыныпта психологиялық ахуал туындату;
Топқа бөлу; | Мұғалім сабақты бастайды программада кездесетін қызметші сөздер арқылы оқушыларды 3 топқа бөледі. «Паскаль» тобы рrogram, const, var begin, end «Deльфи» тобы not, record, cаse, do, procedure, «С+» тобы tо, fоr, function, div, or Ал, балалар бүгінгі сабағымызда бағалау әдісі смайликтер тарату арқылы жүргіземіз: 9-8 смайлик – «5» 7-6 смайлик – «4» 5-3 смайлик – «3» 1-2 смайлик – «тілек» | Оқушылар берілген қағаздар бойынша топқа бөлінеді |
Топтармен жұмыс 1 мин | Оқушылар топқа бөлініп отырған соң топ мүшелерінің міндеттерін бекітеді. (көшбасшы, тайм кипер, хатшы,сарапшы, баяндамашы) | Ұйымдастырып, бақылап отырады. | Орындарына отырып топ мүшелерінің міндеттерін бекітеді |
Үй жұмысын сұрау: Полиглот 2 мин | Тақтадан сөздер көрсетіледі: begin, not, const, program, record, cаse, end, var, do, procedure, tо, fоr, function, div, or | Тақтадан сөздер көрсетеді. Смайликтер беру арқылы бағалап отырады. begin- басы not-терістеу const-тұрақты program-программа record-жазба cаse- таңдау end-соңы var-айнымалы do-орында procedure-процедура tо-дейін fоr-үшін function-функция div-бүтін бөлік or-немесе | Оқушылар қол көтеру арқылы берілген сөзді 3 тілде жауабын айту керек. |
Топпен жұмыс 1 мин | «Иә-жоқ» кестесінің үшінші бағанын толтыру. | | Оқушылар кестенің 3 бағанын толтырады |
ой қозғау 6мин | Тақтадан 3 топқа Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын талдау | Ұйымдастырып, бақылап отырады. Оқушылар шығып жолдауды қорғайды. Смайликтер беру арқылы бағалап отырады. | Оқушылар топпен бірігіп ақылдасады. |
9 мин Жаңа сабақ түсіндіру | Алгоритмнің 3 түрі бар: сызықтық, тармақталған, цикілдік. Міне бүгін біз сызықтық алгоритмді қарастырамыз.Егер орындаушы командаларды бірінен соң бірін ілесу тәртібімен орындайтын болса, алгоритм сызықтық деп аталады. Алгоритмдерді программалау тілінде көрсету программа деп аталады. Сызықтық алгоритм блок-схема тұрінде болады: Есептеуіш әрекет №1 Ұшбұрыштың а,в,с қабырғаларының ұзындығы берілген, Герон формуласы бойынша ұшбұрыш ауданын есептеңіз(оқулықтан 49 бет 1 есеп) | Мұғалім сабақ түсіндіреді | Оқушылар мұқият тыңдап отырады |
Сергіту сәті. 1 мин | Тақтаға қарап би билейді | | |
Практикалық жұмыс 15 | Топтық, жұптық жұмыс. 1 топ : 36 бет № 13 есеп 2 топ: Y=2x2+4 3 топ: Берілген бүтін х, y,z үш санның қосындысын есептейтін программа құрастырыңыз Нәтижесінде топ оқушыларының жұмыстарының қорытындысы шығарылады. | Ұйымдастырып, бақылап отырады. Смайликтер беру арқылы бағалап отырады. | Жұппен, топпен бірлесе отырып берілген есепті шығарып компьютерге салады. |
Сабақты бекіту кезеңі 3мин | Бекіту сұрақтары тақтадан көрсетіледі. Сызықтық алгоритм дегеніміз не? Алгоритм орындаушысы деген не? Алгоритм қасиеттерін атаңыз? Алгоритмдік тілдің жазылу ережесін ата? Блок-схема деген не? Программа деген не? | Тақтадан сұрақтар көрсетіліп тұрады Смайликтер беру арқылы бағалап отырады. | Оқушылар қол көтеру арқылы жауап береді. |
Топпен жұмыс 1мин | «Иә-жоқ» кестесінің төртінші бағанын толтыру. | | Оқушылар кестенің 4 бағанын толтырады |
Үйге тапсырма, бағалау 2 мин | Тақырыпты мазмұндау, №10 есеп | Үйге тапсырма беріп, оқушыларды жинаған смайликтеріне қарай бағалайды | Күнделікпен жұмыс. |
Рефлексия кезеңі 1 мин | Оқушылар тақтада көрсетілген смайликтерге белгіше қояды. | Мұғалім бақылап тұрады | |