kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

№77 Асанбай Ас?аров атында?ы мектеп-лицей

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?т?стік ?аза?стан облысы, Шымкент ?аласы, №77 Асанбай Ас?аров атында?ы мектеп-лицейіні? информатика п?н м??алімі Джамашева Нургуль Шамшиддиновна,  "Елі с?йген, елін с?йген - елбасы" атты та?ырыбында?ы ашы? т?рбие са?аты, 5-сынып. Архифте саба? жоспары ж?не презентациясы бар. 

Ашы? т?рбие са?аты елімізді? к?шбасшысы Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаевты? ?мірі мен ?мір жолында?ы к?ресі, елі-жері ?шін жаса?ан ерен е?бектері туралы ма?л?маттар бар. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Нурсултан Назарбаев »



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


77 Асанбай Асқаров атындағы мектеп-лицей





Тақырыбы: «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»


5 Есыныбы





Информатика пән мұғалімі: Джамашева Нургул





Шымкент қаласы 2014-2015 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: Елі сүйген, елін сүйген Елбасы?


Сабақтың мақсаты: 1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

өмірі мен қызметі жайлы білімдерін одан әрі толықтыру. Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату.

Болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін ұғындыру.

2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете

отырып, елжандылыққа, отан сүйгіштікке,

азаматтыққа баулу.

3. Елбасы жолдауындағы білім беру саласына ерекше мән берген тұстарын балаларға етене таныстыра отырып, білімге құштарлығын арттыру; жақсы оқуға талаптандыру.

Сабақтың түрі: Ашық тәрбие сағаты


Көрнекіліктер мен көмекші материалдар: Интерактивті тақтадан портреттер, фотосуреттер, видео-материалдар, өлеңдер.


Сабақ барысы

Екеуі бірге : Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұрпақтары.


2-Қыз: Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.


2-Ұл: Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз! 1 желтоқсан – Президент күніне орай өткізіліп отырған «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы?» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын!


3-Қыз: Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Әнұранның тұр көгіңде шырқалып.

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын) қабыл алыңыздар


4-Ұл: Нұрсұлтан - ел тірегі, алтын діңек,

Алыптың халқы ғана нарқын білмек.

Қазағым шаттанатын кезің келді,

Алашқа қорған болар ұл тудым деп.


5-Қыз Елі құрмет тұтқан, Елағамыз,

Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз – Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы.

Слайд-шоу басталады (Ұшқоңыр музыкасы жаймен шығып тұрады)


Балалық шағы (Жанерке)

Оқушы: 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды..

Мектепте Нұрсұлтан ең үздік оқушылардың бірі болды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Жастық шағы

Оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды




металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін

бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып, металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.



Отбасылық жағдайы

Жұбайы – Сара Алпысқызы – Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.

Президенттің үш қызы бар:

  • Дариға – саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ «Хабар» Ақпараттық агенттігінің директорлар кеңесінің Төрайымы;

  • Динара – Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады;

  • Әлия – бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылысы компаниясын басқарады.

  • Н.Ә.Назарбаевтің жеті немересі және екі шөбересі бар.



Оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауакп беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталды.


оқушы: 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.


Қыз: Ендігі кезекте - Әдеби монтаж

Диана: Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы


Бибарыс: Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз.


Жанерке: Ақылым өсіп, азамат болам еңселі,

Адам да болам, артатын маған ел сенім.

Үлгісі болған намысты ұлдың – Елбасым

Өзіңнен алам ұлылықтың нағыз өлшемін.

Талай елге танытып қазағыңды.

Өркениет өлкесіне өріс алдың.

Мойындатып туымды байтақ елге,

Тәуелсіздік тьөріне сен апардың.




Айбар: Ата деп ардақ тұтады ұрпағың,

Тарихтан тартым бабалар жолын жалғадың

Ерлік пен елдік мұратын ту ғып төбеңе ,

Болашақ, қамын, халқыңның қамын жырладың.

Еліммен бірге, есейіп өсіп толамын,

Ақылын тыңдап, үлкеннің тілін аламын.

Елінің қамын ойлаймын деген Елбасы,

Қазақтың ұлы Назарбаевтай боламын!


Көркем: Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге,

Сіз-басшы, халқың-қосшы бола бергей,

Жаңа мынау тәуелсіз елімізге.


Аян: Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар


Жанел: Тұратұғын болашақтың үні кеп
Т артылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп

А.Диас: Көк байрақты туым бар,

Рухы биік елім бар.

Ырыс пен арды ойлаған,

Ел басқарған ерім бар,

Қасиетті қазағымның,

Жайнаған бүгін күні бар.


Мадина: Қазақтың елі - кенен ел,
Басшысы жайсаң кемелді ер,
Зейіні зерек, өзі алғыр,
Нұр - ата сынды кемеңгер.
Қазақтың туын ұстаған
Болашақ жолын нұсқаған,
Нұр - ата аян ғаламға,
Беделі биік күшті адам.

Аружан: Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың.

Қазақтың асқақтаттың өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың.


Иманәлі: Ұл едің қатарынан артық туған,

Еңбекке жастайынан белін буған.

Танытып әрбір елге қазақ атын,

Жастарға жалын бердің білім қуған.


Данагүл: Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн

Артта қалды бодан болған азап күн

Елім, жерім қазағым деп тебіренем

Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.





Дастан: Қазақ елі желбіреп көк байрағың

Гүлге оранды ауылың мен аймағың

Нұрсұлтанның биіктерге бастады

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын


Нұрдәулет: Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз.


Диар: Нұрсұлтанды тудырған, заманалар

Желтоқсан жел. Ұл мен қыз

Ажал құшқан сондағы

Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы

Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.


Ұл: Ендігі кезекте Ән «Жаса қазақ тілім» орындайтын Керімқұл Диас


Қыз: Елбасымыздың ерен еңбегі

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.


1991 ж 16 желтоқсанда Егемендік ел болып тәуелсіздікке қол жеткіздік. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

1992 жыл Тәуелсіздік алғанымызға 1 жыл толмаған. Дін Ислам туралы айтқанынан үзінді (Бейнероликке назар аударайық)


Қыз : Қазір тамашалайтындарыңыз «Күй» «Кеңес» орындайтын Тәжібек Көркем. Қарсы алайық


Ұл: Біздің елбасымыз елімідің көшбасшысы оның бойындағы қасиеті, өнері дара тұлғаға лайық. Н.Ә.Назарбаевтың қол жеткізген жетістіктері.

Жанерке:

ОЛ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ЖОҒАРҒЫ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ

Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады. Біздің армия қазақстандық қоғамның басты құндылықтары – бостандық, тәуелсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылықтың күзетінде тұр

ОЛ: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

ОЛ: “Нұр Отан” Халықтар Достастығы Партиясының

Төрағасы

Қазақстан Республикасы Президентінің Төсбелгісі

Ол шапақтары сегіз қырлы нысанды құрайтын көп сәулелі жұлдыздан тұрады. Жұлдыздың ортасында алтын әріптерімен «Қазақстан Президенті» деп айландыра жазылған медальон бар.




Ұл: Ендігі кезекте түрік биі: Қабыл алыңыздар.


Ұл: Ендігі кезекте тамашалайтындарыңыз ән «Жаса Қазақстан» «Жігіттер тобының» орындауында


Қорытынды: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол – тәуелсіз Қазақстан.

Ұл: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

Қыз: Көріп-тамашалағандарыңызға көп рахмет!

Енді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мусралиева Лиза апайға сөз беріледі.


Просмотр содержимого презентации
«Назарбаев»

,.үфйцф

,.үфйцф

№ 77 Асанбай Асқаров атындағы мектеп-лицей

77 Асанбай Асқаров атындағы мектеп-лицей

1 желтоқсан  «Тұңғыш Президент» күні

1 желтоқсан «Тұңғыш Президент» күні

Гимн

Гимн

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы  аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып, металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Ол ерте есейді, орта мектепті

бітіре салысымен Кеңес Одағындағы

аса ірі Қарағанды металлургия

комбинатының көлемді

құрылысына аттанды.

Құрылыста біраз еңбек

еткеннен кейін бір топ

қазақстандықтармен Украинаның

Днепродзержинск қаласына барып,

металлург – жұмысшы мамандығын

меңгерді. Бұл шойын құюшы,

домна пешінің көмекшісі

жұмыстарын атқарды,

ал кейінірек инженер

дәрежесіне көтерілді.

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады

,.үфйцф   Слайд-шоу

,.үфйцф

Слайд-шоу

,.үфйцф

,.үфйцф

1992 жыл Дін Ислам туралы айтқанынан үзінді Бейнеролик күй

1992 жыл Дін Ислам туралы айтқанынан үзінді

Бейнеролик

күй

Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады. Біздің армия қазақстандық қоғамның басты құндылықтары – бостандық, тәуелсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылықтың күзетінде тұр

Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады. Біздің армия қазақстандық қоғамның басты құндылықтары – бостандық, тәуелсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылықтың күзетінде тұр

Ол шапақтары сегіз қырлы нысанды құрайтын көп сәулелі жұлдыздан тұрады. Жұлдыздың ортасында алтын әріптерімен «Қазақстан Президенті» деп айландыра жазылған медальон бар.   БИ

Ол шапақтары сегіз қырлы нысанды құрайтын көп сәулелі жұлдыздан тұрады. Жұлдыздың ортасында алтын әріптерімен «Қазақстан Президенті» деп айландыра жазылған медальон бар.

 

БИ


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
№77 Асанбай Ас?аров атында?ы мектеп-лицей

Автор: Джамашева Нургуль Шамшиддиновна

Дата: 21.05.2015

Номер свидетельства: 213954


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства