О?ушылар?а 3D программасында объектілермен ж?мыс жасауды, материал ?асиеті туралы ??ымды ?алыптастыру. 3D программасыны? ерекшеліктерін т?сіндіру. О?ушыларды программамен ж?мыс жаса?анда ??ыптылы??а, ізденімпаздылы??а т?рбиелеу.О?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін, компьютерлік сауаттылы?тарын дамыту
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«3D программасы. Материалды ?осу, материал ?асиеті »
Пән аты: информатика
.
Сынып: 10 а
Cабақтың тақырыбы: 3D программасы. Материалды қосу, материал қасиеті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға 3D программасында объектілермен жұмыс жасауды, материал қасиеті туралы ұғымды қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды программамен жұмыс жасағанда ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, компьютерлік сауаттылықтарын дамыту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: практикалық сабақ
Көрнекіліктер: компьютер, VB программа ортасы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын тексеріп, назарларын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырып бойынша деректер мен тапсырмаларды сұрау
3 д программасының қызметі қандай?
Спиральді сығу қалай орындалады?
Жабық фигураларды сығу командасын атаңдар
Қосымша элементтердің интерфейсі қалай жасалады?
Анимация қалай жасалады?
Жаңа сабақты түсіндіру
4.1 Материалдар дүниесіндегі өмір
Күнделікті өмірде біз көптеген мәліметтерді олардың пішіні мен материалына қарап танып білеміз. Сіз әрине көзіңізге ағаштан жасалған тірі мысықты елестете алмайсыз. Себебі ондай мысықтың болуы мүмкін емес. Компьютерлік графикада мүмкін емес заттарды тез арада объектінің материалын өзгерту арқылы шындыққа айналдыруға болады.
Материалдар редакторына кірудің ең тез түрі салым панеліндегі Material Editor батырмасын басу арқылы кіру болып табылады.
Сахнада кез-келген модельді жасаңыз, содан кейін Material Editor батырмасын басыңыз. Нәтижесінде экранда Material Editor панелі пайда болады.
Бастапқыда панельдің жоғарғы жағында орналасқан сфералардың барлығы сұр түсті болады. Бұл сфералардың әрқайсысы таңдап алған объектіге қолдануға болатын материалға сәйкес келеді. Material Editor панелі көптеген басқару элементтерінен тұрады, бұлардың көбісі 3D STUDIO MAX-та тәжірибиесі көп қолданушылырға арналған.
Ең бірінші қандай көлеңкелеу shader типі қолданылатынын анықтау керек. Бастапқыда Shader Basic Properties (көлеңкелеудің негізгі қасиеттері) бөлімінде Blinn типі таңдалған. Осы тізімнен басқа да көлеңкелеу жерін таңдауға болады. Мысалы, ең көп қолданылатындардың бірі Phong болып табылады.Осы типті таңдағаннан кейін Material Editor панелінің төменгі жағында Phong Basic Parameters (Phong көлеңкелеуінің негізгі параметрлері) пайда болады.
Phong Basic Parameters бөлімінің жоғарғы сол жағында базалық Phong материалын жасаудың 3 негізгі түрі бар:Ambient (Аққыш),Diffuse (Жайылғыш) және Specular (Айналық). Осы 3 параметрдің оң жағында белгілі бір түске боялған тіктөртбұрышты аймақ орналасқан. Бұл аймақ түстердің үлгісі болып табылады. Кез-келген түстердің үлгісін басқанда экранда Color Selector панелі пайда болады, мұнда жаңа түсті таңдауға болады. Ambient, Diffuse және Specular параметрлерінің жаңа түсін таңдағанда, Material Editor панелінің жоғарғы жағындағы сфераларда өзгеріс пайда болады.
Phong типін көлеңкелеу үшін айналық бликтердің жарықтандыру параметрлерін көрсетуге болады. Бликтердің өлшемі мен ақшылдығын SpecularHighlights бөлімінде 3 әдіспен анықтауға болады:
Softness (Жұмсақтық)– 0 мен 1 арасындағы мәндерді қабылдайды. Бұл параметр объектінің шеткі бөліктерінің түсін ағартады, таңдалған мәнге байланысты ол жұмсақ немесе нақты бола алады.
Specular Level (Шағылу дәрежесі)-1 мен 999 аралығындағы мәндерді қабылдайды. Бұл параметр бликтің жарықтандыруын өзгертеді, оның мәні неғұрлым үлкен болса, соғұрлым жарықтығыш үлкен болады.
Glossiness(Глян)-0 мен 100 аралығындағы мәндерді қабылдайды. Бұл параметр бликтің өлшемін өзгертеді, оның мәні өскен сайын бликтің өлшемі кішірейеді.
3D STUDIO MAX-та дайын материалдарды қолдану Material/Map Browser терезесінде орындалады. Бұл терезені ашу үшін Material Editor панеліндегі бір сфераны таңдап, Standard батырмасын басу керек. Нәтижесінде экранда Material/Map Browser терезесі пайда болады. Бұл терезеде Browser Form қайтақостырғыш жиынында Mtl Library қайта қостырғышын таңдап алыңыз.
Дайын материалдарды тізім ретінде немесе пиктограмма ретінде бейнелеуге болады. Бейнелеудің түрін таңдау үшін Material/Map Browser терезесінің жоғарғы жағындағы батырмалар қолданылады.
Дайын материалдарды объектіге қолдану үшін, оны сахнадағы кез-келген үшөлшемді объектіге апару керек.