Сабақтың жабдығы: оқулық, дербес компьютер, ACTIVOTE құрылғысы, суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Жұппен жұмыс жасау. Бір оқушы екінші оқушыға сұрақ қояды. Мұғалім оқушы жауабын тыңдайды. Сұрақтар экранда көрсетіліп тұрады.
1. Ақпарат дегенді қалай түсінесіңдер? Мысал келтіріңдер.
2. Адамның пайда болуына дейін ақпарат болды ма?
3. Ақпаратты ұсынудың қандай формаларын білесіңдер? Мысал келтіріңдер.
4. Қандай әрекеттермен ақпаратты өңдеуге болады?
5. Адам ақпаратты қандай ақпарат көздерінен қабылдайды?
6. Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер? Мысал келтіріңдер.
3. Білімді өзектендіру.
Сұрақтар:
1. Біз ақпаратты қайда кездестіреміз?
2. Біз ақпаратпен не істейміз?
3. Қандай да бір әрекетсіз ақпарат болады ма?
4. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ақпарат жасалады, жеткізіледі, сақталады және өңделеді. Ақпаратпен орындалатын әрекеттер ақпараттың кезеңдері деп аталады. Қандай да бір әрекеттер ақпараттық кезеңдерде орындалады.
Ақпаратты сақтау
Ақпаратты қайта – қайта пайдалану және оны тасымалдау үшін ақпаратты сақтаудың маңызы өте зор. Ақпаратты сақтау үшін адамдар жадыны немесе «сыртқы» тасығыштарды қолданады. Ерте заманда бұл мақсатта тастар мен папирус пайдаланылды. Қазіргі ақпарат қағаз бен электрондық тасығыштарда – дискілер мен флешкаларда сақталады.
Егер ақпараттың көлемі үлкен болса, онда өзіңе керекті ақпаратты табу қиынға түседі. Бұл жағдайда ақпарат белгілі бір тәртіппен реттелуі тиіс. Реттелген ақпаратқа әртүрлі картатекаларды (кітапханалардағы, емханалардағы) жатқызуға болады. Компьютердің де ақпаратты реттеу құралдары бар. Ақпаратты бумаларға үлестіріп сақтауға, алфавит бойынша, жазылған күні бойынша және т.б. сұрыптауға болады.
Ақпаратты жөнелту
Ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу үшін адамдар әртүрлі құралдар ойлап шығарған. Оларға
телеграфты, телефонды, теледидарды, Интернетті және басқаларды жатқызуға болады.
Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп атайды. Ақпаратты жеткізу арнасының сапасы нашар болса, онда жөнелтілетін ақпарат бұрмалануы немесе оның қайсыбір бөлігі жоғалуы мүмкін.
Ақпаратты жеткізу үдерісінде әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы болады. Ақпарат көз ақпаратты жөнелтеді, ал қабылдаушы – оны қабылдайды. Мысалы, сабақты түсіндіруші мұғалім – ақпарат көзі де, оқушылар – оны қабылдаушы.
Ақпаратты өңдеу
Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Мысалы, есепті шығарудың өзі – бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады. Басқа мысал ретінде ақпаратты бейнелеу түрінің өзгеруін қарастыруға болады. Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару.
Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жаратады.
5. Компьютермен жұмыс.
А деңгейі
1. WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. Ол үшін Пуск→ Все программы → Стандартные → WordPad батырмаларын басыңдар.
2. «Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады» мәтінін теріңдер. Үтір зақша тергенде жоғарғы қатардағы «6» батырмасы арқылы теріледі, ал бас әріптерді теру үшін CapsLock пернесін басу керек. Сөздердің арасын ажырату үшін бос орын пернесін бір рет басыңдар.
3. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.
В деңгейі
1. WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар (Пуск→ Все программы → Стандартные → WordPad).
2. «Түйін» бөліміндегі мәтінді теріңдер.
3. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.
С деңгейі
«Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар» бөліміндегі 6 – тапсырманы орындаңдар. Ол үшін өздеріңе белгілі кез келген программаны қолданыңдар.
6. Сабақты бекіту.
Бақылау сұрақтарын қою:
1. Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады?
2. Адам ақпаратты қалай сақтайды?
3. Ақпаратты қайда сақтауға болады?
4. Ақпаратты жөнелту арналары деген не? Мысал келтіріңдер.
5. Адам ақпаратты қалай өңдейді?
6.* Әдетте өздерің компьютерде ақпаратпен атқаратын әрекеттеріңді атаңдар.
7. Үйге тапсырма беру.
Оқулықтың §3 мазмұндау, тест тапсырмасын орындау.
Тест жауаптары:
1 2 3 4 5 6 7
B B C B C D C
8. Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалап, журналға, күнделіктеріне баға қою.