kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Урок: " Пернета?та "

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Білімділігі: О?ушылар?а пернета?та жайлы м?ліметтер бере отырып, пернета?таны м?ліметтер енгізу ?шін пайдалануды ?йрету.

Дамытушылы?ы. О?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру ж?не компьютермен ж?мыс жасау м?мкіндіктерін дамыту.

Т?рбиелігі: О?ушыларды ??ыптылы??а, ?йымшылды??а, компьютермен сауаты ж?мыс жасай білуге ?йрету.

Саба?ты? т?рі: Жа?а саба?

?дісі: К?рсете - баяндау, пікірлесе - т?сіндіру.

Саба?ты? к?рнекілігі: ДК, слайдтар, ?лестірмелі тапсырмалар,интерактивті та?та.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Урок: " Пернета?та "»

Сабақтың тақырыбы: Пернетақта

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға пернетақта жайлы мәліметтер бере отырып, пернетақтаны мәліметтер енгізу үшін пайдалануды үйрету.

Дамытушылығы. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: Көрсете - баяндау, пікірлесе - түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайдтар, үлестірмелі тапсырмалар,интерактивті тақта.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру

  1. Оқушылармен амандасу

  2. Оқу-құралдарын түгендеу

ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру

Көлденеңнен:

  1. Ереже бойынша ол 103тен 104ке дейінгі пернеден тұрады.

Тігінен:

1.Компьютердің басып шығару құрылғсы

2.Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранынан шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы:

3.Компьбтердің миы

4.Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы

5.Интернетпен байланысқа шығуға көмектесетін құрылғы

6.Компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын обьектілерді басқаруға арналған манипулятор

7.Процессор басқа құрылғылардың сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастырады оны...

8.Information сөзінің аудармасы

9.Апараттың өлшем бірлігі

10.Тышқанның басқаша атауы

Компьютер құрылғыларының аттарын толықтыр:

монитор

пернетақта

тышқан

Жүйелік блок

























І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын пысықтау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Пысықтау сұрақтары:

1. Қандай құрылғылар қосымша құрылғылар деп аталады?

2. Компьютер деген не?

3. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар?

4. Монитордың қызметі қандай?


ІІІ. Жаңа сабақ.

Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез - келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің 102 - 104 перне болады.

Пернетақтаның негізгі блоктары:

1. Функционалдық пернелер (F1 - F12) – күрделі операцияларды орындауға арналған, символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F(F1, F2….. F12) әрпімен белгіленген. Функционалдық пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі бағдарламалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атқарады. Мысалы: Бейсик тілінде F1.... F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады.

2. Цифрлық пернелер – цифрлық ақпаратты енгізуге және меңзерді басқаруға арналған. Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай - ақ меңзердің экранда қозғалуын басқаруға болады. «NumLock» пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режімін ауыстырып қосады.

3. Символдық пернелер - алфавиттi цифрлық ақпаратты енгізуге арналған. Символ пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернетақтаның көмегімен кез - келген алфавитті, цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады.

4. Орнату пернелері меңзерді экран бойы жылжытуға арналған. Меңзер дегеніміз – экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық перне басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар (стрелка) салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған.

Осы бөліктерден басқа пернетақтада тағы бірнеше арнайы пернелер бар. Олардың негізгілеріне тоқталсақ:

1. F1, F2 - F12 дейін басқаруға арналған функцияналды пернелер.

2. ←↑→↓ – курсорды көрсетілген бағытта бір орынға жылжыту.

3. Enter /ентер/- бір жолдан екінші жолға түсу үшін енгізу пернесі.

4. Backspace /баспайс/- пернесі курсурдың алдындағы қатені өшіреді.

5. Delete /делете/- пернесі курсордың артындағы қатені өшіреді.

6. Tab (Тап)- пернесі курсорды көрші терезеге немесе кестенің кеоесі бағанасына жылжытады.

7. Caps Lock (Капс лок)- пернесінің негізгі режимі кіші әріпті енгізу, қосымша режимі бас әріпті енгізу.

8. Num Lock (Нам лок)- пернелік тақтаның қосымша бөлігін іске қосу үшін қажет.

9. Ctrl, Shift, Alt (ктрел, шифт, алт)- регистрлік пернелер, тек басқа пернелермен ғана бірігіп қызмет атқарады. Мысалы: Shift пернесімен кез келген әріпті бір мезгілде бассаңыз онда ол әріп бас әріп болып түседі.

10. Shift - a - А бас әріпін енгізу

11. Пробел - босорын пернесі.

Кейбір амалдарды орындау үшін, пернелердің комбинацияларын пайдалануға болады. Ол үшін екі: Ctrl, Alt арнайы пернелері бар. Мысалы, пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орын алфавитіне ауыстыру үшін, Alt+Shift пернелерін қатар басады, яғни алдымен Alt пернесін басып тұрып, содан кейін Shift пернесін басады да, олардың екеуін де босатады.


Практикум:

Пернетақтаның негізі бөліктері, пернелердің атқаратын қызметіне байланысты оқушыларға сұрақтар беріледі:

1. Пернетақта қандай құрылғыға жатады?

А) шығару құрылғысы

Ә) жазу құрылғысы

Б) енгізу құрылғысы

Г) оқу құрылғысы


2. Пернетақтаның негізгі бөліктерін жаз:_______________________________________________________


3. Мына пернелердің атқаратын қызметі қандай?

Enter -

Esc -

Delete -

Alt –

Ctrl –

CapsLock –

Shift –

NumLock –


ІV. Үйге тапсырма:

«Пернетақта. Пернелер тобы.» тақырыптарын оқып келу.

V. Қорытындылау:

1. Сонымен оқушылар пернетақта не үшін қажет?

2. Пернетақта пернелері орналасу ретіне қарай неше бөлікке бөлінеді?

Оқушыларды бағалау






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Урок: " Пернета?та "

Автор: А?мурзиева Ботак?з Сембай?ызы

Дата: 10.11.2015

Номер свидетельства: 250734


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства