kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Компьютерлік сауаттылы??а ?йрету п?ні. Та?ырыбы: - Компьютер ж?не оны? б?ліктері. МАД тобына

Нажмите, чтобы узнать подробности

Асралиева Арайлым Бактыбаевна 1990 жылы 7 желто?санда ?оск?л ауылына д?ниеге келдім. Бітірген маманды?ым информатика п?ніні? м??алімі. Ж.Досмухамедов атында?ы педагогикалы? колледжіді 2008-2011 жылы ая?тап, информатика маманды?ын алып шы?тым. 2011-2013 жылы  технология п?ніні? м??алімі маманды?ын ая?тадым. 2013 жылы Б?ГА-?а "Информатика"п?ніні? м??алімі маманды?ы п?ні бойынша жо?ары о?у орнын жал?астырудамын. Осы жылдар аралы?ында к?птеген жетістіктерге жеттім, Ауданды?, облысты? жарыстардан ж?лделі орындар иелендім.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Компьютерлік сауаттылы??а ?йрету п?ні. Та?ырыбы: - Компьютер ж?не оны? б?ліктері. МАД тобына »

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Күні:

Білім беру саласы: Компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәні

Тақырыбы: - Компьютермен танысу. Техника қауіпсіздігі және компьютерлік сыныпта тәртіп сақтау ережелері.

Мақсаты: - Компьютер сыныбы жұмысымен таныстыру. Ондағы атқарылатын жұмыстар туралы түсінік беру. Баланың қызығушылығын арттыру. Компьютер сыныбында тәртіп сақтау ережелері туралы түсінік беру. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Түрлі қауіптің алдын-алуға және баланы ұқыптылыққа тәрбиелеу, техникаға жауапкершілікпен қарауға үйрету.

Көрнекілігі: Компьютер сыныбы, компьютер құрылымдары

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын


Әрекет кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Баланың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:


Армысың, шұғылалы Алтын күн!

Армысың, қайырымды Жер ана!

Армысыңдар, достарым!


Жылы лебіздер:


  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз неше ай қонақта болады?

  • Күз айларын ата?

  • Күз ерекшелігін ата?







Компьютер дегеніміз не?

Кімнің үйінде компьютер бар?

Кім компьютермен ойнағанды жақсы көреді?


Қимыл әрекет арқылы табиғатпен, достарымен амандасады.


Аспанымыз ашық болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Досымыз көп болсын!

Еліміз бай болсын!

Жеріміз дәнге толсын!

Ата-анамыз ауырмасын!

Бақшамыз бақты болсын!




  • Күз

  • 3 ай

  • Қыркүйек, қазан, қараша

  • Күн салқындайды, жаңбыр жауады, күн бұлтты, желді болады. Адамдар жылы киіне бастайды, жапырақтар сарғайып, жерге түсе бастайды.



Балалардың түрлі

жауаптары

Ұйымдастырушы іздестіру


Информатика – адам қызметінің әр түрлі саласында пайдаланылатын ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, түрлендіру және тарату әдістерін үйрететін ғылыми пән.



Көрнекіліктермен таныстыру.

Компьютер-бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы.


Мұғалім компьютер сыныбы туралы әңгімелейді.

Сынып жұмысы тәртібімен таныстырады.

Компьютер сыныбында қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы айтады. Түрлі қауіптің алдын-алуға және баланы ұқыптылыққа тәрбиелеу, техникаға жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Компьютерлік оқу іс-әрекеті барысында Аруна есімді қыз бен Әлім есімді баланың көмегімен компьютерді меңгеруге шақырады.



Сәлеметсіңбе, менің атым Әлім











Компьютер туралы түсінік алады.





Компьютер әлемімен танысу үшін Аруна және Әлім сияқты достармен танысады.



Сәлеметсіңбе, менің атым Аруна







Ұйымдастырушы іздестіру

Тосын сәт: Ашық хат.

Аруна мен Әлім балаларға ашық хат жолдайды. Ол хатта:

  • компьютерге күтім жасау ережелері


  • техника қауіпсіздігі ережелері

  • Компьютер алдында дұрыс отыру

  • Сыныпта дұрыс жүру тәртібін көрсетеді /жолдайды/

Дидактикалық ойын: «Не жақсы, не жаман?».

Шарты: Мұғалім жақсы және жаман қылықтарды айтады. Балалар не жақсы не жаман екенін ажаратады.

Мақсаты: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу. Ойлау, зейін, сөздік-тілдік қорын байыту.



Балалар Аруна мен Әлімнің жазған хатын мұқият тыңдайды.

Ондағы ережелерді зер салады. Яғни:

        • Компьютерді күтіп ұстауды,

        • компьютермен жұмыс жасағанда техника қауіпсіздігі ережесін есіне сақтауға;

  • компьютер алдында дұрыс отыруды;

  • компьютер сыныбына дұрыс кіруді, жүруді, отыруды, жұмыс жасауды, шығуды үйренеді.



Сергіту жаттығуын жасайды:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Иіліп оңға бір,

Иіліп солға бір,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.




Дидактикалық ойын ойнайды. Ойын барысында ненің жаман, ненің жақсы екенін ажыратуға тырысады. Ұқыптылыққа, жинақылыққа, тиянақтылыққа мән береді.

Рефлексті түзетушілік


Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?


Қай бөлімі ұнады?


Аруна мен Әлімнің ережелерін еске түсірейік.


Мадақтау.


Қорытындылау.



Балалардың түрлі

жауаптары.




Аруна мен Әлімнің жолдаған ережелерін еске түсіреді.


Алған білімдерімен бөліседі.




Күтілетін нәтиже:


Нені білуі керек: - Компьютерге күтім жасау.

  • Компьютер сыныбында тәртіп сақтау ережелерін;

  • Компьютер алдында дұрыс отыруды;

  • Компьютер сыныбында дұрыс жүру тәртібін;


Нені игерді: - Компьютерге күтімнің жасалуын:

  • Компьютер сыныбында тәртіп сақтау ережелерін;

  • Компьютер алдында дұрыс отыруды;

  • Компьютер сыныбында дұрыс жүру тәртібін;

Нені біледі:

- Сұрақтарға жауап беру;

- Ойындар ойнау.

- Компьютер сыныбы жұмысымен танысу;

- Тәртіп сақтау мен техника қауіпсіздігін есте сақтау;

- Мұғалімнің нұсқаулығын орындауды.











Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Күні:

Білім беру саласы: Компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәні

Тақырыбы: - Компьютер және оның бөліктері

Мақсаты: - Компьютердің әрбір бөлігінің атқаратын жұмысы туралы түсінік беру. Аттарын, міндеттерін есте сақтау. Компьютермен таныстыру, монитор, жүйелік блок, пернелік бетше, тінтуір /мышь/ туралы түсінік беру.

Көрнекілігі: Компьютер сыныбы, компьютер құрылымдары

Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, тосын сәт.


Әрекет кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Баланың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Біздің топта балалар,

Тату-тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан,

Тек жақсылық ойлайды.


Жүректен-жүрекке жылы лебіздер:

(балалар бір-біріне жылы лебіздер айтады)


  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз неше ай қонақта болады?

  • Күз айларын ата?

  • Күз ерекшелігін ата?



С.Жусукеев. «Күз».

Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,,

Тамшы жерде секірді.


Өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылған?




Мұғаліммен бірге қайталайды.





Аспанымыз ашық болсын!

Жеріміз дәнге толсын!

Еліміз бай болсын!

Елімізде бейбітшілік болсын!

Ынтымағы жарасқан ел болайық!

Қазақстан гүлдене берсін!




  • Күз

  • 3 ай

  • Қыркүйек, қазан, қараша

  • Күн салқындайды, жаңбыр жауады, күн бұлтты, желді болады. Адамдар жылы киіне бастайды, жапырақтар сарғайып, жерге түседі т.б





Өлеңде жылдың күз мезгілі туралы айтылған.

Ұйымдастырушы іздестіру


Саябақ көрінісі.





Өткенді қайталау.


Компьютер дегеніміз не?

Компьютердің пайдасы қандай?

Компьютер несімен пайдалы?

Компьютерің зияны қандай?


Тосын сәт: Ғажайып қоржын.

Ғажайып қоржынның ішінде не бар деп ойлайсың?

Бізге ғажайып қоржынды кім жіберді?

(Компьютер құрылымдарының суреті).


Компьютер құрылымдары туралы түсінік береді.


Аруна мен Әлімнің әңгімесі.


Компьютер-бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылымдардан тұрады.


Балалар суреттерді

әңгіелейді.


«Саябақта серуенде»







Балалардың түрлі

жауаптары.




Ғажайып қоржынға назар аударады.


Тәрбиешінің сұрақтарына

жауап береді.






Аруна мен Әлімнің әңгімесін зер салып тыңдайды.

Ұйымдастырушы іздестіру



Жүйелік қорап- компьютердің негізгі топтарын қамтиды. Бұл құрылғының ішінен біз өзімізге керек ақпаратты жинай аламыз. Ол арнайы дискілерге сақталады.


Монитор (дисплей)- бұл кез келген ақпаратты экранға шығаруға мүмкіндік береді.


Пернетақта-бұл кез келген ақпаратты компьютерге енгізуге негізделген құрылғы.


Тінтуір-бұл компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы.



Бой сергіту жаттығуы.






Дидактикалық ойын:

«Кім жылдам?»

Ойынның шарты: Ғажайып қалтадағы компьютер суреттерін /карточкаларын/ жинақтап компьютер құрылымдарын орналастырып шығу керек.

Мақсаты: Жылдамдыққа, икемділікке дамыту.



Әлім мен Аруна саусақ жаттығуын жасауды үйретеді.


Торғай, торғай, торғайсың,

Жақын келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда қыста тоңбайсың.


Компьютер құрылымдарымен танысады.







Тәрбиешінің сөзін зер салып тыңдайды.




Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамыз да қаламыз.



Дидактикалық ойын ойнайды.












Саусақ жаттығуын үйренеді.

Рефлексивті түзетушілік

Компьютер құрылымдарын еске түсірейік?

Компьютер бізге не үшін керек?

Компьютермен не істеуге болады?



Қорытындылау.


Балалардың түрлі

жауаптары.




Алған білімдерімен бөліседі.




Күтілетін нәтиже:


Нені білуі керек: - Компьютер құрылымдарын /жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуір/.


Нені игереді: - Компьютер құрылымдарын. Жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуірдің қандай қызмет атқаратынын қызметтерін.


Нені біледі:

- Сұрақтарға жауап беру;

- Ойындар ойнау.

- Мұғалімнің нұсқаулығын орындауды.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Тесты

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Асралиева Арайлым Бактыбаевна

Дата: 20.10.2015

Номер свидетельства: 241819


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства